Аннотация: В статье рассматривается вклад профессора Ф.Ш.Оразбаевой в языкознание. А именно
актуальны исследования ученым вопросов языковой и личностной коммуникативной лингвистики, ее
составные части. В ее трудах исследованы так же свойства и различия коммуникативной лингвистики.
Annotation: The article discusses the contribution of Professor F.Sh.Orazbaeva in linguistics. Issues of
communicative linguistics, components, features and differences. Professor F.Sh.Orazbaeva made a huge
contribution to the science of communicative linguistics.
Қазіргі таңда қазақ тіл білімі қарқынды даму үстінде. Бұған дәлел ретінде коммуникативтік
лингвистика, прагмалингвистика, функционалды лингвистика, психолингвистика, әлеуметтік
лингвистика секілді бағыттарды атауға болады. Осындай бағыттардың қатарынан орын алатын – тілдік
қатынас теориясы. Тілдік қатынас мәселесін алғаш рет назарға алып, арнайы зерттеп, ғылыми айналысқа
енгізген ‒ ғалым Ф.Ш. Оразбаева. «Тілдік қатынас: теориясы мен әдістемесі» атты еңбегінде: «Тілдік
қатынас – тіл арқылы байланыс, сөйлеу тілі арқылы адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас жасауы;
қоғамдық, ұлттық тіл арқылы ұғынысу, түсінісу; яғни адамзаттың тіл арқылы қатынасқа түсуі тілдік
қатынасты білдіреді», - деп анықтама бере отырып тілдік және тілсіз қатынастың ұқсастықтары мен
айырмашылықтарын жіті талдап көрсетеді. Сондай-ақ атап өтетін маңызды нәрсе Ф.Ш. Оразбаева тілдік
қатынасқа қатысты ұғымдарды, яғни тілдік қатынастың негізгі құрамын Баяншы ‒ Тұлғалар –