Тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет84/548
Дата07.01.2022
өлшемі7,82 Mb.
#20554
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   548
 

Аннотация

В  статье  рассматривается  сложное  синтаксическое  целое. Цепь  предложения  которая 

начинается  с  подлежащего  и  сказуемого  как  сложное  синтаксическое  целое  и  доказываются 

лингвистическими данными. 



Ключевые слова: предложение, 

сложная синтаксическая целостность, лингвистические данные.  



 

Annotation: The article considers a complex syntactic whole. A sentence chain that begins with the subject 

and predicate as a complex syntactic whole and is proved with language levels. 



Keywords: 

sentence, complex syntactic integrity, linguistic data.  

 

Мәтін  ауқымында сөйлемдерді айрықша мақсатты рәсімдеп біріктіру ретіндегі тұтастықтың бар болу 



идеясы бұрын да және қазіргі күні де көптеген  наразылықтар тудырады. Осы ретте негізінен тұтастықты 

мәтіннен бөлу кезінде қалай болса солай ойлау айқындалады. 

Түркологияда  осы  сұрақтың  аз  зерттелуі  негізінен  осындай  синтаксистік  бірліктердің  кейбір  заңды-

лықтарының  белгіленуімен  және  жеке  синтаксистік  сипаттаулардың  айтылуымен  шектеледі.  Мысалға 

алғанда,  1960-70  жылдарда  Т.Қордабаев  пен  Р.Ғ.  Сыздықованың  еңбектерінде  мәтін  лингвистикасының 

нысаны – мәтіннің тұлға-бірлігі күрделі синтаксистік тұтастық мәселесі күн тәртібіне қойылды.  

Р.Сыздықова 1970 жылы жарық көрген «Абай өлеңдерінің синтаксистік құрылысы» атты еңбегінің 

бір  бөлімін  «Күрделі  синтаксистік  тұтастық  туралы  ұғым»  деп  алып,  онда  мәтін  лингвистикасындағы 

негізгі  мәселелердің  бірі  сөйлемдердің  күрделі  синтаксистік  тұтастыққа  ұйымдасуын  сөз  етеді. 

Р.Сыздықова «Күрделі синтаксистік тұтастық» дегеннің өзі не? – деп сауал тастай отырып, былайша ой 

түйіндейді: «күрделі синтаксистік тұтастық жеке сөйлемге қарағанда, автордың аяқталған жеке бір ойын 

білдіретін  әлдеқайда  үлкендеу  синтаксистік  автономия  және  ол  әрқилы  амал-тәсілдермен  өзара  байла-

нысқан  сөйлемдер  тобынан  тұрады»  [1;296].  Р.Сыздықова  бұл  еңбегінде  Н.С.Поспеловтің  күрделі 

синтаксистік  тұтастыққа берген анықтамасын біршама айқын анықтама деп талдай келіп, мына пікірді 

басшылыққа  алады:  «Әдетте,  белгілі  бір  айтылған  ой  жазушының  тұтасқан  сөзі  (связная  речь)  екені 

мәлім. Ал тұтас текстің құрылымын синтаксистік жағынан талдағанда, әрбір жеке сөйлемді алып, соларға 

қарай  талдамай,  айтылған  ойға  (высказываниеге)  қарай  анализ  жасау  қажеттігін  біз  де  құптаймыз»                  

[1; 297]. Ғалымның осы пікірлерімен сабақтас ойлар кейінгі зерттеулерінде де айтылып келеді.  

Т.Қордабаев құрмалас сөйлем синтаксисінің зерттеу нысаны ретінде  құрмалас сөйлемдермен қатар 

сөйлемдер тіркесінен құралатын күрделі синтаксистік тұтастықтыда алып қарастыру қажеттігін айтады. 

Т.Қордабаев  күрделі  синтаксистік  тұтастықты  өз  еңбегінде  «синтаксистік  күрделі  бірлік»  деп  береді. 

«Біздің  синтаксистік  күрделі  бірлік  деп  отырғанымыз  –...семантикалық  тұтастыққа,  бірлікте  тұратын 

дербес сөйлемдердің жиынтығы», – деп анықтап, күрделі бірлікке тән төмендегідей белгілерді көрсетеді:  

1. Құрылымы жағынан бірнеше дербес сөйлемдерден құралады.  

2. Семантикалық бірлікте болады, компоненттер белгілі бір ой, мағына төңірегіне топтасады. 

3. 


Баяндалатын  пікірлерге  ұйытқы,  орталық  кіндік,  темір  қазық  болып  тұратын  сөз  немесе  сөздер 

тіркесі болады [2;141-145]. 

Адам  сөйлегенде  жеке  бір  сөйлем  айтып  қана  қоймайды,  оның  сөзі  көбінесе  сөйлемдер  тізбегі, 

сөйлемдер тасқыны түрінде болып келеді. Ондай тізбектер құрамындағы сөйлемдер мағыналық жағынан 

өзара  жақындықтарына,  іліктестіктеріне  қарай  үйір-үйір,  топ-топ  болып  тұратыны  болады.  Күрделі 

синтаксистік  тұтастықты  құраушы  сөйлемдердің  бір-бірімен  байланысу  тәсілдері,  негізінен  екі  түрлі. 

Соған  байланысты  күрделі  синтаксистік  тұтастықтарды  құрылымдық  жағынан  екі  топқа  бөліп  алып 

қарастыруға  болады.  Бірінші  түрінде  күрделі  синтакситік  тұтастыққа  бірігуші  сөйлемдер  бір-бірімен 

іліктестік  қатынаста  байланысып  тұрады,  яғни  сөйлемдер  бірінен-бірі  туындап,  соңғысы  алдыңғысына 

бағынып  отырады.  Бұл  жай  бірінші  сөйлемнің  элементі  екінші  сөйлемде,  екінші  сөйлемдікі  –  үшінші-

сінде, үшінші сөйлемдікі – төртіншісінде т.с.с. қайталанып қолдаланылуы арқылы жүзеге асады [3; 252]. 

Тізбекті байланыс түрі ғылыми стильге тән, өйткені ғылыми мәтінде  ой бір-біріне қатаң тәртіппен 

сабақтаса  байланысып  отырады.  Сондықтан  ондағы  әрбір  сөйлем  өзінің  алдындағы  сөйлемнің  заңды 

жалғасы болып табылады. Ғылыми стильге тізбекті күрделі синтаксистік тұтастықты құраушы сөйлем-

дердің көбіне лексикалық қайталаулар мен сілтеу есімдіктері арқылы байланысуы тән.  



50 

Тізбекті  күрделі  синтаксистік  тұтастық  алғашқы  сөйлемнің,  яғни  маңызды  рөл  атқарып  тұратын 

басқы бөлігінің, түрлеріне қарай бірнеше топқа ажыратылады. Олар: 

• 

алғашқы сөйлемі бастауыштан басталатын күрделі синтаксистік тұтастық; 



• 

алғашқы сөйлемі баяндауыштан басталатын күрделі синтаксистік тұтастық; 

• 

алғашқы сөйлемнің баяндауышы зат есімнен болған  күрделі синтаксистік тұтастық; 



• 

алғашқы сөйлемі толықтауыштан басталатын күрделі синтаксистік тұтастық; 

• 

динамикалық сөйлемді күрделі синтаксистік тұтастық [4; 740-741]. 



Біздің  мақсатымыз  –  тізбекті  күрделі  синтаксистік  тұтастықтың  алғашқы  сөйлемі  бастауыш  пен  

баяндауыштан басталатын түріне тоқталу. 

Алғашқы сөйлемі бастауыштан басталатын күрделі синтаксистік тұтастық.  

Игілік  Қызылжардан  бұл  жолы  да  ренжіп  қайтып  еді.  Үш  ақшыл  күрең  жеккен  пәуескемен  келе 

жатса  да,  көңілі  әлі  көтерілер  емес.  Қараөткел  базары  да  көңілін  көтере  алған  жоқ.  Аяп  кетті,  әлі 

қуынғып жүр. Одан кейін өзі де қорланып келеді. Өзін-өзі асқам баймын деп ойлаушы еді, енді есептеп 

қараса мұның бар байлығы Ушаковтің сарапқа түскен жарнамасына әрең жетеді екен (Ғ.Мүсірепов). 

Басқы бөліктің, яғни алғашқы сөйлемнің бастауышы – Игілік. Бұл сөйлемді бірнеше сөйлемнен құралған 

алғашқы  сөйлемі  бастауыштан  басталған  тізбекті  синтаксистік  күрделі  бірлік  деген  бір  ғана  атаумен 

атауға  болады.  Өйткені,  мұндағы  сөйлемдер  бір  ғана  күрделі  ойды  қамтиды.  Сондықтан  Игілік  –  сол 

бүкіл текстің қазығы, орталық кіндігі. Мағына-мазмұн бірлігі, ой тұтастығы арқасында кейінгі сөйлемдер 

әр түрлі тілдік тұлғалар арқылы бірінші сөйлемге, ондағы Игілік деген сөзге арқандалып тұр. Егер бірінші 

сөйлем немесе ондағы Игілік сөзі болмаса, кейінгі сөйлемдердегі көңіл, көңілін, өзі, өзін, мұның, байлығы 

деген сөздердің кімге, неге қатысты екені, әңгіме не туралы екені белгісіз болады. 

Тізбекті  күрделі  синтаксистік тұтастықтың  бұл түрі тек көркем  әдебиетте ғана емес әртүрлі жанр-

ларда,  мәселен,  публицистикалық  және  ғылыми  стильдерде  кездеседі.  Неғұрлым  жиі  ұшырасатыны  – 

газет жанрларындағы күрделі синтаксистік тұтастықтар. 

Қасым-Жомарт  Тоқаев  Нұр-Сұлтанға  ресми  сапармен  келген  Ресей  Федерациясының  Сыртқы 

істер  министрі  Сергей  Лавровты  қабылдады.  Тараптар  екі  жақты  ынтымақтастықтың  ауқымды 

мәселелерін талқылады,  сондай ақ, аймақтық және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерге 

қатысты пікір алмасты. Мемлекет басшысы Сергей Лавровтың Қазақстан астанасына ресми сапар-

мен  келуі  екі  жақты  қарым-қатынастарға  қосымша  серпін  беретінін  атап  өтті  (Егемен  Қазақстан 

газеті). Бұл сөйлемдегі бастауыш айтылатын ойдың қысқаша мазмұнын өз бойына жинақтап, алдындағы 

күрделі  синтаксистік  тұтастықпен  байланыса  отырып,  жаңа  ой  енгізіп  тұр.  Бұл    алғашқы  сөйлемі 

бастауыштан  басталып,  үш  жай  сөйлемнен  және  III-жақтан  баяндалып  тұрған  күрделі  синтаксистік 

тұтастық. Алғашқы сөйлемі бастауыштан басталған мұндай тізбекті күрделі синтаксистік тұтастықтарда 

одан әрі не туралы айтылатыны бастауыштан белгілі болады. 

«Қазіргі  қазақ  тіліндегі  синтаксистік  парадигмалар»  атты  оқулықта  Ж.Жақыпов  өзінің  күрделі 

синтаксистік  тұтастық  (шумақ) атты  мақаласында, академик  З.Ахметовтың  кейінгі  жарияланған  «Поэзия 

шыңы – даналық» атты еңбегіндегі  шумақтың синтаксистік-семантикалық жақтарына мән береді. «Шумақ-

тың тұтастық-бірлігін күшейтіп, жекеленіп бөлінуіне себін тигізетіндер – айтылатын ойдың белгілі дәреже-

де тиянақталуы, сөйлемдер синтаксистік құрылысы жағынан алғанда толық аяқталып, дауыс толқынының 

(интонацияның)  тынуы.  Әр  шумақ  біткенде  айтылатын  бір  түйін  ой  не  аяқталып,  не  белгілі  дәрежеде 

тиянақталып отырады.Сөйлемнің синтаксистік құрылысы, дауыс толқынының өзгеріп, түрленуі жағынан 

алғанда  да,  қатар  келген  бірнеше  тармақ  жалғастық,  жақындық  (айталық,  синтаксистік  параллелизм,  не 

болмаса сөйлемнің интонациялық сипатындағы біркелкілік) ұшырасуы ықтимал. Орыс әдебиеті бойынша 

анықтамалық  әдебиеттерде  де  шумақтың  синтаксистік  бүтін  екені  айтылады  [5;  281-282].  Осы  пікірді 

төмендегідей мысалдармен дәлелдеуге болады. 

 

Ғашықтық іздеп тантыма 

Аз күн әуре несі іс? 

Өзіңнің қара артыңа,  

Өткен өмір бейне түс.  

Өлгенше болар бар ма дос?  

Қуаныш, қайғы бәрі бос(А.Құнанбаев).  

 



51 

Абай  Құнанбаевтың  «Ғашықтық,  құмарлықпен  –  ол  екі  жол»  атты  өлеңінде  күрделі  синтаксистік 

тұтастықтың  алғашқы  сөйлемі  –  ғашықтық  деп  басталатын  бастауышы  өлеңнің  бірінші  және  үшінші 

шумақтарында қайталаған.  



 

Ғашықтық, құмарлықпен – ол екі жол,  

Құмарлық бір нәпсі үшін болады сол.  

Сенен артық жан жоқ деп ғашық болдым,  

Мен не болсам болайын, сен аман бол. 

Ғашықтық келсе, жеңер бойыңды алып, 

       

 

 

 

Жүдетер безгек ауру сықылданып. 

       

 

 

 

Тұла бой тоңар, суыр, үміт үзсе, 

       

 

 

 

Дәмеленсе өртенер күйіп-жанып (А.Құнанбаев).  

 

Ғашықтық келсе, жеңер бойыңды алып. 



Жүдетер безгек ауру сықылданып. 

Тұла бой тоңар, суыр үміт үзсе, 

Дәмеленсе, өртенер күйіп -жанып (А.Құнанбаев).  

 

Келтірілген  мысалдар  Абай  Құнанбаевтың  ғашықтыққа  арналған  өлеңдерінен  алынған.  Үш    өлеңдеде 

бастауышы  –  ғашықтық,  яғни алғашқы  тармақтың бастауышы  келесі  тармақтарда  айтылар  ойдың  бар 

мазмұнын өзіне жинақтап тұр. 

Алғашқы сөйлемі баяндауыштан басталатын тізбекті күрделі синтаксистік тұтастық. Мұндай күрделі 

синтаксистік  тұтастық  негізінен  поэзияда  кездеседі.  Проза  жанрында  кездесуі  өте  сирек  және  бұл  әр 

жазушының стиль ерекшелігіне байланысты [4; 742]. 

– 

Бермейiм,  кешегi  балалардай  сен  алып  қашасың,  –  деп  мысық  ойыншықтарын  шолақ  критон 

көйлегiнiң етегiне сала бастады. 

– 

Қорықпа, мен тимеймiн. Кәне, көрсетшi, өзiң ұстасың ғой. Ақысына не аласың, маған ана балшық 

атыңды бершi, – деп Шоқан, зорлық емес, ықтиярымен алмақ болды.                                                                                       

– 

Не бересiң, бауырсақ бересiң бе, қант бересiң бе? – деп Мысық икемге келе бастады. 

– 

Берем, сен маған ойыншығыңды бер. Бiздiң үйге жүр, апамнан көп қант, бауырсақ әперем, – деп 

Шоқан сендiре сөйледi (Сапарғали Бегалин).  

Келтірілген мысалдың алғашқы сөйлемдері баяндауыштан басталып, жеті жай сөйлемнен және төрт 

абзацтан тұрған күрделі синтаксистік тұтастық. Нақтылай түссек, бірінші абзацтың баяндауышы I-жақта 

тұрған  болымсыз  етістіктен,  екінші  абзацтың  баяндауышы  бұйрық  райлы  етістіктен,  үшінші  абзацтың 

баяндауышы II-жақта, төртінші абзацтың баяндауышы I-жақта тұрған етістіктерден басталып тұр. 

Прозамен салыстырғанда, поэзияда күрделі синтаксистік тұтастық анағұрлым ашық, нақты беріледі 

өйткені поэзиядағы әрбір шумақ белгілі бір аяқталған ойды білдіріп тұрады. Поэзия синтаксисінде сөйлем 

байланыстарының прозаға қарағанда қабысыңқы, берік болатын себебі – онда сөйлемдерді синтаксистік 

қатынасқа  келтіретін,  прозада  кездеспейтін  ерекше  тәсілдердің  болатындығында.  Сөйлемдерді  бір-

бірімен  байланыстыратын  ондай  ерекше  тәсілдер  қатарына  өлең  тармақтарында  болатын  ұйқас,  ырғақ 

жатады. Прозада өлеңде болатындай  ұйқас пен ырғақ болмайтындықтан, егер мағыналық жақтарынан 

бір-біріне байланысты болмаса, сөйлемдердің бастары бірікпей, бөлек-бөлек болып тұрады. Ал поэзияда 

олай  емес:  мағыналық  жақтарынан  бір-біріне  байланысты  болмаса  да,  шумақ  құрамындағы  сөйлемдер 

өзара бірыңғай ұйқаста, бір ырғақта айтылады да, сол арқылы күрделі бір бүтін болып тұрады [4; 742]. 

 

Оқытарсың молдаға оны, 

Үйретерсің әрнені. 

Медеу етіп ойы соны, 

Жаны тыныштық көрмеді (Абай Құнанбаев).  

Бұл күрделі синтаксистік тұтастықтың бірінші және екінші жолдары баяндауыштан басталып, белгілі бір 

ойды білдіріп тұр. 

 

Шалқар көл, қалың орман, ну тоғайлар, 



Жайнаған түрлі гүлмен кең-кең сала 

У-шу боп қыбырлаған төрт түлік мал, 

Есетін Солтүстіктен салқын самал (М.Жұмабаев). 

 



52 

Таңдап  алынған  мысалдан  байқағаным,  кей  жағдайда  өлең  жолдарының  алғашқы  тармағында  

бірыңғай    бастауыштар  түгелімен  кездесіп,  екінші  тармақ  баяндауыштан  басталып,  тиянақты  ойды 

білдіріп  тұр.  Келесі  бір  мысалдарды  халқымыздың  қайталанбас  ойышылы  Абай  Құнанбаевтың 

өлеңдерінен алсақ : 

 

Қорқытпа мені дауылдан, 

Дүрілдеп тұрса тау мен сай. 

Шатырлап тұрған жауыннан, 

Жарқылдап тұрса түскен жай. 

 

Айттым сәлем, Қаламқас, 

Саған құрбан мал мен бас.  

Сағынғаннан сені ойлап,  

Келер көзге ыстық жас. 

 

Қорытындылай келе, алғашқы сөйлемі бастауыштан және баяндауыштан басталатын тізбекті күрделі 

синтаксистік  тұтастық  көбінесе  прозаға  қарағанда  поэзияда  көп  ұшырасатынын  байқадық  және 

салыстырмалы  түрде  бастауыштан  басталатын  тізбекті  күрделі  синтаксистік  тұтастықтың  өте  жиі 

қолданылатындығын аңғардық. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   548




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет