Тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет419/548
Дата07.01.2022
өлшемі7,82 Mb.
#20554
1   ...   415   416   417   418   419   420   421   422   ...   548
 

Annotation:  This article deals with scientific and theoretical research on the work of the writer Dulat 

Isabekov. Artistic works of the writer were acquired and analyzed as the main object of research in various literary 

fields. 

Keywords: modern Kazakh literature, Dulat Issabekov, research, artwork, spiritual moral values. 

 

ХХ  ғасырдың  60-80  жылдары  қазақ  әдебиетінде  әсіресе  проза  жанрында  адамгершілік,  адамның 

рухани дүниесін танытумен сабақтас мәселелерді толғайтын философиялық-психологиялық тереңдігі мол 

көркем шығармалар көптеп дүниеге келді және әдебиетте түрлі әдеби сын-пікірлер қалыптастырды. Осы 

кезең әдебиет өкілдерінің басты ұстанымы адам құндылығы, адам жанын терең үңіле отырып ашу болды. 

Қазақ  әдебиетінің  көрнекті  өкілі,  жазушы,  драматург  Д.Исабековтің  де  көркем  туындыларындағы 

көтерген басты мәселе адам тағдыры, адам жанының терең нәзік иірімдеріне үңілу, рухани адамгершілік 

мәселесі еді. 

Дулат  Исабеков  шығармашылығы  хақында  қазақ  әдебиеттану  ғылымында  біршама  ғылыми-

теориялық еңбектер, кандидаттық диссертациялар, сыни-әдеби зерттеулер жасалынған. Солардың ішінде 

М.Канафинаның  «Проблема  творческой  индивидуальности  Д.Исабекова  (на  основе  прозы)», 

Д.Неталиеваның  «Д.Исабеков  повестеріндегі  ұлттық  мінез  сипаты»  және  А.Таңжарықованың 




310 

«Д.Исабеков  прозасының  көркемдік  әлемі»  атты  кандидаттық  диссертация  жұмыстары  Д.Исабеков 

шығармашылығын жеке тақырыптық деңгейде зерттеп қарастырған.  

Д.Исабеков  шығармашылығы  туралы  іргелі  зерттеулердің  бірі  М.Канафинаның  «Проблема 

творческой  индивидуальности  Д.Исабекова  (на  основе  прозы)»  атты  кандидаттық  диссертациялық 

жұмысын  атай  аламыз  [1].  «Дулат  Исабеков  прозасындағы  көркемдік  тартыс»  және  «Уақыт  пен 

Д.Исабеков  замандастары  және  жазушының  жазу  стилі  ерекшеліктері»  атты  тараулардан  тұратын 

зерттеуде  қаламгердің  прозалық  шығармалары  негізінде  шығармашылық  даралығы,  нақтылар  болсақ, 

Д.Исабеков шығармаларындағы көркемдік тартыс мәселесі, уақыт және замандастар хақында кейіпкерлер 

мінезін табиғи және тұрмыстық жағдайда ашу, жазушының шығарма композициясын құрудағы даралық 

сипаты, көркем шығарманың психологиялық барлау тәсілдері мен тілдік бейнелеуіш құралдарын қолдану 

және сөйлеу ерекшеліктері мәселелері тереңінен талданып қарастырылады. 

Д.Исабековтің өз замандастарының интеллектуалды бейнесін жасау, қоршаған әлемді жеке адамның 

өзіндік  көзқарасы,  қажеттілігі  мен  қызығушылығы,  жалпыадамзаттық  құндылықтар,  ізгілік,  әділдік 

негізінде қоғамдық құрылымды өзгерткісі келу ниеті мен мүмкіндігі арқылы зерделеу, сол дәуірдегі түрлі 

әлеуметтік, экономикалық, қоғамдық құбылыстар мен шиеленістерді саралау мәселелері диссертациялық 

жұмыстың  «Қарғын»  романындағы  уақыт  пен  Д.Исабеков  замандастары  және  жазушының  жазу  стилі 

ерекшеліктері»  атты  тарауында  қарастырылады.  Әдеби  ортада  алуан  түрлі  сын-пікірлерге  ұшыраған 

«Қарғын»  романында  70-80-жылдардағы  қоғам  өмірінің  түрлі  қырлары  шынайы  әсерлілікпен 

бейнеленеді.  Осылайша  зерделеу  барысында  аталмыш  зерттеу  жұмысы  Д.Исабековтің  жазушылық 

шеберлігін,  стильдік  даралығын  алғаш  рет  жекелей  талдап  қарастырған  және  қаламгердің  әдебиеттегі 

орны мен шығармашылығының зерттелуінің бастамасы ретінде құнды еңбек болып табылады.    

Д.Неталиева  «Д.Исабеков  повестеріндегі  ұлттық  мінез  сипаты»  атты  кандидаттық  диссертация 

жұмысында  қаламгер  шығармашылығын  ұлттық  сипатта  қарастырады  [2].  Зерттеуші  диссертацияның 

«

Ұлттық  мінездің  бейнеленуіндегі  дәстүр  және  жалғастық»  атты  алғашқы  тарауында  қазақтың  жазба 



әдебиетін  қалыптастырушы  Ұлы  Абайдың  өлеңдері  мен  қара  сөздерінен  бастап,  бертін  келе 

Ж.Аймауытов, С.Сейфуллин, Б.Майлин, М.Әуезов, Ғ.Мүсірепов, Т.Ахтанов шығармаларындағы ұлттық 

ойлау  жүйесін,  ұлттық  характер  болмысының  әдеби  даму  үрдісін  зерделейді.  Автор  Дулат  Исабеков 

повестерінің  ұлттық  сипатын  дәстүр  мен  жалғастық  үдерісінде  аталмыш  ақын-жазушылар  шығарма-

ларымен сабақтастықта талдайды: «Дәстүрден үйрену – оны сол қалпында қайталау емес, шығармашы-

лықпен  түрлендіру,  жалғастыру,  кешегі  мен  бүгінгіні  байланыстыру.  Д.Исабековтің  шығармашылық 

ізденістерінен осы ерекшелікті көреміз. Қазақтың мінін жазған Абайдан тақырып пен идеялық бағытты 

айқындап,  ақын  дәстүрін  өзіне  сара  жол  еткен.  Абай  адам  мінезінен  образ  жасаған.  Ал  Д.Исабеков 

характерден типтік мінез жасаған. «Дермене» повесіндегі Омаш – жазушының Абай дәстүрімен тудырған 

кейіпкері» [2, 38]. Зерттеуші тұжырымы бойынша, ұлттық мінез дегенді – өзіндік болмысы, жеке психо-

логиялық ерекшелігі бар кейіпкердің ұлттық сипаты деп қарастырсақ, Д.Исабеков жоғарыда аталғандай 

өзіне  дейінгі  ұлттық  көркемдік  тәжірибелерді  ескере  отырып,  кейіпкердің  ұлттық  болмысын  бейнелеу 

дәстүріне  мазмұн  мен  пішін  жағынан  өзіндік  үлесін  қосқан.  Жазушы  кейіпкерлерін  олардың  ішкі  жан 

дүниесі негізінде қазақы дүниетүсінікпен суреттеуді мақсат еткен, жалпыадамзаттық ұғыммен сәйкестік 

тапқан ұлттық бейне тудырып, тың  көркемдік ізденістер жасаған» [2, 95]. 

Д.Исабековтің прозалық шығармаларындағы психологизм сипаты,  жазушы повестерінің көркемдік 

және танымдық сипаты мәселелері А.Таңжарықованың «Д.Исабеков прозасының көркемдік әлемі» атты 

кандидаттық  жұмысында  кеңінен  талданады  [3].  Диссертацияның  алғашқы  тарауында  қаламгердің 

«Талахан-186», «Ескі үйдегі жаңа қоныс»,  «Шалдар, «Ақырамаштан наурызға дейін», «Қара шаңырақ» 

және  тағы  басқа  әңгімелері  ұлттық  таным,  ұлттық  болмыс,  ұлттық  салт-сана  мәселелері  төңірегінде 

қарастырылады.  Автор  жазушының  аталмыш  туындыларында  бейнеленген  қарапайым  қазақы  ауыл 

тіршілігін  ұлттық  құндылықтар  негізінде  үлкен  әлеуметтік-қоғамдық  мәселелердің  бой  көрсетуін 

саралайды. Қазақ халқының ежелден келе жатқан салт-дәстүрінің, әдеп-ғұрпының, үлкенді сыйлау, кішіге 

ізет көрсету, қара шаңыраққа ие болып қалу секілді қасиеттерден ажырап бара жатқандығын, қазақы бол-

мыстың  күңгірттену  жағдайын  қаламгер  шығармаларындағы  басты  идея  негізінде  талдап  көрсетеді: 

«Жазушы өзінің уытты тілі арқылы аңқау да бейғам қазақ ауылын суреттегені анық болғанымен,  оның 

әңгімесінің негізгі арқауы – сол замандағы  рухани дағдарысқа ұшыраған қазақы орта, ұлттық танымның 

бүлінуі. Орыстандыру саясатымен азан шақырып қойған Бектұр атын Виктор деп өзгерткен спорт сек-

циясын  басқарушының ұлт, қазақ, халық жайындағы, сүндетке отырғызу салты туралы пікірі де – адам-

дар жан дүниесіндегі рухани  құндылықтардың өз салмағын жоғалтқанының бірден бір белгісі» [3, 15]. 

Сондай-ақ зерттеуші қаламгер шығармаларынан қазақылықтың қайнар көзі – ауыл тұрғындарының 

бойындағы  ақжарқындық,  кеңпейілділік,  қонақжайлылық,  мейірімділік  пен  бауырмалдық,  тәубешілдік, 




311 

барға қанағат, жоққа нысап сияқты тамаша қасиеттерін де назардан тыс қалдырмайды. Әсіресе, қазақы-

лықтың  исі  аңқып  тұрған  «Кемпірлер»  әңгімесіндегі  сүйінші  сұрау,  бәсіре  атау,  есік  ашу  тәрізді  әдеп-

ғұрыптарды  берік  ұстанған,  сыйлас,  бауырмал  қарт  аналардың  тұрмыс-тіршілігін  ұлттық  мінез  тұрғы-

сынан  ашып  көрсетеді.  «Д.Исабеков  –  шығармаларында  өз  халқының  кемшілігін  көріп,  аяусыз  сынай 

алған  батыл  жазушы.  Ұлттық  характерді  ашу  дегеніміз  –  сол  ұлттың  қасіретін,  қарекет,  тіршілігін, 

тағдырын  бүркелемей  сыртқа  шығару.  Автор  осынау  аса  қиын,  аса  маңызды  күрделі  мәселеге  өзінің 

көркем туындылары арқылы жауап іздеуді мұрат тұтқан» [3, 25]. 

Диссертациялық  жұмыстың  келесі  тараушасында  автор  қазақ  әдебиетіндегі  психологизмнің  пайда 

болу, даму арнасын зерделей отырып, жазушы туындыларында психологизм сипатын, яғни кейіпкердің 

ішкі  жан  иірімдерін  ашуда  қолданған  пейзаж,  монолог,  диалог,  психологиялық  параллелизм,  деталь, 

күлкі,  түс  көру,  т.б.  көркемдік  тәсілдерді  талдау  арқылы  жазушыға  тән  даралық  сипаттарын  саралап 

көрсетеді.  «Жазушы  шығармашылығындағы  кейіпкер  психологиясының  ашылуы    олардың  сөйлеген 

сөздері арқылы, іс-әрекеттері, ішкі монолог, психологиялық диалогтар, ым-ишарат, жест, бет құбылысы, 

дене қозғалысы, психологиялық пейзаж,  параллелизм, деталь, портрет, өзін-өзі бақылау, өзін-өзі талдау, 

өзіндік  таным,  түс  көру,  сандырақтау,  күлкі,  жылау,  сыр  ашу  және  тағы  басқа  арқылы  жүзеге  асып 

жатады»  [3,  28].  Дулат  Исабековтің  қаламына  тән  ерекшелік  –  көркем  туындыларында  көркемдік 

бейнелеу тәсілдерін ұтымды қолдануы. Солардың ішінде кейіпкерлердің болмысын танытуда, характер 

ашуда  монолог  пен  диалогтің  рөлі  маңызды  болып  табылады.  Зерттеуші  «терең  психологизм  дәлдігі, 

сенімділігі үшін монолог қандай қызмет атқарса, диалогтың да идеялық-көркемдік  орны сондай үлкен. 

Адамның мінез қырларын, белгілі бір сәттердегі сезім-күйлерін тапқыр, әрі ұтымды, қысқа да мағыналы 

бейнелеуде  диалог  ерекше  тәсіл...  Диалог  –  Д.Исабеков  шығармаларындағы  мүсін  сомдаудың  қуатты 

құралдарының бірі. Көркем шығарманың негізгі ойын жүйелеуде, портреттер мүсіндеуде оның алар орны 

ерекше» дей келе, Д.Исабековтің  бірқатар әңгімелері мен повестеріндегі  монолог пен диалогтің рөліне 

талдау жасайды. 

Сонымен  қатар,    зерттеу  жұмысында  қазақ  әдебиетіндегі  тың  тақырып  –  жатсыну  мәселесі  және 

антиутопиялық жанрдың қазақ әдебиетінде, оның ішінде Д.Исабеков шығармашылығында көрініс табуын 

орыс қаламгерлерінің туындыларымен салыстырыла талданады. Автор жазушының «Ертегі елінде немесе 

қоштасу  вальсі»  және  «Жүз  жылдық  арман»  деп    аталатын    әңгіме-повестеріне  антиутопиялық  жанр 

тұрғысынан,  ал  «Сүйекші»,  «Тіршілік»  повестеріндегі  кейіпкерлердің  жатсыну  мәселесіне  авторлық 

таным тұрғысынан баға береді:  «Д.Исабековтің «Ертегі  елінде немесе қоштасу вальсі» повесть-ертегісі 

осындай  антиутопиялық  ойлау  көріністері  барлығымен  құнды.  Антиутопияның  бір  тарауы  іспетті 

дистопияда ғылыми фантастика, виртуалды шындық басым келеді. Олай болса, каламгер шығармалары 

ішінен  эстетикалық-философиялық,  көркемдік  ерекшелігі  жағынан,  сюжеттік  құрылымы  тұрғысынан 

оқшау тұратын бұл повесть –  ертегіні  қазақ әдебиетіндегі антиутопияның бір үлгісі ретінде зерделеуге 

болады»  [3,  85].  Аталмыш  зерттеу  жұмысынан  түйгеніміз,  Д.Исабеков  көркемдігі  мен  өнегелілігі  мол, 

ұлттық болмыс аспектісінде, оқырманға ой салу жолында түрлі психологиялық бейнелеуіш тәсілдермен 

көркемделген, философиялық сарыны басым көркем туындыларымен құнды шығармашылық иесі болып 

табылады. 

Дулат Исабеков шығармашылығын психологизм тұрғысынан қарастырған зерттеу еңбектерінің бірі – 

Г.Ержанованың «Қазіргі қазақ повестеріндегі психологизм мәселелері» кандидаттық диссертациясы [4]. 

Аталмыш  зерттеуде  жазушының  моральды-әлеуметтік  сипаттағы  повестеріне  өзге  әдебиет  өкілдерінің 

көркем  туындылармен  салыстырыла  психологиялық-философиялық  тұрғыда  талдау  жасалынады. 

Психологиялық талдаудың негізінде автор қаламгер туындыларынан кейіпкердің жан дүниесін, ішкі ой 

тебіреністерін танытуда монолог тәсілін айқындап айрықша талдап көрсетеді. Зерттеушінің: «Дермене», 

«Сүйекші», «Тіршілік» повестеріндегі бір ерекшелік – оқиға автордың көзқарасы мен кейіпкер ойымен 

астасып  келуінде,  монологтардың  түр-түрін  шебер  қолдана  білуінде.  Монолог  –  ойлау,  монолог  – 

армандау,  монолог  –  еске  түсіру,  диалог  іспетті  монолог.  Бұл  монологтардың  көп  түрлілігі  кейіпкер 

характерін  аша  түсудің  бір  формасы»  дей  келе  жазушының  адам  жанының  терең  иірімдерін  зерделеу 

шеберлігін жоғары бағалайды  [4, 61].  

Дулат  Исабековтің  шығармаларын  стильдік  тұрғыдан  әдебиет  ерттеушісі  А.Кулумбетова  «Стиль 

казахского  рассказа  и  повести»  атты  монографиялық  еңбегінде  қарастырады  [5].  Зерттеудің  «Қазақ 

повестері  мен  әңгімелерінің  реалистік-романтикалық  стилі»  атты  тарауында  өзге  қазақ  әдебиеті 

өкілдерінің  көркем  туындыларымен  қоса  Д.Исабековтің  «Ай-Петри  ақиқаты»,  «Өкпек  жолаушы» 

шығармаларына  түрлі  әдеби  сын-пікірлерді  саралай  отырып  стильдік  сипатын  айқындауды  көздейді. 

Мәселен,  автор  өз  зерттеуінде  сыншы  М.Шағатаевтың  Д.Исабековтің  стиль  ерекшелігі,  тілдік  мақамы 

аталмыш  туындыларда  гротесктік-поэтикалық  реализммен  байланысты  көрінеді  деген  тұжырымына 



312 

өзіндік  пікір  білдіріп,  қаламгер  шығармаларын  қоғамды,  адамзатты  адамгершілік  биігіне  жетуге 

жетелейтін интеллектуалды прозаға жатқызады. Автор «Ай-Петри ақиқаты» әңгімесі туралы: «Писатель в 

рассказе воспроизвел приметы конкретно-исторического времени 70-80-х, характеризовавшихся особым 

расцветом  конъктурного  подхода  к  оценке  личности.  Духовный  потенциал  обесценился,  значимость 

приобретала  занимаемая  должность  человека  и  его  ближайшего  окружения»    [5, 310]  деп  жазады. 

Шығарма  кейіпкері  Жамалға  Ай-Петри  ақиқатының  ашылуы  адам  баласының  дүниеге  келген  сәтінен 

бастап  соңғы  демі  қалғанша  жалған  өмірге,  қу  тіршіліктің  қамына  салынбай  адамзаттың  адамгершілік 

заңдары алдында жауапкершілігімен түсіндіріледі. 

Д.Исабековтің  80-90  жылдары  жазылған  шағын  жанрдағы  шығармалары  тақырыптық  сипатымен 

ерекше  көзге  түседі.  Әдебиет  зерттеушісі  Г.Балтабаева  «Қазіргі  қазақ  әңгімесі  (1980-1990  жж.)»  атты 

кандидаттық  зерттеуінде  қазіргі  заман  әңгімелерінің  тақырыптық-идеялық  ерекшеліктерін  талдап 

қарастырады. Автор солардың ішінде Д.Исабековтің «Социализм зәулімі», «Ескерткіш», «Талахан-186», 

«Ақырамаштан  наурызға  дейін»,  «Ай-Петри  ақиқаты»  әңгімелерін  өзге  қаламгерлер  туындыларымен 

идеялық-көркемдік  сабақтастыққа  зерттеп  тұжырым  жасайды:  «Жақсы  сомдалған  кейіпкер  бейнесі, 

қапысыз тартылған оқиғалар желісі, ең бастысы, қоғамның әлеуметтік тіршілік тынысын дөп басып айта 

алу сияқты сипаттар Дулат Исабеков шығармаларына тән. Қаламгер өз оқырманының жан-дүниесіне кіре 

отырып, адам тағдыры, қоғам келбеті, кейіпкерді психологиялық жиынтық болмысы сияқты қасиеттерді 

аса  бір  сыршылдықпен  ашып  көрсетеді.  Домбыраның  қос  ішегіндей  Адам.  Қоғам»  дейтін  қос  мүддені 

назардан тыс қалдырмайды» [6, 27]. 

Әдебиет зерттеушісі С.Асылбекұлы «Қазақ повесі (Қазіргі заман қазақ повесі (1970-2000) және оның 

поэтикасы»  атты  зерттеу  еңбегінде  қазіргі  дәуір  әдебиеті  өкілдерінің  шығармаларын  зерделеуде 

Д.Исабековтің өресі биік, адамгершілікті ту қып ұстанған повестеріне талдау жасайды [7]. Әсіресе тағдыр 

тәлкегіне  ұшырап,  сергелдең  күй  кешкен  кішкентай  адамдар  туралы  «Сүйекші»,  «Тіршілік»  шығарма-

ларына айрықша тоқталып, автор позициясына өзіндік бағасын береді. Автор сондай-ақ интеллигенция 

тақырыбындағы «Қарғын» шығармасына роман емес повесть жанрында қарастырып, жазушы шеберлігі-

нің  қазақ  прозасында  жаңа  баспалдаққа  көтерілу  деңгейіне  көтерілгендігін  шығармада  қаламгерлік 

концепцияның сәтті көрініс табуымен түсіндіреді. 

ХХ  ғасырдың  70-80  жылдарындағы  қазақ  прозасында  адам  концепциясын  зерделеу  мәселесі 

Ж.Жарылғаповтың, М.Арғынбаеваның кандидаттық зерттеулерінде теренінен талданды. Ж.Жарылғапов 

«70-

80 жж. қазақ прозасындағы адам концепциясы» атты диссертациялық жұмысында 70-80 жылдардағы 



Ә.Кекілбаев, О.Бөкей, Д.Исабеков, Ә.Тарази сынды қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің философиялық 

тереңдігі ерекше танылатын прозалық туындыларына талдау жасап, дәуірлік құбылыстарға сай адамның 

ішкі  эволюциясын,  адам  санасындағы  өзгерістерді,  қоғамдағы  рухани-адамгершілік  мәселелерді 

қозғаудағы концептуалдық ойларының сипатын ашып көрсетеді [8]. Сондай-ақ диссертация барысында 

шағын  жанрдағы  шығармаларына  салмақты  идеялық  мазмұн  сидыра  білетін  Д.Исабековтің  қоғамның 

рухани ахуалын зерделеу, әлеуметтік шындықты көркемдік-эстетикалық амалдармен – юмор мен сатира 

сарынымен жеткізу шеберлігіне баға беріледі. 

1970-


80  жылдар  кезеңіндегі  қазақ  прозасында  Қ.Ысқақов,  М.Мағауин,  Ә.Тарази,  М.Сүндетов, 

О.Бөкей,  Д.Исабеков,  С.Елубаев  сынды  қаламгерлердің  шығармаларынан  драматизм  ұғымына  тән 

құбылыстар ерекше байқалды. Драматизм (лат. drama - әрекет) – адам өмірінің, адам мен оны қоршаған 

қоғамдық  және  табиғи  ортаның  арақатынастарының  қайшылықтары  мен  қиғаштықтарын  бейнелейтін 

категория.  Реалистік  өнер  шындықты  өз  күрделілігі  мен  қайшылықтарында  суреттеу  арқылы  өмірдің 

драматизміне,  адамдардың  тағдыры  мен  тауқыметіне  терең  бойлайды.  Қазақ  әдебиетінде  драматизм 

мәселесін М.Әуезов, М.Базарбаев, Р.Нұрғали, Т.Есембеков, К.Төлеубаева т.б. әдебиет өкілдері қарастыр-

ған. Солардың ішінде Д.Исабеков шығармашылығына да драматизм тұрғысынан жасалынған зерттеулер 

баршылық. Филология ғылымдарының докторы, профессор Т. Есембеков «Художественно-эстетическое 

значение драматизма в казахской прозе» атты докторлық диссертациясында драматизм ұғымына кеңінен 

сипаттама  бере  отырып,  ХХ  ғасырдың  20-30  жылдары,  60-70  жылдарындағы  қазақ  прозасында  оның 

көрініс  табуын,  көркемдік-эстетикалық  мәнін  зерделейді  [9].  Автор  әдебиетті  өзіндік  ішкі  даму  заңды-

лықтары бар жүйе, ал драматизмді –  осы қозғалысты дамытып отыратын пәрменді  күштердің бірі деп 

танып, Д.Исабековтің «Ескерткіш», «Тіршілік», «Сүйекші» әңгіме-повестерінен кейіпкерлер драматизмі-

нің құбылмалы сипатын айқындайды. К.Төлеубаева «Қазақ романдарындағы драматизм (1970-80 жж.)» 

атты  кандидаттық  диссертациясында  қаламгердің  «Қарғын»  романындағы  драматизм  табиғатын  ашып 

сипаттайды.  Автор  тұжырымына  сәйкес,  роман  кейіпкерлерінің  іс-әрекеттері  негізінен  ішкі  драмалық 

тартысқа  негізделеді.  Романның  басты  қаһарманы  бір  ғана  Жасынның  өн  бойынан  драматизм  сипаты 

айқын  байқалады.  Себебі  Жасын  –  биік  парасатты  ой  иесі.  Жасынның  ой  тебіреністері  мен  рухани 



313 

өзгерістердің ішкі әлеміне әсері оның ішкі монологы негізінде ой қозғалысынан хабар береді. «Қарғын 

романындағы драматизмнің ұшқындап көрінуі «ойлардың қозғалысынан» байқалады. 

«Қарғын»  романы  драматизммен  шектеліп  қана  қоймай  романтикалық  сипатқа  да  ие  деуге  әбден 

негіз  бар.  Бұған  Қ.Жанұзақованың  «Қазақ  прозасындағы  романтизмнің  көркемдік  әлемі»  атты  моно-

графиялық  еңбегі  дәлел  [10].  Әдебиетші  ғалым  зерттеуінде  Д.Исабеков  шығармаларынан  романтизм 

эстетикасына тән белгілерді айқындай отырып талдау жүргізеді. Ең алдымен, романдағы Жасын бейнесін 

ХІХ  ғасырдағы  орыс  әдебиетінің  Онегин,  Печорин  сынды  романтикалық  бейнелерімен  ұқсастықта 

қарастырады.  Аталмыш  романтикалық  кейіпкерлерге  тән  ортақ  көрініс  –  өз  заманының  әлеуметтік-

қоғамдық  жағдайына  көңілі  толмай  беймаза  күй  кешуі,  қоршаған  әлемге  сыни  көзқараспен  қарауы, 

қоғамды жайлаған тоғышарлыққа ішкі наразылық. Бұны автор романтизмге тән белгі – идеал мен болмыс 

арасындағы ымырасыздық, субъективті әлемге ден қою деп түсіндіреді. «Оның түсінігі қалыпты ұғым-

танымға сыя бермейді, мінез-құлқы, қарекет өзгешелігі бар. Оның көп адамға түсініксіз көрінуі дүние-

таным  тереңдігінен  туындайды»  [10,  244].  Романтизм  эстетикасының  басты  идеялардың  бірі  –  жеке 

тұлғаның қайталанбас даралығы, тәуелсіз шығармашылық тұлға болу идеясы. Өз кезегінде Жасын – еркін 

шығармашылықтағы  рухани  дербес  тұлға.  Оның  өзіндік  ой-пікірі,  дербес  көзқарасы    қатып  қалған 

қағидалар мен ұстанымдарға жат. Ол болмысқа өз эстетикалық идеалы тұрғысынан баға береді. Жасын 

бейнесінің  роматикалық  сипаты  төңірегінде  романның  өзге  кейіпкерлеріне  материалдық  және  рухани 

құндылықтар негізінде сипаттама беріледі. 

Қорыта айтсақ, Д.Исабеков шығармашылығының ғылыми-тоериялық, әдеби-сыни тұрғыда зерттелуі 

қаламгер шығармаларының танымдық-тәрбиелік маңызы жоғары екендігін және жоғары мектепте әдеби 

білім беруде оқыту қажеттілігін көрсетеді. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   415   416   417   418   419   420   421   422   ...   548




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет