Екінші топты құрайтын - «үйге» қатысты араб және қазақ тілдеріндегі мақал-мәтелдер семанти-
калық мағына аясында бірдей қолданылады. Өйткені, қазақ және араб халқы ерте заманда көшпелі
тұрмыс кешкен. Екі халық тіршілігінде үйдің атқаратын рөлі өте үлкен болған. Мысалы:
арабта: Әр ит өз есігінде қатты үреді. (Ауд. автор) Қоңыздың әкесі өз елінде сұлтан. (Ауд. автор)
қазақта: Өз үйім, өлең төсегім. Он үште отау иесі. Өз үйім кең сарайдай боз үйім.
Саны жағынан қарастырған «үйге» қатысты мақал-мәтелдердің ішінде, қазақ тілінде - 98, ал араб
тілінде - 50. Сондай-ақ, «үйге» қатысты араб мақал-мәтелдеріне қарағанда, қазақ мақал-мәтелдерінде
ұлттық нышан басым: Он үште отау иесі , Абырой ақ отау жапты. «Отау» - арабтар үшін түсініктемені
қажет ететін, ұлттық нышаны бар, қазақ лексикасына ғана тән сөз. Үшінші топты қамтитын - «Ұлттық
тағамға» қатысты мақал-мәтелдерді салыстыра отырып зерттеуде, екі халықтың өзіндік ерекшеліктері
мен ұқсас, белгілерін аңғаруымызға болады. Мысалы:
арабта: Жүзімнің тәттілігі - бір жидектен білінер. (Ауд. автор). Бір тамақ әркімнің талғамына сай
келмейді.(Ауд. автор). Ет пен асқабақ қабығы жоққа киім болсын. (Ауд. автор)
қазақта: Асың дәмді болса, көңілің сәнді болар. Ас адамның арқауы. Ет етке, сорпа бетке. Бір ай ет
жемегеннен ақыл сұрама.
Мақал-мәтелдерде ұлттық тағамға қатысты сөздер ұлттық-мәдени сипатта келеді:
арабта: Баласын құрмаменасыраса, тәттісі ішке түседі. (Ауд. автор)
қазақта: Ас тазасы-қартасы, негізіне тартады.
Мұндағы «қарта», «құрма» - араб және қазақ халқының сүйікті тағамы. «Қарта» - қазақ халқының
үлттық тағамы болғандықтан, ол арабтардың дүниетанымында жоқ, оларға түсініксіз сөз. Ал, «құрма»
қазақ дүниетанымында болғанымен, ол қазақ жерінде өспегендіктен, қазақ халқы бұл өсімдікті өз
тіршілігінде аз қолданады.
Сондай-ақ, екі тілде мағына жағынан, стилистикалық жүйесі, семантикасы жағынан ұқсас тамаққа
қатысты мақал-мәтелдер де кездеседі:
арабта: Бірінші - тағам, екінші - кәләм (сөз). (Ауд. автор)
қазақта: Әуелі - тағам, сонан соң - кәләм.
арабта: Дәмін тат, ұнайды. (Ауд. автор)
қазақта: Аштық ас талғамайды.
Арабта: Ауыз жейді, көз ұялады.(Ауд. автор)
қазақта: Ауыз жейді, көз ұялады.
арабта: Ас - адамның күші. (Ауд. автор)
қазақта: Ас адамның арқауы.
Төртінші топтағы -жан-жануарға қатысты мақал-мәтелдер екі тілде де кеңінен қолданылады. Араб
және қазақ тілінде түйеге және жылқы малына қатысты мақал-мәтелдер өте көп. Мысалы:
арабта: Баланың ақылы түйенің бойында.(Ауд. автор) Мұрнына таяқ кигізген түйедей накұрыс-
танады. .(Ауд. автор)
қазақта: Соңғы түйенің жүгі ауыр. Атан түйе жүк астында қартаяр.Түйедей бойың болғанша,
түймедей ойың болсын.
арабта: Жақсы ат та сүрінеді. (Ауд. автор). Атқа мінгеннің бәрі шабандоз емес (Ауд. автор).
қазақта: Жаңылмас жақ болмас, сүрінбес тұяқ болмас. Атқа мінгеннің бәрі шабандоз болмас.
Жылқы малына қатысты мақал-мәтелдердің екі тілде бірдей қолданыста болуы – араб халқы да, қазақ
халқы да жылқыны ерекше бағалап, құрмет тұтып өз жыр-маржандарынан орын берген.
Араб тілінде, қазақ тіліне қарағанда, түйеге қатысты мақал-мәтелдер жиі ұшырасады. Өйткені, түйе
малы арабтардың тіршілігінде үлкен рөл атқарған. Араб даласының көп мөлшерін сахаралы құмды жер
алып жатқандықтан, шөлді жерге бейім түйе – арабтар үшін қолайлы мал болған.
Қой мен ешкі малына қатысты мақал-мәтелдер қазақ тілінде көп кездеседі. Өйткені, қазақ халқы
ежелден қой шаруашылығымен айналысқан, және қазақ даласы көкмайсалы болғандытқан, қой осы
далаға бейім. Ал, арабтың сахаралы даласында қойды өсіру қиын. Қой араб өмірінде аз кездесетін мал
болғандықтан, араб дүниетанымы мен тілдік қорында қойға қатысты иірімдер жоқтың қасы деуге болады:
қазақта: Қой үріккен жағына беттейді. Қойшы көп болса, қой арам өледі. Айдағаны бес ешкі,
ысқырығы жер жарады.
арабта: Онда не кой, не түйе жоқ. (Ауд. автор)
Ал, есекке қатысты мақал-мәтелдер араб тілінде басымырақ. Бұны да халық тіршілігінің сипаты мен
жердің ықпалы арқылы түсіндіруге болады. Яғни, есек араб халқының тұрмысында қазақ халқынан да
көп қолданылады. Есек – араб және қазақ мақал-мәтелдерінде «аңқау, көнбіс, ақымақ, арам» деген
мағынадағы қолданылады.
104
арабта: Таяқпен түрте берсе, есек те тебеген болады.(Ауд. автор)
Есекті қасқырдың қамқорлығына қалдыр. .(Ауд. автор)
қазақта : Есектің өзі арам, еңбегі адал.
Қазақта жеті қазынаның біріне жататын ит - екі халықтың мақал-мәтелдерінде көрініс тапқан. Ит
мақал-мәтелдерде әр түрлі кейіпте кездеседі. Бірде, ит- асыл дос, жағымды кейіпте берілсе:
арабта: Ит болмаса, мысық қожа.(Ауд. автор)
қазақта: Ит жоқта шошқа үреді. Жақсы ит өлгенін көрсетпейді.
Кейде жағымпаз, ақымақ, тентек, арам ниетті, жағымсыз кейірте қолданылады:
арабта: Иттің өмірі түзу болмайды. (Ауд. автор)
қазақта: Ит иттігін жасайды. Итке берсең асыңды, иттер тартар басыңды. Мысыққа байланыс-
ты мақал-мәтелдердің қолдану аясы әр түрлі. Қазақ тілінде мысыққа қатысты, мақал-мәтелдер аз кезде-
сіп, сүйкімсіз, дұшпан, жамандық келтіретін жағымсыз кейіптерде беріледі. Ал, араб халқында мысық
қасиетті жануар болып есептелгендіктен, мақал-мәтелдерде молынан қолданылып, жақсылық, данышпан-
дық, қасиеттілікті көрсетуде жұмсалады:
арабта: Мысық жоқта тышқан басқа шығады.(Ауд. автор). Мысығы бардың жеті күші бар. (Ауд.
автор)
қазақта: Мысықтың тілеуі жаман. Ит ашуын мысықтан алады.
Ал, кейбір араб мақал-мәтелдерінде мысық - қу, айлакер кейіпінде қолданылады: Мысық ашық
қоймадан құтылады.(Ауд. автор). Жеп алып, жемегендей болатын мысық сияқты.(Ауд. автор)
Үй жануарларына қатысты мақал-мәтелдер арасындағы ерекшеліктерді төмендегі кестеден көруге
болады:
Үй жануарлар
Тілдер
Сан мөлшер
Жағымсыз
кейіпте
Жағымды кейіпте
Түйе
Араб
200
5
195
қазақ
20
6
14
Жылқы
Араб
40
10
30
қазақ
50
2
48
Есек
Араб
210
156
54
қазақ
52
43
9
Қой-ешкі
Араб
10
----
10
қазақ
109
7
102
Мысық
Араб
257
2
255
қазақ
24
24
----
Ит
Араб
30
21
9
қазақ
84
49
33
Араб және қазақ тілдері, тілдік табиғаты тұрғысынан туыс тілдер емес. Бірақ дінінің ортақтығы мен
тарихының түйісетін жерлері, мәдени-экономикалық
байланысы – олардың тілдеріндегі кейбір элементтердің ортақ болуына әсер етті.
Достарыңызбен бөлісу: |