Түйіндеме:
Іскерлік қарым-қатынастың тәсілдерін жақсы меңгеру болашақ іскер адамдарға қажеті
зор болмақ. Мұндай қабілет келешекте келісімшартқа отырғанда немесе пайдалы іс жасағанда маңызды
рөл атқаруы мүмкін. Сондықтан қазіргі таңда іскерлік қарым-қатынастың маңызы артып оны жан-жақты
зерттеу қазіргі заманның басты мәселелерінің бірі болып тұр. Қарастырылып отырған мақала іскерлік
қарым-қатынас анықтамасына талдау жасап, оның қазіргі таңдағы қажеттілігімен негізгі ерекшеліктеріне,
атқаратын қызметіне, коммуникацияның басқа түрлерінен айырмашылығына тоқталады. Сондай-ақ атал-
ған мақалада іскерлік қарым-қатынасқа қойылатын талаптар мен оның мақсаты, міндеттері, табиғаты
қарастырылады. Іскерлік қарым-қатынастың табиғатымен негізгі ерекшеліктері болып есептелетін ереже-
лер немесе шарттар ұсынылады.
Тірек сөздер: коммуникация, контекст, іскерлік дискурс, вербалды байланыс, үрдіс, серіктестік.
Достарыңызбен бөлісу: |