Тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет219/548
Дата07.01.2022
өлшемі7,82 Mb.
#20554
1   ...   215   216   217   218   219   220   221   222   ...   548
Байланысты:
2

 

Аннотация:  В  статье  рассказывается  об  особенностях  качества  проверки  обучения  студентов  в 

творческих дисциплинах. Эффективность преподавания творческих предметов студентам.  



Ключевые слова: творческие дисциплины, оценка, проверка, методы обучения, метод. 

 

Annotation::  The article describes the features of the quality of testing student learning in creative 

disciplines. The effectiveness of teaching creative subjects to students. 



Keywords: creative disciplines, assessment, verification, teaching methods, method. 

 

Бүгінгі  таңда  бұл  кемшіліктерді  жоюдың  бірден-бір  жолы  –  білімді  де  білікті  және  дағдыны 



қалптастыру нәтижесін бағалаудың жаңа түрлерін және оқытудың жаңа түрін меңгерген яғни, кредиттік 

оқыту технологиясы, модульдік оқыту технологиясы мен білімді тиімді тексеру жүйелерін жетік білетін: 

баллдық, рейтингтік оқыту үдерісіне дәстүрлі тексеру түрлерімен әрі оқыту жүйелерімен үйлесімде енгізу 

болып табылады. 

Соңғы  кезде  студенттердің  білімдерін  тексеруде  көптеген  мамандықтар  тесттік  бақылау  түрін 

қолданып жүр. Бірақ, тесттік бақылау түрі өнер мамандықтары үшін өте тиімсіз.  

Біздің  елімізде  жоғары  оқу  орындары  мен  колледждерде  білімді  бағалаудың  дәстүрлі  ерекшелігі 

игерудің қандай да бір деңгейінде анықталатын білім көлемін ғана бағалау болып табылады. Сонымен 

бірге,  оқыту  барысында  білімнің  белгілі  бір  мінсіз  құрылымын  жоспарлау  қарастырылатыны  бәрімізге 

мәлім.  Білімнің  дара  құрылымының  оқытуда  жоспарланатын  білім  құрылымына  сәйкестігі  өлшемін 

анықтау шығармашылық пәндерді орындаған жұмысына қарай бағаланғанда ғана мүмкін болады.  

Білім беру жүйесінде оқыту процесін жетілдіруде білім алушылардың танымдық қызметін басқару 

маңызды роль атқарады. 

Басқару  үдерісіне  сай  оқытудың  тиісті  нақты  мақсаттарын  ұйымдастыру  және  дидактикалық 

үдерістің шарттарын басқаруда есепке алу тәсілдерін таңдау жүзеге асырылады. Басқару кең мағынады 

білім  алушының  оқу-танымдық  қызметін  бақылау  жүйесі  және  оқытудың  белгіленген  мақсатына  жету 

ретінде  қолданыс  табады.  Бақылау  оқытудың  барлық  кезеңдерінде  жүзеге  асырылады  және  бағдарла-

маның  белгілі  бір  тарауын  оқығаннан  кейін  және  оқытудың  нақты  деңгейін  аяқтағаннан  кейін  ол 

айрықша  маңызға  ие  болады.  Қазіргі  шығармашылық  пәндер  бойынша  білімді  тексеру  мен  оқыту 

нәтижесін бақылаудың дидактикалық ұғымдарының аясы өте кең. Оқыту нәтижесін бақылауды, тексеруді 

дидактика педагогикалық диагностика ретінде қарастырып жүр.  

Шетелдерде  педагогикалық  диагностика  даму  мен  тәрбиелікті  жан-жақты  бақылау,  игерген  білім-

дерді тексеру және сараптау, талдау,  оқу үдерісін нақтылау және жалпылау, білім алушыны  оқытудың 

келесі сатысына көшіру туралы қорытынды жасау, педагогтардың және білім беру ұйымдарының жұмыс-

тарының нәтижелерін қорытындылау үдерісі ренітде түсіндіреді. Біздің педагогикада оқытуды бақылау 

екі  мағынада  қолданылады:  біріншіден,  ол  басқару  шешімдерін  қабылдауға  қызмет  ететін  жұмысты 

тексерудің әкімшілік түрі, екіншіден бағалауды жүзеге асыратын басқару жүйесі. 

Жоғары оқу орындарының білім беру жүйесін дамытудағы басты бағыттардың бірі – кредиттік оқыту 

жүйесін  енгізу  арқылы  сапалы  білім  берумен  қатар,  бағалау  мен  тексеру  сапасын  да  жетілдіру  болып 

табылады.  Білім  сапасының  объективті  рейтингін  анықтайтын  ғылыми  дәлелденген  әдістемесі  осы 

ұғымның міндетті құрамдас бөлігі болып келеді. Білім сапасының нақты көрсеткішкін тура анықтау үшін 

жоғары оқу орындарының материалдық тұрғыдан қамтамасыз етілу деңгейіне, оқу әдістемелік кешен мен 

көмекші оқу құрал жабдықтарының жеткілікті болуына, оқытушының сабақ беру шеберлігіне, педагогика 



148 

ғылымының  жетістіктерін,  инновациялық  әдіс-тәсілдерді  өз  қызметінде  жан-жақты  қолдана  білуіне, 

студенттердің өздіктерінен білімдерін көтеруге, жетілдіруге деген талап-талпыныстарының болуы да қажет. 

Оқу үдерісінде білім сапасын анықтау үшін студенттің алған білімін тексеру мен бағалау нәтижесін 

саралау  ең  маңызды  роль  атқарады.  Ал,  бағалаудың  дәлдігі  мен  толықтығы  білім  берудегі  көздеген 

мақсаттарға жетудің тиімділігін анықтайды. 

Білімді тексерудің басты құрамдас бөліктеріне жататындар: 

білімді тексеруге қойылатын талаптар; 



білімді тексеру мақсаттары; 

тексеру құрылымының міндеттері; 



тексеру құрылымының сапасы; 

білімді тексеру сапасы. 



Білімді бақылаудың негізгі компоненттеріне жататындар: 

білімді тексеру; 



білімді бағалау; 

бағаны анықтау және қою; 



білім мен іскерлікті есепке алу; 

Студенттердің сабақ үлгерімдерінің бақылау объектілеріне жататындар: 

шығармашылық пән негізін құрайтын түсініктерді білуі; 



шығармашылық пәннің әдісі мен тәсілін жан-жақты білуі; 

логикалық және шығармашлық ойлай алу біліктіктерінің болуы; 



теориядан алған білімдерін оқу үдерісінде және практикада қолдана білуі; 

өз ойларын, тұжырымдамаларын сауатты жеткізе білуі; 



негізгі шығармашылық құзіреттіліктердің қалыптасуы. 

Білімді тексерудің келесідей дидактикалық принциптерін атап көрсетуге болады: 



әрекеттік принципі – баға студенттерді оқуда жаңа жетістіктерге жетуге ынталандыруы қажет; 



жүйелік  принципі  –  тексеру  мен  бағалау  қайсыбір  жағдайларда,  тек  қажеттілік  барысында  ғана 

емес, үзіліссіз, жүйелі түрде жүргізіліп отыруы қажет; 



жеке даралық принципі – әрбір студенттің жұмыс нәтижесі әділ бағалануы керек; 



саралық принципі – білімді тексеру кезінде баға білімнің сандық және сапалық көрсеткіштеріндегі 

айырмашылықтарын нақты көрсетуі керек; 



әділдік принципі – баға студенттің игерген білімінің, іскерлігінің, шеберлігінің, дарындылығының, 

дағдысының нақты сапасына сәйкес келуі керек; 



талаптардың  бірдей  болу  принципі  –  білімдердің,  дарындардың,  іскерліктердің,  шеберліктің, 

дағдылардың бірдей деңгейлерін оқытушылардың барлығы бірдей бағалаулары керек және бұл барлық 

тексерулерге қойылатын бірдей талап болуы шарт. Оқу үдерісінң әрбір кезеңдеріне байланысты білімді 

бақылау сөзінің орнына педагогикалық диагностика терминін қолдану өте ыңғайлы. 

Шетелдерде  педагогикалық  диагностиканы  даму  мен  тәрбиелеудің  әртүрлі  жақтарына  бақылауды, 

алған білімдерді бақылау мен оған талдау жасауды, оқыту үдерісін нақтылау мен тәлім алушыны келесі 

сатыға  көшіру  туралы  жалпылама  және  қортындылауды  жүзеге  асыратын  әрі  педагогтардың  немесе 

тұтастай білім беру мекемелерінің жұмыстарының тиімділігі туралы қорытынды жасайтын үдеріс ретінде 

түсіндіріледі.  Біздің  педагогикада,  оқытуды  бақылау  әрі  бір  жағынан  нәтижесі  –  нақты  шешімде 

қабылдауға  қызмет  ететін  басқару  қызметі,  екінші  жағынан,  оқу  орындарының  қызметін  тексеретін 

әкімшіліктің формальді шаралары ретінде түсіндіріледі. 

Оқытушы  оқыту  үдерісінде  бақылау  жүйесінің  бір  бөлігі  және  дидактикалық  процедура  ретінде 

тексеру  қызметі  мен  оның  мазмұны,  бақылаудың  әдістері  мен  түрлері,  білімнің  өлшемдері,  яғни, 

критерийлері,  санау,  өлшеу  шкалалары  мен  өлшеу  құралдары,  оқытудың  тиімділігі  мен  студенттердің 

үлгерімдері  жөніндегі  мәселелерді  қарастырады.  Студенттердің  оқуға  қажет  пәндер  материалдарын 

меңгеруі мен  оларда  қалыптасқан іскерлік  дағдыларының сапасы пәнді игеру  деңгейімен сипатталады. 

Бұл  мәселе  психологиялық-педагогикалық  әдебиеттерде  жеткілікті  көлемде  зерттелген.  Ал,  оқыту 

жүйесіің өзгеруі диагностикалық құрылымның да өзгеруін, соған орай бақылау жүйесін жетілдіруді, оған 

әдістемелік тұрғыдан түзетулер мен толықтырулар енгізуді талап етеді. Басты мақсат әртүрлі дәрежедегі 

және  сипаттағы  бақылау  жүргізу  арқылы  студенттің  білім  сапасының  деңгейі  мен  жетістігін  анықтау 

арқылы оның оқу үдерісіндегі белсенділігін, студенттің өзіндік жұмысының рөлін арттыру арқылы оның 

өзін-өзі басқаруына кеңінен жол ашады. 



149 

Теориялық және тәжірибелік тұрғыдан талдау жүргізу кредиттік жүйеде білім, білік және дағдыны 

тексеру  қызметтерін,  түрлері  мен  әдістерін  төмендегідей  топтастыруға  болатындығын  дәлелдеп 

көрсеткен болатын: 

1. 

Тексеру  қызметі:  бақылау,  оқыту,  дамыту,  тәрбиелеу,  қадағалау,  ұйымдастыру,  профилактика-



лық және түзету енгізу. 

2. 


Тексеру түрлері: болжамдық, ағымдық, рубеждік, қорытынды. 

Болжамдық  (кіріспе)  тексеру  –  әрбір  пәнді  оқыту  алдында  пәнді  игеруге  негіз  болатын  мектепт 

немесе алдыңғы курстарда алған білімдерінің игерілу деңгейін тексеру, (мысалы: өнер мамандығына өнер 

мектептерінің  бітірушілерін  қабылдайды)  ол  білім  алушыға  кеңес  беру  үшін  диагностикалық  сипатта 

болады. 

Ағымдық тексеру – сессия аралығындағы оқу процесінің сапасын және нәтижелерін анықтау мақса-

тында сабақтарда жүргізілеті тексеру түрі. Ол оқытушылар мен студенттердің сәйкестігінше оқыту мен оқу 

қызметтерін жүйелі атқаруды, меңгерілуі, игерілуі қиын тақырыптарды уақытында анықтауды қамтамасыз 

етеді, оқыту процесіне қажетті өзгерістер енгізуге, үлгермеушілерді анықтауға мүмкіндік береді. 

Рубеждік (рейтингтік) тексеру – студенттің интегралдық индексі яғни, эталоны болып табылады. 

Рейтинг – студенттің бүкіл тексеру кезеңінде жинақтайтын эталондық индексі. Рубеждік бақылау семестр 

бойы екі рет өткізіледі яғни, 7 апатадан кейін және сол уақыт аралығында өткен нақты бөлім бойынша 

меңгерген білім сапасы бағаланады. Сонымен қатар, оқу материалының келесі бөлігін меңгеру алдында, 

студенттердің жинақтаған білімдерінің көлемін анықтауға мүмкіндік береді. Мұндай рейтинг аддитивті 

шама  болып  табылады.  Ол  студенттердің  жұмысын  әдістемелік  тұрғыдан  сауатты  ұйымдастыру 

жағдайында  олардың  ағымдағы  дайындықтарының  деңгейін  бағалау  үшін  ғана  емес,  оған  қоса  алған 

білімдерінің  қорытынды  деңгейін  болжауға  да  мүмкіндік  туғызады.  Рубеждік  бақылауды  қабылдау 

түрлеріне  жазбаша  немесе  аузыша  бақылау  жұмыстары,  шығармашылық  жұмыстарын  көрсету, 

коллоквиумғ конференцияларда баяндама жасау, жоба қорғау және т.с.с. мамандықтың ерекшеліктеріне 

орай әртүрлі болып келеді.  

Қорытынды  тексеру  –  пән  бойынша  қорытынды  жасайтын  бүкіл  курс  бойынша  әдістерінің 

логикасына сәйкес болуы, мазмұндық және басқа да талаптарды қанағаттардыруылары қажет. Емтихан 

өткізу  түрлері  де  әр  мамандықтың  ерекшеліктері  қарай  болады:  шығармашылық  жұмыстары, 

компьютерлік немесе бланкалық тестілеу, жазбаша және ауызша емтихан. 

3. 

Тексеру әдістері: оқыту процесінде кері байланысты жүзеге асыруға және оқытудың нәтижелілігі 



мен оқу процесінің тиімділігі туралы мағлұматтар алуға мүмкіндік туғызатын диагностикалық тәсілдер. 

Тексердің әдістері әртүрлі болып келеді. Мысалы: 

шығармашылық жұмыстар – жеке дара немесе топқа арналған жұмыс түрлері; 



ауызша сұрау – пәннің бір немесе бірнеше бөлімдері бойынша сұрақтарға жауап және жағдайларды 

талдау түрінде жүргізілетін тексеру; 

-   


жазбаша  сұрау  –  курстың  жеке  бөлімдері  бойынша  қойылған  сұрақтар,  талдау,  практикалық 

тапсырмалармен жұмыс жасауды қажет ететін тексеру түрі; 

құрамдастырылған – білімді бір мезгілде ауызша және жазбаша бағалауды көздейтін тексеру түрі; 



тестік бақылау – сұрақтар түріндегі жазбаша тексеру түрі; 

тренингтер, дөңгелек үстел, интеллектуалдық ойындар және басқалар – өзіндік ойлау дағдыларын 



және  шешім  қабылдай  алу  іскерліктерін  көрсетуге    мүмкіндік  беретін  ситуациялық  жағдаяттардағы 

сұрақтарды топпен немесе жеке талқылау; 

курстық  жұмыстар  –  практикалық  тапсырмаларды  шешу  арқылы  теориялық  материалды  сапалы 



игеру мақсатын көздейді.  

Бақылау нәтижесінің басты көрсеткіші – баға. Баға – студент еңбегінің жемісі болып табылады. Баға 

– 

бағалаудан  келіп  шығатын  сандық  жиынтық.  Ол  студентті  жақсы  оқуға,  сауатты,  білімді  болуға 



жетелейтін құрал деп айтсақ та болады. Бағалау – барынша кең түсінік. Ол оқытушы мен тәлім алушы 

арасындағы  оқу  үдерісінің  әрбір  пән  бойынша  атқарған  қызметінің  сапалық  және  сандық 

көрсеткіштерімен  сипатталады.  Бағалау  жүйесі  –  оқыту  технологиялары  мен  құрылымының  өзгеруіне 

байланысты  өзгеріп  отырады.  Ғалым-зерттеуші  Г.И.  Щукина  –  бағалау  мен  тексеруді  оқушылардың 

білімді игеруін басқару функциясы ретінде қарастырады.  

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   215   216   217   218   219   220   221   222   ...   548




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет