145
Жұмыстың ғылыми-зерттеу негіздері немесе әдіснамалық негіздері дегеніміз, оның, яғни поэзиядағы
тұрақты тіркестердің зерттелуі бұрын-соңды қаралғаны, тіпті кейде «Алпамыс батыр» жыры зерттелсе,
онда қай жағынан қаралғаны айтылады деп ойлаймыз.
Біз қарастырып отырған сөз төркіні, этимология, оның ішінде қызықты этимология мәселесі немесе
сөздің шығу тегін тану, сөздің өзек семасы – архисемасы деген ұғымдар қазақ тіліндегі кейбір сөздердің
түбін тануға жетелейді. Бұл сөзтаным мәселесінің өзектілігін көрсетеді.
Мақаламыз профессор Ф.Ш. Оразбаеваның түлектік жұмысындағы Қашқаритану мәселесіне
арналғандықтан, Қашқари сөздігіндегі аңыз жөнінде былай дейді:
1.
«Ал Махмұд Қашқарида мынадай аңыз берілген: ай-қаған мезгілі толып, перзентті болады.
Баласы арыстандай ұл екен, ол сағат сайын өседі, анасының омырауынан уызын ғана ішіп, сүтін
ішпейді. Бірден ет, майлы тағам, үрме сұрайды. Қалың жұрт балаға ат қоймақшы болып, кім қоямыз
деп ойланып отырғанда, бала басын көтеріп, өзі сөйлеп кетеді. Сонда ол менің атымды Оғыз – уыз деп
қойыңдар дейді. Сөйтіп, ол Оғыз атанады».
Осы мысалдан соң, өзіндік қорытынды ой ұсынып, ғылыми болжам жасаған: Жалпы, әркім әртүрлі
пікір айтса да, уыз, өгіз, өзен, оғыз – бәрінің этимологиясы, түбірі бір сөз болса керек» [1, 96-97].
Түркі өркениетінің қалыптасуындағы Ұлы тұлғалардың бірі – Оғыз қаған.
Қазіргі зерттеуші ғалымдар: «Тегінде, түркі халықтарында Озған пайғамбар немесе Оғыз қаған туралы
«Оғызнама» атты көне дастанның бар екендігі баршаға аян. Бұл дастанның бүгінгі күнге аздаған
ерекшеліктері бар Исламға дейінгі және Исламнан кейінгі екі нұсқасы жеткен. Екі нұсқаның мәтінінде
кейбір атаулар мен терминдердің өзгешелігі болғанымен, жалпы екі нұсқаның желісі бір. Көптеген
зерттеушілер осы шаққа дейін «Оғызнаманың» бұл екі нұсқасын зерттеп, бұл туындыға қатысты өз
пікірлерін берген. Әйтсе де, зерттеушілердің басым көпшілігі «Оғызнаманың» әдеби һәм тілдік қырын
зерттеумен шектелген. Тек, кейбір зерттеушілер ғана Оғыз қаған қиялдан туған образ емес, оның тарихи
тұлға екенін болжайды. Мәселен, Н.Я. Бичурин Оғыз қағанды хұндардың тәңірқұты Мөде екенін айтады»
[2] –
деп мәлімет береді.
Қызылорда облысының Жаңақорған ауданында
Өзгент – Оғыз кент деп аталатын ауыл бар. Онымен
тұрмай, Сырдарияны жағалай қоныстанған 9 ауылдың барлығында көктемде, мал төлдегенде «уыз көже»
ішкізу дәстүрі сақталған.
Ғалымның келесі сөздің шығу тегіне ден қойып айтқан болжамы:
«
Достарыңызбен бөлісу: