жазған мәтініне түсініктеме беруші ретінде көрсетеді, бір тақырыпты зерттеудегі білімнің жеткізілу
6
Үзіндіде автор барлық назарды ғылыми білім мазмұнының («сөздің поэтикалық образы») жүйелі
жеткізілуіне аударады, сол себепті мысалда нақтылау (оның ішінде), түсіндіру (яғни), қайталау
(
Б.А. Ларинше айтқанда), салыстыру (ал), нақтылай түсу («да» жалғаулығының қолданысы) мәндері
қатысады, автор білім мазмұнын осы сөздердің көмегімен неғұрлым аша түсуге әрекет жасайды және өз
жазғанын тарқата түсіндіруді мақсат етеді. Міне, осындай құрылымдар сөйлеу рефлексияларын білдіреді.
Сөйлеу рефлексияларының тілдік құрылымдары көбінесе қайталауға, нақтылауға құрылады. Олар-
дың қолданылу себебі үш жағдайға негізделеді: 1) алдыңғы бөліктердегі сөз болған кейбір мәселелер
(ұғымдар, құбылыстар) толықтай түсінікті әрі нақты емес; 2) түсінікті әрі нақты болса да, кейбір қырлары
анықтай түсуді қажет етеді; 3) тым жалпылама және дерексіздік сипат басым, сондықтан нақтылайтын,
дәлелдейтін тұстарды қажет етеді.
Жалпы алғанда, ғылыми мәтіндердегі автор бейнесі таным субъектісі ретінде белгілі бір тілде ғалам-
ның ғылыми бейнесін жасауға ат салысады. Ғылыми мәтіндердегі автор адресат үшін жаңа ғылыми
тұжырымдамаларды тудырушы, жаңа білімді ғылыми дискурстың өзіне тән ерекшеліктеріне сай жеткізу-
ші әрі жалғастырушы, сондай-ақ белгілі бір ғылым саласы бойынша қызмет ететін тұлға ретінде көрінеді.
Ал адресаттың мазмұнына қатысты «Сөзді мұқият ұйып тыңдаушының «образын» жасау – сөздің
ойдағыдай өрбуіне ықпал ететін негізгі шарттардың бірі» [1, 10-б.] деген пікір ғылыми мәтіндерге де
тікелей қатысты.
Ғылым саласындағы автор мен оқырманның қарым-қатынасы белгілі бір ғылыми мәтінді қабыл-
даудағы белсенділік танытудан, шығармашылық көзқарастан, сыни қабылдаудан көрінеді. Мәтін авторы
кері байланыстың қандай болатындығын алдын ала болжай білу керек. Екеуара осы тәріздес байланыс
болмаса, ғылыми сұхбаттың тиімділігі жайында айту қиын.
Адресатты ескеріп отыру ғылыми мәтіннің тілдік бейнесінде өзіндік бірліктерді жұмсау арқылы
жасалады, олар оқырман үшін әдейі бағытталады. Мұндай тілдік бірліктер мәтін тақырыбынан тыс, оған
қатыссыз болады, олар мәтінді тілдік жағынан ресімдейтін қызмет атқарады. Бұл бірліктер бағыттау
(
адресациялау) құралдары деп аталады, кейбір зерттеушілер бағыттаудың тілдік (лингвистикалық)
сигналдары де те атайды [5, 103-б.].
Ғылым тілі қалыптасқан тілдерде мұндай бірліктердің тұрақталған, дайын күйінде жұмсалатын тобы
бар. Қазақ тілінде де мәтінді оқырманға бағыттаудың тілдік құралдары әбден екшелген деп айтуымызға
болады. Бір қарағанда, көзге елеусіз болып көрінетін бұл бірліктер кез келген ғылыми мәтінге тән және
оның қай бөлігінде болмасын (кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды) кездеседі.
Бағыттаудың тілдік құралдары мынадай қызмет атқарады:
•
Белгілі бір салаға тән ғылыми мазмұнға үйлесе отырып, оны ақпараттық айқын тілдік мәтінге
айналдырады.
•
Мәтіннің барлық мағыналық бөліктерін бір-бірімен.
байланыстырады, автордың ғылыми ойының қозғалысын, дамуын қамтамасыз етеді.
•
Мәтіндегі неғұрлым маңызды бөліктерді ерекшелейді.
•
Оқырман назарын өзіне аударту үшін дәнекерлік қызмет атқарады, мәтінді толықтай түсінуге
мәндік-мағыналық жағынан тірек болады.
Осы қызметіне сәйкес зерттеушілер мәтінді оқырманға бағыттаудың тілдік бірліктерін үш топқа
саралап жүр: 1) композициялық-бағдарлау; 2) ақпараттың маңыздылық дәрежесін көрсететін; 3) ойды
күшейтуші [4, 101-б.].
Ғылыми қатынас аясында адресат және оның мәтінді қабылдауы өте маңызды. Адресат автормен
бірге мәтінді түзуге қатысады, адресаттың мәтінді қабылдау деңгейі сөйлеушінің тарапынан әрқашан
ескеріліп отырады, бұл жағдай стильдің құрылымдық компоненттерінің бірі ретінде танылады. Сонда
мәтін авторы адресатқа неғұрлым түсінікті болу мақсатында тілдік құралдарды ғана сұрыптап қолдан-
байды, сонымен бірге мәтіннің композициялық құрылымын мүшелеу барысында да есте ұстайды.
Ғылыми қарым-қатынас аясында адресаттың екі үлкен тобын көрсетуге болады: а) сөйлеушімен тең
дәрежелі адресат, «маман – маман» қатынасы; ә) сөйлеушімен тең дәрежелі емес адресат, мұны іштей екіге
бөлеміз: «маман – маманданушы» (автор арқылы оқытылатын) және «маман – қалың оқырман» қатынасы.
Адресаттың бұл негізгі типтері түрлі дәрежеде ғылыми стильдің шағын түрлері мен жанрлық
құрылымдарында нақты көрініп отырады, соған сәйкес олардың тіліне де, композициялық құрылымына
да қатты ықпал етеді.
Қорыта келгенде, «оқырман бейнесі» «автор бейнесі» тәрізді ғылыми дискурс үшін қарым-қатынасты
ойдағыдай қалыптастырушы маңызды бірліктердің бірі. Ғылыми қарым-қатынас аясында екеуара
сұхбаттың тиімділігі, нәтижелілігі ескерілуі тиіс. Ол үшін «оқырман бейнесінің» типі, мәтінді оқырман-
дарға бағыттаудың тілдік құралдары анықталады. Ғылыми мәтіннің түсініктілік деңгейі осыларды назарға
алғанда ғана неғұрлым арта түспек. Кез келген мәтіннің оқырмандарға арналатындығы ғылыми қарым-
7
қатынас аясында да басты назарда болады. Бұл мәселенің практикалық жағы да маңызды, айталық, қазіргі
ғылыми мәтіндердің өз оқырмандарына жетпей жатуы, түсініксіз болуы, сөйтіп, ғылыми қарым-қатынас
барысында тілдік кедергілердің орын алуы, автор мен оқырман арасындағы екіжақты байланыстың
жоқтығынан деп түсінген жөн. Сондықтан осы бағытта жұмсалатын тілдік бірліктердің қызметін
айқындау, ғылыми мазмұнмен бірлігін көрсету т.б. көптеген мәселелер алдағы уақытта практикалық
тұрғыда сөз етілуі тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: