Тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет486/548
Дата07.01.2022
өлшемі7,82 Mb.
#20554
1   ...   482   483   484   485   486   487   488   489   ...   548
Байланысты:
2

 

Аннотация: 

В  статье  рассматриваются  эффективные  способы  развития  коммуникативной 

компетентности ученика в общении.  

Ключевые слова:  

компетентность, процесс общения, ученик, общение 



 

Annotation: 

The article discusses effective ways of developing a student's communicative competence in 

communication.  

Keywords: 

competence, communication process, student, communication. 

 

 

Коммуникативтік  құзыреттілік  бірқатар  маңызды  міндеттерді  шешумен  қатар  өнімді  өзара  іс-



қимылды,  оның  ішінде  басқа  да  көзқарас  пен  бағыттарды  ұстанатын  басқа  ұлт  өкілдерімен  қарым-

қатынас диалогына түсе отырып, жанжалдық ахуалды шешуді жүзеге асыруға және жалпы нәтижеге қол 

жеткізу үшін түрлі позициядағы адамдармен топта қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік береді. 

Білім беру нәтижелері ретіндегі құзыреттіліктер: 

• 

проблеманың шешімін табу құзыреттілігі (өзіндік менеджмент); 



• 

ақпараттық құзыреттілік; 

• 

коммуникативтік құзыреттілік деп белгіленді. 



Оқушы  оқу  субъектісі  болғандықтан,  педагог  тек  ойлау  үрдісін  басқаруды  емес,  сонымен  бірге 

оқушының  қарым-қатынас  үрдісіндегі  коммуникативтік  құзыреттілігін  дамытудың  тиімді  жолдарын 




376 

қарастырған жөн. Қарым-қатынас дегеніміз – қарапайым да күрделі проблема. Жаңа инновациялық ойлар 

уақытында қарым-қатынасты «коммуникация», «коммуникативті тұлға», «коммуникациялық жүйе» және 

т.б. терминдер өте көп қолданылып жүр.  Күнделікті тұрмыста осы қатынастарсыз өмір сүру мүмкін емес 

екені баршаға мәлім. Адамдар өзара қарым-қатынас жасау нәтижесінде болмыс пен оқиғалар туралы жаңа 

мағлұматтарды меңгереді, білімін өсіреді, өздерінің әлеуметтік-тарихи тәжірибелерін дамытады. Қатынас 

жасаудың  түрлері  қандай?  Адамның  қарым-қатынасында  субъектіні  (сөйлеуші  адам)  және  объектіні 

(басқа адамдар) ажыратып қараймыз. Қатынас әрекетіндегі объект – өзге адамдар және олардың санасы 

мен ниет-тілектері, сезім күйлері мен эмоциясы. Қатынас жасаудағы негізгі әрекет түрлері ең алдымен, 

білімдік маңызы бар жаңа хабарларды алмасу болса, екіншіден, сол қарым-қатынас жасау нәтижесінде 

адамдардың  ниет-тілектерінің  бағалы  болуы,  үшіншіден,  белгілі  іс-әрекеттер  жасауға  түрткі  болатын 

себептер.  Қарым-қатынас  жасауда  бұл  жайттардың  бәрі  психологиялық  жағынан  түрліше  мазмұнда 

болуы мүмкін. Мұғалім мен оқушы – әртүрлі екі субъект. Мәселенің негізгісі осы әр түрлі рухани дүниені 

бірлестіру.  Педагогикалық  тұрғыдан  қарағанда,  тәрбиеленушіге  нәтижелі  ықпал  ету  үшін  тәрбиелену-

шінің  мұғалімді  қабылдауы  ғана  емес,  керісінше,  мұғалімнің  де  тәрбиеленушіні  қабылдауы  қажет. 

Педагог міндетті түрде ықпал ету объектісін ғана көріп қоймай, жасалған ықпалдың нәтижесін де көруі 

керек.  Мұғалім  көп  жағдайда  өзінің  сәтті  ұйымдастырылған  іс-әрекеттерінің  тәрбиеленушіге   жақсы 

ықпал ететініне сөзсіз сенеді. Алайда баланың бағынуы, баланың келісімі, эмоциялы іс-әрекеті міндетті 

түрде ескерілуі керек. Мұғалім үшін кері байланысты түсініп, қабылдау да өте маңызды. Педагогикалық 

қарым-қатынас – мұғалім мен оқушының рухани баюы. Бұл нәтижеге тек қана мұғалім оқушыға өзінің 

дәрежесіндей тең қарағанда ғана жетуге болады. Бұл қарым қатынас: 

• 

біріншіден,  мұғалім  оқушының  рухани  дүниесіне  үлкен  құрметпен  қарап,  оның  еркіндігін 



мойындап, оның келісу-келіспеу құқына және іс-әрекетті таңдау құқына ие екендігін танытуы; 

• 

екіншіден, оқушының дүниеге деген көзқарасын түсініп, оның қайғысы мен қуанышына ортақтасу; 



• 

үшіншіден, оның өзіне тән жеке қасиеттері мен ерекшеліктерін қабылдай білу. 

Қарым-қатынас  басқа  біреудің  жан  дүниесіне,  «мен»  ұғымына  ену.  Бұл  оңай  емес,  өйткені,  өзіне 

ұқсамайтын  басқаның  жан  дүниесіне  ену  үшін  психологиялық  дайындық  қажет.  Сондықтан  қарым-

қатынасты ұйымдастыруда субъектінің психологиялық жағдайын ескеру өте маңызды болып табылады. 

Өйткені,   субъектілердің  кез  келген  қарым-қатынасы  психологиялық   кеңістікте  өзгеріс  туғызады.  Кез 

келген ересек адам баламен қарым-қатынаста оның психологиялық ерекшелігін ескеріп, оған уақыт беруі 

керек.  Қарым-қатынас көлденең жазықтықта (мұғалім мен оқушы бірдей) және тік жазықтықта (мұғалім 

оқушыдан биік) болады. Көлденең қарым-қатынас жемісті, ал тік қарым-қатынас үнемі оқушыны қарама-

қарсылыққа итермелейді. Көлденең қарым-қатынасқа жету үшін біріншіден, оқушыны ойша қатар қою, 

екіншіден, оқушыға жоғарыдан төмен қарамауға дағдылану қажет. Біріншіні іске асыру жеңіл, ал екіншісі 

ыңғайсыз, өйткені мұғалімдер оқушыларды бақылау үшін орындарынан тұрып қарым-қатынас жасайды. 

Бірақ,  ересектер  көлденең  қарым-қатынастың  аса  қажет  екенін  іштей  сезеді,  олар  баламен  еңкейіп 

сөйлеседі, олармен қатарласып отырады, алдына отырғызады. 

Сырттай қарағанда қарым-қатынас деңгейіне ешкім көңіл аудара қоймағандай болып көрінуі мүмкін. 

Сөйтсе де, екінші адамның өзіне деген қарым-қатынасын бірден сезесің және қабылдайсың, ал егер оны 

тануда  қателессең,  қарым-қатынас  күрделене  түседі  немесе  оның  бұзылуына  әкеп  соғады.  Қарым-

қатынаста  арақашықтықты  сезу  қиын  емес.  Бұл  үшін  сөйлесіп  отырған  адамдарды  бақылап  отырып, 

олардың  бір-біріне  деген  көзқарасын  аңғаруға  болады.  Арақашықтық  –  өзгермелі  құбылыс,  ол 

оқушылардың  жасының  өзгеруіне  қарай  жылжымалы  болады.  Мұғалім  оқушы  бойында  қазіргі  заман 

мәдениетіне  сай  мінез  қалыптасуына  жауапты.  Беделділік  және  өзіне  деген  сенімділік  оқушыда  және 

мұғалімде міндетті түрде болуы керек. Басқаны тыңдай білу, оны құрметтей білуді де оқушы мұғалімнен 

үйренеді.  Оқушыға  деген  мұғалімнің  табиғилық,  шынайылық  және  әдептілік  қарым-қатынасы  оның 

тарапынан да осындай  іс-әрекеттердің пайда болуына әсер  етеді. Тіпті  мұғалім әзіл айтса да басқаның 

көңіліне  келмеу  жағын  ойластырады.  Басқа  адамның  тілінде  сөйлей  білу  де  мұғалімге  қатысты,  ол 

оқушының  деңгейіне  түсіп  қана  қоймай,  оны  өзінің  деңгейіне  дейін  көтеруі  тиіс.  Жас  өспірімнің 

жаргондық  тіліне  еріп,  оны  жоғары  стилистикалық  деңгейге  көтере  алмаған  ұстаз  –  нашар  ұстаз. 

Психолог  С.Л.  Рубинштейн  былай  деп  жазды:«Менің  басқа  адамға  қарым-қатынасым  –  оны  жаман 

қылықтардан  аулақтатып,  жаман  қылықтарының  түп  тамырын  шабу».  Оқушының  жаман  ойларын 

тоқтату  қолға  тез  алынуы  керек,  оқушы  жамандықты  ойлап  үлгермеуі  керек.  Өкінішке  орай,  қазіргі 

мектеп  мұғаліміне  оқушылармен  қатал  қарым-қатынас  жасау  тән,  оның  өзін-өзі  ұстауы  нашар,  өзінің 

және  басқаның  іс-әрекетіне  талдау  жасамайды,  ол  оқушылардың  сөз  астарын  түсінбейді,  оқушыларға 

жағымды  әрекет  етудің  амалдарын  қарастырмайды,  сәтсіздікте  оқушыларды  кінәлауға  дайын  тұрады. 

Мұндай қарым-қатынас мұғалім мен оқушының арасында түсініспеушіліктің, екі қарама-қарсы лагерьдің 

пайда  болуына  әкеп  соғады.  Бірақ  мынаны  да  ескеру  керек,   педагогикалық  әдебиеттерде,  жеке 

педагогикалық  тәжірибеде  сирек  кездесетін  жұмсақ  –  либеральды  стиль  ұсынылады,  мұнда  мұғалім 

баланың психологиясын ескеріп, өзінің әрекеттерін де баланың ыңғайына жығып отырады. Бұл стильдің 



377 

де  зияндылығы  жоғарыдағы  айтылғаннан  кем  емес,  өйткені  бұл  баланың  кездейсоқ  жағдайларға 

ұрынуына әкеп соғады. 

Психологиялық  тұрғыдан  қарағанда,  қарым-қатынасқа  түсуші  екінші  адамды  субъект  ретінде 

қабылдауы керек, яғни әңгімелесушіге өзінің қызығуын білдіруі қажет. Монологті қарым-қатынасқа жол 

бермеу  қажет.  Мұғалім  оқушымен  сөйлесіп  отырып,  «көлеңкеге»  кетіп  қалуға  қорықпауы  керек, 

керісінше, өзі көп тыңдап, аз сөйлеп, оқушыны жеңіл ғана сөзге үйіріп отыруы керек. Әр адамның өзіне 

ғана  тән  ішкі  жан  дүниесі,  дара  ерекшеліктері  бар  екенін  ұмытпаған  жөн.  Сондықтан  да  оның  жақсы 

қасиеттерін  мақтай  білу  де  педагогикалық  шеберлікті  талап  етеді.  Ал  егер  біреу  баланың  кемшілігіне 

көңіл аударса, сол  сәтте бірден  оған  оның жақсы қасиеттерін қарама-қарсы  қоя  білу  қажет.  Балаларға 

психологиялық  тұұрғыдан  қарап,  олардың  өмірлік  тәжірибелерінің  аздығын,  білім  дәрежелерінің  әлі 

жоғары  еместігін,  адамдарды  тануда  тәжірибесіздігін  ескерген  жөн.  Үлкендердің  жан  сарайларының 

кеңдігі  балалардың  қателіктерін  кешіре  білу,  тіпті  олардың  әдейі  істеген  қателіктерін,  тентектіктерін 

кешіре  білуден  байқалады.  Субъектіге   арналған   хабардың  құндылығы  да  психологиялық  тұрғыдан 

бағаланады.  Өйткені,  әңгімеші  –  ол  хабарлардың  шығар  көзі.  Мұны  білген  мұғалім  балаларды 

қызықтыратын хабарлар дайындайды, оның көлемі сөз емес, ең бастысы, ол жаңа  және қызықты хабар 

болғаны  жөн.  Қарым-қатынаста  субъект  белсенділікті  көп  көрсетсе,  бұл  өзі  үшін  қызық  та  пайдалы. 

Коммуникативтік құзыреттілікті жақсы игерген мұғалім  ешнәрсені назардан тыс қалдырмай, оқушыны 

білдірмей жетелейді, байқатпай бағыт-бағдар береді. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   482   483   484   485   486   487   488   489   ...   548




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет