Тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет180/548
Дата07.01.2022
өлшемі7,82 Mb.
#20554
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   ...   548
Keywords:  Kazakh language teaching methodology, the Kazakh language for foreigners, the American 

method of language training.  

 

Қазақ тілі еліміздің ата заңында мемлекеттік тіл ретінде танылғаны бері, әртүрлі сипатты аудитория-



ларда,  әртүрлі  бағытпен  оқытылып  келе  жатыр.  Осы  уақыт  аралығында  бірнеше  ғылыми  әдістемелер 

ұсынылып, оқу стандарттары белгіленіп, типтік  бағдарламалар негізінде  оқулықтар мен оқу  құралдары 

жазылғаны аян.  Нәтиже бар. Орта мектептер мен жоғары оқу орындарында оқытылатын оқулықтардың 

жалпы типтерін былайша бөлуге болады:    

1) 

дәстүрлі құрылымдық жүйеге негізделген грамматикалық бағытпен оқыту әдістемесі;  



2) 

грамматикасыз оқыту жүйесі;  

Елімізде бұл екі бағыт бойынша бірнеше деңгейлік оқулықтар мен әдістемелік нұсқаулар жазылып, 

тест жүйесі жасалған.  

Қазақ  тілін  оқытудың  әдістемесін  анықтамас  бұрын,  ең  алдымен  қазақ  тілін  оқитын  тілдік  тұлға-

лардың әлеуметтік, психологиялық, қажеттілік деңгейін анықтау абзал. Тілдің бүгінгі әлеуметтік ахуалы 

мемлекет жүргізіп отырған тілдік саясатпен тығыз байланысты болатыны белгілі. Бүгінгі таңда қазақ тілін 

оқудың, оқытудың мотивациясы артып отыр, бұл, әсіресе, шетелдіктердің қазақ тіліне деген қызығушы-

лығынан анық көрінеді.  

Елбасымыз  Н.Ә.  Назарбаев  БҰҰ  Бас  Ассамблеясы  70-ші  мерейтойлық  сессиясының  жалпы  пікір-

таласында  жасаған  баяндамасын  қазақ  тілінде  жасағаны  бәрімізге  белгілі.  Қазақ  елі  үшін  бұл  үлкен 

рухани көтерілу болды, ал қазақ тілін оқытушы мамандар үшін, жауапкершілік арта түсті деп бағалаймыз. 

Абайды өз ана тілінде  оқығысы келетіндердің саны артып отырған тұста, жоғары әдістімелік деңгейде 

оқулықтар мен оқу құралдарын жазу, үйренушілерге нақты бағыт көрсетіп, лебізіміздегі ойдың қанықты-

ғын,  нақтылығын,  тиянақтылығын  айқындай  алатын  әдістемемен  оқыту  жүйесін  белгілеу,  тіл  үйрету 

жүйесін жүйелі жолға қою іргелі мақсаттардың бірі болмаққа керек.   

Қазір қазақ тілін оқыту  ісі  саябырламай, керісіше,  қарқынды дамуы  қажет. Елбасымыз, айтқандай, 

қазақ қазақпен қазақша сөйлесіп, лебізіміздің ішкі дамуын жалғастырып жатса, шетелдіктерге қазақ тілін 

үйрету арқылы  оның халықаралық деңгейде де өсуіне жағдай туғызу керек. ХҮІ ғасырда  қазақ тілінің 

халықаралық мәртебесі  болғанын есімізге  түсіріп, жадымызда жаңғыртсақ деген  ой келеді. Елбасының 

БҰҰ мәртебелі мінберінде қазақша сөйлегені бізді осындай ойларға жетелейді.   



117 

Қазақ тілін шет тілі ретінде оқыту ісі де қазіргі Қазақ елі үшін аса маңызды және өзекті мәселенің 

бірі.  Қазіргі  уақытта  Ресейде,  Қытайда  (Пекинде),  Кореяда  (Сеулде),  Польшада,  АҚШ-та,  Еуропаның 

көптеген елдерінде қазақ тілі шет тілі ретінде оқытылуда. Сондай-ақ елімізге сырт елден келген шетелдік 

азаматтарға  қазақ тілін шет тілі ретінде оқытудың да өзіндік ерекшелігі мен қыр-сыры бар. Қазақ ұлты 

мен бірнеше ұлыстарды біріктіріп отырған тәуелсіз еліміздің мемлекеттік тілін өз елімізде оқытудың ішкі 

жүйесі мен желісін  қалыптастыруда ғылыми  бірізділік пен жүйелілік қалыптасты  десек, шетелдіктерге 

қазақ тілін үйретудің де өзіндік ерекшеліктерін сақтай отырып, нақты әдістемесін жасау өзекті мәселенің 

бірі деп пайымдаймыз.  

Ағылшын және орыс тілдерінің  оқыту әдістемесінің жетілгенін, жүйелі екенін білсек те, мұны игеру-

дің, үйренудің де жолдары көп. Әлемдік деңгейде оқытылып отырған ағылшын тілінің оқыту әдістеме-

лерін жүйелі зерделеп, соның негізінде қазақ тілін оқытудың өзіндік ерекше әдістемесін қалыптастыруға 

болар еді. Ағылшын тілін екінші тіл ретінде оқыту жүйесін ғылыми тұрғыдан зерттеу американдық ғалым 

Ноам Хомскийді генеративті тіл білімін жасауға әкелді [1]. Ол 1950 жылдары құрылымдық грамматика-

ның бір бағыты ретінде генеративті тіл білімінің негізін салған. Генеративті тіл білімі дәстүрлі құрылым-

дық грамматиканың көп өкілдерінің ғылыми көзқарастарына өзгеріс енгізді, сондықтан да тіл білімінде 

«хомскийдің төңкерісі» деген термин тұрақтап, солай аталды. Генеративті тіл білімінің (ГТБ) негізінде 

тілдің туғызушы моделі туралы түсінік жатады, яғни кез келген тілдік ережелер тек қана дұрыс сөйлем 

құраудың жөн жосығын анықтауға бағытталуы қажет. ГТБ біздегі қалыптасқан дәстүрлі тіл біліміндегі 

сияқты тілді сипаттаумен айналыспайды, тілдегі басты ақпараттық тұлғаларды моделдеу үдерісін көрсе-

теді. ГТБ ның пайда болуы ең алдымен, экстролингвистикалық факторлармен, яғни, ХХ ғасырдың елуін-

ші жылдарындағы соғыстан кейінгі қиын кезеңде қалыптасқан модельдеуге ұмтылу, компьютерлік төң-

керіс, генетикалық код моделін құру, машиналық аударма жасау мен математикалық тіл білімінің дамуы-

на байланысты болды. Оның дәстүрлі грамматикадан басты айырмашылығы мынада: дәстүрлі граммати-

ка дыбыстан сөз, сөзден сөз тіркесі, сөз тіркесінен сөйлем құралады деп дәлелдесе, ГТБ лебіздің пайда 

болуы синтаксистен басталып, фонологияға қарай өрбиді, яки ойдың көрінісі ретіндегі лебіздегі сөйлем-

нің абстрактілі синтаксистік құрылысы бастапқы маңызды рөл атқарады деп пайымдайды.  

Н.Хомский  ұсынған  «компетенция»  ұғымының  маңызы  ерекше,  ғалымның  пайымдауынша, 

«компетенция»  тілді  интуитивті  меңгеру.  Қазіргі  таңда  әлемдік  ғылымда  Хомский  теориясы  кеңінен 

қолдау тауып, дамытылуда [2]. Осыған орай коммуникативтік құзыреттілік, әлеуметтік лингвистикалық 

құзыреттілік,  дискурстық  құзыреттілік,  ақпараттық  құзыреттілік,  когнитивтік  құзыреттілік  т.б.  түрлері 

анықталып, ғылыми тұрғыдан орнықты. Бұл құзыреттілік түрлерін бір-бірінен бөліп қарауға болмайды. 

Ғалымдардың пайымдауынша, тілді үйренудің  екі түрлі сыпаты бар:  

– 

тіл туралы білімнің болуы;  



– 

метакогнитивті стратегия.  

Тілді  үйренуші  үшін,  сол  тіл  туралы,  оның  жалпы  құрылымдық  заңдылықтары  туралы  жалпы 

ақпараты болуы қажет. Қабылданатын ақпарат үйренушінің бұрыннан бар білім білігінің негізінде қабыл-

данып, оның дамуына ықпал етуі керек. Мынадай қарапайым мысалға назар аударалық: Бала мектепке 

барды. Сөйлемді талдамас бұрын ондағы ойдың бүтіндігіне, сөйлемнің дұрыс құрылғанына көңіл бөлеміз. 

Сөйлемде  баланың  мектепке  баратындығы  туралы  ақпарат  берілген.  Енді  сөйлемді  құрылымдық 

тұрғыдан бөлеміз: бала – сөйлемдегі ойдың субъекті, заттық мағынаны білдіреді (С), мектепке (О) – бала-

ның қайда бет алғанын анықтайды, жанама толықтауыштық мағына, барды (Е) әрекетті анықтап, сөйлем-

нің  баяндауышы  болады.  Сөйлемді  құраушы  тұлғалар  нақты  ақпарат  беріп,  ойдың  біршама  тиянақты-

лығын қамтамасыз етеді. Бір қарағанда мектеп  деңгейіндегі талдау болып көрінуі де ықтимал. Алайда, 

қолданыстағы  тіл  үшін  маңыздысы  ойдың  түсініктілігі  мен  нақтылығы  десек,  оның  түсінілуі  сөйлем 

ішіндегі  сөздердің  мағыналық  құрылымымен  байланысты  тіркесімділігінде  екендігінде  дау  болмаса 

керек.  Әсіресе,  машиналық  аударма  жұмыстарында  табиғи  тілдік  иірімдерді  дұрыс  және  нақты  түсіну 

үшін сөйлем ішіндегі сөздердің тіркесімділік ретінің анықалуы да маңызды саналады. Мәселен, жоғары 

да келтірілген сөйлемді әртүрлі сипатта түрлендіріп көрелік: Бала мектепке барды. Мектепке бала барды. 

Бала барды мектепке. Мектепке барды бала – сөйлеу барысындағы лебізде осы нұсқалардың қай-қайсысы 

да қолданатыны белгілі. Бір қарағанда, сөйлемдердің мағыналық сипаты бірдей, алайда функционалдық 

семантикалық  ерекшелігі  бар,  әрі  бұл  лебізде  айқын  аңғарылады.  Бірінші  сөйлемде  «мектепке»  сөзіне 

ерекше маңыз беріле айтылса, екінші сөйлемде «бала» маңызды да, келесі сөйлемде «барды» ерекше лебізді 

екпінмен  айтылады  да,  тыңдаушыға  берілетін  ақпаратта  өзіндік  ерекшелікке  ие  болады.  Демек,  ойдың 

тиянақты жеткізілуі үшін сөйлемнің синтаксисі емес, сөйлемнің мәні, яғни семантикасы маңызды болады.  

Біздің  елімізде  де  Ф.Ш.  Оразбаева  [3],  Э.Сүлейменова  [4],  З.  Күзекова  [8],    К.Қадашева  [5],  сынды 

ғалымдар еңбектерінде қазақ тілін екінші тіл ретінде оқытудың әдістемесі жасалғаны жоғары бағаланады. 

Бұл еңбектер негізінен, орыс тілді аудиторияға арналып, соның ерекшелігін ескере отырып жазылған. Қазір-



118 

гі орыс тілді аудиторияда отырған үйренушілердің дені қазақстандық азаматтар екенін ескерсек, олардың 

қазақ тілін  меңгеруінде  көп  жеңілдік  бар  екені  анық.  Ең  бастысы,  мұнда  тілдік  орта  бар,  коммуникация 

жасауға толық мүмкіндік  бар.  Ал  шетелдіктерге  қазақ  тілін үйретудің  басты  ерекшелігі  де  осыдан  келіп 

шығады. Мұнда лебіздік орта жоқ, алайда тілді үйренудің мотивациясы берік, қызығушылық жоғары. Осы 

ретте шетелдіктерге қазақ тілін үйретудің өзіндік жаңаша әдістемесін жасаудың маңызы арта түседі. Әлем-

дік циклдік заңдылықтарға бағынатын адамның табиғи болмысы мен дүниетанымының арасында жақсы-

лық пен жамандық, түн мен күн, қараңғы мен жарық, ақ пен қара ұғымдарынан тарайтын сандаған сырлы 

таным дүниесінің шексіз ұқсастығы бар. Осы ұқсастық негізінде адамдардың бірін-бірі түсінуі жеңіл, ұғуы 

оңай. Ұлттардың бір-бірінен тілдік айырмашылығы олардың кеңістіктегі гармониялық бірлігін де қамтама-

сыз етуі қажет. Әлеуметтік-мәдени болмыстың бейнесі, мәдени феномен саналатын тілді оқыту арқылы ұлт-

тық және жалпы адамзаттық әлеммен гармониялы байланыс қалыптасады. Қазақ тілін оқытудың бірізділігі 

мен жүйелілігін арттыру үшін, әлеуметтік тапсырыстарға жауап беруде, атқарылатын істер көп. ХХІ ғасыр 

сұранысына жауап  бере  алатын  тілді  үйренудің  басты  тәсілдерінің  бірі  –  деңгейлік  оқыту  жүйесі  қазіргі 

уақытта көптеген жоғары оқу орындарында оқытылатын қазақ тілінің әдістемелік негіздемесіне айналып та 

үлгерді. «Білім берудің көпсатылы деңгейі» үлгісінің әр сатысында берілетін ақпаратты нақты анықтау мен 

оның мазмұндық құрылымын жүйесі саралау, принциптерін зерделеу, сөйтіп үздіксіз білім берудің нақты 

кешенді жүйесін жасауға болады.  

Тілді  оқытуда,  әсіресе,  жеке  тұлғаның  қалыптасуын  ерекше  мән  бере  отырып,  тіл  арқылы  қазақ 

ұлтына  деген  құрметті  қалыптастыру  басты  назарда.  Яғни,  ТІЛ  –  ТҰЛҒА  –  МӘДЕНИЕТ  қағидасы 

негізінде үйренушінің қажетті, дұрыс ақпарат алуына көңіл бөліп үйрету негізгі мәселе саналады.  

Өз кезегінде әрбір деңгей мынадай ғылыми фазалармен орнығады:  

1. 

Функционалдық талдау;  



2. 

Ақпараттық талдау.  

Америкалық тілді оқыту жүйесінің дәстүрлі даму жолы базалық сападағы ақпараттардың маңызды-

лығы мен сөйлеу тілінде көп қолданылатын қажетті құрылымдарды анықтап, прагматикалық қатынасқа 

құрылғанын көруге болады. Әсіресе, ең маңыздысы, базалық ақпараттық моделдің ерекшелігін айқындау-

ға бағытталуы. Бұл қазақ тілін оқыту әдістемесі үшін ғылыми жобаның нәтижесі ретінде мынадай маңыз-

ды міндеттерді алға тартады:  

1) 


Отандық тілді оқыту жүйесін халықаралық стандарттар негізіне қарай интеграциялау, үйлестіру;  

2) 


Тілді  оқытудың  америкалық  әдістемесіндегі  маңызды  оқыту  технологияларын  ескеру;  қазіргі 

таңда  орыс  тілін  оқыту  әдістемесінің  де  осы  бағытқа  қарай  ойыса  бастағаны  байқалады  (И.Л.  Бим,                  

А.А. Миролюбов, М.С. Ильин, Б.А. Лапидус, т.б.);  

3) 


Дәстүрлі  отандық  оқыту  технологиясын  қазіргі  инновациялық  оқыту  технологиясына  көшіруді 

жеңілдету; 

Оқыту жүйесінде маңызды фактор ретінде коммуникативтілік құзыреттілік алынады. Яғни, үйрену-

шіге қажет ақпараттар легі барынша нақты және күнделікті қажетті, прагматикалық талаптарға сай болуы 

керек.    Кез  келген  мәтінге  немесе  диалогқа  қазақтың  ұлттық  танымдық  ақпараты  мол  этнографиялық 

желідегі  ұлттық  болмысымызды  танытатын  құндылықтарымызды  орынсыз  тықпалау  дұрыс  емес  деп 

танылады. Сондай ақ, тіл үйренуші қазақ тілінің көркемдік болмысын танып білмей, бағаламай жатып, 

оған  қазақ  рухани  құндылықтарының  атасы  Абай, Шәкерім  сынды  тұлғалардың  өлеңдерінен  үзінділер 

беру  олардың  шығармашылығын  дұрыс  бағаламау  болып  саналады.  Америкалық  немесе  еуропалық 

оқыту әдістемесі үйренушіге (мейлі ол жоғары деңгейде болсын), өзінің классикалық әдебиет үлгілерінен 

мәтін ұсынбайтынын біздерге де үйрену керек деп пайымдаймыз. Өйткені қазақ классиктерінің көркем 

шығармаларындағы сөз қолданысы мен сөз мағыналарының тереңдігі тіл үйренушілердің түсінуіне, сөз 

мағыналарының  мәнін  ұғуына  үлкен  қиыншылықтар  әкеледі.  Сондықтан  таңдалып  алынған  тақырып-

тарда тек қарапайым деңгейде қолданылатын сөздер таңдалып алынып, олардың қолданыс қайталанып, 

жүйеленіп  отырылды.  Келтірілген  мәтіндердегі  сөздер  үнемі  тексеріліп,  өтілмеген  түсініксіз  сөздер, 

ауыспалы мағыналы сөздер мүмкіндігінше берілмейді.     

Үйренуші  мен  үйретушінің  арасында  болатын  диалог  біржақты  немесе  тек  үйретушіні  қайталауға 

құрылмауы керек. Америкалық ғалымдар мұндай оқытушыны теледидарға теңейді. Оқытушы теледидар-

ға  айналмауы  үшін  үйренуші  мен  үйренуші,  үйренуші  мен  үйретуші  арасындағы  белсенді  диалог  тіл 

үйретудің басты шарты, коммуникативтік негізге құрылған инновациялық сабақ саналады.  

Шетелдіктерге  қазақ  тілін  үйретуде  оқытудың  деңгейлік  сипаты  сақталады.  Мәселен,  қарапайым 

деңгейде үйретудің әдісі де қарапайым болуы қажет деп есептейміз. Негізінен үйренуші мен үйренушінің, 

үйренуші мен үйретушінің арасындағы ауызекі диалогқа құрылуы, грамматикалық тұлғаларды жекелей 

оқытуға емес, күнделікті практикада қолданылатын ұғымдарды жеткізу, сөздерді  емес, пікірді, пікірдің 

мазмұнын қазақ тілінде жеткізе білу маңызды саналады.   

  



119 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   ...   548




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет