Тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет262/548
Дата07.01.2022
өлшемі7,82 Mb.
#20554
1   ...   258   259   260   261   262   263   264   265   ...   548
Байланысты:
2

Keywords: linguocultural units, Kazakh linguistics, ethnolinguistics science, national psychology, cognition, 

ethnopedagogy. 

 

Қазіргі  тіл  біліміндегі  антропоцентристік  бағыттағы  зерттеулердің  нәтижесінде  оқу  үдерісінде 



этномәдени бірліктерді оқыту, яғни халықтың ұлттық мәдениетін оқушыларға терең танытуға, қолдануға, 

сөздік қорын молайтуға бейімделген этномәдени бағыттағы оқытуды қолға алуымыз қажет-ақ. Оқытудың 

жаңа жолдары тіл біліміндегі лингвомәдениеттану саласының ғылыми-теориялық жетістіктері негізінде 

жүзеге  асады.  Этномәдени  бірліктер  ұғымының  табиғатын  тілдік  тұрғыдан  талдайтын  болсақ,  лингво-

мәдени  бірлік  –  лингвомәдениеттану  деп  аталатын  тіл  білімі  саласының  негізгі  ұғымдарының  бірі. 

Лингвомәдениеттану  бағытының  басты  қызметі  –  мәдени  ақпаратты  танытатын  және  сол  мәдениетті 

қалыптастыратың  адамзаттың  тіліндегі  мәдени  мазмұнды  бейнелейтін  тілдік  таңба  табиғатын  зерттеу 

болып табылады. Этнографизмдер не лингвомәдени бірліктер бүгінде қазақ лингвомәдениеттану ғылымы 

мен  этнолингвистика  ғылымында  зерттеледі.  Бұл  ғылымдардардың  басында  академик  Ә.Т.  Қайдари 

тұрғаны даусыз. Академик Ә.Т. Қайдари қазақ этнолингвистикасын 1980-ші жылдардан бастап зерттей 

бастады.  Қазақ  тілінің  этнолингвистикасын  Ә.Т.  Қайдари  екі  жүйеде  қарастыруды  ұсынады.  1. 

Макрожүйе – «Табиғат», «Адам», «Қоғам». 2. Микрожүйе – табиғи жүйе бойынша әртүрлі топтар, сала-

лар [1, 36 б.]. Осы ұсынған қадаммен көптеген ғалымдар өз жұмыстарын жүргізді. Атап айтқанда, Р.Ғ. 

Сыздық, Ж.А. Манкеева, М.М. Копыленко, Р.Н. Шойбеков,  Е.Н. Жанпейісов, Е. Қосбасаров, Ғ. Әнесов, 

Т. Өмірзақов,  Ғ. Тұрабаева, С.К. Сәтенова, Қ.Ғ. Аронов, Б.С. Тоқтағұл, А.Е. Керімбаев, А.С. Сейілхан т.т. 

бірқатар қазақ ғалымдары этнолингвистика мен лингвомәдениеттану бойынша өз зерттеулерін жүргізіп, 

мыңдаған қазақ сөздерінің мағынасын зерттеп, қазақ тілінің байлығына қосты. 

Академик Ә.Т. Қайдаров былай дейді: «Этнолингвистиканың негізгі зерттеу объектісі – этнографизм-

дер, кеңірек айтсақ, этнографиялық лексика. Бұл лексиканың құрамында өткен өмірді бейнелейтін сөздер 

мен  сөз  тіркестері  көптеп  кездеседі.  Бірақ  олардың  бүгінгі  ұрпаққа  айқын  бола  да  бермеуі  мүмкін. 

Олардың  арасында  қолданыс  аясы  тарылып,  о  бастағы  мағынасының  күңгірттеніп,  не    мүлдем  ұмыт 

болғандары да аз емес. Бұлардың этнографиялық мазмұнын, дәстүрлік қолданысын зерттеу этнолингвис-

тиканың  үлесіне  тисе,  тілдік  табиғаты  мен  даму  заңдылықтарын  этнолингвистика  деректеріне  сүйене 

отырып, тарихи лексикология анықтайды» [1, 35 б.]. 

Қазақтың  мәдени  лексикасын  зерттеген  Ж.А.  Манкеева  микрожүйелер  туралы  былай  дейді:  «Нақты 

айтқанда, микрожүйелік  құрылымның негізінде  сан  түрлі  мәдени терминдер  (зергерлік,  тағам,  халықтық 

космонимдер, соматикалық атаулар, антропонимдер, топонимдер, фитонимдер, халықтық наным-сенімдер 

мен  салт-дәстүрге,  мал  шаруашылығы, аңшылық  т.б.  кәсіпке  байланысты фразеологизмдермен  паремио-

логиялық жүйе т.б.) арнайы этнолингвистикалық зерттеу нысаны ретінде қарастырылады» [2, 7 б.]. 



181 

Қазақтың этнографизмдері бірқатар зерттеулерге жүк болса да күні бүгінге дейін толық зерттелме-

генін байқаймыз. Оның үстіне, қазақ жазушыларының тілінде кездесетін лингвомәдени бірліктердің сан 

алуан  сипаты  мен  мәні  болса  керек.  Жалпы  этнолингвистиканың  теориялық  жағын  зерттеген  ғалым             

М.М. Копыленко былай дейді: «Этностың тұрмыс-тіршілігі, қазіргі болмысы мен тарихы, оның материал-

дық және рухани мәдениетінің тілдік көріністері айқындалады және жете зерттеледі [3, 17 б.]. Өзінің осы 

«Этнолингвистика  негіздері»  еңбегінде  ғалым  жоғалған,  ұмыт  қалған  сөздерімізді  қайтадан  қайтару 

игілікті  іс  екенін  ескертіп  отырады.  Ол  өз  зерттеуінде  былай  деп  жазады:  «Предмет  этнолингвистики 

нередко сужается до так называемой «этнокультурной» лексики и фразеологии, с чем нельзя согласиться. 

В  нашем  представлении  предмет  этнолингвистики  горазда  шире,  он  включает  все  то,  в  чем  находит 

отражение  идиоэтничность,  в  том  числе  народный  менталитет.  Тем  не  менее  наибольшее  число 

этнолингвистических исследованиий касается именно лексики и фразеологии как такого яруса языка, в 

котором  этнос  находит  наиболее  яркое  выражение»  [3, 19  б.].  Этнос  тілінің  зерттелуі  сол  ұлтқа  ұмыт 

қалған көптеген сөздерін еске түсіруге көмектеседі, пассив лексиканың осы бір қабатын қайтадан тілдің 

байлығына енгізуіне көмек болады.  Ж.А. Манкеева былай дейді: «Демек, әр этностың өмір сүру сипаты 

ұлттың  рухани  ерекшеліктері,  ойлау  ұғымдары  мен  бағыт-байламдарын  сипаттайтын  тілдік  жүйесі 

арқылы  ана  тілінде  сақталады.  Ол  –  әр  халықтың  материалдық,  экономикалық,  әлеуметтік  жағдайына 

байланысты дамитын, қоғамдық санасына сәйкес негізделетін, «ұжымның жадында жинақталған жүйе» 

(Ю.М.  Лотман)  [2,  18  б.].  Халықтың  жадында  сақталған  сөздерді  қайтадан  түлететін  жазушылар, 

сондықтан жазушылар тіліндегі лингвомәдени бірліктерді түсіндіріп, тілдік айналымған енгізуі абырой 

болатыны анық. 

Профессор  Ж.А.Манкеева  мынаны  айтады:  «...Тіл  мен  мәдениеттің  атауына  ұйытқы  болған 

этнографизмдер – ана тілі байлығының бір бөлшегі. Бұл атаулар – тілдік қазынаның сүбелі саласының 

бірі және бүгінде жалпыхалықтық қолданыста жоқ кейбір байырғы сөздер мен сөз тіркестерінің мағына-

мәнін танытатын әрі тарихи ақпараттар көзі. Бірақ этностың көне дәуіріндегі тарихынан, мәдени өмірінен 

хабардар ететін этнографизмдер, тілімізде мағынасы ұмыт болған әртүрлі этноатаулардың сырын ашуды, 

танытуды  қажет  етеді.  Осы  орайда,  қазақтың  қара  сөзін  бағзы  мәдениеттің  жетегіндегі  тіл  арқылы 

анықтап, келер ұрпақтың санасына зор мақтанышпен жеткізу – ұлт болмысын, ұлт мәдениетін танытудың 

бір жолы. Осыған орай, қазақ лексикасындағы лингвокультуремалар ретіндегі этнографизмдер, ескіліктер 

т.б. этнодеректер мәдени-рухани байлықтың бір көзін құрайды. Қазірде бұл этноатаулар қоғамдық қарым-

қатынас  кезінде  белсенді  қолданылмаса  да,  бұл  сөздердің  дені  диалектілік  лексикада,  тұрақты  сөз 

тіркестері мен мақал-мәтелдердің құрамында, тарихи көркем шығарма тілінде, ауыз әдебиеті, фольклор 

мен эпос тілінде сақталған» [2, 19 б.]. 

Этнографизмдер  этнографиялық  лексика  аумағында  зерттелді.  Жалпы  этнографизмдерді  академик 

Ә.Т.  Қайдари  былай  анықтайды:  «Этнографизм  дегеніміз  –  өткен  тұрмысымызда  болған,  көбі  әлі  де 

қолданылып  келе  жатқан  тұрмыстық  бұйымдардың,  белгілі  бір  кәсіпке,  шаруашылыққа,  салт-дәстүрге, 

әдет-ғұрыпқа, наным-сенімге, баспанаға, киім-кешекке, ішер асқа, туыстық қатынасқа, ел билеу ерекше-

лігіне, заң тәртібіне,  әдеттік правоға  байланысты қолданылатын, халқымыздың тұрмыстық және тілдік 

өзіндік ерекшелігін көрсететін арнаулы атаулар мен сөз тіркестері» [1, 18-22 бб.]. 

Лингвомәдени бірлік – лингвомәдениеттану деп аталатын тіл білімі саласының негізгі ұғымдарының 

бірі. Лингвомәдениеттану бағытының басты қызметі – мәдени ақпаратты танытатын және сол мәдениетті 

қалыптастыратың  адамзаттың  тіліндегі  мәдени  мазмұнды  бейнелейтін  тілдік  таңба  табиғатын  зерттеу 

болып  табылады.  Негізгі  зерттелу  нысаны  көп  нысандар  –  бұл  символдық,  эталондық,  стереотиптік, 

бейнелі  –  метафоралық  мәнге  ие  болған  бүтін  мәдени  мазмұнды  бейнелей  алатын  заттық,  тұрмыстық 

сипаты басым тіл бірліктері мен таңбалар, яғни лингвомәдени бірліктер. Бұл бірліктерді Ж.А. Манкеева 

этномәдени  бірліктер  деп  атайды,  себебі  ғалымның  ойынша,  этномәдени  бірліктердің  мәні  үлкен.  Ол 

былай дейді: «Осы тектес этномәдени атауларды талдау негізінде «мәдениет» ұғымының тілге қатысты 

мәнін былай түсіндіруге болады: кез келген ұлттық мәдениеттің негізі – ортақ тілде сөйлеп, ортақ мүдде 

мен  қағидаларға  сай  өмір  сұріп,  әрекет  ететін  этноұжымда  қалыптасқан  шындық  дүниенің  тұтастығы, 

этностың материалдық және рухани кеңістігі. Олай болса, «тіл – ұлттың тірегі, ұлт мәдениетінің негізі» 

деген  қағидаларға  сәйкес  тіл  мен  мәдениет  арасындағы  байланыстың  арқауы  сан  ғасыр  өтсе  де  бар 

асылын өз бойында сақтап, еш шашаусыз жиып, болашаққа жеткізетін тілдің құдыреті – кумулятивтік 

қызметі негізінде шешіледі. Нақты түрдегі оның тілдік көріністері: материалдық мәдениет (тұрақ, киім, 

тамақ, тұрмыс бұйымдары, еңбек құралдары т.б.) және ұлттық тіл арқылы ұрпақтан ұрпаққа сақталып, 

жеткізілетін рухани мәдениет (салт-дәстүр, миф, өнер, дін, тәлім-тәрбие, көркем мәтін т.б.) және ұлттық 

психология,  таным  тұрғысынан  жасалатын  рәміздік  жүйе,  сакарилизация  тәсілімен  сақталған  өнер, 

археология туындылары т.б. атаулары» [2, 18 б.]. 



182 

Осы  пікірге  сүйене  отырып,  біз  де  этномәдени  бірліктер  деген  терминді  қолдануды  жөн  көрдік. 

Этномәдени бірліктер белгілі бір ұлттың болмысын, ерекшелігін, сол ұлттың өзіне тән ой-өрісі мен мінез-

құлқын,  дәстүр-салты  мен  әдет-ғұрпын,  мәдени-материалдық  тұрмысын,  менталитеті  мен  басқа  ұлттан 

ерекшелігін  байқататын  тіл  бірліктерінің  мағынасы  арқылы,  яғни  сол  атауға  таңбаланған  бейне  мен 

ситуация мазмұны арқылы анықталады. Демек, этномәдени бірлік арқылы біз ондағы ертеден сақталған 

мәдени  ақпараттардың  мәнін  анықтай  аламыз.  Ж.А.  Манкеева  айтқандай,  бұл  этномәдени  бірліктер 

тарихи  шығармаға  қалам  тартқан  қазақ  жазушыларының  шығармаларының  өн  бойында  кездеседі. 

Қазақтың этномәдениетіне қатысты Ш.Уәлихановтың «Қазақ шежіресі», «Тәңірі» (Құдай), «Қазақтардағы 

шамандықтың қалдығы», «Қазақтың оқ – дәрісінің құрамы», «Егіншілік туралы», «Киіз үй», «Қазақтар-

дың космологиялық түсініктері», «Әуедегі құбылыстар», т.б. еңбектерін атап өтуге болады. 

Этномәдениетке қатысты қазақ ағартушыларының еңбектерінен көптеп мысалдар келтіруге болады. 

Мәселен,  Ы.Алтынсариннің  «Этнографиялық  очерктерінде»:  шариғат,  үй  сынық,  жесір,  тоқал,  ілу, 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   258   259   260   261   262   263   264   265   ...   548




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет