3. Интерактивті тақта арқылы дәрістер оқу. Жалпы дәріс оқу сабақтарының маңызды
формасының бірі болып табылады. Әрі білім алушыларды теориялық дайындаудың негізін қалайды.
Мақсаты пән бойынша ғылыми білімдердің жүйелендірілген негіздерін беру, ғылым мен техниканың
нақтылы саласындағы жинақты проблемасын, жай-күйін және оқу үрдісінің алдағы келешегін ашып
көрсету, назарды неғұрлым күрделі де түйінді мәселелерге шоғырландыру. Интерактивті әдіс арқылы
оқыту білім алушылардың сабаққа деген ынтасын арттыра түседі. Дәрістер білім алушылардың белсенді
танымдық қызметін жандандырады. Шығармашылық ой-өрісінің қалыптасуын бейімдейді.
Ғалым Ф.Ш.Оразбаева ұсынған қатысымдық әдісінің қазіргі кезде қазақ және өзге тілді
аудиторияларда қазақ тілін оқытуда пайдаланылатын өте тиімді әдіс екендігі де айқын. Әдіскерлердің
қолданған әдістерін сараптай келе, қатысымдық бағытта, мемлекеттік тілде іс қағаздарды қашықтан
оқытудың жеті түрлі әдісінің бірнешесі ұсынылды. Жаңа ақпаратты технологияның қарыштап дамыған
заманында оқытудың дәстүрлі емес түрлері пайда болуда. Әрі көптеген жаңа технологияға байланысты
талаптар да қойылып отыр. Ол заңды да. Өмір жаңалығымен қоса дамып отыру - өркендеудің, өсу
деңгейінің жоғарлауы екені ақиқат.