Annotation: The relevance of this article is connected with the need to represent reality in the paremiological
Fund of language. The article reveals the content and essence of proverbial sayings in the Arabic and Kazakh
languages, defines the main terms of universality, paremia and features of their use in intercultural
communication. The main attention is paid to the national and cultural specificity of Proverbs and sayings, their
structural organization and rhythmic and phonetic design.
Keywords: cultural linguistics, paroemiological worldview, proverbs, sayings, national and cultural
component, emotional and expressive function.
Әр халықтың этникасына, географиялық орналасуына, тарихы мен тілдік ерекшеліктерінің әр
келкілігіне қарамастан, бірдей, жағдайды баяндайтын мақал-мәтелдер бір-біріне өте жақын болып келуі
мүмкін. Тілдік сипатына қарамастан, ұқсас мақал-мәтелдер бір типтегі оқиғаны меңзейтін кейіптік
вариантты көрсетеді. Бір типтегі оқиғаны меңзейтін мақалдарды «инварианттар» деп атап келеді. /11/
Осыдан келетін түйін, ұлттық көрінісі бар мақал-мәтелдерді әр халық өзіне тән ұлттық қолданыста
жүрген оқиғалармен білдіреді. Егер тілдегі мақал-мәтелдерде өзіндік ерекшелік пен сипат, жалпыға ортақ
сөздер болмай, синтаксистік құрылымы ұқсас болса, онда мұндай мақал-мәтелдерде ұлттық специфика
жоқ деуге болды. Мысалы:
арабта: Әр заттың өз уақыты бар. (Ауд. автор)
қазақта: Әр нәрсе өз уақытымен.
арабта: Жоқтан кеш жақсы (Ауд. автор)
қазақта: Ештен кеш жақсы.
арабта: Өз ағасына ор қазса, оған өзі түседі (Ауд. автор)
қазақта: Біреуге ор қазба, қазсаң өзің түсесің.
арабта: Әркім өз көрпесіне қарай аяғын созады (Ауд. автор)
қазақта: Көрпеңе қарай көсіл.
арабта: Жамандық жақсылықсыз болмас (Ауд. автор)
қазақта: Жаман айтпай жақсы жоқ.
Ал, мақал-мәтелдердегі ұлттық-мәдени көрініс тек тілдер арасында ғана емес, тілдің типологиялық
ерекшеліктерімен де толық байланыста болады. Мысалы, араб және қазақ тілдері байланыс басқаша
сипатталады:
арабта: Елді киіндіретін иненің өзі жалаңаш. (Ауд. автор)
қазақта: Ұста пышаққа жарымас, етікші бізге жарымас.
арабта: Маймыл шешесінің көзіне еліктей болып көрінеді (Ауд. автор)
қазақта: Қарға баласын - аппағым, кірпі баласын жұмсағым дер.
Араб, қазақ мақал-мәтелдерінің көбісі дерлік тура мағынаға ие болатын, ұлттық-мәдени элементтері
бар жеке компоненттермен, жанама мағынадағы жалпылама сөздік жүйені қамтиды. Олар ұлттық
мәдениет үлгілерін көрсеткендіктен, көп жағдайда, үлгі-өнеге, тәлім-тәрбие беру мағынасында келеді.
Сондықтан да, екі тілдегі кей эквивалент мақал-мәтелдер сөзбе-сөз сәйкес келсе, ал олардың көпшілігі өз
ұлт сипатын білдіретін сөздермен келеді. Мысалы:
арабта: Мен оған құрма десем, ол маған көмір дейді(Ауд. автор)
«Құрма» - арабтардың ең сүйікті жемістерінің бірі. Тіпті, рамадан айында мұсылмандар құрмамен
ауыз ашады.
қазақта: Мен не деймін, қобызым не дейді.
«қобыз» - қазақтың ұлттық аспабы.
Араб және қазақ мақал-мәтелдерінде сөздік сәйкестік те мағыналық ұқсастық та, тақырыптық ортақ-
тық та, ұлттық-мәдени өзгешелік те кездеседі. Араб және қазақ мақал-мәтелдеріндегі ұқсас эвивалент-
терді ашу үшін, оларды тақырыптарға бөліп қарастырған орынды. Өйткені мақал-мәтелдерді тақырып-
тарға бөле отырып зерттеу – олардың арасындағы эквиваленттерді кеңінен аша түседі. Сондай-ақ тақы-
рыптық жүйедегі мағыналас мақал-мәтелдерді салыстыра отырып зерттеу – қос тілдегі ортақ универ-
салдарды кеңінен көрсетеді. Тілдің өзіндік ұлттық нышанын көрсететін: «тұрмыс-тіршілік», «жанұя мен
туыстық байланыс», «салт-дәстүр» тақырыптарындағы мақал-мәтелдерді салыстыра отырып зерттеу –
тілдегі ерекшеліктерді ашуға толық мүмкіндік береді. Араб және қазақ мақал-мәтелдеріндегі ұқсас
эквиваленттерді ашу үшін, олар төрт – халықтың тұрмыс-тіршілігін, өзіндік ерекшелігін, жанұя тіршілігін
102
анықтайтын - «үй», «үй жануарлары», «ұлттық тағам» және «туыстық қарым-қатынас» тақырыптарына
бөлініп, салғастырыла қарастырылды.
Бірінші топтағы – ұлттық нақышты көрсететін туыстық жақындыққа байланысты мақал-мәтелдер.
Зерттеу барысында байқағанымыз, араб тілінде де, қазақ тілінде де туыстық қатынасқа байланысты
мақал-мәтелдер жиі қолданыста жүреді. Оның ішінде ата-анаға байланысты мақал-мәтелдер көп. Өйткені,
екі халықта да ата-ананы құрметтеп, олардың орнын ерекше бағалаған. Мысалы:
арабта: Дүниені мың айналсаң да, ананың құшағынан артық жер таппайсың. (Ауд. автор) Әке-
ғашық, шеше қызғанады, қыз таңырқайды.(Ауд. автор)
қазақта: Әкең - асқар тау, анаң - мөлдір бұлақ. Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер.
Қыз бен ана, әке мен бала арасындағы тәлім-тәрбиеге байланысты араб және қазақ мақал-мәтел-
дерінің мағыналас келетіндері де бар:
арабта: Шешесінің тілінің құдіретін қысқарту керек, қызы шешесіне еліктейді. (Ауд. автор)
қазақта: Шешесі бәдіктің қызы бәдік. Шешесін көр де, қызын ал.
Баланың тәрбиесі ата-анаға байланысты екенін екі тілдегі мақал-мәтелдерден көруге болады. Мысалы:
арабта: Сенің жақсы істерің – балаңнан. (Ауд. автор) Негізгі бала - балаңның баласы(Ауд. автор)
қазақта: Балаң жақсы болса, есіктегі басыңды төрге сүйрер, Балаң жаман болса, төрдегі басыңды
есікке сүйрер. Балаң жаман болса, арманың кетеді. Баланың жақсысы - қызық, жаманы күйік. Немере
өз балаңнан да тәтті.
Ағайын, туыс арасындағы жақындық екі халық мақал-мәтелдерінде ерекше сипатталған. Өйткені,
араб халқы да, қазақ халқы да ежелден бауырмал, ағайын-туыс арасындағы қарым-қатынасты жоғары
бағалаған. Мысалы:
арабта: Ағамның баласымен жақын туыспын, ағамның баласының баласымен алыс туыспын. (Ауд.
автор)
қазақта: Туысы бірдің - уысы бір.Ағайын - ағайынның айнасы.Абысын тату болса, ас көп, ағайын
тату болса, ат көп.
арабта: Ағамның баласы жауынгер. (Ауд. автор)
қазақта: Жаман да болса - жақыным.
Сондай-ақ, туыстық қатынасты білдіретін қазақ мақал-мәтелдерінде ағайын арасындағы бақталастық,
алауыздық сияқты қасиеттер жиі ұшырасады:
Ағайын бар болсаң көре алмайды, жоқ болсаң бере алмайды.Ағайын алуға бар, беруге жоқ. Ағайын
барда дүшпаным жоқ деме, абысын барда күндесім жоқ деме. Ағайын ащы, мал түщы.
Туыстық қатынасты білдіретін екі тілдегі мақал-мәтелдердің ішінде, мағына жағынан ұқсастық табатын
-
қыз балаға қатысты мақал-мәтелдер. Араб, қазақ халықтары қыз баланы қадірлеген, өз төрінен орын
берген. Ислам дініндегі тәрбие бойынша, қыз бала сыпайы, инабатты, сыйлы, иманды болу керек, және бұл
қасиеттер араб, қазақ қыздарының бойынан кездеседі. Сондықтан да, діні бір, тәрбиесі ұқсас араб және
қазақ тілдеріндегі қыз балаға қатысты мақал-мәтелдер мағына жағынан бір-бірімен сәйкестік табады. Соның
ішінде, «қыз бала - жат жұрттық» деген ұғым екі тілдегі мақал-мәтелдерде кеңінен кездеседі:
арабта: Ұлыңнан бұрын қызыңды айттыр. (Ауд. автор)
қазақта: Қыз - жат жұрттық.
арабта: Қызын айттырса, ашуланып, өкінген сыңай танытады. (Ауд. автор))
қазақта: Қызы бардың назы бар.
арабта: Бояудың өмірі суда қалмайды.(Ауд. автор)
қазақта: Отырған қыз орнын табар.
арабта: Қыз өссе, уақыт ұзақ болмайды. (Ауд. автор)
қазақта: Қыз өссе елдің көркі, гүл өссе жердің көркі.Қыз бала өз үйіне қонақ.
Араб халқы мен қазақ халқының қыз бала тәрбиесіне көңіл бөлетіндігін мақал-мәтелдерден аңғаруға
болалы:
арабта: Үйінен шыккан қыздың кеңістігі (өлшемі) өзгереді. (Ауд. автор),Егер сее арыңды сақтағың
келсе, басқаға көзі түскен қызыңды тұрмысқа бер. (Ауд. автор)
қазақта: Қызға қырық үйден тию. Қызың өссе, қылықтымен ауылдас бол.
Жоғарғыдағы мақалдың мағынасына жүгінсек, арабтарда қызына, не ұлына өмірлік жарды ата-
аналары табады. Ал ойы басқада болған баланың әке-шешесі өз абыройын сақтау үшін, баласын тезірек
өздері қалаған адамға тұрмысқа береді, ұлын үйлендіреді.
Бұндай құбылысты қазақ халқының өмірінде ертеректе, Ислам дінін қабылдағаннан кейін пайда
болғанын көркем шығармалардан кездестіруге болады. Қазақ халқындағы «Ананың тілін алмаған,
қасарысқан қыз жаман» деген мақал осының негізінде де айтылуы әбден мүмкін.
103
Достарыңызбен бөлісу: |