шебінің бұзылуына жол бермейтіндігі дәріптелетін жағымды мәндегі бағалауыштық реңк үстемеленіп,
прагматикалық жүк арқалап қолданылып тұр. Газет мәтініндегі айдар тақырыбы осы мағынасында
оқырманына тілдік әсер ету арқылы жоғарыда айтылып кеткендей, жауынгерлік қырағылыққа, кәсіби
шеберлікке қызығушылықты арттыру сияқты прагматикалық түпкі мақсатқа қол жеткізеді.
Тілдік әсер дегеніміз – сөйлеушінің адресат психикасының зияткерлік және эмоционалдық жағына
белгілі бір тілдік тұлғалар мен тәсілдер арқылы әсер ете білуі. Мақала мәтініндегі объективті шындық
391
автордың түрлі сезім қырларынан өтеді. Қоғамда тілдік қатынасқа түсіп, ол оқырмандарына өзінің айтпақ
ойын түйсініп, сезінгенін барынша дәл жеткізуге тырысады. «Автор қандай да бір мақаланы жазуына
себеп болған түп мақсатын адресатқа барынша терең, жан-жақты жеткізу үшін аудиторияны белгілі бір
эмоциональдық күйге түсіруді көздейді» [3, 25]. Мақала мәтінінде автордың түрлі сезімі, бағасы
эксплицитті және имплицитті жолмен айқын көрінсе ғана, өз оқырманына белгілі бір дәрежеде әсер етіп,
эмоциясына қозғау салары сөзсіз. Өзіндік айтары жоқ газет мақаласы оқырман қауымының
қызығушылығын оята алмайды. Сөйлеушінің «Мені» оның бағалауымен тығыз байланысты болады.
Бағалау сөйлеушінің айтылатын ойға деген оң немесе теріс бағасын, субъект ретіндегі шындыққа
көзқарасын білдіреді. Сондықтан бағалауда ғалым В.Вольф атап көрсеткендей, «субъективтік фактор» аса
ескеріледі. Автор жазып отырған мақаласында құбылысты не бір оқиғаны жай ғана емес, оған өзіндік
бағасын бере отырып баяндайды. Дәл осы жерде оның азаматтық позициясы, өмірлік ұстанымы мен
болмысты пайымдай білуі, таным-түсінігі байқалады. Бағалау мәні сөздердің мағыналық қабаттарынан,
тұтас сөйлем немесе дискурстың мазмұндық компоненттерінен анықталады және қандай да бір
қатысымдық-прагматикалық қызмет атқарады. Баспасөз мәтінінде бағалауыштық лексиканың,
эмоциональды-экспрессивті реңктегі сөздердің қолданылуы оқырманға ерекше әсер қалдырып,
мақаланың идеологиялық пәрменділігін арттыра түседі.
Қазақ тіл білімінде газет тілін зерттеген ғалым Б.Момынова газет лексикасын қоғамдық-саяси,
бағалауыштық және бейтарап етіп жүйелей отырып, оның ішіндегі баға бере айтылатын сөздерде
субъектінің әлеуметтік белгілерінің нышандары, яғни бағалаудың әлеуметтілігі болатынын баса айтады
[4, 34]. Ғалымның осы пікіріне сүйенетін болсақ, әскери саладағы жарияланым адресатының әлеуметтік
тобы айқын, олар әлеуметтану ғылымының терминімен айтқанда өз алдына жеке бір әлеуметтік топты
құрайтын индивидтер – әскери қызметшілер. Өз алдына ерекше әлеуметтік топ ретінде әскери
қызметшілердің өмір сүру, қызмет ету және тұрмыстық жағдайларының, әлеуметтік мінез-құлқы мен
құндылық бағыт-бағдарларының және ойлау тәсілдерінің өзіндік ерекшелігі бар. Бұл құбылыстардың
әскери қызметшілердің тұлғалық ерекшеліктеріндегі алар орнын әлеуметтанушы ғалымдар жан-жақты
зерттеп, дәлелдеген [5, 42]. Мақала мәтініндегі сөздер мен сөйлемдердің мағыналық қабаттарындағы баға
негіздемесі осы аталған шағын әлеуметтік топтың даралық құндылық белгілеріне негізделе отырып
беріледі. Егер жалпыұлттық газеттердегі лексикада ұлттық таным-түсінік негізіндегі қоғамның барлық
өкілдеріне ортақ тұтас бір баға көрінсе, әскери саладағы газет лексикасының семантикасында бағалауға
негіз болатын әлеуметтік құндылық белгілері, мысалы, Отан алдындағы борышын өтеу, әскери антқа
адалдық, өз қызметтік міндеттерін адал атқару, жарғылық қарым-қатынасты қатаң сақтау, өз Отанын
қасық қаны қалғанша қорғау, шекара шебін қырағылықпен қорғау, жауынгерлік жолдастық сияқты тілден
тыс факторлардан құралады. Сөзімізге дәлел ретінде мысалдар келтірер болсақ, «..... Сонымен қатар
әскери және спорттық дайындықтарын да сүзгіден өткізу жоспарда. Ондағы бар мақсат – шеберлігі
Достарыңызбен бөлісу: