Тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет152/277
Дата07.01.2022
өлшемі4,33 Mb.
#20557
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   277
Байланысты:
1 2019

 - 
Біріншіден, тілді игертудің халықаралық үлгілері мен Еуропалық тілдік эталондарын және TOEFL 
DALF/DELF, ALTE, IELTS 
сияқты тілдік білімді бағалау жүйелерін ескере отырып, қазақ тілін игертудің 
Қазақстандық жаңа үлігісін жасаған, әлемдік тәжірибеге енгізген; 
 - 
Екіншіден, халықаралық стандарттарға сәйкес қазақ тілін әр түрлі деңгейде игерту көзделген және 
ол жүйелі түрде жүзеге асқан; 
 - 
Үшіншіден,  қарапайым,  негізгі,  орта,  ортадан  жоғары,  жоғары  жетік  деңгейлер  бойынша  қазақ 
негізгі, орта, ортадан жоғары, жоғары, жетікдеңгейлер бойынша қазақ тілін игертудің басты деңгейлерін 
айқындаған,  лексика-грамматикалық  минимумдарды  сұрыптап,  тілді  заманауи  үйретудің  ұтымды 
әдістемесі мен технологиясын енгізген; 

Төртіншіден,  тіл  үйренушілер  білімін  тілдік,  танымдық,  лингвомәдениеттанымдық,  ұлттық-
әлеуметтік,  өркениеттік-әлемдік  тұрғыдан  тереңдетіп,  қазақ  тілін  жедел,  ұтымды  игертудің 
коммуникативтік бағытын белгілеген, 

Бесіншіден,  барлық  деңгейдегі  тілдік  материалдарды  өзара  сабақтастықта,  жүйелі,  ұлттық-мәдени 
аспектіде  ұсына  отырып,  жеңілден  қиынға,  қиыннан  күрделіге  ұстанымы  арқылы  жүзеге  асуына  мән 
берген, 

Алтыншыдан,  оқу-әдістемелік  кешен  арқылы  тіл  үйренушілердің  коммуникативтік,  ақпараттық, 
тілдік құзіреттілігін қалыптастыруға оны тілдік ортада жүзеге асыруға мән берген, 

Жетіншіден,  оқу-әдістемелік  кешенді  әзірлеу  барысында  дүниежүзілік  тәжірибелерді  жинақтай 
отырып,  оны  жүзеге  асыруды  көпұлтты  мемлекетіміздің  өзіндік  сипатымен,  ерекшелігі  негізінде 
зерделеген. 
 
Осыған  сүйене  отырып,  бүгінгі  таңда  біз  тіл  үйренушілерге  мемлекеттік  тілді  үйретудің  әр  түрлі 
инновациялық  әдістерін,  атап  айтқанда,  проблемалық  және  ойын  технологияларын,  ұжымдық  және 
топтық  іс-әрекеттің  технологияларын,  белсенді  оқытудың  имитациялық  әдістерін,  нақты  жағдайларды 
талдау әдістерін, жобалық әдістерді, бірлесіп  оқыту, шығармашылық оқыту сияқты жаңашылдықтарды 
кеңінен қолданамыз.  
Қазіргі  уақытта  жаһандану  үдерісіне  және  еліміздегі  үштілділік  енгізілуіне,  мәдениеттердің  тығыз 
өзара  әрекеттесуіне  байланысты  қазақ  тілі  ерекше  мәнге  ие,  өйткені  көбінесе  көптеген  адамдар 


140 
мемлекеттік  тілде  сөйлесуі  немесе  кез-келген  әрекетті  жүзеге  асыруы  керек.  Тиісінше,  қазақ  тілін 
үйренуге  деген  қажеттілік  артып,  қызығушылық  өсе  түсуде.  Осыған  байланысты  қазақ  тілін  оқыту 
барысында жаңа тәсілдер мен әдістерді қолдану мәселесі туындады. 
 
Ал  бұл  мәселені  шешуде  ғалым,  әдіскер-ұстаз  Ф.Оразбаева  ұсынған  6  деңгейлік  оқу  кешенінің 
атқаратын рөлі зор екендігін басымдықпен айтқым келеді.  
Оқулықта  еуропалық  деңгейдің  стандартына  сәйкестендірілген,  күнделікті  қоғамдық,  әлеуметтік, 
мәдени  сфераларға  қатысты  тақырыптарды  қамтитын,  тілді  коммуникативтік  тұрғыдан  үйретуге 
бағытталған сабақтардың жүйелі жиынтығы қамтылған. Әлемде болып жатқан түрлі құбылыстар үнемі 
өзгеріп  отыратындығы  белгілі.  Сол  себепті  тіл  үйренушілердің  мәдени  тәжірибе  жинақталуына  және 
үйреніп  отырған  тіл  мен  мен  оның  тасымалдаушылары  туралы  жеке  білімін  кеңейту  арқылы  жаңа 
жағдайларға бейімделу мәселесі өте өзекті болуда. Осыған байланысты көтерер жүгі ауыр 6 деңгейден 
тұратын кешенді оқулыққа түсер салмақтың да орны зор. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   277




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет