205
5) сенімді және еркін жауап беру;
6) визуалды материалдар арқылы тілді дамыту[3].
«Оқылым-графикалық таңбалар арқылы қағаз бетіне түскен сөздер мен тіркестердің мағынасы
мен мазмұнын ой мен сананың нәтижесінде қабылдай отырып, сауатты дұрыс, мәнерлеп, ұғынықты
оқу және одан қажетті деректі түсініп, сұрыптап алу»[2, 278]. Бағдарламада аталған оқылым
талаптарын орындау үшін профессор Ф. Оразбаева атаған зерделік оқылым, ізденімдік оқылым,
көрсетімдік оқылым, аналитикалық оқылым түрлерін мақсатқа сай қолдану тиісті нәтиже берері
анық.
«Жазылым-тілдік бірліктердің графикалық, фонемалық жүйесіне негізделген; лингвистикалық,
психологиялық, физиологиялық, әдістемелік ерекшеліктерге қатысты тілдік материалдың мазмұны
мен формасын бірдей қамтитын, адамдардың ұзақ мерзімдегі қарым-қатынасына мүмкіндік жасайтын
күрделі тарихи әрекет»[2, 282]. Жазылым әлемдік білім стандарттарындағы «сауаттылық» ұғымымен
тығыз байланысты. ЮНЕСКО-ның ұйғарымы бойынша «сауатты адам» деп өз ой-пікірін А4
форматындағы екі беттен кем емес көлемде қағазға түсіре білетін адамда айтады екен. Яғни, адам екі
беттік эссе жаза алса, онда ол сауатты болып есептеледі. Сондықтан да жаңартылған білім мазмұны
аясында кез келген пәнде эссе жазу оқу талабы ретінде қойылған.
Ойды еркін, түсінікті, анық, толыққанды жеткізе алу дағдысы функционалдық сауаттылыққа да
жатады. Функционалдық сауаттылық оқушылардың танымдық қабілеттерінің деңгейін және
оқушылардың өнімді жұмысының көрсеткішін білім деңгейі ретінде қарастырады. Бұл деңгей
өмірдің әртүрлі салаларындағы тапсырмаларды шешуде мектептік білім мазмұнының қолданбалық
сипатына және оқушының игерген біліміне негізделеді[5,3].
Функционалды сауатты адам қоғамның
құндылықтарына сәйкес қоғамдық ахуалдың қалыптасқан мүдделеріне қарай әрекет етеді. Осы
тұрғыда біздің жағдайымызда
функционалды сауатты адамның сипаттарын былайша белгілеуге
болады: қоғамдық ортада өмір сүре білетін, тіл табыса білетін, өмірлік жағдаяттарда іс-әрекеттер
жөнінде нақты және қысқаша сөйлеу қабілеттерімен ерекшеленетін адамды айтуға болады.
Функционалдық сауаттылық әсіресе жазылым іс-әрекетінде байқалады. «Жазылымның өзгешелігі:
бір қарағанда мұнда қатысымдық байланыс жоқ сияқты болып көрінуі мүмкін. Өйткені тіл үйренуші
азды-көпті ойын қағазға түсіреді, бірақ онда екінші адаммен тікелей тілдесу іске аспайды.
Жазылымның қиындығы да осында: жазу үстінде адам ойын тиянақты, жүйелі, бас-аяғын түгендеп;
басқа біреуге ұғынықты болатындай етіп, екінші адамға ыңғайлап жазады, тілдік қарым-қатынастың
жазбаша түріне бейімдеп орындайды. Тұжырымдап айтқанда, жазу оны жазған адамның ыңғайынан
гөрі, жазуды оқитын, қабылдайтын басқа, екінші біреудің ыңғайына қарай, екінші адамның талап-
тілегін ескеріп, сол үшін де жазылады»[2, 285]. Бұған біздің алып-қосарымыз жоқ. Тек жаңартылған
білім мазмұнын игертуде жазылымның осындай табиғатын білу білім алушыға да, білімді
үйлестірушіге де қажетті де құнды мәлімет.
Бұдан басқа ғалым Ф. Оразбаева анықтаған тілдесім әрекеті жаңартылған білім
бағдарламаларында арнайы аталмаса да оқу мақсаттарының түпкілікті нәтижесін байқататын ерекше
құбылыс. Басқаша айтқанда қазіргі білім саласындағы басты талап диалогты оқытуды ұйымдастыру
мен жүргізу осы тілдесімді жүзеге асыру болып табылады. Философ М.М.Бахтиннің пікірінше,
«Өмір өз табиғаты бойынша диалогтік құбылыс.Өмір сүру дегеніміз-диалогке қатысу: сұрау, тыңдау,
жауап беру, келісу және т.с.с.». Диалог-сөйлесудің ең негізгі түрі болып саналады.
Біз мақаламызда қазіргі оқытудың артықшылығы оның методологиялық негізі іс-әрекет
теориясына негізделіп құрылғанын сипаттадық. Қорыта келгенде, жаңартылған білім мазмұны
коммуникативтік құзырет ұстанымына сай құрылған десек, бұл мәселенің теориясы мен тәжірибесі
профессор Ф. Оразбаева еңбектерінде толықтай қамтылған және ғылыми дәйектелген деп
тұжырымдаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: