межеге сыйғызуға келетін сөздерді іс-әрекет, амал, қалып процесінің динамикасын білдіруі жағынан
төмендегіше бірнеше лексика-семантикалық топқа жіктеп көрсеткен. Олар: 1) объектімен тікелей бай-
ланысты іс-әрекетті білдіретін етістіктер; 2) субъекті қозғалысын, беталысын, бағытын білдіретін етістік-
тер; 3) субъектінің қалып, сапалық өзгеру процесімен байланысты айтылатын етістіктер; 4) бейнелеу
етістіктері; 5) ішкі объектілі салт етістіктер; 6) көмекші етістіктер [3]. Бұл топтастырулардың ішінде
көңіл-күй етістіктері ғалымдар Ы.Маманов, А.Османова т.б. ғалымдардың пікірлерінде жеке мағыналық
топ ретінде қарастырылады [2]. Етістіктердің лексика-грамматикалық топтары туралы еңбектердің
көпшілігінде көңіл-күй етістіктері қалып-сапа етістіктерінің құрамында қаралады. Көңіл-күй етістіктері-
нің семантикалық ерекшеліктеріне қарай мынадай кіші топтарға бөлуге болады: 1) Таңдану; 2) қуану,
шаттану; 3) қайғыру; 4) ренжу, қапа болу т.б. Бұл топқа жататын етістіктер адамның түрлі психологиялық
күйіне, атап айтқанда, оқиғаларды ойша білу, көру, есту, бір нәрсенің дәмін тату, сезу тәрізді көру, сезім
білімінде әлі де жан-жақты зерттеле қойған жоқ. Бұл орайда А.А. Юлдашевтің «Глаголы чувствительного
восприятия в тюркских языках» деген мақаласын атап көрсетуге болады, бірақ автор бұл лексика-
семантикалық топтың көлемін өте кең түсініп, эмоционалдық мәнді етістіктерді де (глаголы восприятия и
внутреннего переживания) қосып, үнді еуропа тіл біліміндегі дәстүрді қолдайды. А.А. Юлдашев барлық
көру, есту, таң қалу, ғашық болу, көңіл бөлу, ашулану» сияқты етістіктерді алып, оларды екі топқа бөліп
көрсетеді. Сезімді білдіретін етістіктер – мәндес етістіктердің ішіндегі ең кең мағыналық тобы [5]. Ондай
етістіктердің мағыналық қырлары контексте анық көрінеді. Мысалы: «тілеу-сұрау-өтіну» қатарындағы
40
етістіктер «тілеу, сұрау, өтіну, жалбарыну, жалыну» мағынасында жұмсалса, сол қатардың ішінен
«сұрау» сөзі тілеу, талап ету мағынасында қолданылады. Қазақ тіл білімінің ішіндегі өте көлемді саласы
болса, оның ішіндегі етістік өте күрделі және қиын бөлімге жатады [3, 3].
Сөйлеу етістіктерінің сөзжасамдық табиғатын, жасалу жолдарын қарастырған ғылыми еңбектер
талданып, маңызы анықталды. Сондай-ақ, Н.Сауранбаев, С.Аманжолов, АХасенова, Ы.Маманов,
Ә.Керімов, А.Ысқақов, А.Есенғұлов, Ә.Ибатов, Ғ.Айдаров зерттеулерінің сөзжасамға қатыстылығы
анықталып, бұл кезеңде, әсіресе синтетикалық сөзжасам тәсілінің ерекше зерттелгені аталып өтіледі.
Қазіргі қазақ тілінде сөзжасамның жеке сала ретінде танылуы 1984 жылғы Ғ.Қалиевтің «Сөз тудыру –
қазақ тілінің жеке саласы”, атты мақаласы мен «Қазақ говорларындағы диалектілік сөз тудыру» (1985)
атты монографиясынан басталады [6]. Мұнда бірінші рет сөзжасам саласының орны мен рөлі айқын-
далып, жеке сала ретінде зерттеу қажеттігі аталған. Сондай-ақ, Ә.Ибатов [7]. Н.Оралбаева, Е.Жанпейісов,
С.Қалыбаева, Қ.Есенов еңбектері сөзжасамның теориялық және практикалық маңызы мен мәнін
анықтауға үлес қосты. «Қазіргі казақ тілінің сөзжасам жүйесі» атты жинақ қазіргі қазақ тілінің сөзжасам
мәселелерін сөз таптары ыңғайында қарастырып, оның терминдерін негіздеді [8].
Сөйлеу етістіктері орыс тілі, түркі тілдерінде біршама жеткілікті зерттелген. Қазақ тілі білімінде
зерттелініп отырған мәселе кей ғалымдардың еңбегінде ғана аталып өткенімен, жеке тақырып ретінде
толық қарастырыла қойған жоқ. Осыған орай зерттеуде бұл мәселе түрлі көзқарастар тұрғысынан: тарихи
дамуы, мағынасы жағынан, басқа лексика-семантикалық топтармен салыстырылуы, етістіктер аясында-
ғы лексикалық көпқырлылығы; семантикалық құрылымы, тіркесімдік ерекшеліктері тұлғалық әр алуан-
дығы, өзіндік қолданысы жағынан қарастырылады. Ғ.Қалиев: «Семантика (грек. semantikos таңбалаушы,
білдіруші) – тіл және бірліктері (сөз, грамматикалық тұлға, сөз тіркесі, сөйлем) арқылы білдіретін хабар-
ды, заттар мен құбылыстардың мән-мазмұнын зерттейтін тіл білімінің саласы, семиотиканың негізгі
бөлімдерінің бірі» деп тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігінде анықтама береді [9, 278]. Ал, сема –
мағынаның әрі қарай бөлінбейтін ең кіші бірлігі. Сема белгіленетін заттардың, болмыс құбылыстарының
әр түрлі қырлары мен қасиеттерінің тілдегі қарапайым көрінісі. Қазақ тілі білімінде семантикалық
парадигма термині әртүрлі қолданылып келгенімен, оны семантикалық жүйеде алғаш зерттеу нысаны
тууралы М. Оразов: «Семантикалық парадигма дегенде біз белгілі бір топтағы сөздердің өзара мағыналық
жақындығымен, сәйкестігімен байланысты топтастырылып, араларындағы семантикалық байланысты
белгілеуді айтамыз» – дей келіп, автор парадигманың мағыналық ерекшеліктерін көрсетті [10,134-135].
Түркі тілдеріндегі, оның ішінде қазақ тіліндегі жалпы мағыналы сөйлеу етістіктері өз алдына үлкен
семантикалық топ құрайды. Олар дифференцияланған мағыналы жалпы сөйлеу етістіктерінен өзінің
модальды-бұйрықты, эмоциялы-экспрессивті бояуларымен ерекшеленеді. Жалпы мағыналы сөйлеу
етістіктері сөйлеу әрекетін ғана білдіріп қоймайды; сөйлеу объектілерін олардың айтылу тұлғасына назар
аудара отырып айтады.
Б.Қасым қазақ тіліндегі сөйлеу етістіктері ерекше семантикасымен, сөздердің лексика-семантикалық
жеке топтары жөнінде тұжырым жасауға мүмкіндік беретін бірқатар морфологиялық және функционал-
дық, белгілерімен сипатталатынын көрсетеді. Қазіргі таңда ана тілінің ішкі қоры есебінен және айтылу
процесіне тікілей қатысы бар сөзжасамдық тәсілдермен – лексикалық, семантикалық, морфологиялық
жолдармен сөйлеу етістіктері құрамының қарқынды түрде байып келе жатқаны байқалады [11].
Достарыңызбен бөлісу: