жыртыс, кемпір өлді сүт ақы, сәукеле кигізу т.б. сөздер айтылса, А.Құнанбаев шығармаларында: жел
ұшық, қансонар, томаға, найза, тымақ, насыбай, медресе, жайлау, қыстау, шапан, сабау, кереге, бөрік,
тон, күзеу, киіз, шолпы, кәмшат бөрік, тұғыр, кебін, барымта, дулыға, сауыт, қылыш, шарайна, босаға,
төр т.б. этномәдени лексика кездеседі. Міне, осы мысалдардан байқап отырғанымыздай, бүгінде халқы-
мыздың көптеген сөздері көнеріп кеткен. Осы сөздерімізді қайтадан тіліміздің байлығына қосу бүгінгі
зерттеулердің басты мақсаты деп ұғынғанымыз абзал. Мұндай зерттеулерге Р.Шойбеков «Зергерлік
өнерге байланысты атауларды топтастыру», Е.Қосбасаров «Бүркітшілік терминдері жайында»,
Т.Өмірзақов «Мал түгіне байланысты қалыптасқан этнографизмдер» деген еңбектерді жатқызуға болады.
Сондай-ақ, А.Сейдімбек, Ж.Бабалықұлы, А.Тұрдыбаев құсбегілікке қатысты этномәдени бірліктерді
зерттеп, өз еңбектерін жарыққа шығарған болатын. Осы бірлескен жинақта қазақ тіл білімінде алғаш рет,
этномәдени бірліктер сөз болады.
Академик Ә.Т. Қайдаров «Қазақ тілінің тарихи лексикологиясы: проблемалары мен міндеттері»
еңбегінде былай деп жазады: «Бұл еңбекте ана тілімізде сақталып келе жатқан (сөз, сөз тіркесі және
этнофразеологизмдер, мақал-мәтелдер арқылы берілетін) этнографиялық байлығымызды жүйелі түрде
қамтып, әдеттегі түсіндірме, диалектологиялық, екі тілдік, фразеологиялық, паремиологиялық, энцикло-
педиялық мүлдем басқаша, өзіндік тәсіл-әдіспен анықтап, халықтың өз мұрасын өзіне ұсынуға болады
деп сенеміз» [1, 37 б.].
Шын мәнінде, бастауыштан бастап жас балаларға этномәдени бірліктердің мәнін ашып түсіндіре
бастаса, көптеген нәтижелерге жетеріміз анық. Алғашқы президент Н.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани
жаңғыру» бағдарламалық баяндамасында осы мақсаттарды көздейді. Оның «Ұлы даланың жеті қыры» атты
баяндамасында этномәдени тәрбие беру мәселесі көзделеді. Ол былай дейді: «Қазіргі киім үлгісінің базалық
компоненттері Дала өркениетінің ерте кезеңінен тамыр тартады. Атқа міну мәдениеті салт атты жауынгер-
дің ықшам киім үлгісін дүниеге әкелді. Ат үстінде жүргенде ыңғайлы болуы үшін бабаларымыз алғаш рет
киімді үстіңгі және астыңғы деп екіге бөлді. Осылайша кәдімгі шалбардың алғашқы нұсқасы пайда болды.
Бұл салт атты адамдардың ат құлағында ойнауына, ұрыс кезінде еркін қимылдауына мүмкіндік берді. Дала
тұрғындары теріден, киізден, кендір мен жүннен, кенептен шалбар тікті. Содан бері мыңдаған жыл өтсе де,
киімнің осы түрі өзгере қоймады. Қазба жұмыстары кезінде табылған көне шалбарлардың қазіргі шалбардан
еш айырмасы жоқ. Сонымен қатар, бүгінгі етіктердің барлық түрі көшпенділер атқа мінгенде киген жұмсақ
өкшелі саптама етіктің «мұрагерлері» екені белгілі» [4, 1 б.].
Этномәдени бірліктерді лексика-семантикалық жағынан топтарға бөлу дәстүрі сақталғандықтан, біз
де осы жүйеде бөлуді жөн санадық. Қазақ тіліндегі этномәдени бірліктер «1) Ас-тағам атаулары; 2)
Құрал-жабдық, бұйым, ыдыс-аяқ атаулары; 3) Киіз үй, оның жабдықтары атаулары; 4) Төрт түлік мал
атаулары; 5) Уақыт, мезгіл атаулары; 6) Киім атаулары; 7) Салт-дәстүрлер атаулары; 8) Ұлттық ойын
атаулары» деген семантикалық топтардан тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: |