Тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет389/548
Дата07.01.2022
өлшемі7,82 Mb.
#20554
1   ...   385   386   387   388   389   390   391   392   ...   548
Байланысты:
2

1)  XVIII  ғ.  ортасынан  1917  ж.  дейінгі  дәуір –  Ресейлік  империяның  отары  болған  кездегі  қоныс 

аударушылардың  Қазақстанға  бағытталған  көші-қоны.  Әсіресе,  ХІХ  ғ.  екінші  жартысынан  басталған 

келімсектер  көші-қоны  қазақ  жерін  көп  ұлт  өкілдерінің  мекендеген  жеріне  айналдырды.  1916  ж.  Ұлт 

азаттық көтерілісті басып-жаншу, жазалау шараларынан қашқан қазақтардың сыртқа көші-қоны болмаса, 

бұл дәуірде қазақтар сыртқа кеткен жоқ; 

1917-

1991 жж. кеңестік дәуір – әр түрлі саяси-экономикалық реформалар мен науқандар негізінде 

қазақ  жеріне  келімсектердің  жаппай  көші-қоны  мен  мәжбүрлі  көші-қондар  арқасында  Қазақстан  көп 

ұлтты халқы бар республикаға айналды. Кеңестік дәуірдегі таптық мәнді ту етіп, ұлттық ерекшеліктерді 

елеусіздендірген мемлекеттік көші-қон саясатының нәтижесінде қазақтарға ұлт ретінде құрып кету қаупі 

төнді.  1916  ж.  Ұлт  азаттық  көтерілісті  жазалау  шараларынан  қашқан  қазақтардың  көші-қоны  кеңестік 

дәуірде  өршіген  қазақтардың  сыртқа  көші-қонының  бастамасы  болды.  Осы  дәуірде  орын  алған  саяси-

демографиялық катаклизмдердің нәтижесіндегі қазақтардың өлім-жітімі мен сыртқа көші-қоны және ең 

бастысы, қазақ жеріне аграрлық, өндірістік, қуғын-сүргіндік көші-қондар толқындары арқасында өзге ұлт 

өкілдерінің келуі тұрғылықты ұлт өздерін тарихи жерінде азшылық ұлтқа айналдырды; 

Тәуелсіздік  жылдары  –  көші-қон  қозғалысында  ғасыр  бойы  Қазақстанға  келген  ұлт  өкілдерінің 

тарихи  отанына  қайту  көші-қоны  күшейіп,  керісінше,  ғасыр  бойы  сыртқа  қашқан  қазақтардың  тарихи 

отанына  кері  көші-қоны  белсендірілді.  Оралмандардың  Қазақстанға  бет  бұруы  мемлекеттің  саяси-

экономикалық, мәдени тұрақтылығы мен қауіпсіздігінің тірегі болып табылатын халықтың демография-

лық мінез-құлқындағы негізгі шешуші ұлт – қазақтардың сандық және сапалық мәнін көтерді. Қазақтар-

дың сыртқа көші-қоны еңбек көші-қонымен байланысты. 

1991 ж. бергі тәуелсіздік жылдарын қамтитын кезеңдегі көші-қон үдерістері өзіндік  ерекшеліктері-

мен  дамуда:  КСРО-ның  ыдырауы  ғасырлар  бойы  Қазақстанға  бағытталған  көші-қонның  нәтижесінде 

жиналған  көші-қон  әлеуетін  елден  сыртқа  қарай  бағыттады.  1989  ж.  бүкілодақтық  халық  санағы  мен              

2009 ж. Қазақстан Республикасы Екінші ұлттық халық санағы аралығындағы көші-қон динамикасындағы 

сандық  және  сапалық  өзгерістер  республика  халқының  этнодемографиялық  дамудағы  шешуші  рөлді 

тұрғылықты ұлт – қазақтардың атқаруына мүмкіндік берді. 

Тәуелсіздік жылдарында кеңестік кезеңде Қазақстанға келген көші-қоншылардың негізгі әлеуетінің 

өздерінің тарихи отандарына қайтуына және елден кеткен отандастарымыздың оралу көші-қонына орай 

республикадағы қазақтар үлесі артты [2]. 

Көшіп қону көшпелі қазақ тарихындағы мәңгілік ұғым. Мәңгілік айтылатын жыр.  

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   385   386   387   388   389   390   391   392   ...   548




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет