Мәтіндегі ұлттық мәдениет, өркениет атауларын білдіретін сөздерді тауып, танымдық тұрғыдан
Морфологиялық бірліктерді сатылай кешенді талдауда сөз құрамына, сөздің лексика-
Морфологиялық бірліктерді сатылай кешенді талдауда сөз құрамына, сөздің лексика-граммати-
калық мағынасына тірек-сызбалар бойынша шартты белгілермен өрнектеу арқылы жасалған сатылық
Көркем, өрнекті, айшықты, түсінікті сөйлесу арқылы серігін сөзге қызықтырып, тарту.
Студенттің дара тұлға ретінде кез келген жағдаятта, кез келген тақырыпта өз ойын еркін, жүйелі
жеткізіп, бір ойдан екінші ойға бірден көшіп, кез келген адаммен еркін, ортақ тіл табыса алса, оның
қатысымдық құзіреттілігінің деңгейі байқалады. Құзіреттілік – белгілі бір саладағы іс-әрекетке қатысты
жинақталған білім, білік, дағдысы, тәжірибесі болса, коммуникация – қарым-қатынас, өзара пікірлесу,
сөйлесу, ұғынысу дегенді білдіреді. Демек, қатысымдық құзіреттілік – бұл өзара байланыс, пікірлесу,
сөйлесуге қатысты коммуниканттардың жинақталған білім, білік, дағдылармен қарулануы, білімдік
Қатысымдық құзіреттілік жеке және үнемі даму үстінде болады. Ол адамның сөйлеу қызметімен
122
тікелей байланысты. Қатысымдық құзіреттілік адамның тілдік құралдарды дискурс пен пікір білдіруде
шығармашылықпен қолдана білуі арқылы анықталады.
Сонымен қатысымдық құзіреттілікті қалыптастыру дегеніміз – білім алушыны қоғамдағы ережелер
мен нормаларды дұрыс орындауға мүмкіндік беретін қатысымдық іскерліктерге үйрету. Қатысымдық
құзіреттілік – қоғамдық өмірдегі заңдылықтар мен ережелерді адамның орындай білу дағдысы [3].
Қазіргі таңда ақпараттар ағымының көптігіне байланысты студенттің алған білімінің тереңдігіне
емес, осы білімді өзіне қажетті жағдайда қолдана алу қабілетіне мән беріледі.
Танымдық құзіреттілік күрделі құрылым мен үлкен мазмұнға ие. Ол студенттен жаңа білім мен
дағдыны өңдей алатын қабілеті болуын, алатын білімін дұрыс ұйымдастыра білуді, өз ісіне жауап-
кершілікпен қарауды, жұмысын бағалай білуді талап етеді.
Сонымен танымдық құзіреттілік студенттің білімі мен оқуына деген ізденушілік қабілетін, дағдысы
мен білігін байқатады. Білім алушының дағдысы оның базалық дағдысының деңгейіне байланысты
(мысалы, ары қарай білім алуға қажет тілдік, т.б. сауаттылығы). Ал білік – өз бетінше жаңа білім ала білу
қабілеті және оны нақты жағдаяттарда қолдана білуі.
Танымдық құзіреттілік студенттің алған білімін өз бетінше дамытып, жетілдіріп, жаңа формада
жүзеге асырып, сынап, үнемі ізденіп, кез келген жағдаятта қолдана білу, т.б. деңгейінен көрінеді.
Танымдық құзіреттілік білімдер жүйесінің бірлігінен (жағдаятты түсінуі, өз қабілеті мен білімін бағалауы,
өзіне қажетті білімді екшелеп, сұрыптап ала білуі, оны қолданудың жолын меңгеруі, т.б.) тұрады.
Сонымен танымдық құзіреттілік дегеніміз – өз бетінше жаңа білімді игеруі, білім деңгейін үнемі
жетілдіруге дайын болуы, өзін-өзі ұйымдастыра алуы және дамытуы, жеке, қоғамдық, кәсіби өмірде
танымдық қызметті дамытатын қабілетінің болуы. Осы компоненттерді дұрыс байланыстыра білгенде
ғана танымдық құзіреттілікті қалыптастыруға болады.
Морфологиялық бірліктерді «Сатылай кешенді оқыту» технологиясымен оқытуда таным мәселесі
шешуші рөл атқарады. Аталған технологиямен берілген білім үнемі практикалық тұрғыдан бекітіліп
отырады. Технологияның тірек-сызбалары арқылы сатылай талдаудың қорытынды кезеңінде студент
мысалға алған сөйлемінен тірек сөзді тауып соған жан-жақты зерттеу жүргізеді. Мысалы: Студент.
Студент деп кімді айтамыз, жасы қаншада, қоғамдағы орны қандай, оның басқа тілдердегі атауы, басқа
мемлекеттерде студенттің статусы қандай, ол қандай маман иесі болуы мүмкін, жақсы маман болуы үшін
не істеуі керек, ол қоғамға пайдасын қалай келтіреді т.б. сұрақтар арқылы студент туралы толық мәлімет
ала алады, соңында орындаушының да студент екендігі ескеріле отырып, әр түрлі тақырыпта жазбаша
жұмыс (эссе, шығарма, шағын әңгіме, толғау, өлең т.б.) жазуға тапсырма беріледі.
Болашақ маманға таныммен қоса лингвомәдени құзіреттілігін қалыптастыруға да айрықша мән
берілуде.
«Сатылай кешенді оқыту» технологиясымен білім беруде басшылыққа алынатын құзыреттіліктердің
бірі - әлеуметтік-тұлғалық құзіреттілік.
Студенттің әлеуметтік-тұлғалық құзіреттілігін қалыптастыру – бүгінгі заман сұранысынан туындап
отырған мәселе. Әлеуметтік-тұлғалық құзіреттілік студенттің әлеуметтік шындықты құндылық ретінде
түсінуінің және белгілі бір әрекетті басқарудағы нақты әлеуметтік білімінің сапалық қасиетін көрсетеді.
Студенттің топ алдында рефератын қорғауы, баяндама жасауы, пікірталас, ойталқы, ойбөлісте өз ойын
еркін, ұялмай жеткізе білуі оның әлеуметтік-тұлғалық құзіреттілігін жетілдіруге игі әсерін тигізеді.
Г.Ж. Меңлібекова болашақ мұғалімнің әлеуметтік құзіреттілігінің қалыптасуына үлкен мән береді.
Оның пікірінше, әлеуметтік құзіреттілік – адамның әлеуметтік шындықты құндылық ретінде түсінуінің,
әрекетті басқарудағы нақты әлеуметтік білімінің, өзін анықтаудағы субъективтік қабілетінің, әлеуметтік
технологияны жүзеге асыру біліктілігінің бірігуі ретіндегі кіріктірілген сапалық қасиеттері.
Қазіргі таңда теледидардағы әртүрлі хабарлардан жастардың да, үлкендердің де өз ойларын дұрыс
жеткізе алмайтынын байқап жүрміз. Жақсы, ұтымды, шешен сөйлей білу – тек филологтарға немесе
жалпы мұғалімдерге ғана қажет нәрсе емес, ол осы қоғамда өмір сүретін барлық адамдарға қажет дүние
.
Студенттің әлеуметтік-тұлғалық құзіреттілігі оның қоғамда, көпшілік арасында сөйлей білу дағдысы,
тұлғаның қоғамда өз мәдени деңгейін, адами сапалық қасиеттерін таныта алуы, қарым-қатынастың
ұлттық және жалпы адамзаттық әдеп нормаларын ұштастыра білуі, интелектісі мен парасатын үйлесімде
таныта алуы, өзгермелі дүние жағдайына бейімделе білуі, өмір бойы білім алу парадигмасына сай өз
әлеуетін жетілдіре алуы, көпшілік алдында сөйлеу мен пікірталас мәдениетін жетік меңгеруі; өзіндік
көзқарасын шешендік сөздің тектеріне сәйкес ұтымды жеткізе алу шеберлігі; қоғамдық қарым-қатынаста
тұлғаның өзіндік көзқарасын айтуы, өзіндік позициясын ұстануы, қоғамдық пікірталаста өз пікірін
123
қорғай алуы, топ алдында сөйлей алуы, т.б. арқылы көрінеді.
Құзыреттілік үнемі дамып, жетіліп отырады. Құзыреттілікті бір пәнді меңгертудің аясында қалыптас-
тыра алмаймыз. Тек белгілі бір көлемде ғана игерте аламыз. Ол үнемі толықтырып, дамытып отыруды
қажет етеді.
Құзыреттіліктің қалыптасуына студенттің қоршаған ортасы, адамдармен қатынасы, игерген білімі,
қабілеті мен дағдысы, іскерлігі мен біліктігі әсер етеді. Осылардың барлығын бір арнаға тоғыстырғанда
морфологиялық бірліктерді «Сатылай кешенді оқыту» технологиясымен оқытуда студент бойында
жоғарыда аталған құзыреттіліктерді қалыптастыру оқыту нәтижесінің - кепілі.
Студенттің төрт жыл білім алған кезеңінде қалыптасатын құзіреттіліктері оның білім мазмұнын
сапалы меңгеруін, білім, білік, дағды, тәжірибесін, тұлғалық даму деңгейін және игерген білім, білік,
дағдысының түпкі нәтижесін көрсетеді. Сондықтан да білімді құзіреттілік тұрғысынан игерту бүгінгі
таңда өзекті болып отыр.
Достарыңызбен бөлісу: