Тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет185/277
Дата07.01.2022
өлшемі4,33 Mb.
#20557
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   277
Байланысты:
1 2019

Keywords: language contacts, communication method, communication directions. 
 
Коммуникативтік құзыреттілік жеке тұлғаның рухани өсуін қалыптастырады. Тұлғаның рухани өсуі ең 
алдымен,  өз  ойын  жарыққа  еркін  шығара  алуынан  көрінеді.  Ойды  жарыққа  шығару  тілдік  қатынас 
арқылы  іске  асатыны  анық.  «Тілдік  қатынас»  деген  термин  қазақ  тіл  білімінде  алғаш  1996  жылы 
Ф.Ш.Оразбаеваның “Тiлдiк қатынас пен қатысым әдiсiнiң ғылыми-теориялық негiздерi” атты докторлық 
диссертациясында аталады. “Бiздiң пiкiрiмiзше, тiлдiк қатынас жалпы адамзат арасындағы ойға, санаға 
қатысты болса, ол, ең алдымен, сыртқы объективтiк шындықты қабылдаудан жеткiзейiн деген хабардан, 
пайымдаудан тұрады”, - дей отырып, хабардың жеткiзiлуiн келесi кезеңдерге бөледi: 1. хабардың пайда 
болуы, 2. хабардың сыртқа шығуы, 3. хабардың жеткiзiлуi, 4. хабардың қабылдануы, 5. хабардың жауабы. 
Хабарды  iс  жүзiне  асырушылардың,  хабарға  тiкелей  қатысушылардың  төмендегiдей  құрамдардан 
тұратынын атап көрсетедi:  
1) 
белгiлi бiр ақпаратты, деректi қабылдайтын – Баяншы; 
2) 
ақпаратты жеткiзетiн – Тұлғалар; 
3) 
ақпаратты  не  деректi  –  Қабылдаушы.  Сонымен  тiлдiк  тұлғалар  жеке  жұмсалса,  қатысымдық 
тұлғалар бiр-бiрiмен  байланыста қолданылады. «Қатысымдық тұлғалар – тiл арқылы  қарым-қатынасты 
қамтамасыз ететiн, белгiлi бiр ортамен араласу жағдайында жүзеге асатын, тиянақты ойды хабарлау және 
қабылдау қасиетi бар, ерекше деңгейге көтерiлген тiлдiк тұлғалардың қатысынан тұратын, қатысымдық 
мәнi бар бөлшектер»,-деп атайды [1]. Сөйлеу  кезiнде тiлдiк тұлғалардың қатысым тұлғалар дәрежесiне 
көтерiлуi,  оның  сан  қырлылығы,  күрделiлiгi  оған  анықтама  беру  мәселесiнде  де  түрлi  көзқарастарды 


166 
қалыптастырды.  Бұл  мәселеге  арналған  мақалалардың  авторлары  –  А.Маргарян,  Е.Ю.Юрьева, 
А.Д.Швейцер, Е.И.Пассов, Ф.Ш.Оразбаева т.б.  
Қазақ тілді  оқыту әдістемесінде  «қатысым  әдісі»  деп ұсынған ғалым – Ф.Ш.Оразбаева қатысымдық 
әдістің өзіндік белгілерін көрсете отырып, оған мынадай анықтама береді: «Қатысымдық әдіс дегеніміз – 
оқушы  мен  оқытушының  тікелей  қарым-қатынасы  арқылы  жүзеге  асатын;  белгілі  бір  тілде  сөйлеу 
мәнерін  қалыптастыратын,  тілдік  қатынас  пен  әдістемелік  категорияларына  тән  басты  белгілер  мен 
қағидалардың жүйесінен тұратын; тіл үйретудің тиімді жолдарын тоғыстыра келіп, тілді қарым-қатынас 
құралы ретінде іс жүзіне асыратын әдістің түрі», - деген [2].  
Қазақ тілі оқытуда қатысымдық бағытты ұстану ‒ бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі. Профессор 
Ф.Ш.Оразбаеваның ұсынған қазақ тілін оқытудың қатысымдық әдістемесі орта мектепте, колледждер мен 
ЖОО-ның жалпыға білім беру стандартында, типтік оқу бағдарламаларында, оқулық пен оқу-әдістемелік 
құралдарында енгізіліп, өзіндік нәтижелерін көрсетуде. Ғалымның жалпы 300-ден аса ғылыми еңбектері 
бар.  Ғылыми  жобалардың  авторы:  «Қазақ  тілі  салаларының  коммуникативті  байланысқа  негізделген 
ғылыми  негіздері»,  «Тілтану:  қазақ  және  түрік  тілдерінің  лексикасы»,  «Лингвистер  мен  әдебиетшілер 
туралы  энциклопедия»,  «Үздіксіз  білім  беру  жүйесінде  қазақ  тілі  салаларының  теориялық  және 
әдістемелік  негіздерін  дифференциялау  ‒  адам  ресурстарын  дамыту  кепілі»,  «Филологтарға  тіл  мен 
әдебиетті  оқытудың  ғылыми-инновациялық  әдістемесі»,  «Қазақ  әліпбиі  мен  латын  харпінің  ғылыми-
лингвистикалық  негіздері»,  «Маман  әзірлеуде  тілдің  үш  тұғырлығын  қалыптастыру  әдісі  мен 
технологиясы» (қазақ, орыс, ағылшын тілдері)» [3].  
Атап айтсақ, қазақ-ағылшын бөліміне арналған практикалық қазақ тілі. Жоғары кәсіптік білім 030740 
“Қазақ  тілі  мен  әдебиеті”  мамандығына  арналған  типтік  оқу  бағдарламасы  /Ф.Ш.  Оразбаева,  А. 
Қобланова, С. Маликова. – Алматы: Абай атындағы ҚазҰПУ, 2004. – 80-88 б; Оразбаева Ф. Ш. Қазақ тілі. 
Ересектерге  арналған  жеделдетіп  оқыту  құралы/  Ф.Ш.  Оразбаева,  Ш.  Құрманбаева.  –  Алматы:  Арда, 
2005.  –  171 
б.;  Оразбаева  Ф.  Ш.  Әлеуметтік  лингвистика.  Жоғары  кәсіптік  білім.  Магистратураның 
6N0117 
“Қазақ тілі мен әдебиеті” мамандығына арналған типтік оқу бағдарламасы. ҚР Білім және Ғылым 
министрлігі 11.05.2005 ж. №289 бұйрығымен бекітілген / Ф.Ш. Оразбаева, Г. Сағидолда. – Алматы: Абай 
атындағы  ҚазҰПУ,  2005.  –  44-45  б.;  Оразбаева  Ф.  Ш.  Қазақ  тілі.  Для  4  класса  12-летней 
общеобразовательной  школы/  Ф.Ш.  Оразбаева,  А.  Кайырбекова.  –  Алматы:  Атамұра,  2006.  –  С.  256.; 
Оразбаева Ф. Ш. Қазақ тілін оқытудың жаңа технологиялары. Жоғары кәсіптік білім. Магистратураның 
6N0117 
“Қазақ тілі мен әдебиеті” мамандығына арналған типтік оқу бағдарламасы /К. Жақсылықова. – 
Алматы: Абай атындағы ҚазҰПУ, 2007.–15 б.; Оразбаева Ф. Ш. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. Типтік оқу 
бағдарламасы. Әдістеме әлемінде. Ғылыми-әдістемелік жинақ. – Алматы, 2008. – 143-168 - бб.т.б [4]. т.б.  
Аталған  еңбектерінің  біразына  тоқталатын  болсақ,  К.Жүнiсбекова,  Ф.Оразбаева,  Т.Сайрамбаевтың 
авторлығымен  жазылған  «Қазақ  тiлiн  тез  үйрену  сабағы»  ‒  орыс  аудиториясында  қазақ  тiлiн  оқытуға 
арналған алғашқы еңбектердiң бiрi [5]. Оқулық әрқайсысы үш бөлiмнен тұратын 24 сабақтан құралады. 
Әр  сабақта  негiзгi  тақырып,  тақырыпқа  байланысты  грамматикалық  тапсырмалар,  өз  бетiмен  жұмыс 
қарастырылған. Оқулықта қазақ тiлiн жедел үйрету, сөйлеу тiлiнiң дағдысын  қалыптастыру, жетiлдiру, 
қатысымдық жаттығулар мен оқу процесiне байланысты жағдайларға бағытталған жүйелi тапсырмаларды 
орындату  жүзеге  асырылады.  Лексикалық  және  грамматикалық  материалдар  тақырыптық  принциппен 
топтастырылған.  Оқулықтың  соңында  сөздiк  берiлген.  Еңбек  қазақ  тiлi  пән  ретiнде  жүргiзiлетiн  орыс 
топтарының  студенттерiне  арналған.  Келесі  оқулығы  “Ускоренный  практический  курс  обучения 
казахскому  языку”[6]  оқулығы  13  сабақты  топтастырады.  “Кiрiспе  курс”  бөлiмiнде  қазақ  тiлiнiң 
дыбыстық  жүйесiне  толық  түсiнiк  берiледi.  Онда  грамматикалық  ережелер  мен  қазақ  тiлiне  тән 
ерекшелiктерге зор назар аударылады. Оқулықта әр сабақта берiлген тақырыптарға байланысты сөйлеу 
үлгiсi,  лексикалық  материал,  жаттығулар,  сөзжасам  модельдерi,  өз  бетiмен  жұмыс,  мәтiн,  бақылау 
жұмысынан тұратын 24-30 тапсырма қарастырылады, барлық тапсырмалар ауызша және жазбаша тiлдiң 
дамуына  бағытталған.  Фонетикалық,  лексика-грамматикалық  материал  жинақталған  кешендi  түрде 
берiледi. Оқулықтың соңында 700-ге жуық қазақ тiлiнен, 400-ге таяу басқа тiлдерден алынған сөздерден 
сөздiк минимум бар. Оқулықтың мақсаты – студентке күнделiктi қарым-қатынаста қазақ тiлiн сөйлеуге 
үйрету. Оқулық аз уақыт аралығында өз бетiмен немесе факультатив сабақтарында қазақ тiлiн үйренуге 
арналады.  
Ф.Оразбаева,  К.Жүнiсбекова,  Ә.Ахметов  сынды  ғалымдардың  бiрiгуiмен  жазылған  “Казахский 
язык”[7]  еңбегi  қазақ  тiлiн  тәжiрибелiк  жағынан  меңгертуге  бағытталған.  Ол  қазақ  тiлiнiң  синтаксис 
бөлiмiн  қамтиды.  Оқулықтың  мақсаты  –  грамматикалық  материалды  меңгерте  отырып,  тiл 
үйренушiлердiң  сөйлеу  дағдысын  жетiлдiру,  дамыту.  Оқулық  арнайы  грамматикалық  тақырыптарға 
байланысты алынған мәтiндердi, бiлiмдi бекiту жаттығуларын, пiкiрлесiм, жекесөз (монолог), сөйлеу тiлiн 


167 
дамытуға  бағытталған  қатысымдық  тапсырмаларды  қамтитын  20  сабақтан  тұрады.  Барлық  мәтiндер 
қазақтың қол өнерiне байланысты тақырыптарды топтастырған. Қазақ тiлiн тәжiрибелiк жақтан үйретуге, 
оқытуға  арналған  оқулықтың  үшеуi  де  студенттерге,  қазақ  тiлiн  үйренуге  ниет  бiлдiрген  барлық 
жұртшылыққа әрi басқа ұлт өкiлдерiне қазақ тiлiнен сабақ беретiн оқытушыларға қажеттi оқу құралдары 
болып табылады.  
 
«Мәңгілік елдің мәңгілік тілі» атты халықаралық симпозиум материалдарында [8] Ф.Ш.Оразбаеваның 
«Ұлы дала елі» идеясына негiзделген қазақ тілін деңгейлік оқытудың инновациясы атты тезисинде тілді 
игерудің  халықаралық  және  Европалық  үлгілерін  ескере  отырып,  ҚР  үздіксіз  білім  беру  жүйесінде 
(балабақша  –  мектеп  –  колледж  –  ЖОО  –  мемлекеттік  қызметшілер)  қазақ  тілін  деңгейлік  оқытудың 
Қазақстандық үлгісі ұсынылды. Қазақстандық модель мектепте төрт деңгейге бөлінеді. 1-4 сынып кешені 

қарапайым, 5-7 сынып - негізгі, 8-9 сынып - орта, 10-11 сынып ортадан жоғары деңгейлерін қамти келіп, 
1-4 
сыныптар - «Тілашар», 5-7 сыныптар - «Бойтұмар», 8-9 сыныптар – «Тіл Орда», 10-11 сыныптар – 
«Алдаспан»  деп  аталады.  Деңгейлік  оқытудың  инновациялары:  идеялық,  аталымдық,  теориялық, 
танымдық, әдістемелік, ұстанымдық деп ажыратылады. Қарапайым деңгейдің идеясы - «Мектептің тілі 
бола алмаған тіл мемлекеттің тілі бола алмайды» /Х. Досмұхамедұлы/. Негізгі деңгейдің идеясы – «Оқыту 
оқулықтан  өмірге  қарай  емес,  өмірден  оқулыққа  қарай  жүруі  тиіс»  /Ж.  Аймауытов/.  Орта  деңгейдің 
идеясы – «Мұғалім аз үйретсін, оқушы көп үйренсін» /Я. Коменский/. Ортадан жоғары деңгейдің идеясы 
– 
«Мәдениетті тіл ғана мәртебелі» /Р. Сыздық/. Сонымен, қазақ тілін деңгейлік оқыту дегеніміз – білім 
алушының қазақ тілінде сөйлеу  деңгейін анықтай отырып, әркімнің сұранысы мен тілді білу деңгейіне 
сәйкес  қазақ  тілін  коммуникативтік-танымдық  тұрғыдан  меңгерту  деп  айтады.  Әр  кешеннің  деңгейін 
көрсетіп, идеясын ашатын ғалымдардың ұлағатты сөздерін келтіріп, мектеп мұгалімі мен оқушысының 
моделін де беріп отыр. Көрсетілген үлгі негізінде, қазақ тілі пәні бойынша қазақ тілін деңгейлік оқытудың 
білім  беру  стандарты  мен  бағдарламасы  [9]  Ф.Ш.Оразбаева,  Р.С.Рахметова,  Ж.С.Көпбаева, 
Ж.О.Мазибаевалардың  авторларлығымен  2010  жылы  Алматы  қаласы  «ҚазҰПУ»  баспасынан  шыққан. 
Еңбек мемлекеттік тілді деңгейлік тұрғыдан оқытуды іске асыратын білім беру мекемелері мен жоғары 
оқу орны оқытушылары мен студенттеріне арналған. Қазақ тілін деңгейлік тұрғыдан оқытудың білім беру 
стандарты  мен  типтік  оқу  бағдарламасы  мемлекеттік  тілді  қатысымдық-танымдық  тұрғыдан  игерте 
отырып,  оны  тіл  үйренушінің  деңгейі  мен  сұранысына  қарай  меңгертуге  бағытталған.  Бұл  еңбекте 
әлеуметтік-тұрмыстық,  әлеуметтік-мәдени,  оқу-еңбек  аясындағы  бір-бірімен  сабақтас,  жүйелі 
тақырыптарды топтай отырып, тіл үйренушілерге қазақша тілдік қатынасты сөйлесім әрекетінің түрлері 
негізінде меңгертуді мақсат етеді. 
2005 
жылы Ф.Ш.Оразбаева, Ш.Қ.Құрманбаева, Г.Қ.Байқадамованың авторлығымен «Қазақ тілі: кеден 
органдарында  мемлекеттік  тілді  тереңдетіп  оқыту  құралы»  [10]  кеден  органдарында  және  басқа  да 
мемлекеттік  мекемелерде  жүргізілетін  үйірмелерде  мамандарға  қазақ  тілін  тіл  үйретудің  жоғары 
деңгейінде  қатысымдық  әдіс  арқылы  тереңдете  және  жеделдете  оқытуға  арналған.  Еңбекте  ұсынылған 
кеденшілер  өмірінің  барлық  салаларын  қамтыған  қызықты  мәтіндер  мен  ұлттанымдық  деректер, 
қатысымдық тапсырмалар, ісқағаздары үлгілері тіл үйренушілердің ана тілінде еркін сөйлеп, өз ойларын 
жазбаша да толық жеткізе алуларына мүмкіндік береді. 
Профессор Ф.Ш. Оразбаеваның ғылыми-әдістемелік мектебі қалыптасып, 10.02.02 - қазақ тілі, 13.00.02 

қазақ  тілін  оқыту  әдістемесі  мамандығы  бойынша  11  доктор,  40  кандидат  ғылыми  атаққа  ие  болды. 
Ғалым  теориялық  және  әдістемелік  тұрғыдан  тілдік  қатынастың  негізін  қалаған  еңбегінде  сөйлесім 
әрекетінің түрлерін – оқылым, жазылым, тыңдалым, айтылым, тілдесім деп бөліп қарастырады. Сөйлесім 
әрекетін  іске  асыратын  осы  5  түрінің  әрқайсысына  байланысты  Ф.Ш.Оразбаеваның  ғылыми 
жетекшілігімен қорғалған кандидаттық диссертацияларды атап өтетін болсақ, С. Нұрғали “Жоғары оқу 
орындарында қазақ тілі үстеулерін айтылым әрекеті арқылы оқыту әдістемесі” [11] (заң факультеті орыс 
бөлімінің  жалғастырушы  топтары  үшін)  тақырыбында  2003  жылы  кандидаттық  диссертация  қорғады. 
Ғалым айтылым әрекетіне қатысты диалогтық сөйлеу мен монологтық сөйлеудің түрлерін және олардың 
құрамындағы  үстеулердің  қолданысын  ұсынды.  Қазақ  тілін  жалғастырушы  топ  студенттеріне 
мамандыққа сай айтылым әрекеті арқылы қатысымдық тұрғыдан үйретудің ғылыми-әдістемелік негізін 
айқындап  берді.  Заңгер  мамандығын  игеру  барысында  айтылым  әрекеті  арқылы  игертудің  әдістемесін 
жасады.  Сонымен  бірге  мамандыққа  сай  жаттығулар  жүйесін  ұсынды.  Г.Т.  Бейсенбекова  “Қазақ  тілін 
басқа ұлт өкілдеріне оқылым әрекеті арқылы үйрету әдістемесі”[12] (2001) тақырыбындағы кандидаттық 
диссертациясында  тілдік  қатынас  арқылы  жүзеге  асатын  оқылым  әрекетінің  ғылыми-әдістемелік 
негіздерін,  оқылым  түрлерін,  белгілерін  анықтап,  мәтіннің  түрлерін  жіктеді,  оның  ерекшеліктерін 
көрсетіп  берді.  Оқылымды  меңгертудің  әдістемесін  ұсынды.  Дауыстап  оқу  мен  іштей  оқуды 
қалыптастыратын  тапсырмалар  мен  жаттығулар  жүйесін  ұсынды.  М.Д.  Жорақпаеваның  “Ет-сүт 
биотехнология  бөлім  студенттеріне  қазақ  тілін  тыңдалым  әрекеті  арқылы  оқыту  әдістемесі”[13]  (2002) 


168 
атты кандидаттық диссертациясы. Ғылыми зерттеуде тыңдалымды ет-сүт мамандығына сай меңгертуге 
негіз  болатын  тыңдап-қабылдау,  тыңдап-есте  сақтау,  тыңдап-көру,  тыңдап-байқау,  тыңдап-бекіту 
тапсырма  түрлерін  берді.  Еңбекте  тыңдалым  түрлері  ақпараттық,  тақырыптық,  сюжеттік  деп  жіктеліп, 
әрқайсысының  өзіндік  қасиеттері  айқындалған,  олардың  тиімділігі  жан-жақты  талданған.  А.М. 
Мұратбекованың  кандидаттық  диссертациясы  “Қазақ  тілінің  кәсіби  бағытталған  лексикасын  жазылым 
әрекеті  арқылы  оқыту  әдістемесі”[14]  (жоғары  оқу  орындарының  тарих  мамандығы  үлгісінде) 
тақырыбында  қорғалған.  Ғалым  тарих  мамандығына  байланысты  лексикалық  минимум  және  оны 
таңдаудың  ұсынымдары  мен  қазақ  тілін  тарих  мамандығына  қатысты  оқытудың  тиімді  амалдарын 
ұсынды. Тарих мамандығына қатысты кәсіби бағытталған сөздік-минимум жасады, бағдарлама шығарды. 
Мамандыққа  байланысты  жазылым  әрекетін  меңгертудің  амал-тәсілдерін  көрсетіп  берді.  Р.Ш. 
Әбдісүлейменова  “Қазақ  тілін  техникалық  жоғары  оқу  орындарында  тілдесім  әрекеті  арқылы  оқыту 
әдістемесі”[15]  (мұнай-газ  мамандығы  бойынша)  атты  кандидаттық  диссертациясында  мұнай-газ 
мамандығына  сәйкес  тілдесім  әрекеті  арқылы  оқытудың  ғылымиәдістемелік  негізін  сөз  етеді.  Автор 
мамандыққа  байланысты  тілдесімнің  кәсіби-бағдарлық,  кәсіби-тақырыптық,  кәсіби-шығармашылық 
түрлерін айқындайды. Сонымен бірге мамандыққа сәйкес тілдік қатынасты меңгертуде мәтіндік, газетпен 
және  лингафондық  жұмыстардың  түрлерін  көрсеткен.  Ф.Ж.  Абдразақова  қазақ  тілін  шетелдік 
студенттерге  жазылым  әрекеті  арқылы  үйрету  әдістемесін  [16]  (2003).  Зерттеу  жұмысында  жазылым 
әрекетін  шетелдік  студенттерге  меңгертудің  тиімді  жолдарын  көрсетті.  Зерттеу  жұмысында  жазылым 
әрекеті  бірнеше  түрге  бөлініп  қарастырылды.  Мәселен,  жазылу  үлгісіне  қарай  жазылымның  мынадай 
түрлері берілді: 
• 
дыбыстық жазылым; 
• 
көшіру жазылымы; 
• 
жатқа жазу жазылымы; 
• 
көркемдік жазылым; 
• 
танымдық жазылым. 
Жоғарыда  аталған  еңбектерден  басқа  қазақ  тілін  мамандыққа  сәйкестендіріп  қатысымдық  тұрғыдан 
оқыту әдістемесіне байланысты ғылыми зерттеулерді айтатын болсақ, Б.Мешимбаеваның «Гуманитарлық 
бөлiм  студенттерiн  қазақша  пiкiрлесiм  (диалог)  арқылы  сөйлеуге  үйрету  әдiстемесi», 
Г.Т.Алдамбергенованың  «Кәсiптiк  мектептердiң  орыс  бөлiмi  оқушыларының  қазақша  сөйлеу  тiлiн 
құрылысшы мамандығына сәйкес мәтiндер арқылы дамыту» т.б кадидаттық жұмыстары.  
Аталған  еңбектердің  барлығы  дерлік  студенттің  қатысымдық  мәдениеті  оның  адамдармен  дұрыс 
қарым-қатынас жасай білуіне, яғни білімі мен дағдыларын ұтымды қолдана алуларына арналған. Болашақ 
маманның белгілі бір нәтижеге жетуі оның қатысымдық мәдениетіне, кәсіби біліктілігінің қалыптасуына, 
өзін-өзі  тәрбиелеуі  мен  дамытуына  байланысты  болғандықтан,  білім  алушыларға  арналған  еңбектер 
сөйлесім әрекеті түрлерін бір-бірімен байланыста бере отырып, қатысымдық мәдениетті қалыптастыруға 
бағытталған. Ғылыми еңбектерде жаттығу, мәтін, түрлі тілдік жағдаяттар арқылы тілді игерудің тиімді 
жолдары  ұсыныла  отырып,  өзін-өзі  дамытуға,  қатысымдық  әлеуетін  жоғарлату  жұмыс  түрлері 
көрсетілген. Олардың қарым-қатынас мәдениетін көтеру, тіл мәдениетін арттыру, дүниетанымын кеңейту 
жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   277




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет