Аннотация: В данной статье говорится об эффективности современных технологий обучения в
процессе организации познавательной деятельности, а также обеспечении образовательных
потребностей, повышении интереса учащихся к предмету в соответствии с проблемной системой
обучения языкам.
Ключевые слова: Проблемное образование, парадигма обучения, закономерности дидактики,
государственные образовательные стандарты, коммуникативная компетентность, информационная
компетентность.
Annotation: This article discusses the effectiveness of modern learning technologies in the organization of
cognitive activity, as well as providing educational needs, increasing students ' interest in the subject in
accordance with the problem system of language learning.
Keywords:
Problematic education, the paradigm of learning, the laws of didactics, state educational
standards, communicative competence, information competence.
ХХІ ғасыр – жаңа технология мен ақпараттандыру ғасыры. Өскелең елдің айбынды болашағы үшін-
ең әуелі сапалы білім қажет. Ол үшін еліміздің білім саясатындағы әлеуетін жұмылдыру, ғылымның
басым бағыттарын дамыту жолындағы ресурстарды шоғырландыру, оның жетістіктерін өндіріске енгізу
168
инновациялық дамудың негізгі көзі болып табылады. Білім мен ақпарат дамыған қоғамда білім беру
жүйесі инновациялық экономиканың негізгі бөлігі болып табылады. Білім берудің негізгі мақсаты-білім
мазмұнының жаңаруымен қатар, оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың
тиімділігін арттыруды талап етеді. Қазақстанда білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасы жобасында Қазақстандық білім беру жүйесін жақсарту үшін, ең алдымен
педагог кадрлардың мәртебесін арттыру, біліктілігін дамыту бағытына үлкен мән берілген. Осыған
байланысты қазіргі таңда еліміздің білім беру жүйесіндегі реформалар, өзгерістер мен жаңалықтар
мұғалімнің өткені мен бүгіні, келешегі мен болашақ жайлы ойланып, жаңа идеялармен жұмыс жасауға
негіз болады. Елбасымыздың жолдауында айтқандай: Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына
ену үшін, заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 30 елдің қатарына жеткізетін – білім.
Ғылым мен техниканың күн санап өсуіне байланысты педагогика ғылымының теориясы мен оқыту үрдісі
де түбегейлі өзгерістерге ұшырауда. Соған орай оқытудың парадигмасы өзгерді. Білім берудің мазмұны
жаңарып, жаңаша көзқарас пайда болды. Осыған байланысты ұстаздар алдында оқытудың әдіс-тәсілдерін
үнемі жаңартып отыру және технологияларды меңгеру, оны тиімді қолдана білу міндеті тұр. Қазіргі білім
беру жүйесінде жаңа технологияларды енгізу күннен-күнге басты талапқа айналып, осы әдістерді
жетілдіре түсу қажеттігі күшейіп келеді. Мұғалімнің шеберлігі қандай жоғары болса да, мұғалім оқушы-
ның өз белсенділігін туғыза алмаса, берілген білім күткен нәтиже бермейді. Оқушының тұлға ретінде
қалыптасуы белсенділік арқылы жүзеге асады. Жаңа ғасыр әр адамның күнделікті тіршілігіне ерекше
өзгеріс енгізе қоймаған қоғамнан кетіп, өз өмірімізде жаңа бір дәуірдің басталғанын мойындатуда.
Көкжиегімізде көрініп тұрған нұрлы болашағымызға жету жолдарының жақсы нышандары әлеуметтік
орны мен ақпараттар қызметінің салмағы жағынан ерекше болып табылатын білім беру жүйесінде көрініс
тауып отыр. Олай дейтініміз-бұл саладағы әрекет қоғамның бір жеке мүшесінің тағдырына қатысты емес,
еліміздің ертеңгі күнгі әлеуметтік күшіне, тұрмыс деңгейіне, өркениеттілігіне әсер ететін кешенділігімен
сипатталады. Сондықтан білім беру саласында қоғамның әрбір мүшесінің назарынан тыс қалмайтын
мәселелер төңірегінде түбегейлі өзгерістерді мәдениетті, шығармашыл, жаңашыл, инновациялық тұрғыда
ойлап, қызмет жасай білетін ұстаз ғана мүлтіксіз енгізе алады.
«Проблемалық оқытудың мәні проблемалық ситуация туғызу мен оқушылардың оқу проблемасын
дербес шешулері бойынша іс-әрекеттерін басқару болып табылатын оқыту түрі. Проблемалық оқытудың
ең маңызды шарты оқушылар арасында белсенді қарым–қатынасын орнатып, мәселелерді жан-жақты
үйрену және өмірге қабілетті шешімдерді шешу. Дәстүрлі оқытудан ерекшелігі, проблемалық оқыту
сабақ түрінде сыныпта, шағын топтарда, мұғаліммен пікірталас түрінде өтіледі. Проблема деп шешілуі
оқушылардың білім алу үшін белгілі әрекеттерді талап ететін есептердің, тапсырмалардың, теориялық
немесе тәжірибелік мәселелердің әртүрлілігін түсінуге болады»[1]. Проблемалық оқытудың ерекшелігі
мұғалім оқушының алдына проблеманы шешу міндетін қоя отырып, шешуді соның ішінде, тиімді шешу
құралдарын қарастыруды өздеріне іздетеді. Бұл оқушылардың бойында шығармашылық ойлау қабілет-
терін жетілдіріп қана қоймай, проблеманы шеше алу дағдысын дамытатыны сөзсіз. Проблемалық оқыту-
да оқушыға ұсынылатын материалдың шешімін табу, ең біріншіден оқушыға қызықты болуы шарт,
оқушының проблеманың шешімін ұсынған шақта қанағаттануы тиіс. Ол оқушының өз бетімен ізденген,
үйренуге деген ынтасының нәтижесі болғандықтан, проблеманы шешуі шығармашылық мүмкіндіктерін
дамытады [2]. Өмірмен байланыстырылған проблемалық мәселелер мұғалімге балалардың шығармашы-
лық ойлауы ғана емес, қарапайым тұрмыстағы ұсақ көрінетін нәрселерді шешудің тиімді жолдарын
қарастыра білуге үйретеді. Проблемалық оқытудың негізін салушы американдық ғалым Джон Дью болып
табылады. Ол оқушылардың оқу үдерісі кезіндегі интеллектуалды мүмкіндіктерін дамыту үшін оқушының
өз белсенділігіне назар аудару керектігін айтады. Проблемалық оқытудың мақсаты-ғылыми таным
нәтижелерін, білімдер жүйесін ғана меңгеріп қоймай, сонымен бірге бұл нәтижелерге жету жолының өзі де,
оқу үдерісінде меңгеру, оқушының танымдық дербестігін қалыптастырып, оның творчестволық қабілет-
терін дамыту. Проблемалық оқытуда мұғалімнің түсіндіруі мен оқушылардың репродуктивтік қызметі
талап ететін міндеттер мен тапсырмаларды орындауы жоққа шығарылмайды [3]. Проблемалық оқыту әдісін
жүргізу дидактиканың заңдылықтарына байланысты мынадай кезеңдерге бөлінеді:
1.
Проблемалық ахуалдар туғызу жолын алдын ала дайындау.
2.
Проблемалық сұрақтарды грамматикалық және стилистикалық жағынан дұрыс құру.
3.
Проблемалық мәселелерді шешу амалдарын күні бұрын дәл белгілеу.
4.
Проблемалық сұрақтардың теориялық анықтамасын заңды түрде дәлелдеу[2].
Проблемалық оқытуды тәжірибеде қалай қолданамыз? Ең біріншіден, мұғалімге проблемалық
тапсырмалар дайындау қажет. Проблемалық тапсырмаларды дайындау критерийлеріне тағы нені қосуға
болады? Біріншіден, өмірлік жағдайды пайдалану, сырттағы өмірді сыныпқа әкелу. Блум таксономиясы-
ның өнімді деңгейі болып табылатын талдау, жинақтау, бағалау деңгейінде сұрақтар мен тапсырмаларды
169
қамту. Фактілерді, әрекеттерді салыстыру және қарсы қойып проблемалық жағдаят туғызатын болуы қажет
[3]. Проблемалық оқытуды пайдалану оқушылардың төмендегідей дағдыларды игеруін болжайды, олар:
Командамен жұмыс.
Топқа жетекші болу арқылы көшбасшылық қасиетті меңгеру.
Пікірсайысқа белсенді қатысу және тыңдай білуге үйрену.
Бірлесіп жұмыс істеу және өзара іс-әрекет, көзқараспен пікір алмасу.
Әріптес қөзқарасына сыйластықпен қарау.
Әдебиеттерге сыни баға беру.
Ресустарды пайдаланып, оны мақсатқа бағыттап үйрену.
Презентация жасау дағдыларын игеру. Сонымен бірге, топ оқушылары коммуникативтік қасиетке
ұштасатын білім мен дағды, тапсырмаларды өзара шешу мен ақпарат алмасу, ойлау тәуелсіздігі, өз пікірін
дәлелдеу, оқуға деген жауапкершілік сияқты керекті білім мен дағдыны алады.
Адам бойында аңғарымпаздық, байыптылық, ойлылық ерекше керек қасиет. Дағды да нағыз ойлы
еңбектен туындайды. Проблеманы іздеудің ең оңтайлы жолы – бір нарсені әртүрлі жағынан көре білу;
дайын тұжырымдардың өзіне де сыни көзқараспен қарау, басқа шешімін іздеу, оны табуға еңбектену
болып табылады. Мысалы, проблеманы шешудің жеке және топта талқылау формаларын оқу үдерісінде
мұғалім өз мақсатына сәйкес қолдана алады. Оқытудың топтық түрлеріндегі зерттеушілік әңгімені
проблеманы шешу жолдарын топпен қарастыру болып табылады [4].
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында қазіргі кездегі
білім беру сапасы оқушылардың түрлі қызметтер саласындағы проблемаларды өз бетінше шешу
мүмкіндігін қамтамасыз ететін, қалыптасқан негізгі құзыреттілік түріндегі білім беру нәтижелерінің
жетістіктерімен түсіндіреді. Мектеп оқушысы әрбір білім беру деңгейін аяқтағаннан кейін енгізген негізгі
құзыреттіліктерді: коммуникативтік құзыреттілік, ақпараттық құзыреттілік, проблемалардың шешімін
табу құзыреттілігін игеруі тиіс [5]. Соның ішінде, проблеманы шеше білу құзыреттілігі-әр түрлі
жағдайдағы проблемаларды анықтауға, жауапты шешім қабылдауға, өз шешімінің нәтижесін бағалауға,
өз қызметіне мақсат қоюға, оны іске асыру үшін қажетті жағдайды анықтауға, ондағы жетістіктерге жету
процестерін жоспарлауға және ұйымдастыруға, өзіндік бағалау мен қорытынды жасауға мүмкіндік
туғызады деп түсіндірілген [6]. Қорыта келе, тұлғаның проблеманы шешу дағдыларын дамыту кезінде
мұғалімнің де сыни ойлай алатын, проблема туғызатын тапсырмаларды дайындай алатын болғаны жөн.
Сабақ жоспарлаған уақытында оқу мақсатын ең маңызды нәрсе оқушының сыни ойлау, проблема шешу
дағдысын қалыптастыруға және нәтижелі болуға бағыттау керек. Проблемалық оқыту әдістерінің
мынадай жетістіктерін атап көрсете аламыз:
-
Ғылыми, шығармашылық тұрғысынан логикалық ойлауға үйрену;
-
керекті білімге өзіндік шығармашылық ізденіс;
-
кездесетін қиындықтан шығу жолдарын табу;
-
дәлелдеу базасын құруға үйрену;
-
оқу материалдарын жетік меңгеруді үйрену;
-
білімге деген сенімділікті нығайту;
-
оқып-үйренуге жағымды эмоционалдық бағыт қалыптастыру;
-
танымдық қызығушылдықты дамыту және қалыптастыру;
-
шығармашылық тұлға қалыптастыру.
Барлық жоғарыда айтылғандарды қорыта отырып, проблемалық оқытудың артықшылығын
анықтауға болады:
1.
Мағынадағы акцент.
Дәстүрлі оқыту бойынша оқушылардың көпшілігі, өкінішке орай сыныпта қабылдаған білімін
пайдаланады, сол сияқты оқу принципі есте сақтаудағы және жаттаудағы басты бейнемен қорытынды-
ланады. Проблемалық оқытудың қатаң шегі жоқ, бірақ жағдайды талдау процесінде оқушыны барынша
көп қатыстыруға мүмкіншілік туғызылады. Пікірталасқа дәстүрлі дәріс сағаттарын ауыстыру мұғалімнің
басшылығымен жүзеге асады, бірлескен мұғалімдік зерттеу жұмыстары оқушылардың түсінуіне, ұсыныс
жасауына, саналы оқыту процесіне белсенді қатысуына жағдай жасайды.
2.
Өз бетінше оқу рөлінің артуы.
Қойылған міндеттердің шешімін өз бетінше іздеу жауапкершілік сезімін жетілдіреді, оқу процесіне
құштар адамдарды ынталандырады.
3. Меңгеру деңгейін жоғарылату, тәжірибелік дағдыларды дамыту.
170
Проблемалық оқыту оқу материалын жақсы түсінуге, игеріп кетуге және оқу деректерін сауатты
қабылдауға мүмкіндік туғызады. Нақты жағдайдың болжамдалған нәтижесін тереңдетіп оқыту процесін
және жете айқындау түсінігін бермейді.
Достарыңызбен бөлісу: |