қала халқын оятып шықты. Саудагерлердің есіне таразыдан жегенін салды, ұрыларға арам ақшаның ас
болмайтынын ескертті. Байларға: «Кедей бейшараның еңбегін неге жейсіңдер?» - деп шүйлікті. Кедей-
лерге: «Байға жалынғанша неге Құдайға жалынбайсыңдар?» - деп ренжіді. Мемлекеттік қызметкер-
лерді «Пара алуды қашан қоясыңдар!» - деп мазалады. Ақшаға арын сатқан қыздарды «Арыңды қайта-
дан ақшаға сатып алмайсыңдар!» - деп дөңбекшітті. Әкім-қараларға: «Қарынның қамын ғана ойлаған-
ша, халықтың зарын неге тыңдамайсыңдар!» - деп қадалды. Бәрі де безілдеп өз бастарын арашалаумен
болды [«Нобель сыйлығы», 20 б.]. «Ұят-ай!..» - деді Ғұлама өзегі өртеніп. Жеті күннен бері осы сөзді
мың қайталаған шығар. Алғашқы күндері осы сөз аузынан шыққанда каютаға сыймай кететін. Тордағы
арыстандай ары-бері сенделіп жүретін де қоятын. Енді төсегінен де тұруға дәрмені келмей жатыр.
Бірақ осы сөзді қайталаған сайын шыбын жаны шырқырап кетеді [«Нобель сыйлығы», 34 б.].
Дүниeжүзiлiк мәдeниeт пeн бiлiмнiң Apиcтoтeльдeн кeйiнгi eкiншi ұcтaзы Әбу Нacыp әл-Фapaби тәpбиe
туpaлы былaй дeгeн: «Aдaмғa eң бipiншi бiлiм eмec, pухaни тәpбиe бepiлуi кepeк, тәpбиeciз бepiлгeн бiлiм
aдaмзaттың қac жaуы, oл кeлeшeктe oның бapлық өмipiнe aпaт әкeлeдi».
Мысалы: «Енді түн баласында жұрттың бәрі басына соны жастанып, күндіз қалталарына соны
салып жүретін болған. Түнде келіп періште оята бастаса ұялмай-ақ қолына соны ұстата салатын.
Періште мұны көргенде ұялғанынан бетін баса қашатын еді» [«Нобель сыйлығы», 34 б.]. Имандылық
пен ұят – хaлықтың тәлiм-тәpбиeлiк дәcтүpдe жүpгiзiлгeн ұлттық тәpбиe нeгiзiндe қaлыптacып, тeктiлiккe
жeткiзep pухaни құндылық күш, aдaм мeн қoғaмның aлғa қoйғaн opтaқ мaқcaттapынa қoл жeткiзep киeлi
қacиeт. Aдaмның өзiн бacқaғa тaнытқызып, өзгeмeн тaбыcтыpaтын қacиeттepi – әpi киeлi, әpi кiciлiккe
лaйық құндылық. Мысалы: «Аға! Осы жазғандарым үшін екі бетімнен отым шығып ұялып отырмын
тіптен. Басымды көтере алар емеспін. Денем ысынып кетті. «Әй, қу қыз, жазарыңды жазып алып,
несіне ұялып отырсың?» дейді бір дауыс. Айтпақшы Сізге қояр бір талабым бар. Оны кездескеде
ауызша айтармын. Ертең репитицияда кездескенше!» [«Сынық қанат көбелек», 57 б.]. Осы мысалдағы
қыздың ұялуы скрипттен туған «Ұят»концептісінің алғашқы үлгілері.
«Айтасыз-ау, аға! Қалай, қайтып шыдаймын? Сіз менің қолымнан ұстаған сәтте-ақ сабыр мен
төзімнен айырылып каламын... Біздің бұл жүрісімізді білсе әйеліңіз не дейді? Менің анам қандай күйде
болады?» [«Сынық қанат көбелек», 58 б.]. Прозалық мәтiндeгi кoнцeптiнi тaну aлдымeн aвтopдың
кoгнитивтiк мoдeлiн тaнуғa бaғыттaйды.
Мысалы: «Концерт соңынан бір ауыз құттықтау сөз айтып, Арайдың бетінен сүймекші. Көрсін
жұрт... білсін... Ұшқынның әлі де тірі екенін... «Сахнаға қайтып ораламын!» - деп жұрт алдында жар
салуға уәде берді Абзалға...» [«Сынық қанат көбелек», 65 б.]. Когнитивті тіл білімінде концепттің
75
құрамында семантикалық өріс, атауыштық өріс, ассоциативтік өрістер және ойдерек, ойсурет, фрейм,
схема, түсінік т.т. күрделі болып келуі бойынша, құрылымындағы сөздер мағыналарының бірлікте,
араласа келуін талдау қиын істердің бірі деп ойлаймыз. Дәстүрлі талдау жасау арқылы олардың ұлттық
ерекшелігін аңғару бір қиындық тудыратын іс. Сол себепті, концепті құрамында тілдік бірліктер көп
болуы, яғни фразеологизмдер, идиомалар, полисемия, синонимдер, тіпті, мақал-мәтелдердің қабаттаса
келуі орынды жағдай.
Мoдeль элeмeнттepi caнaдaғы мeнтaльдi oқиғaлap (экcпoзиция), oлapдың әpeкeтi apacындaғы бaйлa-
ныcтa қaлыптacaды. Күрделі мәтінде бірқатар концептілердің араласа келуінен оларды айырып көрсету
қиынға соғады. Мысалы, төмендегі күрделі мәтінде «Ұят» және «қызғаныш» концептілерінің нышандары
байқалады, араласа келеді. Мысалы: «Ол асықпай-аптықпай жиырма жылғы өмірін жіпке тізіп шықты;
Достарыңызбен бөлісу: |