Тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет388/548
Дата07.01.2022
өлшемі7,82 Mb.
#20554
1   ...   384   385   386   387   388   389   390   391   ...   548
Байланысты:
2

 

Annotation: The article reveals the role of the notion “Kosh”in Kazakh history, and its meaning was 

evaluated. Moreover, its linguistic and ethnographic character was revealed with certain examples. In general, 

there has been given types and pecularities of “Kosh”.   

Keywords: ethnos, people, history, migration.  

 

Жер  шарындағы  ең  ұзақ  көштің  бұйдасын  ұстаған  қазақтардың  Алтайдан  басталған  көш  керуені 



Үндістан, Пәкістан арқылы Түркияға жеткені, одан бүгінгі Еуропа қазақтарын қалыптастырғаны бәрімізге 

аян. Десе де, осы көштің қалай басталғаны, оның қалай қанды жолдарды басып өткені жайында аса көп 

біле  бермейміз  [1,  2].  Міне,  бұл  пікір  біріншіден,  қазақ  болмысынан  сыр  шертсе,  екіншіден  халық 

тарихындағы көш ұғымының алатын орнын айғақтайды. Сол сияқты  бірде   «ұлы  көш», бірде  «қаралы 

көш», бірде «соңғы көш», бірде «салтанатты көш» сипатында көрініс ала отырып, үлкен мәнге ие.   



281 

Жалпы «көш» ұғымының адамзат үшін алатын орны ерекше. Себебі ол – күнкөріс көзі, өмірді сақтап 

қалу тәсілі, жақсы тұрмыс  іздеудің жолы. Бұл ұғым адамзатпен бірге туып, біте қайнасып кетті десек, 

қателеспеген болар едік. Ал қазақ ұлты үшін орны тіпті ерекше

.  

Уикипедия –  ашық энциклопедиясында: КӨШ  көшпелі ортада адамдар тобының немесе этникалық 



ұжымның белгілі бір мақсатқа байланысты жолға шығу үрдісі. Көшпелі тіршілікті ұйымдастырудың ең 

басты элементерінің әрі тәсілдерінің бірі болып табылады.  

Тарихи-этнографиялық деректерге және  әдеби-тілдік зерттеулерге қарағанда, жыл он екі ай көшіп-

қонып жүрген қазақ арасында көштің бірнеше түрлері болған. Атап айтатын болсақ, ауыл көші, қыз көші, 



келіншек көші, т.б. Ал қазақ тарихында бұл аталған көштерден басқа бірнеше түрі бар. Соның көпшілігі 

халықтың өмірін сақтап қалу жолындағы күресі, жансауғалау тәсілі ретінде көрінеді. Сондай көштің бірі 

– 

үркін көш. 



Үркін көш. Қазақ  әдебиетінде  бұл  ұғым  туралы  түрлі  пікірлер  бар.  Үркін  көш  деп  (ауылдың,  тіпті 

рудың)  белгілі  бір  саяси,  әскери  жанжалға  байланысты,  сондай-ақ,  аса  қауіпті  індет  шыққанда  елдің 

мезгілсіз уақытта аяқ астынан көшуін айтады. Бұл жаугершілік заманындағы жаудан құтылу, тұтқиылдан 

жасаған шабуылдан қашу үшін зұлмат, қуғын-сүргін заманында жиі орын алған. Ал қатерлі ауру тараған-

да  ауру  адамдарды  қалдырып  көшіп,  індет  тараған  аймақтан  ұзап  кетуге  тырысқан.  Мұндайда  ауыл-

аймағымен берілген дабыл бойынша аз уақыттың ішінде үдере көшеді. Ондайда сән-салтанат жоқ, жанды 

аман алып қалу үшін малды жеделдете айдап жүреді. Мұндайда артық жүктерін жұртқа қалдырып, мүм-

кіндік болса көмбеге көміп кеткен. Мұндайда суыт жүріске ілесе алмайтын малдар да қалдырылған [2]. 

Халқымыз этнос ретінде тарих сақнасына шыққан күннен бастап үркін көшін бірнеше мәрте басынан 

өткізді. Соның барлығы рухани мұрамыз – әдебиетімізден көрініс тауып отырған. Соңғы ұрпаққа да әдеби 

мұра арқылы жеткен. Себебі тарихшылардың  дәлелді пікір, бұлтартпас айғақтарының ғылым үшін аса 

қажеттілігін   ешкім жоққа шығара алмайды. Ал шежіре мен тарихтың көпшілікке кең таралуы әдебиеттің 

үлесіне тиеді. Әдебиет сезімді селт еткізер сөз құдіреті арқылы ғалымға да, қарапайым жұртшылыққа да 

түсінікті, әсерлі етіп жеткізе алады. Көш туралы түсінік те сөз құдыреті арқылы халқымыздың санасында 

мықтап бекіп, орын алды. Халықтың қасіреті де, қуанышты күндердегі сән-салтанаты да көш көрінісінен 

танылып отырды.   

Қазақ тарихындағы сондай көштің бірін   «Елім-ай» жыр-дастанынан байқай аламыз. 

 

Бұл туынды 



көбінесе  жоңғар  шапқыншылығының  ауыр  кезеңіндегі  халық  басына  төнген  қауіп-қатер,  азап-қиын-

шылықты, амалсыздан босқан қазақтың  мұң-зарын көрсететін тарихи сазды өлең. Дастан  еліміз егемен-

дік алғанға дейін халық өлеңі  ретінде танылып келгені белгілі. Соңғы зерттеулердің нәтижесі оның автор-

лық  туынды  екендігін  дәлелдеп  отыр.  Зерттеу  деректерінен  авторы  Қожаберген  жырау  Толыбайұлы  

екендігі  дәлелденген.  «Қаратаудың  басынан  көш  келеді»  өлеңін  ең  алғаш  рет  баспасөзде  жариялаған  - 

М.Тынышбаев. Осы тарихи өлең туралы А.Байтұрсынұлы, Ж.Досқараев, Ә.Кекілбаев пен М.Мағауиндер, 

М.Оразаев,  Ы.Дуйсенбаев,  С.Сейфуллин,  Қ.Жұмалиев,  Н.С.  Смирнова,  Б.Уакатов,  Г.Тұрсыновалар 

мақалалар жазған. Жыр өзінің сыршылдығымен, әуезділігімен қоса, тарихи кезеңнің хроникасы іспеттес. 

Жетпіс жылғы қызыл империя кезінің өзінде халық тарихын ұмыттырмаған осы дастан деуге де болады.  

 

Қаратаудың басынан көш келеді, 



Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді. 

Қарындастан айрылған жаман екен 

Қара көзден мөлтілдеп жас келеді  

 



деп басталатын дастан - 

Қожаберген жыраудың талантын танытқан, тарихқа атын қалдырған туынды. 

 

Бұл  туынды  туралы  Шәкәрім  Құдайбердіұлының  «Қырғыз  һәм  хандар  шежіресі»  еңбегінде  де 



айтылады.  Мысалы,  оның  жазбасында  «мына  заман  қай  заман  бағы  заман,  баяғыдай  бола  ма,  тағы 

заман» деген жолдарға талдау жасайды. Шәкәрімнің түсіндіруінше, «Ақтабан шұбырындыға» ұшыраған 

елдің береке-бірлігі кетіп, бет-бетімен босып, бүлікшілік «бағзы заманға» душар болуы деп түсіндіреді. 

Сондай-ақ, өз еңбегінде «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» тіркесіне де тоқталады.  Жоңғардың 

тұтқиылдан жасаған шапқыншылығынан ес жия алмай, шұбырып көшіп, босып кеткен халық  әбден әлі 

құрыған сәтте көлді айнала алқақотан  қоршап, жата-жата қалып демалады. Осы сәтте бір ақсақал мұны 

енді  «Ақтабан  шұбырынды,  алқакөл  сұлама»  дейміз.  Бұл  –  табанымыз  ағарып,  шеміршегі  көрінгенше 

жаяу босып, көлді алқақотан қоршай жатып, демалған күніміздің белгісі» деп түсіндірген көрінеді [3, 51].

 

Міне, осыдан көшке қатысты бізге жеткен әдеби мұраларымыздың барлығы да тарихтың куәсі ғана 



емес, лингвоэтнографиялық, лингвомәдени зерттеулердің көзі екенін де ұғынамыз.  


282 

Осы үркін көш жоңғарлар аты картадан жойылған кейінгі кезде  де  қазақ тарихына бірнеше қайта 

оралып, өз ізін қалдырып отырды. Сондай зобалаң қоныс аударудың сұмдық көріністері қызыл империя 

кезінде жалғасын тапты.  

Қазақ даласына ресми деректердегідей репрессия 1936-38 жылдары емес, одан он шақты жыл бұрын, 

яғни  1928 жылы байларды кәмпескелеуден басталғаны туралы ой ұшқындары ақпарат беттерінен белең 

алуда.  1925  жылы  Қазақстан  өлкелік  партия  комитетінің  бірінші  хатшысы  болып  Ф.И.  Голощекин 

тағайындалған соң  «Кіші Қазан» революциясын жасау керек»  деген қорытындыға келіп, республикада 

репрессиялык шаралар жүргізе бастаған. «Асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын!» деген желеумен 

жергілікті халықтың малын тартып алды. Малсыз қазақ күн көре алған ба? 

Аштық  пен  күшпен  ұжымдастыруға  шыдамаған  халық  Қытай  жеріне  ауа  көшті.  Солардың  бірі  - 

Қалғұты өңірі Ақши ауылын мекен еткен Қонақбай руы (тоғыз жүз шаңырақ). 1931 жылы шілде айында 

Қытай жеріне  Қалғұты-Егіндібұлақ, Бөкенбай-Былғары Табыты арқылы шекара асуды ойластырады. Ел 

ауып  жатыр  деген  дүмпуді  ести  салысымен  шекара  жасақтары  тосқауыл  жасап, 

 

Марқакөл (қазіргі  



Күршім) ауданының Қарашілік елді мекеніне жақын маңда қызылдар қазақ көшін пулемет оғымен қарсы 

алады.... Жазықсыз, қарусыз көшті баудай орады. Тәуекелге бел буған көш алдында Жұматай деген молда 

баршасына  арнап  тірідей  жаназа  оқыған  дейді.  Қанды  оқиғаның  жалғыз  куәсі  -  4-5  жасар  қыз  бала 

ғайыптан  тірі  қалған  екен.  Қызылдар  салған  топалаңнан  қалған  белгі  –  қалың  қорым  тұрған  жер  – 

Ақнайман қырылған деп аталады [4] 

Қытаймен шекаралас, әсем табиғаты, асқар тау, айна көлдерімен көрген көзді қуантқан, Ж.Аймауытов-

тың «Ақбілегін» жазуға арқау болған Марқа өңірі осынау сұмдық оқиғаны қойнауына жасырған тарихтың 

куәсі. Бұл оқиға Кеңестік дәуірде тыйым салған тақырыптың бірі болса да, тәуелсіздіктің жемісі ретінде сөз 

бола  бастады.  2011  жылы  журналист,  ақын,  Қазақстан  Жазушылар  одағының,  Қазақстан  Журналистер 

одағының  мүшесі  Көпен  Ерқасов   «Ақнайман  қырылған»  атты  поэма  жазды.  Поэма  тарихтан  ғана  сыр 

шертіп  қоймай,  ауыр  қасіретті  терең  психологизм  тұрғысынан  толғайды.  Бүтін  бір  ел  басынан  кешірген 

ауыр  күндердің  куәсі  болған  қазақ  даласы  тарихты  дүркін-дүркін  еске  салып  отырады.  Жетпіс  жылдай 

қымтап қойған қасірет ел тәуелсіздігімен қоса көрпесін серпіп ашып, ел есіне қайта салды. «Тарихқа иек 

артпаған адам алысқа бара алмайды. Сондықтан тарихты білу өте қажет. Тарихта орын алған үлкенді-кішілі 

оқиғалар жердің білінбей айналғаны сияқты айналып келіп отырады.  Тарихымызда орын алған «Ұлы көш» 

туралы білу – азаматтардың міндетті парызы. Тарих – кейбіреулердің қалауымен немесе біреудің нұсқауы-

мен жазылмайтын, шынайылықты, деректілікті талап ететін киелі ұғым

 

[5, 70].  



Тарихты бұрмалағысы, кейбір сәттерді ел есінен өшіруді талап еткен билік те, замана дөңгелегі де 

халық жадынан шығара алмады. Міне,  осы  орын алған оқиға тарих ғылымынан гөрі көркем  әдебиетте 

бірінші бой көрсетті.  

 

«Жер  ұйығындай  қайран  мекенім-ай,  шынымен-ақ  қалып  барасың  ба?  Ата-анамның  алдында  тай 



мініп,  танауымыз  желбіреп,  желмен  жарысқан  кекілді  балалығымның  куәсі,  сәби  сүйіспеншілігімнің 

томағасын тартқан киелі тұғырым-ай. Тағдырдың дәмі бұйырып қайта айналатын күн туар ма екен. Әлде 

осынау шұбырған көш, екі етегі жасқа толып атамекенінен алыстаған халық туған жер, өскен ортасына 

қайта айналып келе алмай, мұңға толы жанары жаутаң қағып қан жылаумен өте ме?! Алтайдан Баркөлге 

келіп, жарты ғасырдай бауыр басып еді, енді, міне, ұясынан үріккен құстай бұл мекеннен де түп қотарыла 

тағы  да  көшіп  барамыз.  Зұлымдық,  жауыздық,  қытайлардың  зорлық-зомбылығы  ата-бабамыздың  күл 

төккен қасиетті даласынан қуып шыққаны ма? Алдымыздағы жат мекен қандай сый көрсетеді. Шіркін, 

қанатымызды бекемдеп, қатарымызды толықтап қайта қайырылып, жаудан есе алатын күн тез келсе екен. 

Бізді жылатқан, бізді атамекенінен айырған сұмдардың өз істегенін өзіне  істеп, қоңыр тауларымыздың 

құшағына қайта оралатын бақытты шақтар бұйырар ма екен десеңші

...

[1, 93].


 

«Алпыс  екінші жылы жазғытұрым тура үш күнге Қытай мен Кеңес үкіметінің шекарасы ашылды. 

Шекара  ашылды  деген,  тікенекті  сым  темір  ашылып,  жұрт  бір  сайға  құйылып,  сол  жерден  жинап, 

советтер машина әкеліп көшіріп алған. 

Жұрт үй жайын, мал мүлкін тастап кетті. «Әкемнің күмістеткен ер тоқымы қалды» дейді әкем. «Бір 

сандық кітап қалды» дейді мамам. Үйлерінің есігін бастырып кете берген. Тіпті ішкеріде оқуда жүрген 

оқушы балалардың көбі үлгермей қалған. Біздің әулеттің жолы болыпты. Авиатехникумда оқып жүрген 

папамның әпкесі үлгеріп жетіпті, әйтеуір. Ал нағашы атамның інісі қалып кеткен, кейіннен мамам тауып, 

табысты  ғой,  көрмеген  қорлығы  жоқ  екен.  Семьясынан  бөліне  қалып  қалғандарды  үкімет  «советке 

кеткендердің қағып кеткен қазығы» деп, күн көрсетпепті» [6,30].

 

Міне,  осы  көркем  туындының  бірі  Кеңестік  кезеңде,  бірі  тәуелсіздік  алған  кезде  жазылса  да,  бір 



қасірет, бір оқиғадан сыр шертеді. «Ақтабан шұбырындыдан» аман қалған қазаққа «күле кіріп, күңірене 


283 

шыққан»  кеңестік  зұлмат  жоңғарлардай  ат  тұяғымен  дүбірлетіп  жетпесе  де,  мысқылдап  кіріп,  талай 

тағдырды тәлкек еткеніне тарих куә.  

«... Сол даланы айқыш-ұйқыш кесіп өтетін керуен жолдардан андыз-андыз будақтаған шаң көрінеді. 

Шаң  –  шапқан  аттың,  шұбырған  көштің  шаңы!  Ұлы  көштің  арты  әлі  үзілер  емес.  «Пәледен  машайық 

қашыпты»  деп,  басқа  төнген  апаттан  құланша  үріккен  қайран  ел  ата-қоныс,  туған  жерін  жат  қолына 

тастап, Бақты тауын бетке алып жосып келеді.  

... Қазақтың «Ақтабан шұбырындысы» осымен аяқталар ма екен?  Әй, ең соңғы көш  осы болар...»    

[6, 444-445].

 

Қазақ прозасының қара нары, тағдыры бөлек қаламгер – Қабдеш Жұмаділовтің «Соңғы көш» роман-



дилогиясының  кейіпкерлері  осылай  толғанса  да,  болашақты  дөп  басып  айта  алмапты.  Олар  Кеңестің 

қызыл қырғынынан бас сауғалап барған Қытай елінде де небір зобалаңды басынан кешіріп, еліне  қоныс 

аударған  қазақтың  өткен  ғасырдың  алпысыншы  жылдарындағы  көші  араға  отыз  жылдай  уақыт  салып 

қайталанатынын болжап білмеген еді.  

Егемендік  алғаннан  кейін  басталған  жылымықты  пайдаланып,  туған  жерге  үдере  көшкен  Қытай 

еліндегі қазақ хандастары осы көшті жалғастырған еді.  

«...Иә, арт жақта тұтас бір өмір, үлкен тарих  қалғаны рас, -  деді Нұрбек  те көз ұшында  бұлдырап 

көрінген Шәуешектің қалың талына қарап тұрып. – Кейде ойлап тұрсаң, осынау жер бетінде әлмисақтан 

бері жасап келе жатқан сияқтысың. Әрине, әрқайсымыз бастан кешкен тарихты ұмытпаспыз, мәңгі ой-

серік етіп, өзімізбен бірге ала кетерміз... Бірақ соны көзі көрмеген, бастан кешпеген өзге жұртқа, келер 

ұрпаққа қалай түсіндірерсің?» [6, 447].

 

Дегенмен, «көзі көрмеген, бастан кешпегендерге» үркін көш, ұлы көштің жай-күйі тарихи дерекпен 



қоса, көркем әдебиет арқылы таралып жатқаны анық. Себебі көш – қазақ үшін ұмытылмайтын, бәріне 

мағынасы айқын, мәні көмескіленбейтін ұғым. Оған халқымыз ерекше мән бере отырып, терең мағына 

жүктейді. Өйткені жер бетінде қазақ барда бұл ұғым өзінің жүректі сыздатар сезімімен ұрпақтан ұрпаққа 

нәзік жалғасып келе жатыр. Тарих көшімен бірге көшіп жүрген қазақ өмірінде оның мәні мен мағынасы 

өзгергенімен үздіксіз жүріп келеді. Үркін көш кейде көштің басқа түріне ұласып отырған.  

Көш – бір немесе бірнеше отбасының қажетіне қарай талданған қоныс аудару барысы. Көш аралығы-

на қарай ұзақ, жақын болады. Жақын көштер – тасынып көшуі делінеді де, арқалап, дорбалап, арбалап 

жүріп жұрт жаңалайды. Бұл көбінде мал өрістерінің қолайлығын пайдалану үшін жасалады. Ұзақ көштер 

– 

бір жерден екінші бір жерге қоныстану. Бұл да тегінде мал өріс жағдайына қарай көктеу, күзеу, жайлау, 



қыстау деп бөліп, бір таудан екінші бір тау, қолайлы ойпаттарға көшу. Бұл уақытына, аралығына қарай 

қозы көш (жас төл енесіне ілесіп шаршамай жететін жер, түстік көш, күндік көш) тіпті айлық көшке дейін 

созылады. 

Қазақ көші ертеде ел көңілі жай болған кезде өте жайдары салтанатты болған. Көшу –  қазақтың ең 

келелі жұмысының бірі. Көшуде ауыл ақсақалдары ертеде ауыл-аймақ болып малға қоныс іздейтін болса, 

бір  елден  екінші  бір  жерді  алдын  ала  жер  жағдайын  танитын  сұңғыла,  көпті  көрген,  көзі  қарақты 

қарттарды ақылшылыққа алып, топтасып қоныс өріс шалады. Малының төрт маусымдық қолайлығына 

қарай  жылы,  сулы,  шөбі  шүйгін,  отын-суға  қолайлы  кең  жерлерді  мекендеу  үшін  жер  шалып,  қайтып 

келген соң ауыл-аймақ болып, ақылгөй қариялар кеңесіп, кесім жасайды. Көште күні бұрын, тіпті ұзақ 

көштерге бірер жыл бұрын да даярланады. Уақыты белгіленгеннен кейін ерлер жағы ат-көлігі жуас әрі 

жетерлік болуы, киім – кешек жылы, толық, сәнді болуы қажет. Көлігі, мініс аты жетпейтіндерге басқалар 

көлік шығарып береді. Болмаса, көштің алды қоныстанып болған соң, көлік әкеліп көшіріп алады. Әсте, 

жұртқа тастамайды. Жұртта қалса, елге таба болады деп қарайды [2]. 

Көштің бұндай түрін салқар көш деуге болатын шығар.   Салқар көшОрыс отаршылдығы тәртібінің 

қазақ  өлкесіне  дендеп  орнығуына  дейін  көшпелі  тіршілікте  жыл  бойында  толассыз  ұйымдастырылып 

отырылды.  Көштің салқар  көш деп  аталатын  түрі  сайын  далада  өте  ұзаққа  бағытталған  күн  сайын 

толассыз  көшетін  үлкен  көштерге  қатысты  айтылады.  Қазақстанның  әр  аймағында  көш  жолының 

қашықтығы  әртүрлі  болып  келеді.  Мысалы,  Оңтүстік  аймақтарда  осы  қашықтық  небәрі  15-20-дан  50 

шақырымға  дейін  болса,  батыс  аймақтарда,  әсіресе,  Маңғыстау  мен  Сыр  өңірі  қазақтары  арасында 

жайлауға және жайлаудан күзеуге, одан әрі қыстауға көшу 1000-1200 шақырымды құраған (Википедия). 

Үркін көшке дейін де қазақ тұрмысынан орын алған салқар көш керуені әлі күнге дейін орын алып 

келеді. Кейде  қазақ қауымының бүгінгі көшін салқар көш пен үркін  көштің  ортасындағы жаңа атауды 

сұранып тұрған көш пе деп те қаласың. Себебі қазіргі көші-қонның көлігі сай, бір орнннан екінші орынға 

жұмыс,  оқу,  тұрмыстық  жағдайларына  байланысты  жүзеге  асырылып  отыр.  Дегенмен,  «біреу  тойып 

секірсе,  біреудің  тоңып  секіріп  жүргені  де  ақиқат».  Көшейін  десе,  ел-жұртын  қимай,  көшпейін  десе 

жұртта қалуды ар санап, баспанасыз, жұмыссыз жат мекенге келіп, қоныс аударып жатқан қазақтың көші 




284 

әлі  толастар  емес.  Ал  көш  өмірді  сақтап  қалудың,  өз  әрекетін  ұйымдастырудың  құралы  немесе  жолы 

іспеттес. Адамзат сондықтан да көшеді. Көшкен жерге адам өмірінің бір үзік сырын қалдырып отырады. 

Өткен  күндер  ізі кейде сол қалған жұртпен бірге көмескіленіп, бұлдырап артта қалады. Сол  сезім мен 

сағыныш проза мен поэзияға жаңа тақырып, тың туынды әкеледі.  

Көші-қонға байланысты зерттеу еңбектерде қазақ даласына қатысты көш тарихы былай көрсетілген: 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   384   385   386   387   388   389   390   391   ...   548




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет