Тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет236/277
Дата07.01.2022
өлшемі4,33 Mb.
#20557
1   ...   232   233   234   235   236   237   238   239   ...   277
Байланысты:
1 2019

Keywords: functional literacy, subscription activity, text, method, position. 
 
Жаңартылған білім берудің басты мақсаттарының бастауыш сынып оқушыларының функционалдық 
сауаттылығын  дамыту  болып  табылады.  Бастауыш  сынып  оқушыларының  функционалдық 
сауаттылығын  дамыту  сабақ  үдерісінде  сөйлеу  дағдыларын  дамытатын  тапсырмалардың  мазмұны  мен 
әдіс-тәсілдерге тікелей байланысты. 
Оқушылардың  оқу  жетістігін  сырттай  бағалау  аясында  функционалдық  сауаттылығы  бағаланады. 
Функционалдық  сауаттылықты  тексеруге  арналған  тест  тапсырмалары  алғаш  рет  2014  жылы  ОЖСБ 
(Оқушылардың  оқу  жетістігін  сырттай  бағалау)  тапсырмаларына  қосылды.  Білім  алушылардың  оқу 


211 
жетістігін  сырттай  бағалау  аясында  функционалдық  сауаттылықтың  мынадай  түрлері  бағаланады:  оқу 
сауаттылығы  (қазақ  тілі,  орыс  тілі);  математикалық  сауаттылық;  ғылыми-жаратылыстану  сауаттылығы 
(физика, химия, биология, география). Осы орайда, оқылым дағдысы арқылы оқу сауаттылығын дамыта 
аламыз.  Сонымен  қатар,  сауатты  оқып  қана  қоймай,  сауатты  жазу,  сауатты  айту,  сауатты  сөйлей  де 
алуымыз қажет [1]. 
«Функционалдық сауаттылық» – ұғымы өткен ғасырдың 60-жылдары ЮНЕСКО құжаттырында пайда 
болды  және  кейіннен  қолданысқа  енді.  Функционалдық  сауаттылық  –  білім  берудің  жеке  тұлғаны 
қалыптастырудағы әлеуметтік бағдарлануы. Қазіргі тез өзгермелі әлемде функционалдық сауаттылық – 
оқушының  әлеуметтік  мәдени,  саяси  және  экономикалық  қызметтерге  белсенді  қатысуына,  сондай-ақ, 
өмір  бойы  білім  алуына  ықпал  ететін  базалық  фактор.  Функционалдық  сауаттылық,  кеңінен  алғанда, 
тұлғаның  мектепте  алған  білімі,  білігі  мен  дағдысын  адамзат  қызметінің  әртүрлі  саласында,  сонымен 
бірге, тұлғааралық қатынастар мен әлеуметтік байланыстарда кездесетін тіршілік міндеттерін жан-жақты 
шеше білу қабілеті ретінде түсіндіріледі. Функционалдық сауаттылықты қалыптастырудағы басты мақсат 
жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан 
дамыған  азаматын  қалыптастыру,  оның  әлемде  әлеуметтік  бейімделуі  болып  табылады.  Мұндағы 
басшылыққа алынатын сапалар:  

белсенділік; 

шығармашылық тұрғыда ойлау; 

шешім қабылдай алу; 

өз кәсібін дұрыс таңдай алу; 

өмір бойы білім алуға дайын тұруы болып табылады [2]. 
Бұл  функционалдық  дағдылар  мектеп  қабырғасында  қалыптасады.  Функционалдық  сауаттылықты 
дамытудың  жалпы  бағдары  2011-2020  жылының  мемлекеттік  бағдарламасында  айқын  көрсетілген. 
Ұлттық жоспарда функционалдық сауаттылықтың төрт негізгі механизмін бөліп көрсетеді: 
Оның бірінші механизмі – оқыту әдіснамасы мен мазмұнын түбегейлі жаңарту (МЖБС -мемлекеттік 
стандарт).  Ол  үшін  мұғалім  оқушының  бойына  әлеуметтік  ортаға  бейімделуіне,  алған  білімін 
практикалық жағдайда тиімді пайдалана алатындай негізгі құзыреттіліктерді сіңіруі керек. Олар:  

басқарушылық (проблеманы шешу қабілеті);  

ақпараттық  (өз  бетінше  ақпараттар  көздері  арқылы  үнемі  білімін  көтеріп  отыруы,  сол  арқылы 
танымдық қабілетін ұштау);  

коммуникативтік (қазақ, орыс, ағылшын тілінде ауызша, жазбаша қарым-қатынас жасау;  

әлеуметтік (қоғамда, өз өмір сүрген ортада іс-әрекет жасай алу қабілеті);  

тұлғалық (өзін жеке тұлға ретінде қалыптастыруға, қажетті білім, білік, дағдыларды игеру, болашақта 
өзі таңдаған кәсібін өзі анықтау, оның қиын-шылығы мен күрделілігіне төзімді болу);  

азаматтық  (қазақ  халқының  салт-дәстүрі,тарихы,  мәдениеті,  діні  мен  тілін  терең  меңгеріп, 
Қазақстанның өсіп өркендеуі жолындағы азаматтық парызын түсінуі);  

технологиялық (ақпараттық технологияларды, білім беру технологияларды сауатты пайдалану) [2]. 
Ұлттық жоспарда көрсетілген функционалдық сауаттылықтың екінші механизмі – оқу нәтижелерінің 
бағалау  жүйесін  өзгерту.  Бағалау  жүйесі  сырттай  бағалау  және  іштей  бағалау  болып  бөлінеді.  Іштей 
бағалау – оқу пәні бойынша оқыту сапасын диагностикалау. Ал сырттай бағалау – әрбір деңгейді аяқтау 
бойынша білім алушының оқу жетістіктерінің нәтижелері /ҰБТ, ОЖСБ-ВОУД/. Сондай-ақ, халықаралық 
/TIMSS,  PISA 
және  PIRLS/  зерттеулерге  қатысуы.  Білім  алушылардың  өзін-өзі  бағалауы  өзін-өзі 
ұйымдастыру  және  өзін-өзі  жетілдіру  үшін  жеке  жетістіктерін  бағалау  арқылы  жүзеге  асырылады. 
Бүгінде оқушылардың оқу жетістігін бағалауда критериялық бағалау жүйесі енгізілді. 
Функционалдық сауаттылықтың үшінші механизмі – ата-аналардың балаларды оқыту мен тәрбиелеуге 
белсенді  қатысуын  қамтамасыз  ету.  Ата-ананың  борышы  –  бала  бойына  жас  кезінен  адами 
құндылықтарын дарытып, саналы өмір сүруге баулу. Ата-ана баласының функционалдық сауаттылығын 
дамыту  үшін  мұғалімдерімен  тығыз  байланыс  жасау  керек.  Ата-ана  баласының  ерекше  қасиетін  тану, 
түсініп  қол  үшін  беру,  олардың  қабілетін  дамыту,  бойына  рухани  құндылықтарды  қалыптастыру, 
жағымсыз мінез-құлық, әдеттерден арылтуға көмек беруі керек. Ата-ананың бойында да функционалдық 
сауаттылық  болуы  тиіс.  Төртінші  механизм  –  қосымша  білім  беру  жүйесін  дамыту.  Ұлттық  жоспарда 
оқушылар  сарайы,  музыка  мектептері,  жас  техниктер  мен  натуралистер  станциялары  жұмыстарын 
түбегейлі  өзгерту  қарастырылған.  Ұлттық  жоспарды  іске  асырудың  күтілетін  нәтижелері:  Ұлттық 
жоспарды  орындаудың  нәтижесінде  2017  жылдан  бастап,  еліміздің  мектеп  оқушыларының 
функционалдық сауаттылығын дамыту үшін мынадай жағдайлар жасалуда: 
1.Ғылыми-зерттеу жағынан қамтамасыз етеді. 
2. 
Білім беру мазмұны жаңарды. 


212 
3. 
Оқу-әдістемелікпен қамтамасыз етілуде. 
4. 
Мектеп оқушыларының білім сапасын бағалау және оған мониторинг жүргізу жүйесі енгізілді. 
5. 
Материалдық-техникалық  базасы  жаңартылып,  нығайтылуда.  Жалпы  алғанда,  Ұлттық  жоспарды 
жүйелі  түрде  іске  асыру  Қазақстанның  ұлттық  білім  беру  жүйесінің  бәсекеге  қабілеттілігі  мен 
функционалдық  сауаттылығының  дамуына  мүмкіндік  береді.  Әдіскерлер  бастауыш  мектепте  қазақ  тілі 
пәнінен  оқушылардың  функционалдық  сауаттылығын  дамыту  мәселесіне  мынандай  тұжырымдаманы 
ұсынады:  
1. 
Оқушыларға  сөйлесім  әрекетінің  түрлерін  (айтылым,  жазылым,  тыңдалым,  оқылым,  тілдесім) 
меңгерте білу. 
2. 
Оқушылардың  алған  білімдерін  өмірде,  кез-келген  жағдайда,  әлеуметтік  ортада  қолдана  алуға 
үйрету. 
3. 
Мемлекеттік тілде ауызша, жазбаша қарым-қатынас жасау. 
4. 
Ақпараттық технологияларды қолдану және проблемалардың шешімін таба алуға үйрету. 
5. 
Оқушылардың өзгермелі өмірге бейімделуіне үйрету. 
6. 
Оқушылардың қабілеттерін дамыту. 
7.Оқушылардың әлеуметтік-мәдени дағдыларын дамыту. 
8. 
Қазақ халқының салт-дәстүрі, мәдениеті, тарихын түсіну және құрметтеуге баулу [1]. 
Ал  енді жазылым  әрекеті ұғымының мәніне тоқталатын болсақ,  «Жазылым – тіл үйренуге қатысты 
қиын да күрделі жұмыс. Жазылым термині – «жазу» деген мағынаны емес, «жаза білуойыңды басқа 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   232   233   234   235   236   237   238   239   ...   277




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет