, sөyle-). Consideration of systemic relations in the vocabulary of the Kazakh language is more
appropriate to begin with a verb, which is due to its significance, complexity, central role in the text. In this case,
the study of LSH speaking, mental activity, feelings related to the verbs of human mental activity, the denotative
39
space of which is defined as anthropodynamics, is especially significant. The results of the analysis of these verbs
are presented and a semantic classification of Kazakh speech verbs is given.
Keywords: Verb, verbs of speech, semantic groups, semantics, seme, semantic field.
Функциональды лингвистиканың қарыштап дамуына байланысты сөйлеу етістіктерінің қызметін
оқып-үйренуге деген қызығушылық артып отыр. Сөйлеу етістіктері зерттеушілер тарапынан етістіктер
семантикасының жалпы жүйесіндегі маңызды желі ретінде танылып келеді. Лексика-семантикалық топ
деп екі не бірнеше сөздердің лексикалық мағынасына қарай бірігуін айтылады. Түркітануда қарастырыл-
ған лексика-семантикалық топ туралы пікірлер қазақ тіл біліміндегі айтылып жүрген пікірлермен сәйкес.
Мұның себебі, түркі тілдерінде де тілдік бірлік семантикасының толық зерттелмеуі, лексика-семантика-
лық топтарға сөздерді топтастыру принциптерінің әсіресе етістікке байланысты толық көрініс таппауы.
Қазақ тілі біліміндегі етістікті сөзжасамның зерттелуі А.Байтұрсынұлы, Қ.Қ. Жұбанов еңбектерінен
бастау алады. Түркітануда етістікке қатысты пікір айтқан және арнайы зерттеу нысаны еткен еңбектерде
етістік және күрделі етістіктің құрылымдық және жасалу тәсіліне қатысты сөз болды. Етістікке қатысты
арнайы зерттеулер мен талдаулар жасаған Н.К. Дмитриев, А.Н. Кононов, Н.А. Баскаков, А.А. Юлдашев,
Д.Г. Тумашева, М.Зайлуллин т.б. қазақ тіл білімінде етістіктің лексика-семантикалық топтары жайында
Н.Т. Сауранбаев, Ы.Е. Маманов. А.С.Аманжолов, А.Ысқақов, А.Қалыбаева, Н.Оралбай, М.Оразов,
Б.Қасым, Қ.Қасабек т.б. ғалымдардың еңбектерінде жан-жақты қарастырылады.
Қазақ тілінде етістіктерді мағыналық жағынан топтастыруда түрліше көзқарастар бар. Мәселен,
«Қазіргі қазақ тілі» (1967) атты еңбекте етістіктер мағынасына қарай төмендегідей жеті топқа жіктелген:
1. Қимыл-әрекет мәнді етістіктер (қаз, байла, ақта); 2. Қимыл объектісі белгісіз мәнді етістіктер (жүгір,
жығыл, қозғал); 3. Қалып-күйі етістікттері(тыңда, аңда, жыла ); 4. Дерексіз мәнді етістіктер (ұйымдастыр,
құрастыр, баянда, көбейт); 5. Еліктеуіш мәнді етістіктер (қаңқылда, гүрілде, шырылда); 6. Қалыптасу
мәнді етістіктер (қоздады, боталады, өс, үлкею); 7. Көмекшілік қызмет мәніндегі етістіктер(еді, емес, де,
деп) т.б. [1]. Ы.Е. Маманов: «етістіктерді мағыналық ерекшеліктеріне қарай топтастырып бөлу өте қиын,
тіптен мүмкін де емес, дегенмен оларды мағынасы жағынан басты ерекшеліктеріне қарай мынадай бір-
неше топқа бөлуге болады» деп 8 топқа бөлген: 1) Іс-әрекеттік қимылды білдіретін етістіктер:жазу, сызу,
көтеру, шашу т.б; 2) Қозғалыс қимылын білдіретін етісіктер: еңбектену, домалау, қозғалу т.б.; 3) Қалып-
күй процесін білдіретін етістіктер: ауыру, ұйықтау, тұру, тынығу т.б.; 4) Көңіл-күйін білдіретін етістік-
тер: қайғыру, ренжу, қызғану, ашулану т.б.; 5) Сапалық белгінің өзгеру процесін білдіретін етістіктер:
ұзару, қысқару, сарғаю, жұқару т.б.; 6) Еліктеу, бейнелеу етістіктері: жымыңдау, қылмыңдау, гүрсілдеу,
бұртию т.б.; 7) Туу, өсу қимылын білдіретін етістіктер: балалау, жұмыртқалау, күшіктеу, қоздау т.б.; 8)
Субъективтік реңді етістіктер. Бұлар сөйлеушінің қимылға субъективтік қозқарасын көрсетеді: азсыну,
Достарыңызбен бөлісу: