Тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет182/548
Дата07.01.2022
өлшемі7,82 Mb.
#20554
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   548
Байланысты:
2

 

Аннотация:  В  статье  рассматриваются  вопросы  о  профессиональных  компетенциях,  формирую-

щихся  в  процессе  обучения  морфологических  единиц  посредством  технологии  «поэтапного  комплекс-

ного обучения», влияющие на студенту окружающий мир, отношения с людьми, приобретенные знания, 

умения и навыки, умения и навыки. 



Ключевые  слова: 

морфологическая  единица,  профессиональная  компетентность,  технология, 

квалификация. 

 

Annotation: The article deals with the issues of professional competencies formed in the process of teaching 

morphological units through the technology of "step-by-step complex training", affecting the student's 

environment, relationships with people, acquired knowledge, skills, abilities and skills.

 

Keywords: 

morphological unit, professional competence, technology, qualification. 

 

Әлемдік білім беру жүйесінде кеңінен қолданыла бастаған «құзіреттілік», «құзірет» терминдері жаңа 



білім  стандарты  ұстанған  басты  бағыт  ретінде  біздің  еліміздің  білім  беру  жүйесіне  яғни  жаңартылған 

білім мазмұнында кеңінен қолданылады.  Жоғары оқу орындары алдында  болашақ маманды мұндай аса 

жауапты  білім  деңгейіне  жеткізу  үшін  оқу  үдерісін  соған  сай  ұйымдастыра  білетін,  білім  алушыларға 

білімді  өз  бетінше  еңбек  ете  алатындай  күйге  жеткізе  алатын,  өзі  де  осы  аталған  құзіреттіліктерді 

меңгерген, кәсіби-дидактикалық құзіреттілігі қалыптасқан мұғалімдер даярлау міндеті тұр.   

Құзірет,  құзіреттілік,  біліктілік  терминдері  жан-жақты  қолданыла  бастады.  Аталған  терминдер 

әртүрлі  мағынада  қолданылады.  «Құзірет»  және  «құзіреттілік»    термині  көбінесе  бір-біріне  синоним 

ретінде  қолданылып  жүр.  Құзіреттілік  теориясы  Г.В.  Вайлер,  Ю.В.  Койнов,  Я.И.  Лефстед  және  т.б. 

еңбектерінде  айтылған.  Білім  беруді  ұйымдастыруға  құзіреттілік  тұрғыдан  келу  және  оны    жүзеге 

асырудың  әдіс-тәсілдерін  меңгеру  туралы  мәселелер  М.Н.  Скаткин,  И.Я.  Лернер,  В.В.  Давыдов,  т.б. 

ғалымдардың еңбектерінде қарастырылған.  

Қазақстан ғалымдары да құзіреттілік мәселесін соңғы жылдары жан-жақты зерделеп, қарастыра баста-

ды.  Білім  беру  нәтижесін  құзіреттілік  тұрғысанан  бағамдауға  айрықша  ден  қойылуда.  Атап  айтқанда,              

Ш.Х. Құрманалина технологиялық құзіреттілікті қалыптастырудың теориялық және практикалық аспекті-

лерін  (колледж  жағдайында  бастауыш  сынып  мұғалімдерін  кәсіби  даярлау)  айқындаса,  Б.Т.Кенжебеков 

жоғары  оқу  орны  жүйесінде  болашақ  мамандардың  кәсіби  құзіреттілігін  қалыптастыру-дың  жолдарын 

ұсынды. Ж.Меңлібекова болашақ мұғалімнің әлеуметтік құзіреттілігін жетілдірудің амалдарын анықтаса, 

Б.Қасқатаева (болашақ қазақ тілі мұғалімінің әдістемелік құзырлылығын қалыптас-тыру) туралы сөз қозға-

ды. М.В. Семёнова жоғары оқу орындарында болашақ педагогтардың технология-лық құзіреттілігін қалып-

тастыру мәселесін зерделесе, С.И. Ферхо мұғалімдердің оқу үдерісінде электронды оқу құралдарын пайда-

лана білу құзіреттілігін қалыптастыру жөнінде өз әдістемесін ұсынды.  

Ғылыми-әдістемелік еңбектерде болашақ маманның кәсіби шеберлігін қалыптастыру туралы мәселе 




120 

құзіреттілік  және  құзірет  ұғымдары  арқылы  айқындалып  жүр.  Соңғы  жылдары  жоғары  оқу  орын-

дарының  педагогикалық  бағыттағы  мамандықтарының  магистратура  деңгейінде  осыған  байланысты 

«Кәсіби құзыреттілік негіздері» атты пән оқытылуда.  

Педагогикалық  және  психологиялық  еңбектерді  саралай  келгенде,  «құзірет»  және  «құзіреттілік» 

терминдерімен  байланыста  «кәсіби  құзірет»,  «басты  (негізгі)  біліктілік»,  «кәсіби  тұлғалық  сапа»,  т.б. 

ұғымдардың қолданылатыны анықталды.  

«Құзірет» термині көбінесе «нәтижелік», «жетістікке жету», «түсіну», «меңгеру», «сапа», «мөлшерлі-

лік»  сөздерімен  бірлікте  қолданылатынын,  ал  «құзіреттілік»  термині  кәсіби  қызметтегі  білім  мен 

тәжірибенің бірлігі мағынасында түсінілетіні байқалды.  

Бұл  құзіреттіліктердің  барлығы  да  білім  алушыны  түпкі  нәтижеге  жеткізуге  көмектесетіні  мәлім. 

Жоғары оқу орындарында негізгі құжаттардың бірі болып саналатын жұмыс оқу жоспарында әрбір пәнді 

оқу барысында студент қандай құзыреттіліктерді меңгереді деген сұрақ басты назарда ұсталады. 

Өзгермелі  дүние  жағдайына  бейім  мамандарды  дайындау,  олардың  сан  түрлі  ақпараттан  өзіне 

қажеттісін  екшеп  ала  білу  және  өзгелермен  қарым-қатынас  жасай  алу  дағдысын  дамыту,  қоғамда  өз 

таңдауын жасай алу, кәсіби білігін арттыра  алуға икемдеу, оқыту нәтижесі қоғамда тұлға ретінде қызмет 

жасай алу мүмкіндігін шыңдау мәселесі құзыреттіліктерді негізге ала отырып басты бағыт етіп белгіленді. 

Ғылыми әдебиеттердегі теориялық тұжырымдар мен қазақ тілін оқыту үрдісінің, соның ішінде нақты 

морфологиялық бірліктерді «Сатылай кешенді оқыту» технологиясымен оқытуда студенттердің білім алу 

нәтижесінде қалыптасатын құзыреттіліктер анықталды. Олар қазіргі отандық ғалымдар анықтаған жүйеге 

сәйкес  және  тілдің  қызметі  мен  қоғамдық-әлеуметтік  сұранысты  ұштастыра  отырып,  төмендегідей 

жүйеленді: 

1. 

Кәсіби құзіреттілік 



2. 

Қатысымдық құзіреттілік 

3. 

Лингвомәдени-танымдық құзіреттілік 



4. 

Әлеуметтік-тұлғалық құзіреттілік 

Бұл құзыреттіліктерге жеке-жеке тоқталар болсақ, кәсіби құзыреттілік. 

Б.Т.  Кенжебеков  жоғары  оқу  орны  жүйесінде  болашақ  мамандардың  кәсіби  құзіреттілігін  зерттеу 

барысында кәсіби құзіреттілік ұғымына мынадай анықтама береді: «кәсіби құзіреттілік – бұл кіріктірілген 

іргелі білімдер, адамның қабілеттері мен жинақталған біліктіліктерінің, оның кәсіби маңызды сапалары-

ның, технологияны жоғары деңгейде меңгеруінің, мәдениеті мен шеберлігінің, ұйымдастырудағы шығар-

машылық  әрекетінің, өзін-өзі дамытуға дайындығының бірігуі». Әдіскер   кәсіби құзіреттілікті   арнайы 

құзіреттілік, әлеуметтік құзіреттілік, жеке тұлға құзіреттілігі, дара құзіреттілік деп төртке жіктейді.   

Педагогтың  кәсіби  құзыреттілігі  –  мұғалімнің  теориялық  білімі    және  оны  нақты  педагогикалық 

жағдаяттарда қолдану шеберлігі, сөйлеу, ортада өзін-өзі ұстау мәдениетінің аралас көрсеткіштері (сөйлеу, 

қарым-қатынас стилі, өзіне және өз қызметіне, аралас білім салаларына және т.б. қарым-қатынасын) деген 

анықтама беруге болады.  

Морфологиялық  бірліктерді  «Сатылай  кешенді  оқыту»  технологиясымен  оқытуда  студенттердің 

білім алу нәтижесінде қалыптасатын құзыреттіліктердің бірі – қатысымдық құзыреттілік.Қатысымдық 

құзіреттілік дегеніміз – білім алушының нақты қатысымдық жағдайларда адекватты түрде қарым-қатынас 

жасауға  қабілеттілігі  және  оның  қарым-қатынаста  әлеуметтік-мәдени  нормаларды  сақтай  отырып, 

ұйымдастыру біліктілігі. Кейбір ғалымдар «комуникативтік» және «құзіреттілік» ұғымдарын өзара байла-

ныстырады. Тұлғаның коммуникативтік құзіреттілігі адамдармен байланысқа түскен кезде толық ашыла-

ды. Әсіресе адамдармен тіл табысуда  өз көзқарасын дәлелдеуі керек.  

Оқытушы студент бойына қатысымдық білім мен дағдыларды қалыптастыру үшін оларды кез келген 

ортада өзіне қойылған және бөгде біреуге қойылған сұрақтарға сауатты жауап беруге даярлауы; қарым-

қатынаста  сөз  байлығын  кеңінен  қолдана  алуға  үйретуі;  айтылған  ойды  ары  қарай  жалғастырып  айта 

білуге  дағдыландыруды;  кез  келген  тұлғааралық  қарым-қатынасты  сынай  білу  және  бағалай  білуді; 

тұлғааралық конфликт орнаған жағдайда дұрыс шешім қабылдап, әңгімелесушімен шебер тіл табыса білу 

икемділігін жетілдіруі қажет. 

Адамдардың қатысымдық құзіреттілігі бәрінде бірдей болмайды. Ол әр адамның қабілетіне, қорша-

ған ортасына байланысты өзгеріп  отырады.  Адам жас кезінде қарапайым құзіреттіліктен  бастап, өзінің 

даму  барысында  аралық  құзіреттіліктен  өтеді.  Ересек  болғанда  оның  бірқалыпты  тілдік  қатысымдық 

құзіреттілігі  қалыптасады, алайда ол әр адамның тұлғалық ерекшеліктеріне  байланысты болады. Біздің 

мамандығымызға сәйкес, болашақ шәкіртті оқытатын ұстаз дайындайтындықтан қатысымдық құзыретті-

ліктің рөлі ерекше.  

Морфологиялық бірліктерді «Сатылай кешенді оқыту» технологиясымен оқытуда қатысымдық құзірет-



121 

тілігі  деңгейлік  ұстанымының  он  деңгейінде  де  басшылыққа  алынады.  Тіл  –  сөз  өнері.  Қарым-қатынас 

болмаған  жерде,  сөз  өнері  де  болмайды.  Сондықтан  ғалым  Ф.Оразбаеваның  ғылыми  тұжырымы  басты 

назарда  ұсталады.  Ғалым  тілдік  қатынастың  сөйлесу  арқылы  жүзеге  асатынын  айта  келе,  сол  сөйлесім 

әрекетінің  бес  түрін  (оқылым,  тыңдалым,  айтылым,  жазылым,  тілдесім)  көрсеткен  болатын.  Қазір  қазақ 

тілін оқыту әдістемесінде толық орныққан бұл ұғымдардың ара жігі мен өзіндік ерекшеліктері нақтыланған. 

Бұл  құзыреттілік  жайында  ғалым  Ж.Дәулетбекова  былайша  тұжырымдайды:  «Сөйлесімнің  барлық 

компоненттеріне тән дағдыларды меңгереді; ауызша және жазбаша тілде сөзді құрай білу ережелерін, сөзді 

таңдау  тәсілдерін  және  грамматикалық  нормаларды  ұстанады;  оқу  материалдары  бойынша  дискурсқа 

қажетті дағдыларды меңгереді; ауызша және жазбаша сөйлеуге қажетті коммуникативтік сапаларды қолда-

нады;  пікірталас  түрлеріне  сай  тілдік  құралдарды  пайдаланып,  өз  ойын  дәлелдей  алады;  ұсынылған 

тақырып  пен  тілдік  жағдаяттарға  сай  сөздерді  орынды  жұмсай  алады»  [2].  Морфологиялық  бірліктерді 

«Сатылай  кешенді  оқыту»  технологиясымен  оқытудың  нәтижесінде  қатысымдық  құзіреттілікті  қалып-

тастыру үшін сөйлесім әрекеті арқылы жүргізілген жұмыстарға мынадай талаптар қойылады: 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   548




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет