Annotation: Nowadays, the teaching of academic writing subject in universities of the Republic of
Kazakhstan has expanded. Although the problem of teaching methodology and the theoretical research of
academic writing is well studied in foreign institutions, the Kazakhstani universities are introducing the subject.
This article considers interconnection of academic writing with the communicative Kazakh language. In
particular, in the works of Professor F.Sh.Orazbaeva, the issues of "language communication, Kazakh language
units", are widely discussed which implies that the notions and teaching approaches can also be used in the
academic writing.
Қазіргі кезде еліміздегі жоғары оқу орындарының білім жүйесі әлемдік үлгіге көшумен қатар, жалпы
кең таралған білім беру мазмұны бағытына қарай ойысуда. Осылайша «Академиялық жазылым» пәні ҚР-
дағы алдыңғы қатарлы ЖОО-дарында кеңінен оқытылу қолға алына бастады. Бұл өз кезегінде дұрыс
ғылыми еңбектерді жазу ғана емес, қазіргі кезде ҚР жоғары оқу орындарында (ЖОО) кең орын алған
плагаиттық жасау сияқты жайттардың алдын алуға үлкен септігін тигізуде. Пәннің оқытылуы елімізде
жаңа енгізіле бастағанымен оны оқыту батыс ЖОО-дарында жүйелі түрде жолға қойылған және оның
кейбір элементтері мектеп оқу бағдарламаларында міндетті түрде қамтылады.
Академиялық бағытта жұмыс жазудың өз талаптары мен ерекшеліктері бар. Себебі, бұл бағыттағы
жазба жұмысын жазу арқылы студенттер өз бетінше ізденуді, ойлануды, шешім қабылдауды және жазба
жұмысының дұрыс жазылу құрылымын меңгереді. Ал, оның кейбір элементтерін оқушылар мектеп
қабырғасында, яғни шағын эссе құрылымын жазуға дағдылану арқылы немесе шағын зерттеу
жұмыстарын жазу негізінде үйренеді.
Қазіргі қоғамдағы өз пікірін еркін, сауатты, түсінікті жеткізе білу кез келген адамның сөйлеу дағдысы
мен жазылым әрекетінің дұрыс бағытта дамуына байланысты екені белгілі. Жазылым әрекеті арқылы
студенттердің тұлғалық танымдық деңгейі артып, білімін қағаз бетіне ой елегінен саналы тұрғыда өткізіп,
жазбаша тұрғыда беріледі. Тілдік қатысымның бұл түрі жазбаша коммуникациялық үлгіде жүзеге
асырылатын құбылыс. Сондықтан оған қойылатын талап та жоғары.
Академиялық жазылым мен қазақ тіліндегі тілдік қатынастар арасындағы өзара байланыс ерекше.
Себебі, академиялық жазылымның негізгі мақсатының бірі – студентті қатысымға, яғни академиялық
бағытта қарым-қатынас жасауға үйрету. Бұл пән практикалық тұрғыда әлемдік әдебиеттерде кеңінен
153
талқыланған. Ал, қазақ тіліндегі теориялық бастауы Ф.Ш.Оразбаеваның 2005 жылы жарық көрген «Тілдік
қатынас негіздері» еңбегінен бастау алады деуге толық негіз бар.
Сонымен қатар, қазақ тіл білімінде тілдік қатысымға жете көңіл бөліп, арнайы зерттеген ғалымның
бірі және бірегейі – Фаузия Шәмсиқызы Оразбаева екен белгілі. Ғалымның бұл еңбегінде алғаш рет қазақ
тіл білімінде «Тілдік қатынастың негізгі сипаты, құрамы мен басты қағидалары, оны қолданудың әдіс-
тәсілдері қарастырылып, терминдері ғылыми айналымға түсті» және бұл академиялық жазылым пәнін
оқыту барысында қолдануға үлкен мүмкіндік береді. Оразбаева бұл еңбегінде тілдік қатынасты жан-
жақты қарастыра отырып қазақ тілін сапалы оқыту мәселесіне де кеңінен тоқталады. Осылайша, әлемдік
тіл білімі саласында «communication theory» тіркесімен және орыс тіліндегі «языковая коммуникация»
ұғымын қалыптасқан терминдерді алғаш рет қазақ тілі білімі саласына және ғылыми айналымға алып
келді.
Ғалым тілдік қатысым жөнінде жан-жақты тоқтала келіп, әлемдік теориялық зерттеулерде көрсетілген
тілдік қатынастың төрт әрекетіне (оқылым, жазылым, тыңдалым және айтылым) бесіншісі ретінде
тілдесім әрекетін қосады. Бұл әрекеттің аталған әрекеттің барлық элеметтерін қамти отырып толық
қанды тілдік қатынастың орын алатындығын ашып көрсетеді. Ал, академиялық жазылым барысында осы
аталған бес тілдік әрекеттер толық жүзеге асырылады. Себебі академиялық жазылымның негізгі мақсаты
–
белгілі бір пән бойынша түсінген ақпаратты қабылдап алушыға (оқырманға, әдетте академиялық
жазылым жұмыстарын оқытушы оқиды) жүйелі түрде анық етіп жеткізу. Академиялық жазылымның
пәнге байланысты талаптары өзгергенімен, оның негізгі талаптары, яғни түсіндіру, талдау, аргумент
келтіру, сендіру, сипаттау қашанда сақталады.
Академиялық жазылым тек жазылым әрекетімен шектеліп қалады деуге болмайды. Жазылым әрекеті
тек бір ғана үдеріс сипаты болып табылады. Студент пәнге немесе тақырыпқа байланысты өз ойын
қорыту үшін жазылым әрекетін жүзеге асыру барысында тілдік қатынастың барлық әрекеттерін жүзеге
асырады. Мысалы, тақырыпты таңдау мен оған қатысты ақпараттарды жинау үшін оқылым әрекеті орын
алады. Осы кезеңде Ф.Ш.Оразбаева көрсетіп кеткен танымдық, зерделік, ізденімдік, көрсетімдік оқылым
әрекеттерін студент өзінің мақсаты мен қызығушылығына қарай қолданады.
Академиялық жазылым барысында оқылым әрекетінің алатын орны ерекше. Негізінен ЖОО
қабырғасындағы оқылым әрекеті тапсырма талабына сәйкес, жоғарыда аталған оқылым түрлері
қолданылады. Дегенмен, мектеп қабырғасында білім алу мен ЖОО қабырғасындағы оқудың өзіндік
ерекшеліктері өте көп. ЖОО-дарындағы оқылым мектептегі оқылымнан күрделірек түрге академиялық
бағытқа қарай ойысады. Академиялық бағытта оқылым әрекетін жүзеге асыру үшін мынадай қарапайым
сатыларды жүзеге асыруға тура келеді:
1.
Жазба жұмысының тақырыбын толық түсіну;
2.
Қай материалдардың тақырыпқа дұрыс сәйкес келетінін анықтау;
3.
Материалды оқып, түсіну;
4.
Мәтіндегі автордың айтпақ ойын түсіну, осы тақырыпқа байланысты өзге авторлардың ойын білу;
5.
Жазба жұмысында автордың пікірін қалай қолданаты жайында ойлану;
6.
Оқыған мәтіннен түсінгенді қолдану және жазба жұмысының тақырыбына жауап беру үшін өз
пікірін беру;
7.
Оқырманды жазба жұмысында оқыған материалдардан алынған мәліметтерді дәлел ретінде
қолдана отырып, зерттеу сұрағының жауабына сендіру.
Қазіргі уақытта оқитын материалдардың түрлері ғана емес, олардың көлемі де өте көп. Сондықтан
уақытты тиімді пайдалану үшін әрібір студент оқылым әрекетінің тиімділігін арттыруы қажет.
Академиялық бағыттағы мәтінді тиімді оқу үшін мәтіннің мақсатын, жазылу стратегиясын және
мазмұнын, ондағы ақпараттар ішінен өзіне керектісін таңдай білу жайттарын өзара тығыз байланыста
қарастыру керек, бұл үшін ізденімдік оқылымның маңызы ерекше.
Жалпы академиялық жазылым барысында барлық тілдесім әрекетінің атқаратын маңызы зор. Пән ді
жүргізу барысында біреуіне басымдық беріп немесе бірін қолданбай кету мүмкін емес, тіпті тыңдалым
әрекеті де маңызға ие, себебі студент дәрісті тыңдап, тақырыпқа қатысты жазбалар мен бейне баяндарды
қолдануы қажет. Ал, айтылым әрекеті жазба жұмысын қорғау, ауызша баяндау барысында кеңінен орын
алады. Тек оны жүйелі баяндау, дәлеледер мен дәйектер келтіре білу, өзгелердің пікірін орынды қолдана
білі академиялық жазылым талаптарына сай жүзеге асырылуы шарт. Осы шарттарды дұрыс қолдану үшін
Ф.Оразбаеваның тілдік қатысымға үйретудегі әдістемесін кеңінен қолдануға болады.
Қорытындылай келе, тілдік қатынас арқылы адамдар өзара қарым-қатынасқа түскенімен, сөйлеу
арқылы тұлға өзінің жеке дара пікірін жеткізеді. Ол өзінің қоғамдағы, ғылымдағы жайттарға жекелік
ұстанымын, түсінігін білдіреді, ұсынысы мен шешілу жолдарын көрсетеді. Бұл жалаң сөйлеу емес,
адамның сыни тұрғыда ойланып, танымдық қабілетінің білімділік деңгейі арқылы қаншалықты жоғары
154
екендігін айшықтайды. Осы тұрғыда академиялық жазылым арқылы студенттердің пін бойынша
қаншалықты білім ала алғандығын, тіпті оқытушының қаншалықты түсіндіре аллғандығын жазба
жұмысы арқылы айқын көруге мүмкіндік туындайды. Ал, пәнді терең және жан-жақты зерттеу мен
оқытуда, әдістемелік негіздерін қалыптастыруда ғалым Ф.Ш.Оразбаеваның «Тілдік қатынас негіздері»
еңбегін қолданудың теориялық және практикалық тұрғыдан мүмкіншілігі мен маңызы ерекше екендігі
анық.
Достарыңызбен бөлісу: |