Тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет267/548
Дата07.01.2022
өлшемі7,82 Mb.
#20554
1   ...   263   264   265   266   267   268   269   270   ...   548
Байланысты:
2

7.  Салт-дәстүрлер  атаулары.  Тілімізде  көптеген  салт-дәстүрлерде  этномәдени  бірліктер  қолда-

нылып  отырады.  Академик  Ә.Т.  Қайдаров  ол  туралы  былай  дейді:  «Мәселен,  тіліміздегі  ежеғабыл, 



барымта, әмеңгерлік, ерулік, қарулық, салбурын т.б. оы сияқты сөздер мен  бес аспап, бес қонақ, жеті 

қазына, тоғыз төлеу сияқты жүздеген энофразеологизмдердің тиісті сөздіктерде берілетін мағынасы мен 

шын  мәнісіндегі  этнографиялық  мазмұны  арасында  жер  мен  көктей  айырмашылық  бар.  Бұлардың 

әрқайсысы ең аз дегенде қысқаша этнографиялық этюд көлемінде анықталуға тиісті ұғымдар» [1, 37 б.]. 

Бұл  мәселеге  қатысты  еңбектерге  этнографтар  А.Қайдар,  Р.Шойбеков,  Ж.Бабалықұлы,  А.Сейдімбеков, 

Б.Хинаят т.б. зерттеулерін жатқыза аламыз. Алғаш рет қазақ халқының саятшылық кәсібі туралы жеке 

ғылыми еңбек ретінде Ж.Бабалықұлы мен А.Тұрдыбаевтың авторлығымен жарық көрген «Саят» кітабы 

болды. 

Мақал-мәтелдерді  де  ғалымдар  лингвомәдени  бiрлiктерге  жатқызады.  Мақал-мәтелдер  –  қазақ 

халқының өмiр тәжiрибесiнен, тiршiлiк танымынан түйiп түзiлген ерекше лингвомәдени бiрлiктер болып 

саналады. 

Этномәдени сөздерді белсенді қолданысқа енгізу үшін қазіргі оқулық құрастырушылар М.Дулатов-

тан  үлгі  алса  игі  еді  деп  ойлаймыз.  Атап  айтқанда,  М.Дулатұлы  сол  кезеңнің  өзінде-ақ,  ұлттық  рухта 

тәрбиеленген  қазақ  баласының  бәсекеге  қабілетті  болатынына  көзі  жетуі,  ұлттық  білім  беру  идеялары 

бүгінгі күнде әлі де өзектілік мәнін жойған жоқ, сонымен бірге, ұлттық тәрбиелік білім беру идеяларын 

қайта құруда өзіндік баға жетпес пайдалы құрал болып есептеледі. Ол бұл жөнінде былай дейді: «Мұндай 

балалар бастауыш мектепті бітіргеннен кейін қай жұрттың мектеп, медресесінде оқыса да, қай жұрттың 

арасында жүрсе де, сүйегіне сіңген ұлт рухы жасымайды. Қайда болса да, тіршілігінде қандай ауырлық 

өзгерістер көрсе де ұлт ұлы болып қалады. Оқудағы мақсат жалғыз құрғақ білім үйрету емес, біліммен 

бірге, жақсы тәрбиені қоса беру...» [6]. 

Ағартушы  есеп  тапсырмаларын  құруда  ұлттық  дәстүрлерді  балаларға  үйретіп  отыруды  мақсат 

тұтқан.  Осы  тапсырмалардағы  «аңшының  өз  олжасын  ақсақалға  байлауы,  қонаққа  қой  сою,  желіге 

құлындар байлап, бие сауу» т.т. көптеген ұлттық дәстүрлер мен тұрмысқа байланысты сөздерін бүгіндегі 

арифметикалық  оқулықтардан көрмейсің. Мысалы:  36) Көл басында 58 үй  отыр  еді, соның 28-і көшіп 

кетті. Көл басында неше үй еру қалды? 146) Апасы көрпенің 30 жолын қабыды. Сіңлісі одан 6 есе кем 

қабыды. Шешесі екі қызынан екі есе артық қабыды. Шешесі көрпенің неше жолын қабыды? 150) Бір 

ауылдың  тұсында  5  желі  бар.  Үшеуінде  құлын  9-дан  байланған.  Екеуінде  құлын  18-ден  байланған.  5 

желідегі барлық құлын нешеу?» Осындағы барлық  сөздер қазақ этносының тұрмысынан алынған, атап 

айтқанда, еру, көрпе қабу, желіге байланған құлындар, т.т. Бұл сөздердің барлығы этнолингвистика деп 

аталатын ұлттық этнографизмдерді зерттейтін тіл білімінің бір саласының еншісі. Бүгінде осы көптеген 

сөздердің бастауышта білім алып жатқан балалардың түсінбейтіні анық, себебі ХХІ ғасырдағы қарқынды 

дамыған техникалық прогресс әртүрлі ақпараттар арқылы балаларды өз этносының халықтық педагогика-

лық  ұстанымдарынан  алшақтатып  әкетті.  Ал,  негізінен,  этнопедагогика,  этнолингвистика,  этнопсихо-

логия  ғылымдары  өзара  тығыз  байланысты.  М.Дулатов  өз  еңбегінде  «үлкен  үй  және  отау  үй»  дегенді 

қолданады. Осындағы «үлкен үй» дегеніміз ата-аналарының үйі болса, «отау үй» үйленген  бала-келін-

дерінің үйі. Мына мысалда: «Мерген 2 қаз алып еді, біреуін ақсақалға байлады. Мергеннің өзінде неше 

қаз  қалды?»  Осындағы  «ақсақалға  байлауы»  –  халқымыздың  көнеден  келе  жатқан  дәстүрі.  Мұндағы 

басты аңғаратын жайт – аңшының өзінің көңіл қалауымен олжасын сыйға тартуы. Тағы бір есепте: «Бір 

ауылда 5 ит бар еді, біреуі жоғалып кетті. Әлгі ауылдың неше иті қалды?» [6]. Бұндағы «иттің жоғалуы» 

иттің  қартайып  барып  өлуі  сөз  болып  тұрғанын  аңғармай  да  қаласың.  Иіс  сезу,  ақылы  күшті  дамыған 

иттің өз-өзінен жоғалмайтынын қазіргі балалар білмейтін шығар, ал бұрынғы балалар оны жақсы білген. 




184 

Қазақта  «жақсы  ит  өлімтігін  көрсетпейді»  деген  мақалдың  астыртын  мәнін  жоғалтқандаймыз.  Бүгінде 

халықтық педагогиканың көптеген тәлімі аяқ асты болғанын мойындауымыз керек шығар. 

Қорыта  келе,  жоғарыда  сөз  болған  этномәдени  бірліктерді  бастауыш  мектептен  бастап  оқытудың 

тиімді жүйесін іздестірсек, жақсы нәтижелерге жеткізері сөзсіз деп санаймыз.  

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   263   264   265   266   267   268   269   270   ...   548




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет