Тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары


ТІЛДІ  ОҚЫТУДАҒЫ  ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР



Pdf көрінісі
бет229/548
Дата07.01.2022
өлшемі7,82 Mb.
#20554
1   ...   225   226   227   228   229   230   231   232   ...   548
 

ТІЛДІ  ОҚЫТУДАҒЫ  ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР 

 

 



 

Абдукаримова Г.А.  

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан  

мемлекеттік университетінің доценті, ф.ғ.к.,  

Балқыбекова Қ.А.   

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан  

мемлекеттік университетінің оқытушысы, 

Мадалиева А.Б. 

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан  

мемлекеттік университетінің оқытушысы.   

china_gulzhan@mail.ru

 

 

Түйіндеме:  Бұл  мақалада  қазақ  тілі  сабақтарында  заманауи  технологияларды  қолдану,  әсіресе 



интерактивті  тақта  қызметі  жөнінде  айтылады.  Жаңа  технологияларды  пайдалану  пәнге  деген  қызығу-

шылықты оятып, студенттердің танымдық және шығармашылық қабілеттілігін жандандырады. 

Заманауи сабақ – айқын, ақпараттық, көрнекі. Бұл сабақтардың негізгі міндеті өз елінің өміріне тиімді 

қатысуға даяр, бәсекеге қабілетті тұлғаны даярлау болып табылады. 

Әрбір оқытушы өз сабағын жетілдіріп отырады, заманауи әдістер мен стратегияларды, компьютерлік 

технология саласындағы әзірлемелерді пайдаланады. 

Қазақ  тілін  оқытуда  мультимедиалық  интерактивті  технологияларды  пайдалану  сабақ  материалын 

беру  сапасы  мен  білім  алушылардың  осы  материалды  меңгеру  тиімділігін  жоғарылатады.  Тәжірибе 

көрсетіп  отырғандай,  заманауи  технологиялар,  мультимедиалық  құрал-жабдықтарды  пайдалану  мен 

ендіру білім беру үдерісінің мазмұнын байытады, білім алушылар тарапынан қазақ тілін үйренуге деген 

ынтаны жоғарылатады, оқытушы мен студенттер арасындағы тығыз ынтымақтастық байқалады. 

Интерактивті тақта көмегімен оқыту оқытудың әдеттегі әдістерінен ерекшеленеді. Кез келген, әсіресе 

интерактивті технологиялар пайдаланылған сабақ айқын жоспардан және құрылымнан тұруы тиіс, белгілі 

бір нәтижелер мен мақсаттарға қол жеткізуі тиіс. Мұның барлығы білім алушыларға материалды жақсы 

меңгеруге жәрдемдеседі.  



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   225   226   227   228   229   230   231   232   ...   548




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет