Тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары


Keywords: method, innovation, psychology, didactics, cognition, thinking



Pdf көрінісі
бет344/548
Дата07.01.2022
өлшемі7,82 Mb.
#20554
1   ...   340   341   342   343   344   345   346   347   ...   548
Keywords: method, innovation, psychology, didactics, cognition, thinking. 

   

Интерактивтi  әдiстер – қазақ тiлiн дидактикалық ойындар арқылы меңгертуде қолданылатын негiзгi 

әдiстердiң  бiрi.  Интерактивтi  әдiстер  бастауыш  мектеп  оқушыларына  сабақ  үстiнде  еркiндiк  беруiмен 

құнды. Оқыту барысында оқушылар бiр-бiрiмен тығыз танымдық, қатысымдық байланысқа түседi және 

осы арқылы бiр-бiрiн оқытады, үйретедi. Интерактивтi сөзiнiң өзi (латынша interaction – интеракция, яғни 

өзара әсер ету) өзара әсер етудi бiлдiредi. Бастауыш мектеп оқушыларының жатық сөйлеу дағдыларын 

интерактивтi әдiстер арқылы  қалыптастыруда – оқушылар сабақта белсендi iс-әрекеттер жасап, өтiлген 

материалдарды және алдарында тұрған тапсырмаларды ұжым болып шештi, бiрiн-бiрi оқытты, үйреттi. 

Интерактивтi әдiстер арқылы өтiлген сабақтарда оқушылардың үш жақты белсендiлiгiн  арттыру қажет. 

“Қазақ  мектептерінде  сөз  тіркесі  синтаксисін  дамыта  оқыту  технологиясының  ғылыми-әдістемелік 

негіздері”  атты  зерттеу  еңбегінде  ғалым  Н.Ж.  Құрманова  оқыту  технологиясының  мазмұнын  былайша 

сипаттайды: “Қазақстандық білім беру аясында бүгінгі күні кең орын алып отырған вариативтік ұстаным 

бойынша  оқу  орындары  қандай  оқыту  технологиясын  да  таңдап  алуға  құқылы.  Мұндай  бағыт  білім 

берудегі догмалық жолды бұзып, қажеттісін таңдау, тиімділігін анықтау, педагогикалық-әдістемелік ой-

пікірлерді салыстыру сияқты жаңа леп, жаңа сапаларға көтерілуге мүмкіндік беріп отыр. Дәстүрлі оқыту 

жүйесіндегідей  оқушыны  объекті  емес,  білімді  ізденуші    субъекті  деп  тану  арқылы  дамыту  оқыту 

технологиясының басты қасиеті анықталады” [1, 46-б.].   

Зерттеуші  Ж.Н.  Сүлейменова  “Қазіргі  қазақ  тілі  морфологиясын  жоғары  мектепте  оқытудың 

ғылыми-әдістемелік  негіздері”  деп  аталатын  зерттеу  еңбегінде  білім  беру  технологиясы  жайлы:  “... 

инновациялық  оқу  үрдісінде  оқу  әрекетінің  оқытушы  мен  студенттің  ынтымақтастық  қарым-қатынасы 

негізінде  жүзеге  асуының  нәтижелілігі  көрсетіледі.  Оқу  әрекеті  –  студенттің  білімді  игеруі,  меңгеруі, 

екіншіден,  оқытушының  оның  білімге  ынта-ықыласын  оятып,  белсенділігін  көтеріп,  дүниеге  саналы 

көзқарасын қалыптастыру жолындағы әрекетінің тоғысы ” [2, 24-б.] дейді. 

Елбасы Н.Ә.Назарбаев өз  сөзінде: “...Бәсекеге қабілетті технологиялар инновациялық экономиканың 

өзегі ретінде өздігінен пайда бола қалмайды. Бұл – ұзақ үрдіс, ғылыми зерттеулердің, күрделі де шығын-

ды  эксперименттердің  және  ақыр  аяғында,  ғалымдардың  идеялық  нұрлануының  қиындықпен  келетін 

жемісі.  Сонымен  бірге,  егер  технологияларды  басқалардан  алуға  ғана  сүйенетін  болсақ,  біз  өзіміздің 

технологиялық артта қалушылығымызды сол  күйінде  тұмшалап, технологиялық және ғылыми тұрғыда 

дамыған елдерге тәуелділікте боламыз. Сондықтан бізге өз ғылымымызды дамыту керек” [3]. 

Педагогика ғылымдарының кандидаты  А.Ә. Жайтапованың “Білім берудің жаңа мазмұнын жүзеге 

асырудағы біліктілікті арттыру жүйесінің рөлі” атты Республикалық ғылыми-практикалық семинарында 

сөйлеген:  “К  сожалению,  у  нас  пока  не  существует  определенной  и  общепринятой  Концепции 

инновационной  деятельности  в  образовании.  Многие  зарубежные  педагогические  технологии 

“прививаются”  на  благодатную  почву  казахстанского  образования  без  учета  того,    что  зарубежные 

технологии адаптированы к условиям и менталитету тех стран, где они возникли. 

На наш взгляд, попытка внедрения без основательной научно-методической и концептуальной базы 

многих  западных  технологий  является  ошибочной.  Занимаются  этим  в  основном  общественные 

организации и объединения. Поскольку  их деятельность осуществляется без существенного контроля со 




244 

стороны государства, отследить результаты обучения, внедрения, апробации и осуществить мониторинг 

качества  такой  деятельности  сложно.  Опыт  казахстанских  ученых  по  созданию  педагогических 

технологий (Караев Ж.А., Кобдиковой Ж.У., Жанпеисовой М.М. и др.) приемлемых к использованию в 

условиях нашей  страны, с  учетом  объективных возможностей нашей системы  образования доказывает 

перспективность  технологизации.  Этот  опыт  внедряется,  апробируется  в  системе  повышения 

квалификации,  и  в  настоящее  время  технологии  используются  достаточно  активно”  [4],  –  деген    сөзі 

жоғарыда келтірілген пікірлерді одан әрі дәлелдей түседі. 

Жоғары  және  орта  мектеп  аясында  жүзеге  асатын  шеберлік  деңгейі,  тұлғаның  кіріктірілген 

қасиеттерін зерттеу тұлғалық бағдарға негізделген. Соның ішінде мұғалімнің әрекетінің түрткілік жағына, 

шығармашылығына  басты  орын  берілетін  қасиеттерге  баса  назар  аударылады.  Кәсіби  түрткі  мықты, 

тұрақты болған сайын, кәсібиліктің көрсеткіштері жоғары болады. 

Педагогтің шығармашылық ізденімпаздыққа дайындығының диагнос-тикасының негізгі бағыттарын 

қарастыра  отырып,  А.И.  Кочетов  [5]  жоғарғы  жалпы  мәдениет,  шығармашылық  әрекет  көрсеткішінің 

тиімділігін және мұғалім шеберлігінің өзіндік диагностикасын ұсынды. 

Жоғарыда  айтылғандай,  шығармашылық  тұлғаның  қалыптасуы  тек  ішкі  ғана  емес,  сыртқы 

(объективті)  шарттарға  да  байланысты.  Қазіргі  заман  зерттеушілері  оларға  әлеуметтік  жағдайлар  мен 

олардың  болашағын;  қазіргі  заман  ғалымының  даму  деңгейін;  жалпылама  білім  беру  тәжірибесінің 

жағдайы;  бағдарлама,  оқулық,  ұсыныстарда  көрсетілген  әдістемелік  сілтемелер;  бір  педагогтің  немесе 

педагогикалық ұжымның шығармашылық әлеуеті мен ұстанымын жатқызады. Сөйтіп, шығармашылыққа 

деген  жаңа  тұжырымдамалық  бағдарлар,  шығармашылыққа  дайындық  түрлерін,  факторларын,  өлшем-

дерін  ажырату  бұл  категорияның  көп  қырлы  сипат  алғанын  көрсетеді.  Шығармашылық  қазіргі  заман 

адамының өмірдегі әрекетінің маңызы бола бастады. 

Қоғам  өзінің  даму  тарихында  адамзат  мәнін  толық  ашып,  жүзеге  асыратын  орасан  зор  әлеует 

жинақтады. Өкінішке орай, білім берудің дәстүрлі жүйесі әлі күнге дейін ғылымның абсолюттік шынды-

ғына, рационализмді дамытуға ықпал жасауда. Бұл үнемі артқа, бұрынғы білімге оралып отыру деген сөз. 

Білім берудегі тоқырауды талдау адамның шығармашылық және рухани-лылығына бағытталған жаңа 

білім беру парадигмасын жасау қажеттілігін тудырды. Білім беру тәжірибесіндегі негізгі міндеттер қоғам 

мен табиғат заңдарын оқытып қана қоймай, «адам-табиғат-қоғам» жүйесіндегі қарым-қатынас ізгілігі мен 

шығармашылық  жаңарудың  әдістемесін  меңгеруге  көмек  болып  табылады.  Бұндай  міндетті  басты 

мақсаты адамның шығармашылық әлеуетін дамыту және сақтау болып табылатын инновациялық білім 

беру ғана жүзеге асыра алады. 

Шығармашылық  қабілеттерді  дамыту  бұрын  да  білім  берудің  мақсатты  қондырғысы  ретінде 

қарастырылған. Бірақ, бұның өз мақсатына жетпеу себебі білім беру жүйесінің тұлғаның шығармашылық 

әлеуетін басып тастауында болды. 

Бүгінгі таңда өткен кездің қатесін біліп қана қою аз. Ең маңыздысы, қай бағыт бойынша қозғалудың 

дұрыс, тиімді болатыны. Осындай бағыттардың бірі инновациялық креативті білім беру. Ол ХХІ ғасыр 

білімі  болып  есептелетін  педагогикалық-психологиялық  білім  қортпасына  негізделген.  Инновациялық 

креативті білім  берудің негізгі қағидалары шығармашылыққа дайындалу; техносфера бірліктерін жоба-

лаудан әрекетті жобалауға көшу; шешімдердің көп қырлылығына, өз әрекетіне адамгершілік жауапкер-

лікпен  қарауға  бағытталған  дүниетанымын  қалыптастыру;  тиянақталған  білім  жүйесін  қалыптастыру 

мақсатында пәнаралық байланысты жүзеге асыру; зияттылық әрекет пен ойлауды дамыту. 

Сөйтіп, инновациялық білім беру қалыптасқан жүйеге қосымша болып қана қоймайды. Ол білім беру 

жүйесі мен әлеуметтік құрылымдарда өз орнын тапты. Психологиялық сөздікте шығармашылық – жаңа 

құндылықтарды, әсіресе материалды және рухани құндылықтарды құру процесі ретінде анықталынады. 

Мәдени – тарихи құбылыс бола отырып, тұлғалық және процессуалды психо-логиялық аспектіге де ие. 

Шығармашылық –  бұл адамның өмір  шындығында  өзін-өзі тануға ұмтылуы, өздігінен сапалы, дәлелді 

шешімдер қабылдай білуге үйренуі қажет. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне жол 

бермеу  оның  рухани  күшін  нығайтып,  өмірден  өз  орнын  табуға  көмектеседі.  Шығармашылық  психо-

логиялық тұрғыдан алғанда, нәтижесінде жаңа материалдық рухани құнды дүние тудыратын әрекет. Ал 

педагогикалық тұрғыдан алсақ, шығармашылық дегеніміз – адамның белсенділігі мен өз бетінше жұмыс 

істеуінің жоғары түрі және ол әлеуметтік қажеттілігі мен өзіндің ерекшелігімен бағаланады. Американ-

дық психолог Фромм анықтамасы бойынша шығармашылық дегеніміз – бұл, тани білу, жаңа бір нәрсені 

анықтауға ұмтылу және өз тәжірибесін терең түйсіне білу қабілеті [6]. 

Тұлғаның өзіне деген сенімін арттырып және іс - әрекетін демеп, қабілетін дамытып, шығармашылық 

жұмысының бастамасын дамытуға және тежеуге жағдай туғызатын шығармашылықты оқытушы. Жалпы 

педагогикалық  процесте  шығармашылық  мәселесі  маңызды  орын  алады.  Озат  ұстаз  оқушылардың 

шығармашылық  қабілетін  дамыту  барысында  оқыту  мен  тәрбиелеу  әдістерінің  жаңа  түрлерін  іздей 

отырып, өзі шығармашылықты тұлға болып дамиды. Бұл мәселе белгілі психологтар мен ғалымдар Л.С. 

Выготский, С.Л. Рубин-штейн, А.Г. Ананьев, А.Н. Леонтьев, Слас-тенин, А.В. Крутецкий, Ю.Л. Львова, 




245 

республикамыздағы танымал ғалымдар М.М. Мұқанов, Н.Д. Хмель, С.В. Илларионов еңбектерінің өзегі 

болып табылады. 

Педагогикалық еңбекті шығармашылық процесс ретінде қарастырған В.И. Загвязинский, В.А. Кан – 

Калик, Н.Д. Никандаровтың зерттеулерінде ұстаз шығармашылығының психологиялық негіздері, мұғалім-

нің  жеке  шығармашылығын  қалыптастыру  жолдарына  талдау  жасалады.  Тұлғаның  шығармашылығы 

қоршаған  әлемді  өзгертіп,  жаңа  небір  құндылықтарды  құра  алатын  өзбетті,  әрі  белсенді  тұлға  формасы 

ретінде анықталады. Қоғамдық маңызы бар шығармашылық қоғам мен елдің процесін анықтайды. 

Д.Б.  Богоявленская  тұжырымдамасына  сай  шығармашылық  адамның  бастамасы  бойынша  кез  – 

келген іс-әрекет түрінің дамуы мен анықталады [7]. Н.С. Лейтес шығармашылық қабілетті зият деңгейінің 

көрінісі ретінде тұлғаның тұтастай ойлау қабілетінің дамуы ретінде  сипатталады. Зерттеуде әр жастық 

шақтағы  шығармашылық  қабілеттің  өзінше  көрінуі  қарастырылған.  Е.М.  Мазалевская  шығармашылық 

феноменін тұлғаның өзіндік жүзеге асырылуы мен дамуы ретінде түсіндіреді [8]. Шығармашылық әлеует 

– 

дарындылық  негізінің  дамуы.  Креативтілік  нормативті  процесс  ретінде  танылады,  яғни  барлық 



адамдарға  тән.  Креативті  жаттықтыруға  болады.  Психологиялық  диагностикалау  лабораториясымен 

қатысушылардың  шығармашылық  ойлауы  зерттелінген.  Шығармашылық  пайда  болған  міндеттерді 

әлдеқашан белгілі, болған тәсілдермен шешу үшін талап етілетіндердің тысына шығатын жоғары түрдегі 

ойлау. Ойлау процесінде үстемдік еткенде, шығармашылық елес ретінде көрінеді. Мақсат пен іс-әрекет 

тәсілінің құрамды бөлігі бола тұра, ол шеберлік пен бастаманың міндетті шарты ретінде шығармашылық 

іс-әрекет деңгейіне дейін көтереді. 

Педагогикалық шығармашылық – оқу-тәрбие міндеттерін мұғалімнің сонылы, жоғары тиімділікпен 

шешуі, тәрбие мен оқыту теориясы мен тәжірибесін байытуы. Мұғалім еңбегі – ғылым, педагогикалық 

өнер, таланттылық сияқты бірліктерден тұратын әр қырлы әрекет. Әр жастағы, дайындығы мен табиғаты 

әр түрлі балаға білім мен тәрбие беруде  белгіліні өзгертіп, ал жаңадан жаңаны тудырушы суреткерлік 

шығармашылықтың белгісі. Ескілікті елемей жаңа жолмен жүруге бағыт алу, біртүрлілікті қабылдамау, 

ойлап  табу,  тудыру,  жасап  көру  –  жаңашыл  мұғалімнің  күнделікті  кәсіби  жағдайы.  Шығармашылық  – 

барлық әрекеттің сапа белгісі, ал шығармашыл мұғалім – барлық реформаның негізгі кейіпкері. 

Тілдік  қатынастың педагогикалық  негізі 

– 

табиғат  пен  қоғамдағы  ерекше  құбылыс  адамға,  оның 



өмірдегі орнына, тілдік қарым-қатынасына байланысты[9]. 

Шығармашылық – мәселені белгілі тәсілдермен шешуге болмайтын жағдайда туындайды. Дегенмен, 

бұл қисынсыз әрекет емес. Жаңа тапқыр шешім қабылдауға әкелетін әрекет  әр түрлі деңгейде, бірнеше 

кезеңдерден  тұратын  күрделі  психологиялық  үрдіс.  Осы  мәселені  зерттеген  ғалымдар  педагогикалық 

шығармашылық төмендегідей кезеңдерден тұратынын анықтаған:1) педагогикалық ойдың пайда болуы; 

2)  түпкі  ойды  талдау;  3)  педагогикалық  ойды  әрекетке  айналдыру;  4)  шығармашылықтың  нәтижесін 

талдап бағалау (В.А. Кан – Калик, Н.Д. Никандров);1) жаңалықты көру; 2) педагогикалық өнертапқыш-

тық құрастыру, үлгілеу; 3) жетілдіру  (В.И. Загвязинский). Бұл кезеңдерде қызығушылық, зият, қажетті 

білімді тез арада меңгере білу, байқампаздық, ойлау операцияларын іске қоса алу, тапқырлық, энтузиазм, 

табандылық, еркіндік пен өзіне деген сенушілік сияқты тірек сапалардың болуы шығармашылық әрекетті 

нәтижелі етеді. Шығармашылық әрекетте мұғалімнің өз еңбегіне сыни тұрғыдан қайта қарауы, қанағат-

тануы, оны орындаудағы дербестігі, жағымды түрткінің қалыптасуы, тағы басқа орын алады. Сонымен 

қатар  шығармашылықта  мұғалімнің  төмендегідей  психологиялық  сапалары  дамиды:  жалпы  білімнің 

тереңдігі, сараланған арнайы білімдер, дамыған ақыл-ой қабілеттері мен оның икемділігі, өнертапқыш-

тыққа  және  еңбектегі  жаңалыққа  қуана  білу,  мәселені  терең  түсіне  білу  және  оны  шешудің  ең  тиімді 

жолын таңдап алу, көңіл-күйінің бір қалыптылығы, шыдамдылық, бастаған істі аяғына дейін жеткізе алу, 

тәуекелге бел байлай білу, саналылық, белсенді өмірлік ұстаным. Мұғалімнің шығармашылық әлеуетін 

дамыту теориясы үшін әдіснамалық қағидалардың негізгілерінің бірі әрекеттік ұстаным болып табылады. 

Әрекет теориясының психологиялық негізін жасаған ғалымдар Б.Г. Ананьев, А.И. Леонтьев, А.Р. Лурия, 

С.Л.  Рубинштейн,  Л.С.  Выготский  оны  төмендегідей  сипаттайды.  Әрекет  –  іс-қимыл  бірлігі,  саналы 

түрдегі,  мақсатқа  жетуге  бағытталған  тікелей  жасалатын,  еркін  ниеттілік,  белсенділік.  Әрекет  адам 

субъект  ретінде  танылып,  оның  жасампаздығы,  іскерлігі,  қайраткерлігі  қалыптасады.  Осы  авторлар 

әрекеттің төмендегідей ішкі құрылымдардан тұратынын белгілейді: қажеттілік және түрткі, мақсат, құрал, 

амал-тәсіл,  нәтиже,  рефлексия.    Ең  бастысы,  шығармашыл  тұлғада  шығармашылыққа  деген  тұрақты 

қажеттілік, тұрақты сұраныс болып, өз ісіне қанағат табу сезімі болуы қажет. Осыған байланысты «адам 

идея,  жаңалық  аштым  деп  ойлайды,  ал  шын  мәнінде  олар  адамды  ашады»  -  деген  К.Г.  Юнгтің  сөзін 

келтіруге болады [10]. Бұл шығармашылық – адамды дамытады, шебер етіп шыңға көтеретін факторлар-

дың  бірі  екеніне  –  дәлел  бола  алады.  Білімнің  ізгілік  парадигмасы  тұрғысынан  қарасақ,  тұлғадағы 

шығармашылық басқа адамдарда жоқ немесе аз мөлшердегі жекеліктерді дамытады. 

Қазіргі  педагогикалық  технологиялардағы  жаңашылдықты  тану  тиімді  қолдану  барысында 

мұғалімнің шығармашылық әлеуетіне негіз болатын қасиет – сапалары іске қосылып, танымдық процес-

терді өн бойына өткізеді. Өйткені кез келген технология ғылым мен практика арасындағы аралық құры-




246 

лым болып есептелінеді. Оқыту теориясы – мұғалімнің шығармашылығының негізі. Ал, педагогикалық 

технология – оқыту теориясын мұғалім мен оқушы әрекеті түрінде жобалау, қойылған нақты мақсаттарға 

сәйкес  оқыту  процесін  тиімді  құрып,  жүзеге  асыру  болып  табылады.  Дұрыс  мақсат  қойып,  нәтижені 

интуитивті түрде жобалай алу, оның оқушының дамуының іргелес аймағына сәйкес болып, қызыға еңбек 

етуге әкелетін сабақ жоспарын құру, ұйымдастыра алу – сөзсіз, шығармашылықтың нәтижесі. 

Қорыта келе айтарымыз, «шығармашылық – проблемалық сипаты бар, барлық ішкі байланыстарды 

біріктіретін,  нәтижеде  жаңа  материалдық  және  идеалдық  құндылықтар  алынатын  адамның  мақсатты 

әрекет» деген тұжырым жасауға болады. Мұғалімнің өз білімін көтеруге қатысуы оның педагогикалық, 

әлеуметтік,  кәсіби  әрекетіндегі  мәселелерді  табысты  шешуін  қамтамасыз  етеді,  басқаша  айтсақ,  кәсіби 

шығармашылығын дамытады. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   340   341   342   343   344   345   346   347   ...   548




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет