асқан патшадан, мимен асқан қара артық» деп, халық ертегісінде ондайды хан да қойған.
Әңгіме былай басталады: Уа, мырзалар, жолболсын! – деді.
Уәзірлер ханның сондай бір жұмысқа жұмсағанын, шөптің, құстың жаманын тауып, ал адамның
жаманын таба алмай жүргендерін айтады. Жаман тұрып:
–
Түсінікті! Адамныңжаманыкерекболса, мен боламын, – дейді.
–
Олайболса, жарайды,–деп, Жаманды атына мінгестіріп алып ханға жөнеледі.
Ханға келе жатып, Жаман:
–
Адамның жаманын тауып алдыңыздар, бірақ шөптің жаманы мен құстың жаманын таба алмаған
екенсіндер. Шөптің жаманы–қарақоға, құстың жаманы–сауысқан еді, – деп, уәзірлерге қырғауыл мен
шеңгелді тастатып, олардың орнына қарақоға мен сауысқанды алдырған.Мен құстың жаманы–қырғауыл,
шөптің жаманы–шеңгел деп ойлаушы едім, сен оларды уәзірлерге тастатыпсың. Сен шөптің жаманы–
қарақоға, құстың жаманы–сауысқан екенін кайдан білдің? – дейді.
–
Тақсыр хан! Елу жасқа келіп жаман болған жоқпын, жасымнан-ақ жаман едім. Өмірім отын, су тасу
мен кісі есігінде құлшылықта өтті. Сол уақытта шеңгелді әкеліп отқа жақсам, кешке жаққан отым
ертеңіне дейін, сексеуілдің шоғындай жайнап жататын еді. Сол уақытта: «Киім жыртып, мал жемейтін
шеңгел отын болып, пайдаға асады екен-ау», –деп ойлаған едім. Ал енді қарақоғаны алып, отқа жақсам,
жанбайтын еді, үрсем, жалыны мен шоғы бірге сөніп, күлі бұрқырап үйдің ішін алып кететін еді. Отқа
жанбаған соң апарып малға салсам, барлық мал мұрнын жиырып, жемейтін. Сонан соң: «Қарақоға
тіпті пайдаға аспайтын шөп қой», – деп ойлаушы едім. Қарақоғаның жамандығын содан білдім, – дейді
Жаман.
–
Сауысқанның жаман екенін қайдан білдің? – дейді хан.
–
Қырғауылдың қанаты бар да, жүні жоқ болса да, адамның пайдасына жарайтын құс еді. Біреудің
сиықсыз болуы оның жаратылысынан. Қырғауылдың айыбы–тек сиықсыздығы. Ал сауысқанның жүні
ала болғаны сияқты, өзі де ала, бірлігі жоқ. Екеуі бірігіп ұшпаған, екеуі бірігіп қонбаған, адам пайдасына
аспайтын құс еді. Сондықтан құс жаманы-сауысқан деймін.
Осы тұста, «қазақ қой бақпаған, ой баққан» деген даналық сөз еске түседі. Табиғатқа етене жақын
өскен қазақ баласының өмірлік тәжірибесі, көңілге түйгені мен көңілмен тұшынғаны анық байқалады.
Жаманмын деген кісінің өзінің қарақоғаның не отынға жарамайтынын, не малға азыққа татымайтынын
білуі, ал сауысқанның екеуі бірігіп ұшпайтын алалығын байқап, оның жаман қасиет екенін көрсетуі
халықтың таным-түсінігінен хабар береді. Сонымен қатар ханның тұлпарын сынап беруі, гауһар тасына
баға беруі, ханның неше атадан бері хан екенін білуі де өмірлік тәжірибені байқатады.
Осындай ақылды кісінің өзін жаманмын деп көрсетуі де көп жайдыаңғартады. «Жақсылар жақсымын
деп айта алмайды, жамандар жақсымын деп айқайлайды» деп халық тегін айтпаса керек.Оны мына
эпизодтан байқаймыз:
–
Сауысқан мен қарақоғаның жамандығын білдің. Енді өзіңнің жамандығыңды кайдан білдің? – дейді
хан.
–
Уа, тақсыр! Менің жасым елуге келді. Мен қатарлылар әйел алып, бала көрді; келін жұмсап, қызық
көріп отыр. Мен қайда болса сонда, әлі күнге дейін әркімнің артына мінгесіп, басқа біреудің құлшы-
лығында жүрмін. Енді мен жаман емей, жақсымын ба? – деп, Жаман ханға қарайды.
Жаманның жауабы қазақ танымындағы отбасы құндылығынан хабар беріп тұр. Қазақ үшін дер
кезінде үйлі-жайлы болып, бала сүю бақытының маңыздылығы жаманның басындағы жағдай арқылы
берілген. Сонымен қатар сол кезеңдегі әлеуметтік жағдайдың қандай екені көрініс тапқан.
Өзін жаманмын дегенмен, басты кейіпкердің ақылдылығы мен уәдеге беріктігі іспен дәлелденеді:
–
Тақсыр! Мана айтпаған себебім мынауеді. Мен барып, Уәлібайдың қызына сырттан хабарласқанда,
ол маған бір тәрелке, бірқайрақ, бірпышақ, бір гауһартас беріп жіберді. Ол оның «Қайрақтай болып
езілгенше, тәрелкедей болып уатылғанша, пышақтай болып, басы кесілгенше сыр айтпайтын кісі, мына
гауһар тастай жарып мені алады» дегені еді. Солсырды: «Пышақтай болып басым кесілгенше айтпас-
Достарыңызбен бөлісу: |