117
ретінде үйреніп жатқан студенттер үшін оқылым – барлық өзге сөйлесім әрекетінің түрлерін
сабақтастыратын қажеттілік. Ескеретін бірінші мәселе – таңдалатын мәтіндер мен кітаптардың күрделілігі
немесе тіл үйренушінің «қолайлы кеңістігін» (
comfort zone) қалыптастыру алғышарты, яғни бір бетке
шаққанда бейтаныс сөздердің шамамен екеуден аспауы. Бұл ережені, Р. Ричардтың пікірінше, әсіресе
ортадан жоғары деңгейге дейін ұстану керек. Екіншіден, әдіскерлер қарапайым деңгейде аптасына бір
ғана оңай оқылатын кітаппен шектелген дұрыс деп есептейді. Үшіншіден, студенттерге кітап таңдау
құқығы берілу керек деген көзқарасы да қызықтырады. «
Allowing students to select what they want to read is
key. Again, this is related to the basis of extensive reading: we learn to read by reading» –
Студенттерге өзіне
ұнайтын оқылым материалын таңдауға мүмкіндік беру – кілт мәселе. Бұл экстенсив оқылымның, яғни оқу
арқылы оқуға үйренеміз деген ұстанымға негізделген кең көлемді оқудың қағидасы – деген тұжырымға
сүйену оқылымнан кейінгі әрекеттердің (
post-reading activities) [5] өзекті тізбегін жасауға көмектеседі.
Олардың қатарында: кітаптың рәсімделуін бағалау, ұнаған бөлімдерді дауыстап оқу, қызық сөздер мен
қолданбалы тіркестерді көшіріп жазу және т.б. тапсырмалар қамтылады
. Әрқайсысы тіл меңгерушінің тіл
мен сөйлесімді ұштастырар қабілеттерін дамытуға жол ашады. Аталған мәселелер қазақ тілінің деңгейлік
оқыту міндеттерімен ұштаса отырып, ортақ ұстанымдар тізбегін саралауға мүмкіндік береді: «
Достарыңызбен бөлісу: