Тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет311/548
Дата07.01.2022
өлшемі7,82 Mb.
#20554
1   ...   307   308   309   310   311   312   313   314   ...   548
Байланысты:
2

салаларына байланысты оқулықтардың жазылуы, баяндама, резолюция, протокол жұмыстарының өріс 

алуы, ғылым, мәдениет, техниканың қарыштап дамуы  –  осылардың бәрі  де қазақтың әдеби тілін жаңа 

сатыға көтеріп, оның қолданылу аясын мейлінше кеңейте түсті» [14, 8 б.].  

Әрине, бұл жетістіктер тарихи процестердің жемісі, ұлт зиялылары тілегінің нәтижесі деуге болады. 




217 

Сонымен, түйіндей  келе, ұлттық өркендеуімізге, білім мен ілімнің, ұлттық метебіміз  бен тіліміздің 

қалыптасуы мен  дамуына куә  болған ХХ ғасырдың 20-30 жылдары асыл азаматтар ерен  еңбектерімен, 

қажымас  қайраттарымен  еліне,  жеріне,  ұлтына  деген  терең  сүйіспеншілігінің  арқасында  халқымыздың 

ұлттық  мектебін  қалыптастырды,  оқимын  деп  сусындаған  қалың  елді  әліппемен,  оқулықпен,  оқу 

құралдарымен жарақтады, еліміздің ертеңі үшін еңбек ететін ұлттық кадрлар даярлады, жаппай науқанға 

айналған  сауатсыздықты  жойды,  түрлі  ғылымның  дамуына  сара  жол  салып,  тарихымыздың  жарқын 

беттерінің айтулы тұлғаларына айналды, ұлт зиялылары ұлттық мектебімізді түзіп берді. Аталған кезеңде 

«ұлттың  танымы  мен  талғамын,  білімі  мен  білігін  аңғартар  тамаша  тұлға»  қалыптасты.  Сондай  заман 

перзенттерінің бірі – Қажым Аманғалиұлы Басымов болды. 

Ел  етегін  жиып,  ертеңін  ойлауға  көшкенде,  мектебін  бекем  қылғанда  жас  ұстаз  ретінде  білім 

ошақтарында білім берген, елде сауаттандыру саясаты жүргізілгенде педагог ретінде ерінбей еңбектенген, 

азаматтық борышым деп қазақ тілінің қанат жаюына қатысқан, қалың бұқараға еңбегін паш етіп, еліне 

елеулі болған, тілім деп тебіреніп, тіл ғылымын көп болып көтеріскен Қажым Басымов заман талабын 

орындауға үлес қосқан ұлтжанды азамат болды, алаш азаматтарымен қоса заман, дәуір проблемасына 

елеулі еңбек сіңірді. Қазіргі айтылып жүрген ұлттық кодтың бір бөлшегі тілді сақтай отырып, өзгелерге 

үйретудің  басы-қасында  болды,  халқына  күштеп  таңылған  сол  кездегі  латын  графикалы  әліпбиден 

туындаған  жазу  мәселесін  жан-жақты  түсіндіру  жұмыстарына  баспасөз  арқылы  азаматтық  үн  қосты. 

Алғашқы  қалыптасқан  ұлттық  интеллигенция  өкілдерімен  бірге  азаматтық  іс  атқара  жүріп  өзі  де  дара 

тұлға болып қалыптасты. Өнегелі ұстаздық жолында тіл білімінің салалары бойынша қадау-қадау еңбек 

жазып, өзіндік қолтаңба қалдырды.  

Бүгінде тұтас бір дәуір жүгін тең бөлісе білген азаматтың артында мол тарихи әрі тілдік мұра қалды. 

Егер  де  прагматизмнің  мәні  ұлттық  байлығымызды  нақты  білудің  бір  мысалы  десек,  ұлт  мәдениетінің 

өкілі әдіскер-ғалым Қажым Басымовтың әдістемелік мұрасы қазіргі рухани жаңғыруға бетбұрыс жасалған 

кезеңде заманауи көзқараспен бағаланып, ғылыми мұрасының жан-жақты танылуына жол ашылуы керек 

деп ойлаймыз. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   307   308   309   310   311   312   313   314   ...   548




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет