Тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет99/548
Дата07.01.2022
өлшемі7,82 Mb.
#20554
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   548
Байланысты:
2

Annotation:  This article is considered about a comparative analysis of  the 

жақсылық/жамандық

добро/зло (good and evil) concepts, as the basic of the Kazakh and Russian concepts mentality.  Comprehensive 

study of 



жақсылық/жамандық, добро/зло concepts in Kazakh and Russian languages created the necessary 

condition for correspondence systematizing of their signs. The concepts of 



жақсылық/жамандық, добро/зло as 

many aspects of mental-verbal formations became the object of lexicographic analysis for the first time, in the 

result the intensity development of their semantic transformation was recorded.  

 

Жер бетіндегі түрлі этностар мен олардың әлемге көзқарасының‚ салт-санасының, дүниетанымының 



көрсеткіші  болып  табылатын  құндылықтар  дүниесіне  қатысты  ұғымдар  когнитивтік,  семантикалық, 

тақырыптық  және  семиотикалық  тұрғыдан  көп  аспектілі  мәселе.  Ол  ойлау  мен  танымның,  сананың 

бейнелік‚ эмоционалды-экспрессивтік ерекшеліктерінен тұратын, тілдік құбылыстардың ішіндегі номина-

циялық  және  семиотикалық  моделдері  қалыптасқан  тілдік  бірліктер  арқылы  көрініс  табатыны  белгілі. 




61 

Осындай  тіл  қазынасындағы  халықтың  жаратылыс  құбылыстарын  бағалауға    бағытталған  жақсылық/ 

жамандық,  добро/зло  құндылық  категорияларының  мағыналық  құрылымындағы,  семантикалық  тұлға-

сындағы кодталған әртүрлі ақпараттарды айқындау қазіргі тіл мамандарын  ерекше  қызықтырып отыр. 

Cөз  тілдің  негізгі  және  күрделі  бірлігі  ретінде  оның  жан-жақты  сипатталуын  бағамдайды.  Сөздің 

семиотикалық таңба екендігі мәлім. Ақпараттың басым бөлігі сөз арқылы жетеді. Жақсылық/жамандық 

концептілерінің  жан-жақты  қырларын  олардың  түсіндірмесі  берілетін  саналуан  лексикографиялық 

дереккөздер  толығымен  бейнелеуге  мүмкіндік  береді.  Сөздіктер  жақсылық  және  жамандық  лексема-

ларының семантикалық көлемі жайлы, оларда тіркелген бейнелік семантикасы туралы бағамдауға және 

бұл  лексемалардың  уақыт  ағымына  төзген  семантикалық  өзгерістердің  барлығын  қадағалауға  жағдай 

жасайды.  Халықтың  жәдігерлері  мен  дәстүрлерін  сақтаушы  қызметін  атқаратын  сөздіктер  жақсылық/ 

жамандық,  добро/зло  сөздерінің  мағынасын,  олардың  семантикалық  дамуын  нақтылауға  ықпал  етіп, 

белгілі  бір  дәрежеде  қазақтар  мен  орыстардың  ұлттық  ерекшелігін  бейнелейтін  бұл  сөздердің  даму 

тарихын жаңғыртады.  

Қазақ тіліндегі жақсылық сөзі туынды сөз, түбірі жақсы сын есіміне сын есімнен зат есім тудырып 

тұрған  -лық  жұрнағының  жалғануы  арқылы  жасалған,  жамандық  сөзі,  түбірі  жаман  сын  есіміне  сын 

есімнен зат есім тудырып тұрған -дық жұрнағының жалғануы арқылы жасалған.   



Жақсылық сөзі жақсы сөзінен шыққан туынды сөз болатын болса, әрине, оның шығу тегін жақсы 

сөзінен  іздейміз.  Жақсы  қазақтың  төл  сөзі,  түркі  сөздерінің  барлығында  дерлік  кездеседі.  1969  жылы 

шыққан  «Древнетюркский  словарь»  атты  сөздікте  берілген  түсіндірмесінің  өзінде  жақсы  сөзінің  екі 

мағынасы көрсетіледі, біреуі адамға қатысты сын  есім формасындағы жақсы, мейірімді  болса, екіншісі 

жарайды, дұрыс, мақұл мағынасында: «Jaqsi 1.  хороший, добрый: jaqsi napsi-kilardin kuruklugrak erdi он 

был  прекраснее  добрых  ангелов;  2.  хорошо:  ne  jaksi  ajur  kor  bodun  baslar  er  хорошо  говорит  муж, 

управляющий народом; bus oz jaksi tinla aj ersig tona; слушай хорошо эти слова, о доблестный молодец; 

balunqni jaksi saglap sen tep tedi «Ты хорошо сохранил город», - сказал он» [1, 238]. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   548




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет