121
оқытудың тұжырымдамасын әзірледі. Құжат 2014 жылдың 26 мамырында ҚР Премьер-министрі К.
Мәсімовтің төрағалығымен өткен Мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіретін комиссияның
отырысында мақұлданған соң Тіл стандарты дайындалып, қазақ тілін деңгейлік оқытудың оқу
бағдарламасы жетілдірілді.
Ғалым басқарған топ 2014 жылы қазақ тілінен басқа тілде оқытатын мектептердің 1-11-сыныптарына
арналған 67 аталымнан тұратын «Қазақ тілі» оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешенін әзірледі. Деңгейлік
оқулықтар «ҚР Тілдерді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына»
негізделіп, тұңғыш рет Қазақстан мектептерінде мемлекеттік тілді деңгейлік оқыту біртұтас жүйеде
дайындалды.
Педагогика ғылымдарының докторы, профессор Фаузия Оразбаева коммуникативті грамматика,
функционалды лингвистика саласында көп жылдан бері өнімді еңбек етіп келе жатқан тәжірибелі маман.
А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының Грамматика бөлімі 2006-2008 жылдары «Тәуелсіз
Қазақстан жағдайында қазақ тілінің ұлттық және мемлекеттік тіл ретінде негізгі даму үрдістері мен
бағыттары» атты іргелі зерттеу бағдарламасы негізінде «Қазақ синтаксисінің коммуникативтік-
прагматикалық аспектісі» тақырыбы бойынша зерттеу жұмысын жүргізгенде Ф.Оразбаеваның еңбектерін
басшылыққа алған еді. Себебі ғалым қазақ тіл білімінде коммуникативті грамматиканың ұстанымдарын
егжей-тегжейлі зерттеп, қазақ тіл біліміндегі жаңа бағыттың негізін қалыптастырды. Көпжылдық ізденіс,
зерттеулерінің нәтижесін ғалым енді практикаға ендіруді мақсат етіп, білікті ғалым, шебер әдіскер,
керемет ұйымдастырушы ретінде танылды. Профессордың басшылығымен дайындалған «Қазақ тілі»
оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешенін әзірлеуге Дәулетбекова Ж., Рахметова Р., Рауандина А.,
Ибрагимов Қ., Нұрмұханова Л., Нұрмұханова Л., Мукеева Б., Юсуп А., т.с.с. ғалымдар мен әдіскерлер
атсалысты. «Қазақ тілі» кешені өз ішінен бірнеше деңгейге жіктелді: қарапайым деңгей – «Тілашар» (1-4-
сынып), негізгі деңгей – «Бойтұмар» (5-7-сынып), орта деңгей – «Тіл-орда» (8-9-сынып), ортадан жоғары
деңгей – «Алдаспан» (10-11-сынып). Деңгейлердің осылайша аталуын кешен авторлары қазақ халқының
дүниетанымымен, ұлттық философиямен байланыстырады. «Тілашар» бөлімінде қазақ тілінің
заңдылықтары балалардың жас ерекшелігіне сәйкес жеңіл түрде, атау, терминдерсіз берілсе, «Бойтұмар»
бөлігінде грамматика нақты беріліп, атаулары, топтастырылуы айқын көрінеді. Сол сияқты «Тіл-орда»,
«Алдаспан» бөліктерінде де жеңілден қиынға қарай ұстанымы басшылыққа алынып, бірізділікпен
күрделене түскен. Кешендердің кіріспе сөзінде білім мазмұны, оқушылардың қандай дағдыларды
меңгеретіні, т.с.с. нақты көрсетілген. Бұл оқушылардың «Қазақ тілі» пәніне қызығушылығын арттырары,
мұғалімдердің белсенді әрекетін тудырып, жаңа мүмкіндіктер тудырары сөзсіз.
Профессор Ф.Оразбаева «Қазақ тілі» кешендік жүйесінің ерекшеліктерін былайша көрсетеді:
«Біріншіден, бұл оқулықтар екінші тілді меңгертудің халықаралық және еуропалық стандарттары
талаптарына сәйкес, қазақстанның білім беру жүйесінің өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып
дайындалды;
екіншіден, қарапайым, негізгі, орта, ортадан жоғары деңгей бойынша тілдік білім мен қатысымдық
біліктің үздіксіздігі ұстаным ретінде басшылыққа алынды;
үшіншіден, барлық оқу материалдары коммуникативтік мақсатқа жұмылдырылды, сөйлесім әрекетінің
–
тыңдалым, оқылым, айтылым, жазылым, тілдесім түрлері кешенді қамтылды;
төртіншіден, оқу тапсырмалары бір-бірімен логикалық, мазмұндық, деңгейлік тұрғыдан кешенді әрі
өзара тығыз сабақтастықта берілді;
бесіншіден, тапсырмаларда жұптық, топтық, ұжымдық жұмыстарды орындатуға айрықша көңіл
бөлінді. олар оқушының креативтік ойлау қабілетін арттыруүшін берілді;
алтыншыдан, білім мазмұны да, жаттығу тапсырмалары да деңгейден деңгейге өсіп, күрделеніп,
дамытылып отырылды;
жетіншіден, оқулық құрылымдары тұрақты, жүйелі, танымдық тұрғыдан ұсынылды, безендіруге көп
көңіл бөлінді;
сегізіншіден, әр деңгей бойынша лексикалық минимум нақтыланды;
тоғызыншыдан, барлық тапсырмалар лексикалық минимумды саналы меңгертуге бағытталды;
оныншыдан, тапсырмалардың қызықтылығы мен оқу мотивациясының дамытылуы басты назарға
алынды;
он біріншіден, тіл дамыту, тіл ұстарту бағытындағы шығармашылық жұмыстардың бір-бірімен
сабақтастығы қамтамасыз етілді;
он екіншіден, оқулық материалдары нақты сабақ жүйесі бойынша түзілді;
он үшіншіден, бір лексикалық тақырып барлық кешендерде: оқулықта, дидактикалық материалда,
лексикалық минимумда өзара бірлікте ұсынылды;
он төртіншіден, «мұғалім кітабында» әрбір тақырыпты оқыту әдістемесі нақты берілді;
122
он бесіншіден, жаңа, заманауи әдістер мен инновацялық технологиялар барынша мол қамтылды;
он алтыншыдан, әдістемелік нұсқау орта және қысқа мерзімді жоспар түрінде берілді және т.б. [1, 89].
Кешен коммуникативті грамматика ұстанымдарына негізделгендіктен, коммуникацияда жиі
кездесетін сөзқолданыстарға ерекше мән берілген. Сондықтан кітаптар «Әлеуметтік-тұрмыстық ая»,
«Оқу-еңбек аясына» жіктелген. Бұл тұрғыдан алғанда, кешен авторлары оқушылардың қоршаған
ортасына, айналасына, күнделікті өмірде көбірек қолданатын сөздеріне айрықша көңіл бөлгені
байқалады. Бұл – коммуникация үшін ғана емес, балалардың қазақ тілі пәніне деген қызығушылығын
арттыру үшін де өте маңызды. Яғни пәннің тұрмыста қажетті екеніне көздері жетіп, ата-анасының,
құрбы-құрдасының алдында тілді қаншалық меңгергенін көрсету үшін де бала пәнге қызығып, дұрыс
сөйлеуге, сауатты жазуға талпынады. Сондықтан кешендегі тақырыптардың (
Демалыс қалай өтті?
Достарыңызбен бөлісу: