Тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет225/548
Дата07.01.2022
өлшемі7,82 Mb.
#20554
1   ...   221   222   223   224   225   226   227   228   ...   548
Байланысты:
2

 

Annotation:  The article discusses about organization and   approaches of independent work of students. 

According to the methodology project, organization of independent work of students allows to see the other way 

than traditional educational work and moreover   to fill educational work with new content. It ensures the 

development of their analytical skills and the formation of speech competence, both in the field of socio-economic 

phenomena and in terms of future professional activities.  

Keywords:  independent work of students,  design method, professional speech in Kazakh,  weekly project, 

project work, creative potential, competitive specialist, career guidance. 



  

Заманауи білім беру тәжірибесінде және оқыту үрдісін жетілдіруде студенттердің өз бетінше білім 

алу және білімді шығармашылықпен игеруіне  аса  назар аударылып отыр. Оқытушылар  студенттердің 

өзіндік жұмыстарын орындау барысында білімнің жеке тұлғаға бағытталуына, оның қабілетін, дарынын 

дамытуға, студенттердің өздігінен білім алуына ықпал етуі тиіс. Пәнді оқытуда қалыпты сабақ беру әдісін 

жаңа мазмұнда ұйымдастыру, тиімді әдіс-тәсілдер мен озық технологияларды пайдалану, студенттердің 

өздік жұмысының сапалы болуына, өзіндік жеке тұлға болып қалыптасуына әсер етеді. 

Студенттердің  оқу  әрекетін  белсендіруге,  жеке  тұлға  ретінде  қалыптасуына  олардың  өзін-өзі 

дамытуына – шығармашылығын жүзеге асыруға мүмкіндік беру арқылы қол жеткізуге болады. Иннова-

циялық мақсатты дамытуға бағытталған студенттің жеке тұлғалық зияткерлігін дамыту – бұл стратегия-

лық бағытталған үрдіс. Студенттердің зияткерлік және шығармашылық әлеуетін дамытуға әсер ететіндей 

жағдай  жасауға  басты  назар  аудара  отырып,  олардың  ғылыми-зерттеу  және  жобалау  жұмыстарымен 

айналысуына  кәсіби бағдар берілуі керек. 

Еңбек нарығында бәсекеге  қабілетті маман дайындау барысында және студенттердің өздік жұмыс-

тарын ұйымдастыруда жобалау әдісін қолдану керектігіне тоқталмас бұрын, жобалау әдісінің тарихына 

қысқаша шолу жасайық. Жобалау – «proicere» деген латын сөзі. Бұл сөз «жоспарлау, дайындау» сияқты 

мағынаны  немесе  жоспардың  жүзеге  асырылуын  білдіреді.  «Жоба»  ұғымы  педагогика  саласында  ғана  

емес  экономика,  басқару,  зерттеу  салаларында  да  кеңінен  қолданылатыны  белгілі.  Мысалы:  құрылыс 

жобасы, зерттеу жобасы, оқыту жобасы т.б. 

Біздің жағдайымызда жобалау әдісі деп – сабақтың өткізілу түрі айтылады. Сонымен қатар жобалау 

әдісі  –  студент  пен  оқытушының    бірігіп,  белгілі  бір  мәселені  шешуге  және  қорытынды  жасауға  

негізделген  оқу  немесе  басқа  да  әрекеттерін  айтуға  болады.  Мектеп  мұғалімдерінің  арасында  жобалау 

жұмыстарына байланысты жобалау сабақтары, жобалық апталықтар, жобалық жұмыстар т.б.  тіркестер 

қолданылып жүр. Жобалық жұмыстар орындалу мерзіміне қарай ұзақ, орташа және қысқа мерзімді болып 




156 

бөлінеді. Қазір мектеп  оқушылары мен мұғалімдері  бірігіп ұзақ мерзімді ғылыми жобаларды  орындап, 

қорытындысы  бойынша  қала,  республика  көлемінде  белгілі  ғалымдардың  қатысуымен  өткізілетін 

конференцияларда  келелі  мәселердің  шешілу  жолдары  туралы  ойларын    ортаға  салып  көпшілікті 

мәселелерді шешу туралы ұсыныстары  таң қалдырып жүргені бәрімізге белгілі.  

Жобалау әдісі 20 ғасырдың басынан басталады. Бұл әдістің ғылыми негізін қалаушылар:  Д.Дьюи , 

ДевейКилпатрак, Снедден, Ричардс.   

Сол  кездің  өзінде  АҚШ  ғалымдарының  арасында  жобалық  жұмыстарды  -  жұмыс  техникасына 

немесе дидактикалық концепцияға жатқызу  туралы  мәселе пікірталас туғызған болатын.  

Танымдық  прагматизм  философиясының    өкілі  Девей  жобалық  жұмыстың  ғылыми  және  саяси 

концепциясының іргетасын қаласа, оның әріптесі Килпатрак жобалау әдісін ауқымды мағынасына қарай 

тәрбиеге  қатысты  философия  ретінде  бағалады.  Осыған  байланысты  Килпатрак  жобаны  «әлеуметтік 

ортада  өткізілетін  жүректен  шыққан  мақсатты  әрекет»  ретінде  қарастырады.  Девей  мен  Килпатрак 

мектептен тыс кезде  өмір мен  ойлауды, әрекет пен білімді, мектеп пен тәжрибиені  байланыстырушы 

ретінде  жаңа  дидактикалық  концепция  негізін  салмақшы  болады.    Қорыта  келе  Килпатрак  «жоспарлы 

әрекет демократиялық қоғамның белгілі сипатты бөлігі» деп есептейді, сондықтан «оны да оқу үрдісінің 

сипатты бөлшегі ретінде» қарастыру керек екендігіне тоқталады. Бұл ұғым АҚШ-тың шығысында ғана 

қолдау тапты. Басқалары мәселені шешу процесін  жобалау әдісінің  ерекше  белгісі  деп  білді. Сонымен 

кез-келген өз бетінше шеуін табуға болатын мәселелерді жобалық жұмыс деп  айтатын болды. Осының 

салдарынан  жобалық  жұмыс  –  мәселені  шешудің  схемалық    үрдіс  деңгейіне  түсіп  кетті.  Бұл  үрдіс 

барысында оқытушы мәселені ұсынушы болса, оқушы оны шешуші болды. 

Жобалау  әдісі  бастау  алған  Солтүстік  Америкадан  басқа  жерлерде  (Кершенштайнер  1968;  Гаудиг 

1922; Хаазе 1932; Отто 1914) және еңбек мектептерінде   (Кершенштайнер 1904, Эстрайх 1921; Блонский 

1937, Макаренко 1969 ж.)  бұл мәселе жөнінде педагог-реформаторладың арасында пікірталастар болып 

тұрды. 

Рейхвейн  (1951)  теория  мен  тәжірибенің  байланысын  жоба  десе,  Б.Отто  жалпы  сабақтардың 

концепциясында  басты  рөлді  сұхбат  алады  дегенді  айтады.  Кершенштайнер  (1968)  еңбек  мектебінен 

жобалау  идеяларын немесе осы бағытта дамуды байқауға болатын еді.  

Жобалау идеялары Европада алпысыншы, жетпісінші жылдары «баламалы мектеп» немесе баламалы 

оқыту түрлерін енгізу туралы пікірталас кезінде қолдау табады.  



Жобалау  идеясы,  жобалау  әдісі  ең  алдымен  жалпы  білім  беретін  мектептер  мен  жоғары  оқу 

орындарындағы  дәстүрлі  оқытуға  қарсы  бағытталған  бағдарлама  ретінде  қарастырылды.  Бұл  идея 

көптеген ғалымдарының (Пиаже, Эбли) (Выгоцкий, Леонтьев, Гальперин) қолдауымен жобалау әдісінің 

негізін қалауға себеп болды.  

Жоғарыда  қарастырып  отырғандай,  жобалау  әдісі  мұхиттың  арғы  бетінде    20  ғасырдың  басында  

басталғанымен, Қазақстанда білім беру салалары кредиттік жүйеге енгелі қазақ тілі әдістемесінде соңғы 

жылдары қолданыла бастады. 

Жобалау әдісі  оқу прцессін ерекше етіп тұратын  кешенді оқыту  тәсілдер жиынтығы. Бұл әдіс - 

студенттерге әрекеттерін  өз бетінше жоспарлауға, ұйымдастыруға және бақылауға мүмкіндік береді.   

Жобалау әдісі студенттерге тақырып таңдауда, мәліметтердің дереккөздерін жинауда және презанта-

ция жасауда өз бетінше жұмыс істеуге жағдай жасайды. Бұл әдіс қарым-қатынастың жаңа түрін үлгілеуге 

арналған..  Жобалау  студенттің  өз  бетінше  ойластырып,  жүзеге  асыруға  арналған  жұмысы.  Зерттеу 

барысында студенттің бойында жұмысына қажетті төмендегідей біліктер қалыптасады: 

өзінің қабілеті мен қызығушылығына қарай тақырыпты еркін таңдай алады. 



алдына қойған міндетіне қарай жұмыстың мазмұнына өз бетінше талдау жасай алады. 

өз бетінше алдына қойған мақсатына жету және жүзеге асыру жолдарын іздестіреді. 



мүмкіндіктері мен мүмкіндіктер шегін тексеруге және дамытуға жағдай жасайды. 

-  

мәліметтерді жинап, жүйелеп және сыни ойлауға  үйренеді. 



әдістерді талдау, салыстыру арқылы жұмысына тиімді әдісті таңдай алады. 

аудиторияның алдында сөйлеуге, ойын дәлелді және логикалық жүйелікпен жеткізуге, аудиторияны 



өзіне қарата білуге дағдыланады. 

өзгелерді тыңдап, айтқандарын ой елегінен өткізуге дағдыланады. 



шешімі қиын сұрақтарды  өз бетінше шеше  біледі. 

өз көзқарасын дәлелелдеп, шешімінің дұрыстығына тыңдаушылардың көзін жеткізуге тырысады. 



Жобалау  арқылы  студенттің  интеллектуалды  эмоционалды  контексті  сөйлесуі  іштей  басқа  әрекет-

термен  бірлікте  жүреді.  Басқа  әрекеттер  деп  отырғанымыз,  жоспарын  жүзеге  асыру  үшін  құжаттар, 

анкета, кесте бейнеролик т.б. дайындалады. Жобамен жұмыс істеу – шығармашылық процесс. Студенттер 



157 

өздері  үшін  маңызды  болып  саналатын  мәселені  анықтау  үшін  өз  беттерінше  немесе  оқытушының 

жетекшілігімен  ізденуге  кіріседі. Бұл  студенттердің  өз бетінше білімдерін, дағдыларын және біліктерін 

жаңа  контексте  пайдалануға  көмектеседі.  Бұлай  іздену  олардың  қазақша  кәсіби  сөйлеуін    табиғи  және 

еркін түрде үйренуіне ықпал етеді. Әрине, мұндай жағдайда жобаға қатысушылардың өздерінің ынтасын 

тілдік сауаттылығына емес, айтылатын ойдың мазмұнына аударған дұрыс. Жобалау кезінде студент өте 

белсенді болады, ол өзінің шығармашылықпен жұмыс істей алатынын көрсетеді. Жобамен жұмыс істеу 

барысында  қазақша  сөйлеу  жағынан  нашарлау  және  психологиялық  жағынан  белсенділігі  төмендеу 

студенттің  де  өзінің  қиялдауына,  белсенділігін  және  өз  бетінше  жұмыс  істей  алатынын  көрсетуіне 

мүмкіндіктері өте мол.  

Жобалау  жұмысы  тіл  үйренудің  формалдық  сипатын  жоюға,  тілді  үйренудің  тәжірибелік  нәтиже 

беруіне ықпал етеді. Жоба оқытушы мен студенттің функционалдық міндеттерін өзгертеді. Студент қазақ 

тілін оқытудың нақты бір сабағының мазмұнын таңдауда, ұйымдастыруда, құрастыруда белсенді қатысса, 

оқытушы кеңесші, көмектесуші немесе ойынға қатысушы ретінде ғана көрінеді.  

Сонымен, жобалау жұмысы қазіргі оқытудың талабына сай жеке тұлғаға бағытталғанымен сипатта-

лады. Қазақша кәсіби сөйлеуге  үйрену процесінің негізгі сипаты тілді аутентті тілдік контексте табиғи 

түрде меңгеруге жақындайды.  

Жобалау жұмыстарын бір сабаққа немесе бір аптаға арналған шағын жобалау жұмыстары және бір-

екі айға немесе бір семестрге арналған үлкен көлемді жобалау жұмыстары деп бөлуге болады. Бұлай бөлу 

студенттердің жоспарлаған жұмыстарына байланысты.  

Жобалау жұмыстарын жүзеге асыру мынадай кезеңдерден өтеді: 

І.    Мақсат қою. 

ІІ.   Жоспарлау. 

ІІІ.  Бағдарламаны жүзеге асырудың әдісін таңдау 

ІҮ.  Орындау. 

Ү.  Бағдарламаны қорғау. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   221   222   223   224   225   226   227   228   ...   548




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет