/s/
әрпімен таңбаланса, сөз соңында бір ғана /s/ әріппен таңбаланды. Қарақалпақ тілінде /с/ әрпімен
жазылды: obliga /с/iya, ak/с/iya, inventariza/с/iya, kommunika/с/iya, medi/с/ina, obliga/с/iya.
Сонымен қатар қарақалпақ және өзбек тілдерінде кирил графикасындағы /ю/ әрпі латын графикасына
негізделген емле ережеде /yu/ әріп тіркесімен беріледі. Ал латын графикасына негізделген жаңа қазақ
емле ережесінде ю әрпі шеттілдік сөздерде дауыссыз дыбыстан, айыру белгісі (ъ) мен жіңішкелік белгісі-
нен (ь) кейін ú әрпімен таңбаланады: parashút, absalút, glúkoza, debút, prodúser, lúks, salút, valúta, búdjet,
búrokratıa, sújet, búleten; fúchers, kompúter, tútor, konúktýra, konúktıvıt. Бұл фонетикалық принципке
негізделген емле ереженің бірден-бір ерекшелігі болып табылады.
Сол сияқты /я/ әрпі өзбек және қарақалпақ тілдерінде /уа/ әріп тіркесімен берілсе, ал қазақ тіліндегі
шеттілдік сөздерде сөз басында, дауысты дыбыстан кейін және айыру белгісі (ъ) мен жіңішкелік белгі-
сінен (ь) кейін /ıa/ әріп тіркесі арқылы таңбаланады. Ал дауыссыз дыбыстан кейін /а́/ әрпімен таңбалана-
ды. Мысалы, zarа́d, kalkýlа́tor. Бұл да латын графикасына негізделген жаңа қазақ емле ережесінің
ерекшелігі болып табылады. Ал жіңішкелік белгісімен келетін шеттілдік сөздерде оның орнына жіңішке
дауысты әріптер жазылады. Мысалы, vólt, kоról, sırkúl, bálzam. Өзбек және қарақалпақ тілдерінде жіңіш-
келік белгісі түсіріліп қана жазылса, ал қазақ тілінде шеттілдік сөздерді жаңа қазақ латын графикасымен
беруде жіңішкелік белгісі түсіріліп, оның орнына жіңішке дауысты әріптерінің таңбаланғанын көруге
болады. Бұл қазақ тілінің үндесім заңдылығын сақтап жазумен байланысты болып табылады.
Жоғарыда көріп отырғанымыздай, латын графикасына негізделген қарақалпақ, өзбек тілдерінде
шеттілдік сөздер транслитерация принципі бойынша жазылған. Ал қазақ тілінде шеттілдік сөздердің көбі
үндесім заңдылығына сәйкес игеріліп жазылғанын көруге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |