Keywords: technology,
education
, teacher, method, process,
school
.
Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша білім
–
жаңаша көзқарас пайда болды. Қазақстан күн сайын
қарқынды дамып келеді және ұлттың әлеуетін қалыптастыруға батыл қадам жасап отыр. Елдің білім
беру жүйесі терең де сатылы стратегиялық жаңғырту кезеңін бастан өткеруде. Қазақстанның әлемдегі
бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына кіруі процесінде де маңызды болып табылады. Еліміз үшін маңызды
болып табылатын аталған стратегиялық міндетті шешу жағдайында тұлғаның ең басты функциялық
сапалары белсенділік, шығармашыл тұрғыда ойлауға және шешім қабылдай алуға, кәсіби жолын таңдай
алуға қабілеттілік, өмір бойы білім алуға дайын тұруы болып табылады. Бұл функционалдық дағдылар
мектеп қабырғасында қалыптасады. Осыған байланысты Мемлекет басшысы Н.Назарбаев 2012 жылғы 27
қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан
халқына Жолдауында «Функционалдық сауаттылықты арттыруды» Үкіметке негізгі тапсырма етіп
жүктеген болатын. Бұл Ұлттық жоспар – білім сапасын жетілдірудің негізгі бағдары. Жоспарда мақсат,
міндеттер нақты қойылған, ағымдағы жағдайды талдау, мектеп оқушыларының функционалдық
сауаттылығын дамыту тетіктері, білім стандарттарын, оқу бағдарламалары мен жоспарларын жаңарту,
оқыту нысандарын, әдістері мен технологияларын жаңарту, мектеп оқушыларын оқыту нәтижелерін
бағалау жүйесін дамыту, ата-аналардың қатысуын қамтамасыз ету, қосымша білім беруді дамыту болып
отыр. Осыған байланысты ұстаздар алдында оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отыру және жаңа
технологияларды меңгеру, оны тиімді қолдана білу міндеті тұр. Мемлекетіміздің білім беру үдерісіне
енген жаңартылған білім беру бағдарламасы
–
заман талабына сай келешек ұрпақтың сұранысын
қанағаттандыратын тың бағдарлама.
Елбасымыз Н.Ә Назарбаевтың халыққа жолдауында айтқанындай «Болашақта өркениетті дамыған
елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанда 30 елдің қатарына жеткізетін,
терезесін тең ететін
–
білім. Қазіргі заманда жастарға ақпаратты техникамен байланысты әлемдік
стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет »деп атап көрсеткеніндей, инновациялық әдіс-
тәсілдерді кеңінен қолдану жаңаша білім берудің бір шарты.
Бүгінгі таңда білім беру мазмұнын жаңарту өте маңызды өзгерістердің сатысында тұр,бұл тақырып-
тың өзектілігі сонда: Білім беру мазмұнын жаңарту арқылы оқу-тәрбиелік үрдісті ұйымдастырудың жаңа
әдістері мен түрлерін білу, жинақтаған іс-тәжірибе негізінде жаңа заман талабына сай берілетін
ақпараттарды пайдалана отыра, оқушының білімге деген құлшынысын арттырып, өздігінен ізденуге
бағыт беретін әдіс-тәсілдердің жаңа формаларын оқу-тәрбие үрдісінде қолдану.
Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып,белсенді іс-әрекетке бағыттау жолындағы
тиімді әдіс-тәсілдерді әріптестерімнен үйрену, өз іс-тәжірибеммен бөлісу. Күтілетін нәтиже : Бастауышта
оқыту мазмұнын жаңарту жұмысын жаңа тұрғыда ұйымдастыру арқылы, жеке тұлғаның өздігінен
ізденіп,ой-өрісінің жан-жақты дамуына жағдай туғызылады, білім сапасы артады.
Қай елдін болсын өсіп-өркендеуі, ғаламдық дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің
деңгейіне, даму бағытына байланысты. «Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды»
дегендей, жас ұрпаққа сапалы, мән-мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру-бүгінгі күннің басты талабы.
Жаңа білім беру стандартына сәйкес, балалар білімді қай жерден іздеу керек екенін, сыни тұрғыдан
ойлауға, ұжымда, топта жұмыс істеуге үйретіледі. Өз ойларын ашық, еркін айтуға, өз пікірін, көзкарасын
білдіруге үйренеді. Ұстаздар өз кезегінде олардың оқу процесіне деген қызығушылығын арттыруға
дағдыландырады. Шындығында мұғалімнің алдында оқушыларға білім мен тәрбие беруде үлкен
жауапкершілік тұр. Әрбір оқушыны оқытып тәрбиелеуге байланысты мәселелерді өздігімен және
шығармашылық ынтамен шешуге қабілетті жаңашыл мұғалім керек. Оқушылардың мектепте табысты
оқуы ғана емес, өмірде де табысты болуы мұғалімнің қабілетіне, оның құзыреттілігіне байланыс-
ты. Мұғалім оқушылар үшін қандай да бір пән бойынша білім беретін адам ғана емес, сондай-ақ олардың
оқудағы еңбегін қызықты, тиімді ұйымдастыра алатын, оларға үлгі болатын ерекше тұлға болуы керек.
Ал білім алушы өз-өзіне сенімді, жауапкершілігі мол тұлға болып қалыптасуы қажет. Күнделікті сабақ
241
кезінде алған білімдерін өмірде қолдана білуі қажет. Жаңаша оқытуда оқушы мұғалімнің түсіндіргенін
меңгеріп қана қоймай мұғаліммен тікелей пікірталасқа көшеді, оқушы рөл атқарушы ғана емес, жетекші
бағытты ұстайды. Белгісізді анықтауға өзі жауап іздейді, шешімдері де әр түрлі болады. Мұғалім мен
оқушы арасында тығыз байланыс қалыптасады, бірлік одақта қызмет істейді. Оқушыларды қажеттілікте
оқу күшін жұмылдырып,танымдық материалдарды түрлі мазмұнда сапалы игеруі және теориялық-
танымдылық пен практикалық оқудың маңыздылығына, тереңдігіне, тұрақтылығына байланысты
қиындықтарды жеңу мақсатындағы оқыту әдістерінің мазмұны спецификалық интеллектуалды құрал
болып табылады. Мұғалім оқушыларды оқытып қана қоймай, оларды тәрбиелеумен айналысатыны
белгілі. Қазақстан Республикасының болашақ ұрпақтарының сана-сезімін ұлттық сабақтастыра тәрбиелеу
–
қазіргі күннің ең өзекті мәселесі. Сондықтан да біздің бүгінгі мақсатымыз-әрбір оқушыға түбегейлі
білім мен мәдениетінің негіздерін беру және сондай-ақ олардың жан-жақты талабына сай тәрбие мен
білім беруде оқыту мазмұнын жаңа тұрғыда ұйымдастыра білу.Өскелең ұрпаққа білім беріп, тәрбиелеу
халықтың салт-дәстүрімен, сана-сезімімен тығыз байланыста жүргізілетін болса, оның нәтижесі соғұрлым
жемісті болатынына тәжірибемізде көзіміз жетіп отыр
Жаңартылған білім берудің маңыздылығы – оқушы тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру
ортасын құра отырып сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АҚТ-ны
қолдану, коммуникативті қарым-қатынасқа түсу, жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білу.
Еліміздің бүгіні мен ертеңі өскелең ұрпақ еншісінде. Ал осы ұрпақты бүгінгі таңда жан-жақты, терең
білімді, интеллектуалдық деңгейі жоғары өз бетімен ізденуге қабілетті етіп қалыптастыру мектептің және
мұғалімнің бірден-бір міндеті. Бұл мұғалімнен терең біліктілікті қажет етеді.
Жаңа заман мұғалімнен күнделікті оқушылармен қарым-қатынас барысында, әрбір жағдаят үстінде
ерекше білім деңгейін көрсетуді және шығармашыл шешім қабылдай алуын талап етіп отыр. Оны
қанағаттандыру үшін қазіргі заманның мұғалімі жаңашыл, икемді, өзгерісті тез қабылдай алатын, жан-
жақты, жаңа педагогикалық инновациялық технологияларды меңгерген болуы керек. Білім ордасының
алтын бесігі, қайнар бұлағы ол – мектеп. Мектептің жүрегінің дүрсілі, тынысы ол – мұғалім. Мұғалімнің
қазынасы – шәкірттері. Сондықтан да көреген педагог тек қана шәкірттеріне моральдық құндылықтарды
үйретіп қана қоймай, сонымен қатар қазіргі технологиялардың көмегімен шәкірттеріне заман талабына
сай білім беруі керек.
Білім мазмұнын жаңарту тікелей шығармашылық ізденістегі мұғалімнің кәсіби шеберлігіне
байланысты. «Мұғалім көп әдісті білуге тырысуы керек. Оны өзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе есебінде
қолдануы керек», - деп Ахмет Байтұрсынов айтқандай, қазіргі заман талабына сай білім беру мәселесі сол
қоғам мүддесіне сай болуы керек. Өз ісінің шебері ғана жоғары жетістіктерге жетеді. Қазіргі таңда пәнді
жақсы, терең білетін, күнделікті сабақтағы тақырыпты толық қамтитын, оны оқушыға жеткізе алатын, әр
түрлі деңгейдегі тапсырмаларды білу іскерлігі, оқытудың дәстүрлі және ғылыми жетілдірілген әдіс-
амалдарын, құралдарын еркін меңгеретін, оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыра отырып
дарындылығын дамытудағы іздену-зерттеу бағытындағы тапсырмалар жүйесін ұсыну өмір талабы. Ал
оның негізі бастауыш сыныптарда қаланбақ. Сондықтан да бастауыш сыныпта әр сабаққа әр түрлі тиімді
әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, оқушылардың білім сапасын арттыру ең басты мәселе.
Бүгінгі күні барлық елдер жоғары сапалы білім жүйесімен жұмыс істеуде. Өйткені қазіргі заманда
елдің бәсекеге қабілеттілігі оның азаматтарының парасаттылығымен анықталады. Сондықтан білім беру
жүйесі болашақтың талабына сәйкес дамуы тиіс. Оқушыларды заманауи әдіс-тәсілдермен оқытып, ой –
өрісі кең, саналы, еркін азамат етіп тәрбиелеу қажеттілігі де осы себептен туындап отыр.
Бағалау жүйесі де түбегейлі өзгеріске ұшырап, критериялық бағалау жүйесі енді. Критериалды
бағалау кезінде оқушылардың үлгерімі алдын ала белгіленген критерийлердің нақты жиынтығымен
өлшенеді. Оқушылардың пән бойынша үлгерімі екі тәсілмен бағаланады: қалыптастырушы бағалау және
жиынтық бағалау. Бұл бағалау түрлері баланың жан-жақты ізденуіне ынталандырады.
Жаңартылған оқу бағдарламасы аясында тек өз пәнін, өз мамандығын шексіз сүйетін, бала үшін
ұстаз ғұмырын құдіретті деп санайтын білімді мұғалімдер ғана жұмыс істей алады. Үйренгеніміз де,
үйренеріміз де көп. Үнді халқының тарихи тұлғасы Махатма Гандидің «Егер сен болашақтағы өзгерісті
байқағың келсе, сол өзгерісті уақытында жаса» деген ілімін негізге ала отырып, оқушы бойындағы
қабілетті жетілдіріп, оқушыларды болашаққа жетелеп, жақсы істі бастап, бала бойындағы өзгерісті
уақытында анықтау қажет.
Жаңа бағдарламаның мәні, баланың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру. Функционалдық
сауаттылық – адамның сыртқы ортамен қарым-қатынасқа түсе алу қабілеті және сол ортаға барынша тез
242
бейімделе алуы мен қарым-қатынас жасай алу деңгейінің көрсеткіші. Олай болса, функционалдық сауат-
тылық тұлғаның белгілі бір мәдени ортада өмір сүруі үшін қажетті деп саналатын және оның әлеуметтік
қарым-қатынас жасауын қамтамасыз ететін білім, білік, дағдылардың жиынтығынан құралады. Ал кең
мағынасында ол тек білік пен білімділік әлеміне барудың жолы ғана емес, ол – ұлттың, елдің немесе жеке
адамдар тобының мәдени және әлеуметтік дамуының өлшемі. Осындай сапалық сипаты тұрғысынан
қарағанда функционалдық сауаттылық жеке адамды дамытудың тетігі ретінде қолданылады, сондықтан
теория мен тәжірибені байланыста болуын қамтамасыз ету үшін әрбір пән бойынша берілетін білімнің
мазмұны мен көлемін анықтағанда теориялық қағидалардың, заңдылықтар мен ережелердің, яғни
ұғымдық-ақпараттық материалдардың бала өмірінде кездесетін түрлі проблемалық мәселелерді шешуге
көмегі тиетіндей, бала оны қолдана алатындай тәжірибелік маңызы ескерілуі тиіс, сондай-ақ
оқушылардың оқу материалын тек жаттап қана алмай, оның мән-мағынасын терең түсінуін қамтамасыз
ету міндетті болып саналады.
Оқушы өзінің мектеп қабырғасында алған білімін өмірінде пайдалана білуі керек. Сол үшін де бұл
бағдарламаның негізі «Өмірмен байланыс» ұғымына құрылған.Ұстаздарға үлкен жауапкершілік
міндеттелді. Оқушылардың бойына ХХІ ғасырда өмірдің барлық салаларында табысты болу үшін,
қажетті дағдыларды дарыту үшін, мұғалімдер тынымсыз еңбектену керек.
Қазіргі қоғам алдындағы қойылып отырған міндеттердің ең өзектісі-бүкіл білім жүйесін түбегейлі
жаңартып, дүниежүзілік деңгейге сәйкес келетін оқыту мазмұнын жаңарту болып отырғанының куәсі
болып отырмыз. Жастарға сапалы білім беруге жағдай жасайтын және олардың үйлесімді дамуына, жеке
бастың тұлға ретінде қалыптасуына бағытталған жаңа үлгідегі мектеп құру - педагог- ғалымдар мен
тәжірибелі мұғалімдердің бірлескен жұмысының нәтижесінде қол жеткізуге болатын ізденіс қорытын-
дысы дегім келеді . Бастауыш класс оқушыларына лайықты мазмұн мен оны оқытудың әдісін саралау,
бала жанына жақын қарым-қатынас арқылы оларды дамыту мәселесін ғылыми жолға қою оңай мәселе
емес екендігіне, оқу-тәрбие үрдісінің небір қиын проблемаларына тап болып,оны шешу жолындағы
басқару әрекеттерін дұрыс ұйымдастыра білгенде ғана жұмысымыз нәтижелі болмақ.
Қорыта келе, мынаны атап өткім келеді: мектептегі білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында оқу-
тәрбиелік үрдісті ұйымдастыруға жаңа көзқарас мәселесі қазіргі күн талабына сәйкес білім беру жүйесін
жаңарту мен жетілдірудің аса маңызды кезеңінде үлкен мән беріліп отырған, көкейтесті тақырып деп
есептеймін. Педагогикалық мақсатқа қол жеткізу жолындағы қолданылатын барлық қисынды ілім
амалдары мен әдіснамалық құралдарының жүйелі жиынтығы мен жұмыс істеу ретін әр мұғалім өзінің
алдында отырған оқушылардың мүмкіндіктерін ескере отыра, өзінің кәсіптік шеберлігіне сай таңдауы
тиіс деп санаймын. Әдіс-тәсілдердің бәрін жүзеге асыру мүмкін емес. Ол үшін шығармашылық
тұрғыдағы ізденіс, шыдамдылық, жүйелі жұмыс жасалуы керек.
Достарыңызбен бөлісу: |