Тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары


-   мәтін жылдам әрі мұқият, зейін қоя оқылады. Тағы бір қарап өткен соң жарыс басталады



Pdf көрінісі
бет348/548
Дата07.01.2022
өлшемі7,82 Mb.
#20554
1   ...   344   345   346   347   348   349   350   351   ...   548
 

-  


мәтін жылдам әрі мұқият, зейін қоя оқылады. Тағы бір қарап өткен соң жарыс басталады; 

 

-  


осы  мәтіннен оқу материалын сипаттайтын бір ғана сөз таңдалады (гонг);

 

-  


сосын студенттер мәтінді бір сөйлеммен сипаттайды;

 

-  


сол сөздің бір „құпиясын”, яғни, онсыз мәтін мағынасыз болатындай бір ерекшелігін табады; 

 

-  


топтар арасында талқылау басталады;

 

-  


сағат тілі бағытымен топтардың жазып алған сөйлемдері бір топтан екіншісіне, сосын үшіншісіне, 

...  жылжытылады;



 

әр топтың нұсқалары жазылып алынады;



 

ең жақсы нұсқа таңдалып, қорытындыланады;



 

рефлексия жасалып, не үшін сол сөйлем таңдалғаны негізделіп, талданады. 



 

Нәтижесінде:  студент  мәтіннің  негізгі  идеясын  жете  түсінеді,  өз  ойын  дәлелдеп  айтып  беруге 

үйренеді, оқу материалы әрі жылдам, әрі жеңіл меңгеріледі.

  

 

«Мән-мағына» – «Негізгісін таңда» әдісі. Кез келген мәтіннің идеясын, негізгі тұжырымын табуға 

бағытталған әдіс. Мынадай тәртіппен жүзеге асырылады: 

мәтіннің күрделілік деңгейіне қарай оны оқып шығуға уақыт белгіленеді. Әдетте бір бетті қарап 



шығуға 1 минут уақыт бөлінеді; 

-  


жүргізушінің немесе оқытушының белгісімен студенттер өздері құнды деп есептейтін, мәтіннің 

негізгі мағынасын құрайтын жолдардың астын қарындашпен сызып қояды;  

-  

студенттер аты-жөнін асты сызылған жолдың үстіне жазады; 



-  

мәтін шеңбер бойымен жылжиды. Әрқайсысы қарап шығып, алдындағы ойыншыларға бес балдық 

жүйе бойынша баға қояды. Бұған тек бірнеше секунд қана беріледі; 

жүргізушінің белгісімен мәтін көршісіне өтеді; 



-  

мәтін бір бағытта ғана жылжи отырып, алғашқы иесіне қайта оралуы тиіс; 

-  

ұпайлары  есептеледі; 



-   

ең көп ұпай жинаған жеңімпаздар   анықталады. Ойын аяқталады. 

Бұл  әдісті  топтық,  жекелей  жұмыстардың  бәрінде  де  қолдана  беруге  болады.  Ең  маңыздысы  – 

тақырыпты немесе мәтінді студенттің өз бетімен оқып үйренуіне ықпал ету [3, 105].   



«Тірек белгілер» мәтінді оқу әдісі. Ең алдымен   мәтін оқылады, студенттер неғұрлым жақсы түсінуге 

тырысып,  конспектілеулері  тиіс.  Конспектілерде  сөздер  мен  сөйлемдер  болмауы  керек.  Тек  қана 

суреттермен немесе шартты белгілермен беру - басты талап. Мәтінді бөліктермен бейнелеуге де болады. 

Сызбаларды  кезекпен  көрсетіп,  түсіндіреді,  ал  басқалары  оны  бағалап  озық  идеяны  таңдайды. 

Бейнелеудің ерекше шешім тапқан бірегейлігі  есепке алынады. 

 

Мысалы, «Ат-ер қанаты» деген ойды беру үшін ер адамды және құс қанатын салуға болады, т.с.с. 



Сөйтіп, тұтас мәтінді беріп шығуға болады.  



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   344   345   346   347   348   349   350   351   ...   548




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет