Тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет502/548
Дата07.01.2022
өлшемі7,82 Mb.
#20554
1   ...   498   499   500   501   502   503   504   505   ...   548
Annotation:  This article is devoted to the study of the pragmatic function of texts of military-industrial 

newspapers and magazines.  The authors of the article disclose the propaganda and ideological function of 

newspaper texts, the power of their impact on readers, exactly, military personnel. The article also examines the 

role of evaluative and emotionally expressive components of newspaper vocabulary in speech. 

Keywords: language of the press, pragmatic aspect, social and industry function of the language, language 

effect, vocabulary assessment, ideological conviction of the language, propaganda function of the language. 

 

Әскери салалық баспасөз тілі туралы сөз ету әртүрлі өзектіліктен туындап отыр: біріншіден, бұрынғы 



кеңестік  әскердегі  әскери  қызметшілерге  әскери-кәсіби,  әскери-патриоттық,  саяси-идеологиялық, 

құқықтық, мәдени-ағартушылық  тәрбие беруде  әскери баспасөздің ролі  ерекше  болған. Өкінішке  орай, 

соңғы  кездері  әскери  бөлімдердің  күнделікті  тәрбие  үдерісінде  ақпараттық  құралдарды,  оның  ішінде 

газет-журналдарды ұдайы қолданып, олар арқылы әскери педагогке ең қажетті тәрбие ісі – үгіт-насихат 

жұмыстарын жүргізу, сарбаздарды идеологиялық сендіре білу деген мәселелер кенжелеп қалды. 

Еліміздің  қорғаны  болар  әскери  қызметшілерді  өз  Отанына  шексіз  қызмет  етуге,  тәуелсіз 

мемлекетіміздің  шекарасын  қырағылықпен  қорғауға  тәрбиелеуде,  өз  қызметін  мүлтіксіз  атқаруға 

жұмылдыруда  әскери  бағыттағы  газет-журналдар  тілінің  насихаттау,  әсер  ету,  сендіру  күші  мен 

патриоттық рух беру қызметін ашып көрсету бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі деуге болады. 

Тілді адам әрекетіне орай зерттеп қарастыру қазақ тіл білімі мен оқыту әдістемесінде өткен ғасырдың 

аяғында  бастау  алды.  Әлемдік  лингвистикадағы  тілдің  қарым-қатынастық  табиғатына  арналған  іргелі 

еңбектерде  айтылған  ғылыми  көзқарастар  қазақ  тіл  біліміндегі  ғалымдардың  да  назарларын  аудартты. 

Көрнекті  ғалым,  профессор  Ф.Ш.Оразбаева  ұстазымыздың  тілдің  қатысымдық  қызметін  арнайы 

қарастырған ғылыми еңбегі – «Тілдік қатынас пен қатысым әдісінің теориялық негіздері» атты докторлық 

диссертациясының  қазақ  тілін  жаңаша  зерттеу  мен  жаңа  үлгідегі  оқыту  әдістемесін  қалыптастыруда 

маңызы  зор  болды.  Ғалым-ұстаздың  тілді  адамдар  арасындағы  қарым-қатынастың  кең  көлемде 

қолданылатын  күрделі  құралы  ретінде  қарастыратын  түрлі  пікірлері  тілдің  қоғамдық-әлеуметтік 

қызметіне назар аудару керектігін аңғартады [1, 46]. Бұл ғылыми пікір көптеген жас тілшілер мен әдіскер 

ғалымдарға  тіл  қойнауында  жатқан  қазынаны  ақтаруға  жол  сілтеді.  Тілдік  қатынастағы  қатысымдық 

бірліктердің  ғалым  атап  көрсеткендей  қоғамдық-әлеуметтік  қызметі  оны  прагматикалық  аспектіде 

қарастыруда ашыла түседі. 

Прагматика – нақтылы қолданыстағы тілдік тұлғаларды адамдық факторлар негізінде зерттейтін тіл 

біліміндегі  жаңа  бағыт.  Тілдің  қатысымдық-прагматикалық  қызметін  зерттеуде  тілді  қолданушының 

қатысымдық мақсатқа жету, тыңдаушысына не оқырманына әсер етіп, белгілі бір әрекетке жұмылдыру 

үшін ұйымдастыратын тілдік тактикалары, тілдік тұлғаларды қолдануға негіз  болатын нақтылы сөйлеу 

жағдаяты,  сөйлеушінің  баяндап  отырған  жағдайға  не  оқиғаға  субъективтік  қатынасы  сияқты 

экстралингвистикалық факторлар ескеріледі. 



390 

Қазақ  тіліндегі  газет  тілі  туралы  С.Исаев,  Б.Әбілқасымов,  Б.Момынова  сияқты  бірнеше  тілші 

ғалымдар зерттеп  қарастырған. Соңғы кездері мақсатты стиль  ішінде баспасөз стилінің прагматикалық 

табиғаты жайлы А.Алдашева, Ф.Жақсыбаева, Қ.Есенова, т.б ғалымдар қарастырған. Олар еңбектерінде 

қоғамдық-саяси  және  көпшілік  газет  жанрларын  коммуникативтік-прагматикалық  негізде  зерттеудің 

маңыздылығын,  коммуникативтік  мақсаттан  туындайтын  тілдік  тактикаларды,  газет  мәтініндегі 

прагматикалық қызмет атқаратын тілдік құралдарды талдап, газет мәтіні, тақырып атының прагматика-

лық қызметін және тағы да басқа баспасөз тілінің өзекті мәселелерін зерделеген. 

Ал тар кәсіптік саланы қамтитын, оның ішінде әскери салада жарияланатын баспасөз тілі осы аталған 

және басқа да прагматикалық қызмет аясында  әлі  де болса қарастырылмай жатыр. Сондықтан әскери-

кәсіби бағытта шығарылып жүрген газет-журналдар тілінің өздеріне ғана тән қатысымдық және кәсіби 

қызметін айқындау үшін прагматикалық тұрғыда қарастыруды мақсат  етіп отырмыз. Зерттеудің  дәйек-

көздері “Қазақстан сарбаздары”, “Отан сақшысы” газеттері мен “Шекарашы” журналдарынан алынды. 

Газет  мәтінінің  ең  негізгі  прагматикалық  қызметтерінің  бірі  –  оқырманында  қандай  да  бір 

идеологиялық көзқарасты қалыптастыру. Осы тұрғыда ғалым Ф. Жақсыбаева былай деп тұжырымдайды: 

«Ақпаратты  жеткізуші  кәсіби  коммуникатор  –  журналист  пен  оқырманның  арасында  тек  ақпаратты 

қабылдап қана қоймай, белгілі бір ортақ идеологиялық көзқарас бірлігі қалыптасуы мүмкін. Сондықтан 

газеттік  публицистикалық  стильде  ақпарат  жай  жеткізіле  салмай,  оқырман  сана-сезіміне  нақтылы 

идеологиялық  мақсатқа  сай  әсер  ете  отырып,  аудиторияның  ақпаратты  «өзінікі»  ретінде  қабылдауға 

жағдай  тудырып,  ықпал  етеді»  [2,  14].  Газет  мақаласында  айтылған  ақпаратты  оқырманның  «өзінікі» 

ретінде қабылдауы үшін автор адресат факторын есепке алуға міндетті. Аудиторияның мәтінді барынша 

дұрыс  түсінуі  үшін  адресант  ақпаратты  жеткізу  барысында  оқырман  қауымының  қажеттілігін,  мүдде-

лерін,  білім  деңгейін,  әлеуметтік  ұстанымдарын  ескереді  [3,  10].  Сөйлеушінің  адресатқа  бағытталған 

әрекеті  газет  дискурсының  ең  кіші  бөлшегі  –  газет  лексикасынан  бастап,  олардың  арасындағы  тұтас 

семантикалық-синтаксистік  құрылымдық  қатынастарынан  көрінеді.  Әскери  –  кәсіби  саладағы  газет 

оқырмандары  –  әскери  қызметшілер.  Сондықтан  газеттің  тұтас  мазмұндық  құрылымы  мен  көтерілетін 

тақырыптары адресат болып саналатын әскерилердің кәсіби-қызметтік қажеттілігіне, қызығушылығына 

түгелдей, тіпті кәсіби құндылықтарына бағытталып таңдалады. Жеке  құрамды  әскери рухта тәрбиелеу, 

оларды  кәсіби  даярлау  және  идеялық  жағынан  шыңдау  үшін  идеологиялық  жұмыстардың  маңызы  өте 

зор.  Әскери  педагог  ғалымдар  жеке  құрамға  идеологиялық  үгіт-насихатты  әскери  тақырыптардағы 

басылымдар  арқылы  жүргізуді  тиімді  әдістер  қатарына  жатқызады.  Әскери  саладағы  газет  тілінің 

прагматикасын  қарастырғанда  ең  алдымен  нақтылы  қатысымдық  жағдайларда  қандай  тілдік  мақсат 

басым  тұратынын  арнайы  қарастыру  керектігі  байқалады.  Басқа  да  баспасөз  түрлері  сияқты  әскери 

саладағы  газет  мақалаларының  авторлары  оқырмандарының  сана-сезіміне  идеологиялық  әсер  ету 

мақсатын  көздейді.  Әскери  баспасөз  мәтіндерінің  тақырыптық  мазмұны  осы  саладағы  көпшілікке 

төмендегідей іс-қимылдарға жұмылдырып, идеологиялық әсер ету жүгін арқалайды: 

-  қазақстандық саяси идеологияны, ұлтаралық татулықты дәріптеу; әскери қауіпсіздікті қамтамасыз 

ету міндетін сезіндіру; 

-  кәсіби  ақпараттандыру;  жауынгерлік  рухты  көтеру,  жауынгерлік  қырағылық,  кәсіби  шеберлікті 

арттыруға жұмылдыру; 

-  әскери  тәртіпті  қатаң  сақтауды  насихаттау;  жауынгерлік  жолдастықты,  әскери  бауырластық  пен 

ұжымның ынтымақтастығын дәріптеу; 

-  озат әскери қызметшілерден өнеге алуға шақыру және тағы басқалар. 

Зерттеліп  отырған  басылымдар  республикадағы  жалпыұлттық-саяси  немесе  оппозициялық 

бағыттағы  емес,  салалық  газеттер  болғандықтан,  оларда  республикалық  басылымдардағыдай  қазіргі 

қоғамның  күрделі  мәселелері  өткір  айтылып,  өзекті  тақырып  етіп  көтерілмейді.  Бұл  газеттердің  өз 

ұстанған  бағыты  мен  мақсатына,  әскери-кәсіби  контексіне  орай  ерекшеленетін  құрылымы  мен  маз-

мұндық-прагматикалық жүгі бар. Аталған газет мәтіндерінің прагматикалық аспектісі тілдік тұлғалардың 

мақсатты  жұмсалымына  ғана  емес,  ең  алдымен  ондағы  әртүрлі  айдарлар  мен  тақырыпаттардың 

прагматикалық көтерер жүгіне назар аудару керектігін талап етеді. Мысалы, «Отан сақшысы» газетінде 

мақалалар көбінесе «Тосқауыл», «Шекара тынысы», «Құрмет тақтасы», «Адам және заң», «Шекара шебін 

бұзғандар»  деген  айдарлармен  топтастырылып  жарық  көреді.  Осылардың  кейбіреулеріне  арнайы 

тоқталсақ,  тосқауыл  сөзі  газет  айдарының  аты  болған  нақтылы  қолданыстық  жағдаятта  оның  кедергі 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   498   499   500   501   502   503   504   505   ...   548




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет