ӨЗГЕ ТІЛДІ АУДИТОРИЯДА СӨЙЛЕСІМ ӘРЕКЕТІН ҚОЛДАНУ ЖОЛДАРЫ
Жайлаубаева Қ.С. Нархоз университетінің аға оқытушысы, п.ғ.м.
Алматы, Қазақстан
Түйіндеме: Мақала сөйлесім әрекетінің маңызды бір түрі, өзге тілді аудиториядағы қазақ тілі
сабақтарында кеңінен орын алған тыңдалым әрекетін меңгерту туралы айтылады. Өзге тілді аудиторияда
тіл үйренушілерге тілдік қарым-қатынасқа түсу үшін тыңдалымды меңгерту жолдары, студенттердің тіл
үйренуге деген қызығушылығын, ынтасын, белсенділігін арттыру жайында. Тіл үйренушінің тыңдалған
ақпаратты қабылдауы, есте сақтауы мәтін мазмұнының құрылымына, мазмұнының қызықты немесе
өзектілігіне, сондай-ақ мәтін көлеміне байланысты екендігі жайында.