Тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет484/548
Дата07.01.2022
өлшемі7,82 Mb.
#20554
1   ...   480   481   482   483   484   485   486   487   ...   548
Keywordseducation of  consciousness, folk traditions, folk pedagogy. 

 

Қазіргі  Қазақстан  білім  беру  және  тәрбиелеу  теориясы  жөнінде  бағыт  нұсқаушы  материалдармен 

қатар өткен мұраларға хабарынша мұқият қарап, бүгінгі күн талабына сай талдап,оның ішінен пайдалы 

ілімдерін ала білу ұлттық педагогика үшін аса қажет шарттардың бірі. Бүгінгі таңда республикамыздың 

білім беру жүйесі ақыл-ой тәрбиесі мәселесіне жете көңіл бөліп, педагогикалық-психологиялық зерттеу-

лер арқылы жас ерекшелігіне байланысты баланың ақыл-ойдың қалыптасуы мен дамуына жол салуда.  

Ақыл-ой тәрбиесі - тәрбие жүйесінің маңызды бір құрамдас бөлігі. Себебі жеке тұлғаның қалыптасып 

дамуы  оның  білім  алу  және  оқу  әрекеттерімен  тығыз  байланыста  жүзеге  асырылады.  Яғни  баланың 

рухани дамуының негізі ақыл –ой тәрбиесінің негізінде басталады. Білім мен ақыл егіз. Білім – ақылдың 

ажар  көркі.  Оны  халқымыздың  «Ақыл  азбайды,білім  тозбайды»  деген  мақалынан  көруге  болады. 

"Ақылдан қымбат байлық жоқ", "Ақылды сатып ала алмайсың", "Ақыл тозбас киім, білім — сарқылмас 

булақ" деген халықтың даналық сөздерінен-ақ байқауға болады. Халық педагогикасында оқыту мен білім 

берудің  принциптері  қазіргі  ғылыми  педагогика  тұжырымдарымен  ұштасып  жатыр.    Халық  білім  мен 

өмірдің  тығыз  байланысты  болуын  талап  етті.    Халық  педагогикасы  оқытудың  көрнекі  болуын  ойдан 

шығарған жоқ. "Көзбен көргеп, құлақпен естіген ақиқат емес тек қана мұқият зерттелген ақиқат". Халық 

педагогикасыңда  тәрбие,  оның  бөліктері  туралы  ұғымдардың  анықтамаларының  да  ғылыми 

педагогиканың анықтамаларымен сәйкес кенетіндігі байқалады. Халық педагогикасы бойыиша ақыл-ой 

тәрбиесі деп балалардың ойлау қабілеттерін, сана-сезімін оқу және еңбек процесінде дамытуды айтады. 

Қазіргі болашақ жас ұрпақты  тәрбиелеуде, ақыл-ой  тәрбиесінде халық  дәстүрлері мен құралдарын 

пайдалана  отырып,  олардың  бойына  еліне  деген  мақтаныш,  жеңіске  жету  жолындағы  бабалардың 

еңбегіне лайық болар азамат, мол тарихы бар елдің саналы ұрпағын тәрбиелейміз. 

Ақыл-ой тәрбиесі – тәрбие бағыттарының бірі және бірегейі. Оған балалардың санасына ұлттық сезім 

мен психологиялық нышандарды қалыптастыру және баланың білімге деген ынтасын ашып, болашаққа 

жігерлендіру  жатады.  Ақыл-ой  тәрбиесінде  халық  дәстүрлерінің  алатын  орны  ерекше.  Себебі  балаға 

жастайынан ұлттық тәрбие бере отырып оның менталитетін, қоршаған ортаға деген көзқарасын қалып-

тастырамыз, болашаққа азық болар білім қорын талай ғасырлармен сыналған ата-баба тәрбиесі арқылы 

жинауды  үйретеміз.  Балаға  кішкентай  кезінен  айтылатын  аңыз-әңгімелердің  орны  ерекше.  Себебі  сол 

арқылы  ол  шыққан  тегімен,  туған  жер  тарихымен,  халқының  салт-дәстүрімен  және  ауыз  әдебиетімен 

танысады. 

Халық  педагогикасы  негізінде  балада  ақыл-ой  тәрбиесін  қалыптастыру  бала  бойындағы  адам-

гершілік,  еліне  деген  мақтаныш,  отансүйгіштік,  жанқиярлық,  батырлық  секілді  асыл  қасиеттерді 

қалыптастырады. 

Қазақ  халқының  сан  ғасырдан  бері  тәрбие  тәрбие  жөніндегі  өнегелі  істері  мен  сөздері,  тұрмысы, 

мәдениеті,  өнері,  өмір  тәжірибесі  халық  педагогикасының  асыл  қазынасы  болып  келді.  Қай  заманда 

болмасын  ұрпақ  тәрбиесі  адамзаттың  парызы  болды.    Әрбір  халық  өзінің  тарихы  мен  тәжірибесін 

жалғастыратын жас түлектерді ғасырлар бойы тәрбие әдістері мен тәсілдерін қолданып, өмір тәжірибесі 

сынынан  өткен  әдептілік,  сыпайылық,  адалдық,  инабаттылық,  іскерлік,  мейірімділік,  қайырымдылық, 



373 

еңбек  сүйгіштік,  үлкенді  сыйлау,  оған  ілтипат  көрсету  сияқты  қабілеттерді  олардың  бойына  екті. 

Осылардың  бәрі  ақыл-ой  тәрбиесін  қалыптастыруда  халық  педагогикасының  қандай  роль 

атқаратындығын көрсетеді [1]. 

Әрине,  жастар  тәлім-тәрбие  беруде  тек  ұлттық  дәстүрлермен  шектелуге  болмайды.  Сондықтан 

тәрбие ісі тиімді және нәтижелі болуы үшін халық педагогикасына кешенді қараған жөн. 

Халықтық  даналық ойлары халық педагогикасының шам-шырағы болған. Халық даналығы мақал-

мәтел, ертегі, өлең-жыр түрінде, ақын жыраулардың, шешендердің сөздері толғау, өсиет өлеңдері арқылы 

баяндалып отырған. Осы тұрғыдан халық педагогикасының кең өрісі, қайнар көзі – ауыз әдебиеті, оның 

ішінде  тәрбиелік  мәні  зор.  XI  ғасырдан    XX  ғасырдың  бас  кезіне  дейінгі  қазақ  ақын-жырауларының 

шығармалары болды [1]. 

Ақын-жыраулардың  даналық  сөздерінің  этикалық, философиялық  маңызы  өте  зор.  Олардың  өсиет 

өлеңдерінде адам баласының мінезіне психологиялық, этикалық сипаттама берілген. Өнер – білімді игеру, 

ел қамын оның келешегін ойлау мәселесі де баяндалған. Халықтың даналық сөздерінің мазмұнын ашып, 

жастардың дүниеге көзқарасын қалыптастыру, адамгершілік сезімін ояту ұрпақ тәрбиесінде басты мәселе 

екені сөзсіз. 

Халық педагогикасының құрамды бөліктері қазақтың ұлттық ойындары, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, 

ауызша есеп т.б. ерте заманнан бастап, жасөспірімдердің ой-өрісін, зеректігін дамыту және тапқырлығы 

мен шешендігін анықтау үшін тәрбие құралы түрінде қолданылып келді. 

Ұлттық ойындар. Бүгінгі күн талабы-баланың ақыл-ойын дамыту, ойлау қабілетін жетілдіру, өзіндік 

іскерлік  қасиеттерін  қалыптастыру,  заман  талабына  сай  ойын  жүйрік  етіп  тәрбиелеу.  Сондықтан  да 

баланың  танымын  алғашқы  күннен  бастап  дамытудың,  бойында  оқыту  мен  тәрбиелеудің  негізін 

қалыптастырудың құралы - ойын әрекеті, яғни, ойын - баланың жетекші әрекеті. Қазақ халқының өмір 

кешкен тарихында ұлттық ойындардың көптеген түрлері балалық, жеткіншектік, жасөспірімдік шақтағы 

балалар  тәрбиесінде  пайдаланылды.  Ал  қазіргі  кезде  ұлттық  ойындардың  көпшілігі  тәлім  тәрбие 

саласында  зор  педагогикалық  құралға  айналды.  Бүкіл  халқымыздың  ұзақ  өмірінде  өздері  қызықтаған 

алуан ойын өнері болды. Ойын тек қана көңіл көтеру, көңілін шаттандыру ғана емес, ол өзінше ерекше 

қазақ халқының әлеуметтік өміріне байланысты тәрбиелік мағынасы зор жеке адамның дамып жетілуіне, 

қалыптасуына әсер етуші факторлардың бірі болған [2].  

Мақал-мәтелдер  халықтың  ауызша  ақындық  (поэзиялық)  шығармашылығының  көп  тараған 

ескерткіштері. Олардың ғасырлар бойы халықтың әлеуметтік тарихи тәжірибесі жинақталған және өмір, 

тұрмыс, жастар тәрбиесі туралы нақыл сөздер арқылы халықтың ой-пікірі, арманы, көзқарасы баяндалған. 

Осындай  қасиетті  сөздерді  қазақ  халқы  қастерлеп  өнеге  етіп  дана  адамдардың  өлең  өрнектерімен 

ойластырған мақал-мәтелдерін үнемі пайдаланып келген [3]. 

Жұмбақтар. Халық арасында ежелден айтылып келе жатқан жұмбақтардың саны көптеп саналады. 

Жұмбақ  жастардың  қиялын,  танымдық  іс-әрекетін,  қабілетін  дамытады.  Оның  жауабын  табу  үшін 

мазмұнын талдап ой елегінен өткізеді. Содан шешім қабылдайды. 

Жаңылтпаштар.  Халық  баланың  тілін  ширату  үшін,  оған  сөз  үйретіп,  дүниетанымын  дамыту 

мақсатында жаңылтпаштар ойлап шығарған.  

Балбөбектің тілі шығып, балдырған жасында сөздік қоры молая бастаған кезде, кейбір дыбыстарды 

айта  алмай  немесе  қинала  айтады.  Тілін  мүкістендірмей,  мүдірмей  сөйлеуі  үшін,  қиналып  айтатын 

дыбыстары  бар  сөздерді  бала  неғұрым  жиі-жиі  дыбыстап  айтып,  жаңылмай  жаттықса,  сөйлегенде  де 

мүдірмей,өз ойын толық жеткізетін болады. Жаңылтпаштарды жаттап, жаттыға айту арқылы баланың ана 

тілін ардақтау, сөз қадірін білу сезімі қалыптасып, ой қиялы дамиды, тәлім алады [3]. 

Ауызша есеп. Халқымыздың жеткіншектік және жасөспірімдік шақтағы балалардың логикалық және 

материалдық ойлау қабілетін дамыту үшін, оларды ауызша есептеу тәсіліне үйреткен  [2]. 

Қазақ халық педагогикасында балаларға арнап шығарылған арнау-тілек өлеңдері, сұрамақтар, төрт-

түлік туралы жырлар, тақпақтар ерекше орын алды.  

Арнау-тілек  өлеңдері  табиғат  құбылыстары  мен  жан-жануарларға,  құстарға  қызығу  сезімін  оятып, 

эстетикалық әсер беру үшін, баланың дүниетанымын арттыру мақсатында шығарылған.  

Төрт-түлік туралы жырларда халық әрі  тілек білдіретін, әрі малдың  қастерлейтін сөздерді үйретіп, 

баланың  түлікке  деген  қамқорлығын  қалыптастырады,  мал  шаруашылығы  туралы  дүниетанымын 

арттырады. 

Өтірік өлеңдерді дарынды ақындар қиыннан қиыстырып, қиялмен әсерлендіріп, қызықты қисындарға 

құрып шығарған. Өзгеше әсерлік өтірік өлеңдерді халық ықылас қоя жаттап, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізді. 

Авторы белгісіз болғанымен халық ауызынан жиналған өтірік өлеңдердің көкемдігі биік, мағынасы терең 




374 

Шешендік  сөздер  –  ел  құрылып,  халық  қалыптаса  бастағаннан  бері  халықтың  өнеге  тұтып,  өмір 

тәжірибесіне пайдаланып келе жатқан, билер мен хандардың, ақындар мен шешендердің, ел ағасы болған 

данышпандардың,  жастайынан  жалындап  өскен  өткір  ойшылдардың  аузынан  шыққан  дуалы,  өнегелі, 

қисынды, қасиетті сөздер. 

Тарихта  Тәуке  хан,  Төле  би,  Қазбек  би,  Әйтеке  би,  Сырым  батыр  тағы  басқа  белгілі  адамдармен 

қатар, Жиренше шешен аңыздары және Досбол, Жидебай, Сауытбек, Қылышбай, т.б. шешендердің аты 

белгілі. Халық шешендік сөздердізаман өткен сайын әрлеп, әсерлі етіп, ұрпақтан ұрпаққа жеткізуде [3]. 

Халық педагогикасының ақыл-ой тәрбиесінде алар орны өте зор, себебі халық мұрасы арқылы бала 

бойына адамгершілік пен отансүйгіштік секілді ізгі қасиеттердің ұрығын себеміз, ұрпақтар сабақтастығын 

жалғастырамыз.  Ақыл-ой  тәрбиесі  халық  педагогикасының  жоғарда  аталған  құралдары  арқылы  жүзеге 

асып, оқушыларды ширақ ойлауға үйретіп, қошаған орта туралы түсінігін қалыптастырамыз. 

Алғашқы қауымнан бастап, бала тәрбиесіне ерекше әсер ететін ертегілерді ойлап шығарған адамзат 

тарихында  ертегілердің  тәрбиелік  мәні  зор.  Қазақ  ертегілері  сан  алуан.  Оларды:  хайуанаттар  туралы 

ертегілер, қиял-ғажайып ертегілері, тұрмыс-салтқа байланысты ертегілер, күлдіргі ертегілер деп бірнеше 

топқа бөлуге болады. 

Хайуанаттар  туралы  ертегілер  көне  заманда  елдің  және  аңдардың,  малдың  киесі  бар  деген  сенім 

қалыптасқан  кезде  пайда  болған,  ол  дами  келе  тыңдаушыны  қуантатын,  көңілдендіретін  ертегілермен 

толысты.  Қазіргі  хайуанаттар  туралы  ертегілерде  ғарышқа  ұшып  жүрген  хайуанаттар  мен  төрт-түлікті 

көреміз. 

Ертегілердің  ішіндегі  баланың  қиялын  шарықтатып,  балалық  шақтың  болашағын  елестетіп, 

келешекке сеніммен қарауға тәрбиелейтін ең әсерлі ертегілер – қиял-ғажайып ертегілері. Ертеде «Ұшқыш 

кілем»,  ойлап  шығарған  халық  енді  «Зымыранның»  өмірде  бар  екенін  тілге  тиек  етіп,  жұлдыздар  мен 

ғаламшарларды  еркін  аралайтын  алыптар  туралы  ертегілер  шығарды.  Мұндай  ертегілердің  көпшілігі 

ғылым  болжамдарына  сәйкестендіріліп  шығарылды.  Сондықтан  оларды  ғылыми-фантастикалық 

ертегілер деп жүрміз. 

Тұрмыс-салтқа  байланысты  ертегілер  халықтың  тарихи  талаптарына  байланысты  туған.  Онда  бай 

баласы  мен  жарлы  баласының  таптық  айырмашылықтары  сөз  болады,  ақылды  кедей  мен  сараң  бай, 

қанағатсыз саудагер, ақымақ хан мен данышпан шаруаның іс-әрекеттері, мінез-құлықтары суреттеледі. 

Батырлық ертегілерде елін қорғап, халқын қадірлегенердердің таңғажайып іс-әрекеттері баяндалады 

(«Күн астындағы Күнекей», «Ер Төстік», «Керқұла атты Кендібай», т.б.) олардың ерліктері мен еңбектері, 

адамгершілік  іс-әрекеттері  кейінгі ұрпаққа үлгі-өнеге  етіп айтылады. Көбінесе, қиял-ғажайып ертегілер 

мен  батырлық  ертегілер  бір-бірімен  сабақтас.  Сондықтан  көп  батырлық  ертегілерді  әрі  қиял  ғажайып 

ертегілер деуге болады. 

Аңыз  ертегілер,  негізінен,  Алдар  көсе  мен  Жиренше  шешеннің,  Қожанасырдың  есімдерімен 

байланысты. Ондағы кейіпкерлер  сараң бай, зұлым хан, қаніпезер  уәзір, қуақы құл,  еріксіз қыз,  еңіреп 

туған ер азамат болып келді. Онда зұлымдықты тапқырлық жеңіп отырды. 

Аңыз-әңгімелер келешек ұрпақтың наным-сенімін, арман қиялын арттырады. Онда, көбінесе өмірде 

болған  нақты  оқиғалар  алынады  да,  оған  қызық-ғажайып  сюжеттер  қосылып,  тыңдаушыны  баурап 

алатындай әңгіме жүйесі ерекше әсерлі құрылады [3]. 

Халық  педагогикасы  –  тәрбие  құралы.  Әуелі  жеке  дарындардың  ауыздарынан  шығып,  кейін  оны 

халық  қалап,  қастерлеп,  жаттап,  жадында  қалдырып,  ғасырлар  бойы  өңдеп,  өркендетіп,  қадірлеп 

қалыптастырып, асылым деп ақыл-санасына сіңірген халық мұрасы – мәдениетіміздің ең құнды қазына-

сы. Ол – ұрпақ тәрбиесінің күн сәулесіндей әсерлі нұрымен от алатын ой тамызығы болып, жанды жалын-

дататын,  қиялды қияндататын, ақыл-сананың айшықты көріністерін бейнелейтін қасиетті, киелі мұра [4]. 

Қазіргі таңда жастардың бойында ақыл-ой тәрбиесін қалыптастыру барысында халық педагогикасын 

пайдалану алға қойылып  отыр. Бастауыш сыныптан бастап «Ана тілі»  сабақтарында балалар мәні  мол 

ертегілер  мен  ғасырдан  ғасырға  мұра  боп  жеткен  аңыздар  арқылы  халық  мұрасымен  таныстығын 

бастайды. 

Жалпы білім беретін мектептің 2-сыныбына арналған ана тілі оқулығын қарастырар болсам, баланың 

қызығушылығын арттырар  ертегілер мен аңыз-әңгімелерге толы. Мысалы,  «Атадан қалған асыл мұра» 

бөлімінде баланың ақыл-ойын ширатып, адамгершілік қасиеттің негізін қалыптастырар бірқатар ертегілер 

бар.  «Аңқау  арыстан»,  «Байлық  пен  ақыл»,  «Қасқыр  мен  түлкі»,  «Сақина»,  «Шибұт,  Қылмойын, 

Қарынбас»  деген  секілді  ертегілер  арқылы  бала  бойындағы  ақыл  ой  тәрбиесінің  іргетасын  қалаймыз. 

Осынау  ертегі  сынды  халық  құралдарымен  баланы  логикалық  ғажайыпқа  сенуге,  келешекке  үмітпен 

қарауға,  қиын  жағдайдың  қиыстырып  шешімін  таба  білуге  үйретеміз.  Қорытындылай  келе,  ғасырдан-

ғасырға  жеткен  ата-баба  мұрасы  арқылы  баланы  жүйелі  ойлауға  үйретіп,  дұрыс  шешім  қабылдауға 

бағыттаймыз. 

Сонымен  қатар  аталған  бөлімде  төрт  түлік  туралы  жырлар  мен  бірқатар  аңыздардың  мазмұнымен 

танысып,  өтірік  өлеңді  талдай  аламыз.  «Қой»,  «Торы  құлан»,  «Сиыр»,  «Түйе»,  «Төрт  түліктің  кеңесі»  




375 

деген шағын өлеңдер арқылы балаға жан-жануарға деген сүйіспеншілік, қамқорлық қасиетін дарытамыз. 

Қазақ халқының өміріндегі төрт түліктің алар орнын түсіндіріп, бабалар салтын сақтауға дәріптейміз. Ал, 

өтірік өлең арқылы баланы ұшқыр ойлауға үйретіп, ақыл-ойын дамыта аламыз[5].   

Қорыта айтқанда, ақыл-ой тәрбиесінде  халқымыздың салт-дәстүрлері мен құралдарын пайдаланудың 

маңызы зор.  Ақыл-ой тәрбиесі  білім беру процесінің бұлжымас  бөлігі, тәрбиенің басты бағыттарының 

бірі болып табылады. Ақыл-ой тәрбиесінде халық дәстүрлері мен құралдарын пайдалану, бала бойындағы 

патриоттық, елжандылық қасиеттің қасиеттің іргетасын қалыптастыруда маңызы зор.  

Қазақ халқының елжандылығын, батырлығын, даналығын, қиындыққа мойымай тұра алар қасиетін 

айқындайтын халық мұрасын бүлдіршіндер бойына сіңіру арқылы Абай аңсаған «толық адам» бейнесін 

қалыптастыруға дол ашамыз. Ұрпақтар мұрасының дәмін жас бүлдіршін бойына себе отырып, оған елінің 

сан  түрлі  салт-жоралғыларымен,  басынан  кешкен  келсап-қиындықтарымен  таныстырып,  еліне  деген 

жанашырлыққа тәрбиелейміз. 

Ақыл-ой тәрбиесі арқылы бала тапқырлыққа, логикалық ұшқыр ойға, жеке пікірге ие болатын болса, 

оған халық педагогикасының элементтерін қоса отырып баланы даналыққа, терең мағыналы ойлар айтуға 

баулимыз. 

Қазіргі  жеткіншектерімізді  өзге  елдің  емес,  өз  елінің  мәдениеті,  өнері,  дәстүрі  этнопедагогика 

элементтерін  пайдалана  отырып,  «сегіз  қырлы,  бір  сырлы»,  ары  таза,  өнегелі-өнерлі,  сауатты  етіп 

тәрбиелеу - әр ұстаздың қасиетті парызы. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   480   481   482   483   484   485   486   487   ...   548




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет