Тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет240/548
Дата07.01.2022
өлшемі7,82 Mb.
#20554
1   ...   236   237   238   239   240   241   242   243   ...   548
Байланысты:
2

Keywords:  globalization, the Kazakh language, the business language, authentic texts, authentic video 

materials.

 

       


Дүниенің түкпір-түкпірінде жаһандану тұсында қатар өмір сүріп жатқан адамзаттың күнделікті өмірі, 

тұрмыс-тіршілігі, өткен ғасырдың соңғы онжылдықтарынан бастап бір-бірінен айырмаланудан гөрі, ұқсас-

тығы көп әлемдік қауымдастыққа айналып бара жатқандығын өзіміз бастан кешіріп отырмыз. Айтар болсақ, 

бизнес, музыка, саясаттағы т.б. әлемдік жаңалықтармен жылдам-ақ хабардар болумен қатар, киінуіміз бен 

тамақ талғауымызда, өмір сүру салтының жеңілденіп, әлемдік үздік стандарттарға ұмтылуымызда айырма-

шылықтардан гөрі ұқсастықты табуымыз мойындайтын жайт. Ғалымдардың анықтамаларында, «жаһандану 

дегеніміз – бұл сауда әлемі мен мәдени алмасу ауқымының кеңеюі нәтижесінде әлемнің өзара байланысты-

лығын, тәуелділігін күшейтетін үдеріс» [1]. Адамзат тарихы дамуының бар кезеңінде өзара түсіністік үшін 

қарым-қатынас тіліне деген объективті қажеттілік туындап отырды, жаңа міндеттер мен басымдықтарды 

ұсынған  іргелі  жаһандану  кезеңінде  ортақ  тілге  деген  қажеттілік  өткір  сезілді.  ХХ ғасыр,  әсіресе  Екінші 

дүниежүзілік  соғыстан  кейін,  ағылшын  тілінде  сөйлейтін  елдердің  экономикасы  мен  саяси  ықпалының 

күшеюі және олардың әлемдік мәдениеттегі рөлінің күрт өскені, ағылшын тіліне өз позицияларын нығай-

туына мүмкіндік берді. ХХІ ғасырды ЮНЕСКО «полиглоттар ғасыры» деп жариялады. Қатар өмір сүру мен 

ойлаудың негізі әр түрлі мәдениеттердің диалогы болып табылады, ал шет тілдерін білу адамның жеке және 

кәсіби  қарым-қатынас  саласындағы  шеберлігіне  айналды.  Ақпараттық  революцияның  басталуы  және 

Интернеттің пайда болуы басқа тілдердің арасында ағылшын тілінің бірінші орында болу басымдылығын 

одан әрі нығайтып, бірте-бірте толығымен жеңіп алды. Бұл жағдай әркімнің де өз елінен тысқары жерлерде 

ағылшын тілін білмей-ақ бизнесті сәтті өткізіп, халықаралық қарым-қатынастарды дамытуы мүмкін еместі-

гіне алып келді. Әрине, жаһанданудың әлемнің тілдік көрінісіне ықпалын оң және теріс деп те қабылдауға 

болады. Ірі тілдерге деген қажеттілік күнделікті өсіп, ал шағын тілдердің алдында жаһандану бұғалығынан 

қалай құтылу, сақталып, аман қалу қаупі ұлғаюда. Сұранысы шарықтап тұрған алпауыт тілдердің жойқын 

әсерінен қазіргі кезде мынандай сөз тіркестері пайда болды: «тіл тажал», «тілдер соғысы», «тілдердің 



өміршеңдігі», «сананың улануы», «тілдік теңсіздік», «тілдердің жойылуы», «өлі тілдер» және т.б. 


164 

Жаһандану  тек  қазақ  тіліне  ғана  қауіп  емес,  әлемдегі  барлық  тілдер  мен  ұлттарға  да  өз  әсерін 

тигізуде.  Дардано  (1986)  ағылшын  тілінің  итальян  тіліне  әсерін  екі  деңгейде  бөліп  қарастырады:  1) 

жоғары деңгейде, әдеби тілдің лексикасы мен техникалық терминологияны байытуда, 2) көбінесе жаңа 

кірмелер журналистика, жарнама және жастар сленг тілінде пайда болуда. Мысалы, телебағдарламаларды 

атауда ағылшын тілінің қысқа сөздерін алу кеңістікті үнемдеуде өте тиімді болып табылатынын Дардано 

ағылшын  тілінің  «икемділігі»  (грамматикасы  жеңіл  және  бір  буынды  сөздердің  көптігі)  деп  атайды. 

Бұқаралық  ақпарат  құралдарындағы  кірме  англицизмдер  шұбалаңқы  болып  келетін  итальян  тіліндегі 

балама  аудармаларына  қарағанда  икемді  болып  көрінеді  деп  түсіндіреді.  Көбінесе  атаулар,  слогандар 

және  сауда  белгілері  нақты  лингвистикалық  мағынаға  ие  болмаса  де,  бірақ  мазмұны  мәнмәтінде 

ашылады. Мысалы, Jolly Box, ShoppingUp, Mama’s Address, Baby Style, Time Now, Pop the New [2].  

Адамзат  дамуының  жаһандық  үрдісінің  заманауи  жағдаятында  нақты  дәлелдеп  отырған  шынды-

ғының бірі: ұлт тілін дамытатын, оны терезесі тең, көсегесі кең етудің ең тиімді жолы – оны бизнестің 

тіліне айналдыру. 

Ел ішінде қарқынды дамып жатқан коммерциялық бизнесте қазақ тілінің таралуы өте 

көкейтесті мәселе болу қалпын жалғастыруда. Жиырма бірінші ғасырды экономика немесе сауда ғасыры 

деп  атауға  болады,  себебі  барлық  мемлекеттер  тауар  алмасу  немесе  қызмет  көрсету  арқылы  әлемдік 

аренада өз орындарын табуда, экономикасы алдыға жылжыған елдің тіліне де сұраныс арта беретіні анық. 

Орталық  Азияның  төрінде  орналасқан  Қазақстан  170  мемлекетпен  сауда  қатынасын  тығыз  дамытуда, 

оның  ішінде  50  елмен  ең  сүйікті  ұлт    (most  favored  nation)  режимінде  жұмыс  істейді  [3].  Жаһандану 

заманында  халықаралық  байланыс  негізінен  ағылшын  тілінде  жүретіні  анық,  ал  Қазақстанда  мемлекет 

ішілік  коммерциялық  құрылымдардың  жұмыс  тілі  бірыңғай  орыс  тілінде  жүргізіледі  [4].  Еліміздегі 

ағылшын тілінде іс жүргізетін қазіргі уақытта 16000 шет ел компанияларын санап айтуға болады, оның 

ішінде  ең  ірілері:  Chevron,  Siemens,  Microsoft,  General  Electric,  Coca-Cola,  Danone  және  Henkel  [5]. 

Ағылшын тілінің астанамызда беделі артқаны соншалықты, ол тек қаланың сауда қатынастарында ғана 

қолданылып қоймай, кез-келген жұмысқа тұру үшін де қажетті фактор бола бастады. Жұмысқа орналасу 

сайттарының ішінде, тура тоқсан пайызы ағылшын тілін білуді міндеттеп қойғанын анықтадық. Ал, орыс 

тіліне  келер  болсақ,  ол  Елорданың  басты  тіліне  айналғанына  көзіміз  жетеді.  Барлық  мекемелердегі  іс-

қағаздары, жарнамалар, хабарландырулар міндетті түрде жүз пайыз орысша жүреді, тек одан кейін ғана 

қазақ  тілі  қолға  алынуда.    Қазақ  тілін  еске  алуда  енжарлық  бар,  олай  дейтініміз,  мемлекет  тарапынан 

қабылданған заңнамаларға қайшы келмеу мақсатымен, тұтынушылардың негізгі  тілдік мүддесін  ескер-

гендіктен  емес,  тіл  саясатында  дау  тумаса  екен  деп  қашқақтаудан  туған  амалсыз  көзбоярлық  әрекет 

іспетті. Бұл үдеріс тек кіші бизнесте ғана емес, сонымен қатар ұлттық бизнес компанияларында да орын 

алып отыр. Құптарлық бір жайтты айта кетуге болады, мына аталған ұйымдар: “KazTransOil”, “Astana 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   236   237   238   239   240   241   242   243   ...   548




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет