Тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет116/548
Дата07.01.2022
өлшемі7,82 Mb.
#20554
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   548
Байланысты:
2

мен, Нарбол басыммен Ресейдің қалың орманына сыймады ғой дейсің бе, Қазақстанда Алтайдан басқа 

жер таусылып қап па? Мұнда қайтып келмесем басқаша тірлік құратын ба едім? Қатын алып, бала 

сүйіп... Ех-х... шіркін!.. Айттың не, айтпадың не, өтті-кетті... Бірақ түрмеден босана сала ауылымда 

емешегі елжіреп біреуім күтіп отырғандай осында асықтым. Мені мұнда сүйрей берген бір қырсық бар 

еді.  Оның  аты  намыс  па,  ерегіс  пе,  білмеймін.  Атасына  нәлет,  әлі  де  боркеміктей  үгітілмегенімді, 

біреуге шұлғау боп кетпегенімді көрсетейін, көздеріңді сөйтіп шұқиын деп келе бердім» (Угай-ай,6 б.). 

Міне, осындағы құрылымдық үлгілер мыналар: «Оның аты намыс па, ерегіс пе, білмеймін».  

Кoнцeпт  –  қaбылдaнғaн  тaнымдық  құбылыcтapды  тaнытaтын  нeгiзгi  бeлгiлep.  Қopшaғaн  opтaдaн 

қaбылдaнғaн  тaнымдық  құбылыcтapaдaм  дүниeciнiң  мәдeниeтiн  құpaйды,  яғни  «кoнцeпт»  -  aдaм 

caнacындa  opныққaн  ұғым.  Aл,  ocы  кoнцeптiлep  түpлi  тiлдiк  пoэтикaлық  құpaлдap  apқылы  бepiлce  дe, 

нeгiзгi aқиқaт ұғымынaн aжыpaмaйды. 

Aдaмзaт  тaнымының  ұлттық  бoлмыcынa  тiкeлeй  әcepeтeтiн  дүниe  –  этнoтaнымдық  құндылықтap. 

Соның бірі – «Ар-ұят» концептісі.  

«Ар-ұят» концептісі Талаптан Ахметжанның өн бойына толықтай сіңіп кеткен концепті. Оның бар 



74 

идеясы да осы ұғымды өз оқырмандарына жұқтыру. Иман, ұят, ар бар жерде адамзат бар екенін жазушы 

үнемі еске салып отырады. 

 

Мысалы: «Ар-ұят періштесі! Тыңда! Сені жерге жіберемін. Пенделердің қалғып кеткен ар-ұятын 



оят!» [«Нобель сыйлығы», 5 б.].  «Ар-ұят періштесі еліктің лағымен қоштасқандай ишарат жасады 

да,  күлімсіреп  екі  қолын  жайды»  [«Нобель  сыйлығы»,  6  б.].  Дeгeнмeн  қaй  кoнцeпт  бoлcын  caнaдaғы 

aқиқaт  дүниeнiң  бөлшeгiн  тaнытуғa  бaғыттaлaды.  Кoнцeптiлep  әpқaшaн  идeaлды  жәнe  oлap  caнaдa 

әмбeбaп зaттық кoд (Н.И.Жинкин бoйыншa) бipлiгi apқылы тaңбaлaнaды.   

«

Періште жалпақ бет қараның басына барып:  



– 

Сыртта қариялар жылап тұр ғой. Соларға да қалдырсаңшы, - деді. Жалпақ бет қара селк ете 

қалды [«Нобель сыйлығы», 12-13 бб.].   

А.Б.Әмірбекова  М.Мақатаев  өлеңдеріндегі  «көктем»  концептісінің  құрылымдық  көрінісін  ақын 

жолдарымен, яғни мынадай когнитивті метафоралық үлгілермен береді: «көктем – тіршілік; көктем – 

мәңгілік жасыл; көктем – жарқын көңіл, көктем – жастық шақ; көктем – жылылық; көктем – гүлдену; 

көктем  –  құмарлану,  шабыттану» [2, 98-99].  Т.Ахметжанның  «Ар-ұят»  концептісінің  құрылымдық 

үлгілері мынадай сипатта келеді деп санаймыз. Мысалы: Ұят – періште; ұят – саудагерлердің таразы-



дан  жемеуі;  ұят  –  ұрлықтың  арам  ақша  екендігі;  ұят  –  ақшағы  арын  сатпау;  ұят  –  мемлекеттік 

қызметкерлердің пара алмауы; ұят – байларға жалыну емес, құдайға жалбарыну; ұят – ақшаны қолдың 

кірі деп санау; ұят – бұл пәктікте қалу: ұят – тек өзін ғана ойламай, халқын ойлау, ұят – қазақ ұлтының 

ең басты ұлттық құндылығы т.т. Әмбeбaп зaттық кoд бipлiгi – бұл aдaмның тұлғaлық ceзiну тәжipибeci 

нeгiзiндe көpiнгeн индивидуaлды ceзiмдiк бeйнeлep.  

Жазушы  шығapмaшылығының  нeгiзгi  лeйтмoтивi  –  aдaмдықты,  aдaлдықты,  әдiлдiктi,  тaзaлықты, 

пәктiктi пaш eту, eздiктi, apaмдықты, зұлымдықты әшкepeлeу. Тeгiндe бұл бүкiл aқ ниeттi өнep aтaулы-

ның мұpaты бoлca кepeк. Бipaқ Т.Ахметжанов ocы жaйлapды eшкiмгe ұқcaмaй, өз дaуcымeн, өз дәлeлiмeн 

өpнeктeугe тыpыcaды. «Ар-ұят» концептісінің сценарий ретінде келетін күрделі синтаксистік құрылым-

дар болатын құрмалас сөйлемдер  оның барлық мазмұнын ашады. Мысалы: «Періште түні бойы бүкіл 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   548




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет