Тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет151/277
Дата07.01.2022
өлшемі4,33 Mb.
#20557
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   277
Байланысты:
1 2019

 
Ключевые слова: комплексный учебник, инновационное образование, интерактивный метод. 
 Annotation: In the article there will be discussed the issue of teaching of the scientist, methodologist-teacher 
F.Orazbaeva  to  the  Kazakhstan  education  system,  including  the  Kazakh  as  a  state  language.  Comprehensive 
textbook, consisting of 6 levels, has been thoroughly analyzed in terms of innovative education. 
 Keywords: complex textbook, innovative education, interactive method. 
 
 
Бүгінгі  зерттеу  тақырыбымыздың  негізгі  өзегіне  айналып  отырған  ғалым-ұстаз  профессор 
Ф.Оразбаева  зерттеулерінде  тіл  –  қарым-қатынас  құралы  ретінде  адамның  коммуникативтік  әрекетінің 
компоненті,  ал  қоғамды  жаңаша  құрудың,  ақпараттық  байланыс  пен  тұлғааралық  келісімді 
оңтайластырудың  құралы  ретінде  адамға  әсер  ету  тәсілі,  әлеуметтік  қатынастарды  бекітудің  амалы 
тұрғысынан сарапталады.  
Біздің  қоғамда  саяси  және  әлеуметтік-экономикалық,  мәдени,  білім  беру  тұрғысынан  алғанда, 
мемлекет  өмірінің  барлық  салаларында  үлкен  өзгерістер  болуда.  Барлық  осы  прогрессивті  өзгерістер 
қоғамның жоғары білікті кадрларға деген қажеттіліктеріне сәйкес келетін, күшті және терең білімі бар, 
өзін-өзі  дамытуға  және  өзін-өзі  жүзеге  асыруға  қабілетті  кәсіптік  білімнің  қажеттілігіне  әсер  етпей 
қоймайды.  
Сол  себепті  зерттеу  тақырыбымда  осы  мәселені  кеңінен  қозғап,  ұлттық  тіліміздің  мемлекеттік  тіл 
деңгейіндегі қолданыс аясын кеңейтіп зерттеуге талмай еңбек етіп келе жатқан, А.Байтұрсынұлы салған 
соны  ізді  жалғастырушы,  еліміздің  түкіп-түкіпірінде  өз  идеясын  дамытушы,  шәкірт  тәрбиелеген, 


138 
тәрбиелеп  отырған  аяулы  ұстазым  Фаузия  Шәмсіқызы  Оразбаеваның  инновациялық  ой-
көзқарастарын қарастыруды мақсат еттім.  
Жаңа  инновациялық  ізденістермен  қаруланған  жоғары  білікті  маман  -  қоғамның  қазіргі  құндылық 
жүйесінде  дұрыс  бағдарланған,  белсенді  өмірлік  ұстанымға  қабілетті  Қазақстан  Республикасының 
азаматын қалыптастыруы керек. Қазіргі тенденциялар жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу стратегиясына 
өзгертулер  енгізуді  талап етеді.  Ұстазым  Ф.Оразбаеваның сөзімен айтқанда, «қазіргі  кезеңде Қазақстан 
жағдайында мемлекеттік тілді игертудің жаңа өрістерін тану, оны іс жүзінде орынды қолдану мәселелерін 
ғылыми зерделеп, тілді меңгертудің тұғырлы мәселелерін жете зерттеп, жүйелеу, тәжірибеге ендіру жолға 
қойылуда» [1, 110]. 
Оқыту кезінде алдыңғы қатарға шығып отырған қатысымдық  әдіс, инновациялық білім беру жүйесі 
оқушының  жеке  қабілеттерін  тәрбиелеуге,  оған  кейіннен  өмір  жағдайында  белсенді  позицияны  алуға 
және білім беру жолын, мансаптық өсуді, басқа адамдармен түсіністік пен ынтымақтастықты анықтауға 
мүмкіндік  береді.  Сондықтан  соңғы  жылдары  осы  білім  беру  модельдеріне,  педагогикалық 
инновацияларға,  технологиялар  мен  әдістерге  соншалықты  үлкен  қызығушылық  пайда  болды. 
Ф.Оразбаева  тілді  деңгейлеп  оқытудың  инновациялық  жолдарын  көрсете  отырып,  оны  игертудің 
технологиясын ұсынады: 
«Қазақ тілін деңгейлеп оқытудың инновациялық аспектілері төмендегідей мәселелерді қамтиды:  
1. 
Мемлекеттік  тілді  әр  деңгей  бойынша  кешенді  түрде  игеруді  қамтамасыз  ететін  электронды 
оқулық,  
2. 
Мемлекетті тілді деңгейлеп оқытуды халықаралық стандарт көрсеткіштерімен сәйкестендіретін 
қазақстандық үлгі, 
3.Оқу-әдістемелік кешеннің теориялық инновациясы, 
4. 
Оқу-әдістемелік кешеннің қатысымдық инновациясы, 
5. 
Оқу-әдістемелік кешеннің танымдық инновациясы, 
6. 
Оқу-әдістемелік кешеннің ұлттық ерекшеліктері. 
«Мемлекеттік тілді оқытудың кешенділігі бір-бірімен байланысты оқу-әдістемелік жүйеден көрінеді. 
Әрбір  деңгей  бойынша  мемлекеттік  тілді  тиімді  меңгертуге  бағытталған  кешенді  оқу-әдістемелік 
құралдар дайындалады» [1, 111].  
 
Қарап отырсақ, инновациялық технологиялар мен оқытудың интерактивті әдісінің басты ерекшелігі - 
студенттердің  оқу  үрдісіндегі  бастамасы,  оны  дайын  оқу  құралдар  арқылы  жалғастырып,  үйренуінде, 
ізденуінде.  Демек,  білім  жеке  адамның,  қоғамның, ұлттың,  мемлекеттің  дамуының  стратегиялық  негізі 
және  табысты  болашақтың  кілті  болып  табылады.  Постиндустриалды  қоғамның  білімге  ғана  емес, 
сонымен қатар мамандардың құзыретіне негізделген жаһандық ақпараттық қоғамға айналуы білім беру 
процестерін  ұйымдастырудағы  инновациялық  тәсілдер  проблемасын  айтарлықтай  жаңартты. 
Нәтижесінде қазіргі заманғы білім беру жүйесіне өте жоғары талаптар қойылды: ол адам үшін стандартты 
емес  міндеттер  үнемі  туындайтын  кең,  серпінді,  тез  өзгеретін  әлемде  өмір  сүруге  және  жұмыс  істеуге 
мамандар  даярлауы  керек,  оның  шешімі  өздерін  құру  және  талдау  дағдыларын  талап  етеді,  өзара 
әрекеттестікке итермелейді. 
 
Қазіргі  ғылыми  әдебиеттерде  білім  беру  қызметі  саласындағы  инновациялық  процестерді  басқару 
мәселелері,  бұл  процестің  күрделілігі  мен  көп  өлшемділігі  туралы  көп  зерттеулер  жазылуда. 
Мемелекеттік тілдің мәртебесін, қолданыс аясын кеңейтуде оқытудағы инновациялық тәсіл жүйелі болуы 
және  болашақ  мамандарды  даярлауда  тәрбие  жұмысының  барлық  аспектілерін  қамтуы  керек,  ал  білім 
беру  мазмұнына,  мұғалімдердің  кәсіптік-педагогикалық  дайындығына,  жаңа  технологияларды  игеруге 
теориялық және практикалық тұрғыдан қарау керек. Оқу процесінде қолданылатын инновациялық білім 
беру технологияларының негізі студенттердің жеке ерекшеліктерін ескере отырып, әлеуметтік тапсырыс, 
болашақ  мамандардың  кәсіби  мүдделеріне  қызмет  ету  керек.  Осы  бағытты  ұстанған  ұстаз-ғалым 
Ф.Оразбаеваның  жетекшілігімен  2006-2007  оқу  жылында  мемлекеттік  тілді  үйренуге  арналған  оқу-
әдістемелік  кешен  дайындап,  баспадан  шығарғаны  баршамызға  мәлім.  Қазақстан  Республикасының 
мемлекеттік  тілін  өз  бетінше  үйренгісі  келетін  тіл  үйренушілерге  кешенді  инновциялық  тұрғыдан 
жазылған, 36 кітаптан, 6 электронды оқулықтан тұратын жаңа сипаттағы еңбек дайындалды. Бұл кешен 
мемлекеттік тілді инновациялық тұрғыдан оқытудың 6 деңгейлік кезеңін қамтиды: 
 
Олар: 
1. 
Қарапайым деңгей 
2. 
Негізгі (базалық) деңгей 
3. 
Орта деңгей 
4. 
Ортадан жоғары деңгей 
5. 
Жоғары деңгей 


139 
6. 
Жетік деңгей.  
 
Бұл  сөз  болып  отырған  оқу-әдістемелік  құралдар  кешені  6  деңгейді  қамтыған  төмендегідей 
кітаптардан тұрады: 
1. 
Оқулық 
2. 
Әдістемелік нұсқау 
3. 
Лексика-грамматикалық минимум 
4. 
Жаттығулар жинағы 
5. 
Оқу кітабы 
6. 
Бақылау тестері 
 
Бұл  Ф.Оразбаеваның  ұсынған  6  деңгейден  тұратын  оқу-әдістемелік  құралдар  кешені  бүгінгі  таңда 
өзекті болып отырған инновациялық тұрғыдан білім беру жүйесіне тың өзгерістер әкелді. Ғалым ұсынған 
оқытудың  жаңа  инновациялық  теориясын  тек  қана  тілді  игертуде  ғана  емес,  білім  берудің  барлық 
салаларында пйдаланудың маңызы зор деп есептеймін.  
Жоғары оқу орындарында мамандар даярлау кезінде инновациялық формалар мен әдістерді қолдану 
білім беру мен  оқытудың мақсаттары мен міндеттерін прагматикалық түсінумен үйлесуі керек. Қазіргі 
психологиялық-педагогикалық әдебиеттерде инновациялық әдістер оқу процесін дамыту мен жетілдіруге 
және  қазіргі  қоғамның  түрлі  салаларында  кәсіби  іс-әрекетке  мамандар  даярлауға  бағытталған  көптеген 
оқыту  технологияларында  көрініс  табады.  Олар  студенттердің  кәсіби  білімдерін,  дағдыларын 
қалыптастыру және бекіту үшін жағдай жасайды, болашақ маманның кәсіби қасиеттерін дамытуға ықпал 
етеді.  Оқу  процесінде  мұғалімдердің  инновациялық  әдістерді  қолдануы  әр  түрлі  пәндерді  оқытудағы 
стереотиптерді  жеңуге,  кәсіби  жағдайларға  жаңа  көзқарастарды  қалыптастыруға,  оқушылардың 
шығармашылық қабілеттерін дамытуға көмектеседі.  
Ф.Оразбаева  енгізген  теориялық  және  әдістемелік  ілімдерді  негізге  ала  отырып,  оқу  процесінде 
инновациялық процестерді енгізу және болашақ мамандардың негізгі кәсіби құзіреттерін қалыптастыру 
бойынша тиімді жұмыс түрлерін ұйымдастыру қажет, атап айтқанда, жобалар құру, көпшілік алдында сөз 
сөйлеу,  кәсіби  маңызды  мәселелерді  талқылау,  ынтымақтастық  мәселелерін  талқылау,  проблемалық 
жағдаяттар құру және кәсіби дайындыққа бағытталған бейнероликтер мен презентациялар және т.б.  
 
Ф.Оразбаева  мемлекеттік  тілді  инновациялық  тұрғыдан  кешенді  игертуді  көздеген  еңбектің 
құндылығы неде деген сұрақтың туындайды? Ендеше, инновациялық кешеннің құндылығына тоқталып 
көрелік: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   277




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет