Зерттеу мақсаты. Ел дамуындағы жаңа тарихи кезең мемлекет дамуының жаңа деңгейін қамтама-
сыз ететін жас ұрпақ тәрбиесіндегі Жамбыл жырларының орны мен берер тағлымын зерделеу – басты
мақсатымыз.
Тақырыптың өзектілігі. Бір жылдығын ойлаған халық бидай егеді, жүз жылдығын ойлаған халық
ағаш егеді, мың жылдығын ойлаған халық саналы ұрпақ тәрбиелейді. Қазақ ұлтының алдындағы
азаматтық борышымыз – Мәңгілік Елдің тұғырын биікке көтеретін саналы ұрпақ тәрбиелеу. Жас ұрпақты
тәрбиелеуде ата-бабаларымыздың өмір жолы мен ұлағатты сөздерін зерделей отырып, зерттеудің маңызы
жоғары. Жамбыл жырларына жаңаша көзқараспен қарай отырып, зерттеу көкейкесті деп білеміз.
Достарыңызбен бөлісу: |