Тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет449/548
Дата07.01.2022
өлшемі7,82 Mb.
#20554
1   ...   445   446   447   448   449   450   451   452   ...   548
Keywords:  language communication, communication, conversation, language competence, communicative 

training, communicative activity, means of communication. 

 

Тілдік қатынас – тіл арқылы байланыс, сөйлеу тілі арқылы адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас 



жасауы;  қоғамдық  ұлттық  тіл  арқылы  ұғынысу,  түсінісу;  яғни  адамзаттың  тіл  арқылы  қатынасқа  түсуі 

тілдік қатынас дегенді білдіреді. Бұл жерде  сөйлеу  тілі деген тіркесті  ерекше  бөліп айтуға тура келеді. 

Өйткені  ол  ауызекі  сөйлеу  деген  мағынаны  емес,  жалпы  адамзаттың  сөйлесу  құралы,  сөйлеу  құрал-

дарының  қызметі,  адамның  тілі,  адамның  тілдік  қатынас  құралы  деген  қоғамдық-әлеуметтік  мәні  бар 

ұғымды жеткізуі тиіс. Сондықтан осындай нақтылы ұғымды білдіру үшін, біз сөйлесім тілі деген тіркесті 

қолданамыз. Себебі “сөйлесім”, “сөйлеу” түбірі арқылы жасала келіп, сөйлеу процесінін тек адамзатқа 

тән  екенін  дәлелдейді.  “Сөйлеу”  деген  сөздің  өзі  адамның  ойын  жарыққа  шығару  қасиетін  білдіретін-

діктен,  көбінесе  біржақты  әрекет  ретінде  қабылданады.  Тілдік  қатынас  жүзеге  асу  үшін,  айтылған  не 

жазылған хабардың қабылданып, оған жауап қайтарылуы, яғни істің ортақ атқарылуы – басты шарт.  

Тілсіз  қарым-қатынаста  түсінісудің  бәрі  тілдік  тұлғалардың  (сөз,  сөйлем,  т.б.)  қатысынсыз  жүреді. 

Мұнда  тіл  қатынас  құралы  ретінде  қызмет  атқармайды.  Дегенмен,  тілсіз  қатынас  пен  оның  түрлері 

қоғамда  да,  өмірде  де  белгілі  орын  алады.  Бұлар  адамдардың  қарым-қатынасына  қызмет  ете  келіп, 

түсінісудің қарапайым жолы болып табылады. 

Лингвистикадағы  тілдік  қатынас  мәселесін  жан-жақты  қарастырып,  белгілі  бір  тұжырымға  келген 

автордың бірі – Э.П. Шубин.  

Э.П.  Шубин  шет  тілдерін  оқытудың  қағидалары  мен  әдістемелерін  сөз  ете  отырып,  жалпы  тілдік 

қатынастың құрамын, олардың атқаратын қызметін, оқытудың мақсаты мен мазмұнын, тілдік құралдарды 

аяқтауға тырысады. 

Ауызша қатынас адамдардың бір-бірімен тікелей қарым-қатынасы нәтижесінде іске аса келіп, белгілі 

бір хабардың дыбысталуы арқылы сыртқа шығады. Адамдардың арасындағы ауызша тілдік қатынас – өте 

ертеден  пайда  болып,  қоғаммен  бірге  өмір  сүріп  келе  жатқан  құбылыс.  Ауызша  қатынас  –  ойдың  тіл 

арқылы сыртқа шығуы, ол тілдік тұлғалардың сөзге, сөйлемге айналып, дыбысталуы арқасында жүзеге 




342 

асады.  Дегенмен,  тілсіз  қатынас  пен  оның  түрлері  қоғамда  да,  өмірде  де  белгілі  орын  алады.  Бұлар 

адамдардың қарым-қатынасына қызмет ете келіп, түсінісудің қарапайым жолы болып табылады. 

 

Коммуникация  сөзінің  негізгі  мазмұны  жалпы  қарым-қатынас,  араласу,  хабарласу,  байланыста  болу 



секілді мағыналарды білдіреді. Айтулы ұғым адамдардың тіл арқылы сөйлесу процесінде болатын тілдесу 

ерекшеліктерін айғақтай отырып, тілдің әлеуметтік мәні мен қоғамдык қызметін жан-жақты аңғартады [1]. 

Тілдік коммуникация сөйлесу арқылы ұғынысу, түсінісу, қарым-қатынас жасау дегенді білдіреді де 

адамның екінші біреуге жеткізейін деген ойын жарыққа шығаруды көздейді. Қоғамның дамуы үшін ең 

қажетті  қоғамдық-әлеуметтік  ақпараттарды  әрекетке  қосу  аркылы  ол  адамдардың  бір-бірімен  пікір 

алмасуына,  бірін-бірі  байытуына  мүмкіндік  тудырып,  қарым-қатынастың  сөйлеу,  ойлау,  түсінісу 

кеңістігін қалыптастырады. 

Қазақ  тілінің  коммуникативтік  ерекшелігін  зерттеуде  адамның  дүниетанымы  мен  қазақ  тілінің 

қоғамдық  мәнін  жете  түсінудің  маңызы  зор.  Бұл  жалпы  дүниеге  деген  қоғамдық-ғылыми  көзқарастың 

негізінде  қалыптасады.  Сонымен  қатар  қазақ  тілінің  қоғамдық-әлеуметтік  кеңістіктегі  қатынас  кұралы 

ретіндегі міндетін анықтайды. Тілдің коммуникативтік қасиеті – оның барлық ерекшеліктерінің ішіндегі 

маңыздысы әрі бастысы деп айтуға болады. Мысалы, лингвист-ғалым В.М. Солнцев тілдің анықтамасын 

әр түрлі қырынан тұжырымдай отырып, оның қасиеті мен ерекшелігін қарастыру үшін әуелі анықтаманы 

да сол тілдің өзгешелігіне қарай қорыту керек деген пікір айтады. Ол: «а) с точки зрения функции языка: 

язык есть средство общения людей и, как таковое, есть средство формирования, выражения и сообщения 

мысли;  б)  с  точки  зрения  устроиства  (механизма)  языка:  язык  есть  иабор  некоторых  единиц  и  правил 

использоваиия этих единиц, т.е. комбинирования единиц; эти единицы «использования этих единиц, т.е. 

комбинирования  единиц;  эти  единицы  «делаются»  говорящими  в  данный  момент;  в)  с  точки  зрения 

существования  языка;  язык  есть  результат  социального,  коллективного  навыка  «деления»  единиц  из 

звуковой материи путем сопрежения некоторых звуков с некоторым смыслом; г) с семиотической точки 

зрения:  язык  есть  система  знаков,  т.е.  материалъных  предметов  (звуков),  наделенных  свойством 

обозначать того, существующее вне их самих; д) с точки зрения информации: язык есть код, с помощью 

которого кодируется семантическая информация», - дейді [2]. Бұл анықтамалардың қай-қайсысы да тілдің 

нақтылы  ерекшеліктерін  қорытындылауға,  оның  (тілдің)  жан-жақты,  әрі  күрделі  құбылыс  екенін 

айқындауға  көмектеседі.  Сонымен  қатар,  бұл  тілдік  коммуникацияның  тікелей  зерттеу  объектісі  бола 

келіп,  қазіргі  кезеңде  өзекті  болып  отырған  қазақша  сөйлеуге  үйретудің  тиімді  жолдарын  табуға 

көмектеседі.  Бұл  мәселені  зерттегендер  қатарына  тілшілер,  ғалымдар  Ш.Х.  Сарыбаев,  И.В.  Маманов, 

Ғ.Бегалиев,  С.Жиенбаев,  Т.Аяпова,  Ш.Бектұров,  К.Сариева,  А.Жүнісбеков,  Ф.Оразбаева,                                 

Ф.Р. Ахметжанова, Қ.Бітібаева т.б. жатады. Бұлардың  әрқайсысы әр түрлі мәселелерді қарастыра келіп, 

қазақ тілін оқыту саласының дамып, жетілуіне үлес қосты [3]. 

Қазіргі кезде тілді коммуникативтік оқыту мәселесіне ерекше назар аударуда. Тілді оқытудың жаңа 

технологиясы тілдің коммуниктивтік қызметін ескере отырып, оны коммуникативтік танымдық жағынан  

меңгертуді көздейді. 

Коммуникативтік біліктілік мынадай оқу мақсаттарын қамтиды: 

1. Когнитивті мағыналық мақсат, яғни оқушы коммуникативтік жағдаяттарды әңгімелесу, сөйлесу, 

қарым-қатынас туындайтын жағдайларды таба білуі керек. Ол өзінің  іс-әрекетінің, сөйлесуінің, қарым-

қатынас жасауының барысында  осы жайттарды ескеруге дағдылануы, үйренуі қажет. 

2. Әлеуметтік мақсат оны жүзеге асыру кезінде оқушы өзін-өзі қалай ұстайтынын біле отырып, өз іс-

әрекетіне  жауап  бере  алады.  Алға  қойған  мақсатына  басқалармен  бірге  жетуге  ұмтылады,  сондай-ақ 

қарым-қатынас жасайтын әріптесімен жеке тұлға ретінде тең жағдайда болуға тырысады. 

3. Лингвистикалық біліктілік мақсат. Бұл мақсатқа сәйкес оқушы ойларын, іс-әрекетін сөйлеп жеткізе 

алуға ынталы болады. Г.Нойнердің пайымдауынша, бұл үш компонент бөлек-бөлек емес, керісінше, өзара 

тығыз байланыста болады [4]. 

Қазақ  тілін  оқытуда  коммуникативтік  мақсатқа  жетуде  ауызша  сөйлеудің  маңызы  зор.  Сөйлеуге 

үйрету үшін оқыту әдісі ситуативті болуы керек, себебі: ситуативтілік сөйлеу әрекетінің табиғи қасиеті 

болып табылады. 

Коммуникативті оқыту технологиясы оқыту процесінде маңызды рөлге ие. Әртүрлі әдіс-тәсілдерді, 

оқушыларға  тың  мәлімет,  қызықты  тапсырмалар  беріп  отыру  мұғалімнің  ұйымдастыру  қабілетіне 

байланысты. Оқушыларға қалайда қазақ тілін жақсы меңгертсем деген ұстаз оқытудың түрлі тәсілдерін 

қолданады.  Қандайда  бір  әдіс  болмасын,  оның  өзіне  тән  артықшылықтары  мен  кемшіліктері  болады. 

Коммуникативті  оқыту  технологиясы  негізінде  ақпаратты  инновациялық  технологияларды  қолдану 

барысында көптеген артықшылықтарға көз жеткізуге болады.  




343 

Адам  өміріндегі  ең  басты,  ең  негізгісі  –  басқа  адам.  Сол  басқа  адамдардың  айналасында адамның 

әлемі  қалыптасады.  Басқа  адамдармен  қарым-қатынас  жасау  –  адам  өмірінің  өзегі.  Кез  келген  адам 

басқалармен қарым-қатынассыз өмір сүре алмайтындығы белгілі. Қарым-қатынастың қалыптасуына сол 

адамдардың бір-бірімен сөйлесу, тіл табысуы әсер  етеді  [5]. Жоғарыда айтылғандардың барлығындағы 

ортақ  ойды  түйіндейтін  болсақ,  адам  өзінің  бойындағы  барлық  мүмкіндіктерін  тек  қоғамда,  қарым-

қатынас  барысында  жүзеге  асырады.  Адам  өміріндегі  сұхбаттасуы,  ойын,  құнды  пікірлерін  жеткізуі, 

білімі, тәжірбиесімен бөлісуі – бәрі де басқа адамдармен тілдік қатысым жасау барысында іске асатыны 

белгілі.  Қоршаған  адамдармен  нәтижелі  қарым-қатынас  орнату  және  оны  үзбей  жалғастыру  – 

коммуникативтік  құзыреттілікке  жетелейді.  Коммуникативтік  құзыреттілік  туралы  мәселені  арнайы 

қарастырған  тілші-әдіскер  Е.И.  Пассовтың  пікірі  бойынша  коммуникативтік  құзыреттіліктің  негізгі 

мақсаты – сөйлесім әрекетінің түрлерін (айтылым, жазылым, тыңдалым, оқылым) меңгерте білу.  

Коммуникативтік құзыреттілік – үйретіп жатқан тілдің заңдылықтарын жаттанды үйретпей, сол тілді 

тілдік  және  қатысымдық  тәсілдерді  орынды  қолданумен  байланыстыру.  Коммуникативтік  құзыреттілік 

жеке  тұлғаның  рухани  өсуін  қалыптастырады,  адамдарды  түсіне  білуіне  көмектеседі.  Ал  қазақ  тілінің 

коммуникативтік бағытта оқытылуына байланысты және тілді игертудегі түпкі мақсат коммуникативтік 

құзыреттілікті қалыптастыру деп тани отырып, тіл үйренушінің бойында жалпы адамзаттық құндылық-

тарға және ойлауға негізделген әлемге деген жаңаша көзқарасын қалыптастырады. Ол өз кезегінде қазақ 

тілінен  берілетін  білім  мазмұнына  маңызды  үлес  қосады.  Қазақ  тілін  игеру  үдерісі  тіл  үйренушінің 

тұлғалық қалыптасуының пәрменді тетігі де болып табылады. Ал қазақ тілі сабақтарында мақсатты түрде 

сөйлеу дағдыларын, білігін, қалыптастыру тіл үйренушінің есте сақтау, ойлау және басқа да психикалық 

үдерістерін қалыптастыруға мүмкіндік береді.  

Қазақ  тіл  білімінде  тілдік  қатынас  (коммуникация)  мәселесін  теориялық  тұрғыдан  да,  әдістемелік 

жағынан  да  арнайы  зерттеген  алғашқы  ғалымдардың  бірі  –  профессор  Ф.Ш.  Оразбаева.  Ғалымның 

пайымдауынша,  тілдік  қатынаста  өзіндік  орны  мен  маңызы  бар  қатысымдық  тұлғалар:  сөз,  фразео-

логиялық тіркестер, сөйлем және мәтін. Сөздің негізгі екі қасиеті: формасы мен мазмұны, яғни дыбыстық 

таңбасы мен мағынасы да қатысымдық процесте қарастырылады [6].  

Ғалымдар атап көрсеткендей, жеке сөйлемдер де мәтін қызметін атқара алады. Бұл орайда сөйлемді 

коммуникативтік  бірлік  ретінде  қарастыратын  лингвистикалық  зерттеулер  көңіл  аудартады.  Ғалым             

М.В. Никитин коммуникативтік бірліктің мазмұны ретінде сөйлем үш бөліктен тұрады деп көрсетеді: 1. 

Коммуникативтік  бірліктің  когнитивтік  мағынасы  (сөйлемнің  терең  құрылымы,  оның  референциалды, 

денотативтік,  пәндік-логикалық  мағынасы);  2.  Коммуникативтік  бірліктің  мазмұнына  прагматикалық 

мағыналар енеді және олар кез келген деңгейдегі номинативтік бірліктің когнитивтік мазмұнын толықты-

рады;  3.  Коммуникация  құрылымына  және  мақсаттарына  қатысты  коммуникативтік  мағыналар.                    

В.А. Звегинцевтің пікірі бойынша, жеке сөйлемде мағына болмайды.  

Қазақ  тілін оқытуда коммуникативті мақсатқа жетуде ауызекі сөйлеудің рөлі өте зор. Себебі, ауызша 

сөйлеу арқылы адамдар бір-бірін түсінеді, өз ойларын айтады, дәлелдейді, естіген, айтылған хабарға өз 

көңіл-күй қатынасын білдіреді.  

Тілді меңгерту жүйесі алдында тіл үйренушілерді мәдени, маманданған және жеке тіл иесі ретіндегі 

өкілдерімен, басқа әлеуметтік дәстүрмен, қоғамдық және тілдік мәдениетпен қатынас жасауға дайындау 

міндеті тұрады. Қазақ тілін меңгертуде диалогтарды елтанымдық бағытта қолдану тіл меңгеру үдерісін 

уәждейтін  жағдай  жасайды,  сондай-ақ  тіл  үйренушілердің  танымдық  әрекетінің  аясын  кеңейтуге  және 

тереңдетуге мүмкіндік тудырады.  



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   445   446   447   448   449   450   451   452   ...   548




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет