90
akсiya
inventarizaсiya
kommunikaсiya
mediсina
obligaсiya
Ал өзбек тілінде ц, ь, ю, я әріптері емле ережеде төмендегідей берілді.
әріп
сөз басында
сөз ортасында
сөз соңында
ц
ts, s
ts, s
s
я
ya
ya
ya
ё
yo
yo
yo
ю
yu
yu
yu
Қазақ тілі емлесінің негізгі ережелерінде ц, ь, ю, я әріптерінің жазылуы бірнеше бапта қамтылған.
Қарақалпақ, өзбек тілдерінде шеттілдік сөздерді жазу жүйесі транслитерацияға негізделгенін көруге
болады. Айталық, қарақалпақ тілінде тек әріптік мәні жоқ жіңішке белгісі ғана түсіріліп жазылған. Ал
өзбек тілінде шеттілдік сөздердегі ъ белгісі латын жазуында тұтық белгісіне алмастырылды: масъул –
mas’ul, масъулият – mas’uliyat, маъмур – ma’ mur, маъмурий – ma’muriyat [4]. Жоғарыдағы мысалдардан
көріп отырғанымыздай латын графикасына негізделген өзбек және қарақалпақ тілдерінде шеттілдік
сөздерді жазуда транскрипциялық принцип басшылыққа алынған. Сондай-ақ өзбек тілінде /ё/ әрпі сөз
басында, сөз ортасында, сөз соңында /yo/ әріп тіркесімен берілсе, ал латын графикасына негізделген жаңа
қазақ емлесінде /ё/ әрпі о́ әрпімен таңбаланады. Мысалы, manо́vr, brýselо́z, aktór, amóba, dırıjо́r, rejısо́r. Бұл
латын графикасына көшкен түркі тілдерінің ішінде қазақ тілінің шеттілдік сөздерді тілдің табиғатына
айтылым заңдылығына сәйкес игеруі болып табылады.
Сол сияқты қазақ тіліндегі /ц/ әрпі мен /сц/ әріп тіркесінің емле ережеде /s/ әрпі арқылы таңбалана-
тыны жазылған: sırk, sıfr, sılındr, sırkýl; desımetr, medısına, proporsıonal, abzas, kvars, konstıtýsıa, korporasıa,
seh; senarı, sıofıt, abses, absısa, plebısıt. Ал өзбек тілінде /ц/ әрпі сөз басы мен ортасына /ts/ әріп тіркесі мен
Достарыңызбен бөлісу: