Krs
. Mazlumun ahı indirir sahı.
KZ:
Jeyimnin köz jasınan köktegi perişte titirkenedi.
Паремияларға тән тұрақтылық қасиет оларды ұлттық мәдениеттің константтары жасайды, сол арқы-
лы тілдік ұжымның алғашында әлемді игеруі процесінде, кейіннен ұрпақ санасында қалыптасып, ғасыр-
лар бойы орныққан мәдени ұстанымдарын жалғастыруға мүмкіндік береді. Бұл тілдік таңбалардың
(паремия) мағыналық құрылымындағы мәдени-этикалық коннотацияны айқындауға мүмкіндік береді.
Tr: - Ki
şi (herkes) ektiğini biçer.
Krs. Ne ekersen onu biçersin.
KZ:
Ne eksen sonı orasın немесе Tr: Kol kırılır yen içinde baş yarılır börk içinde. Bkz. Baş yarılır börk
içinde...
KZ:
Kol sınsa jen işinde, bas jarılsa börk işinde.
Паремиялар екіншілік аталымдар ретінде адамның ақиқат шындыққа, заттар мен құбылыстарға,
әрекеттер мен қалып-күйге, ортаға, әлемге деген эмоционалдық – бағалауыштық қарым-қатынасты да
білдіреді. Бұл паремиологиялық дүние бейнесінде әлем туралы эмоционалдық – экспрессивтік мәндегі
ақпараттың жинақталуына негіз болады.
Қорытынды. Халықтың тұрмыс-тіршілігінің, салт-дәстүр, әдет-ғұрпының, рухани және заттық
мәдениетінің сан алуан қырына қатысты типтік жағдаяттардың тілдік таңбасы, образды сипаттамасы
және бейнелі атауы саналатын мақал-мәтелдер жиынтығы тілде дүниенің паремиологиялық бейнесін
сомдайды. Дүниенің паремиологиялық бейнесі – «тіл – мәдениет» тұтастығында екшеліп, мәдени-ұлттық
құндылықтар деңгейіне көтерілетін адамның рухани іс-әрекеттерінің нәтижесі, танымдық, тағылымдық
және практикалық тәжірибесі бекитін, сақталатын тілдік дүние бейнесінің құрамдас бөлігі. Дүниенің
паремиологиялық бейнесі алғашқы адамдар қауымдастығының тіршілік тынысынан басталатын қоғам-
дық формациялар тарихын сол қалпында бүгінгі ұрпаққа жеткізетіндігімен құнды. Мәселен, тіршілік
қамымен алысқа кеткен отағасын артындағы әйелі, бала-шағасының сарылып күтуіне қатысты айтылатын
«Түздегі май ішер, үйдегі қан ішер» мақал-мәтелінің түп негізінде аң аулап, аулаған аңын отқа қақтап жеп
күнелткен алғашқы адамдардың тіршілігі көрініс тапқан болса, Жеті атасын білмеген – жетім, жеті
руын білмеген – жетесіз мақал-мәтелдері рулық қоғамда қалыптасқан ата-салтты танытады. Әке – асқар
тау, шеше – қайнар бұлақ, бала – жағасындағы құрақ; Баланың жақсы болмағы нағашыдан; Қазақ-
Достарыңызбен бөлісу: |